Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4


Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі тәжірибеееееееееееееееее



жүктеу 1,25 Mb.
бет65/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93
бух лекции (1)

Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі тәжірибеееееееееееееееее


Негізгі құралдарды түгендеу

Ақшалар есебі
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорыңдар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.

Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:

- қарыздық құнды (бағалы) қағаздар;

- инвестициялық құнды (бағалы) қағаздар.

Қарыздық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міңдетті. Қарыздық құнды (бағалы) қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

Инвестициялық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:

- қорлы құнды (бағалы) қағаздар,

- саудалық құнды (бағалы) қағаздар.

Қорлы құнды қағаздар — бұндай құнды қағаздар қор биржаларында айланысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

Саудалық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:

- нарықтық құнды (бағалы) қағаздар;

- нарықтық емес құнды (бағалы) қағаздар.

Нарықтық құнды қағаздар — бұндай құнды қағаздар айланыста еркін сатылып немесе сатып отырылады.

Нарықтық емес құнды қағаздар — бұл аталған құнды қағаздар қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

- негізгі (акция, облигация),

- көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар),

- туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар, тағы да басқалары)

Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидендт түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

- жәй акциялар;

- артықшылығы бар акциялар

Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидендт төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша диввденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.

Артықшылығы бар акциялар — басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтседе олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивидендтер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырылғанда артықшылыққа ие болып табылады.

Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөледі.

Атаулы акциялар деп — иелері міндетті түрде кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімінде (реестрінде) тіркелуге тиісті акцияларды айтады. Бұл ереже бойынша акционерлер штабында акционердің сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп және басқа да тиісті жазулар мен мәліметтер жазылады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдардан барлық сатып алған акциялары үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куаландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың бұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жанында екі тараптың да қолдары қойылған (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісімшарт жасалуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін кәсіпорынға беріледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған құнды қағазына жаңа сертификат алады.

Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Яғни, облигациялар — кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация ұстаушының сол кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни облигацияны шығарған ұйымның мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді. Алайда бұл жоғарыда айтылып өткен акциялар мен облигациялар деп аталатын құнды қағаздардың бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар және ондай айырмашылықтары мыналар:

- Облигациялардың иесі кәсіпорындар мен ұйымдардың кредиторы болып табылады. Бұл обдигацияны ұстаушының кәсіпорын немесе ұйымды қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса кәсіпорындар мен ұйымдар иелерінің бірі болып табылады.

- Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгіленген уақыттан кейін міндетті түрде пайыз (процент) түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздың (процент) мөлшері алдын ала белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса есепті жылдың соңында ғана, яғни ұйымның кірісінің көлеміне байланысты дивидент алып отырады.

- Кез келген несие берушілер (кредиторлар) сияқты облигация иесінің де кәсіпорындар мен ұйымдарда ешқандай дауыстық құқығы жоқ. Олар акционерлер жиналысына қатыса алмайды және кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға да ешқандай қатысы жоқ болып табылады. Ал акционерлер болса бұл кәсіпорындағы немесе ұйымдағы өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу ксзінде дауыс құқығына ие бола алады.

Қаржы салымдары кіріске алу кезінде оларды сатып алу барысыңда жұмсалған шығындарды қоса алғандағы сатып алу құнымен бағаданады. Ал оларды сатып алу барысындағы жұмсалатын шығындарға: қор биржасының комиссиялық қызметі үшін төленген төлемдер мен банк мекемесінің, брокердің немесе дилердің көрсеткен қызметтері үшін төленген төлемдер жатады.


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау