Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4


Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу



жүктеу 1,25 Mb.
бет63/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93
бух лекции (1)

Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу

1.Негізгі құралдардың тозуына түсінік

2.Амортизацияның әдістері

Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.

Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.

Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.

Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:

1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);

2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);

3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);

4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;

5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;

6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.

Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.

Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.

2 Амортизацияның әдістері

Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.

№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:



  • құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;

  • өндірістік әдіс;

  • кумулятивтік әдіс;

  • кемімелі-қалдық әдісі.

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

ТОО «Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:





7210 2420 30 000

Бұл станоктың барлық амортизацияланатын смасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:

1 800 000 * 20% = 360 000

Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады


Мерзімі

Бастапқы

құны


Амортизацияның

жылдық сомасы



Жинақталған

тозу сомасы



Қалдық құны

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында

2-ші ж/аяғында

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында



2 000 000

2 000 000
2 000 000
2 000 000
2 000 000
2 000 000


----------

360 000
360 000
360 000
360 000
360 000


----------

360 000
720 000
1 080 000
1 440 000
1 800 000


2 000 000

1 640 000
1 280 000
920 000
560 000
200 000


Өндірістік әдіс.

Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бәр дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Б астапқы құн – қалдық құны әр жылдағы

Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны * өндірілген өнім саны =

= әр жылда өндірілген өнім саны = теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны

Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,12 теңгені құрайды, яғни он екі (12) тиын.

Егер станок бірінші жылы 4 миллион

екінші жылы 4 миллион

үшінші жылы 3 миллион

төртінші жылы 2 миллион

бесінші жылы 2 миллион

өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері

бірінші жылы 480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

екінші жылы 480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

үшінші жылы 360 000тг = 3 миллион * 0,12 = 360 000

төртінші жылы 240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000

бесінші жылы 240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000

Станокқа өндірістік әдісі бойынша амортизациялық аударым кестесі


Мерзімі

Бастапқы құны

Өндірілген өнім көлемі

Амортизацияның

жылдық сомасы



Жинақталған

тозу сомасы



Қалдық құны

Айға есептелген амортизация сомасы

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында

2-ші ж/аяғында

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында


2 000 000


2 000 000
2 000 000
2 000 000
2 000 000
2 000 000

-------------


4 000 000
4 000 000
3 000 000
2 000 000
2 000 000

----------------


480 000
480 000
360 000
240 000
240 000

------------


480 000
960 000
1 320 000
1 560 000
1 800 000

2 000 000


1 520 000
1 040 000
680 000
440 000
200 000

-----------


40 000
40 000
30 000
20 000
20 000


7210 2420 40 000

8040

Кумулятивті әдіс.



Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.

Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

А А = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)

Пайдаланатын жыл

сандарының қосындысы
Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни

бірінші жылы 5/15

екінші жылы 4/15

үшінші жылы 3/15

төртінші жылы 2/15

бесінші жылы 1/15 –ге тең болады.

Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда онығ амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 - 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:


    1. жыл АА = 5/15 * (2 000 000 – 200 000) = 600 000

    2. жыл АА = 4/15 * (2 000 000 – 200 000) = 480 000

    3. жыл АА = 3/15 * (2 000 000 – 200 000) = 360 000

    4. жыл АА = 2/15 * (2 000 000 – 200 000) = 240 000

    5. жыл АА = 1/15 * (2 000 000 – 200 000) = 120 000

Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:

мұндағы,


S – сандардың қосындысы;

N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).

Біздің мысалымыз бойынша

егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады.



Кумулятивтік әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі



Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның

жылдық сомасы



Жинақталған

тозу сомасы



Қалдық құны

Айға есептелген амортизация сомасы

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында

2-ші ж/аяғында

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында


2 000 000


2 000 000
2 000 000
2 000 000
2 000 000
2 000 000

----------------


5/15*1 800 000 = 600 000
4/15*1 800 000 = 480 000
3/15*1 800 000 = 360 000
2/15*1 800 000 = 240 000
1/15*1 800 000 = 120 000

------------


600 000
1 080 000
1 440 000
1 680 000
1 800 000

2 000 000


1 400 000
920 000
560 000
320 000
200 000

-----------


50 000
40 000
30 000
20 000
10 000

7210 2420 50 000

Кемімелі – қалдық әдісі.

Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп, өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.
Кемімелі-қалдық әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі


Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның

жылдық сомасы



Жинақталған

тозу сомасы



Қалдық құны

Айға есептелген амортизация сомасы

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында


2-ші ж/аяғында
3-ші ж/аяғында
4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында


2 000 000


2 000 000

2 000 000

2 000 000
2 000 000
2 000 000

----------------


40%*2 000 000 = 800 000

40%*(2 000 000-800 000) = 480 000


40%*(2 000 000-1 280 000) = 288 000

40%*(2 000 000-1 568 000) = 172 800

159 200-100 000 = 59 200

------------


800 000

1 280 000

1 568 000
1 740 000
1 800 000

2 000 000


1 200 000

720 000


432 000
260 000
200 000

-----------


66 667

40 000


24 000
14 400
4 933

7210 2420 66 667

Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.

Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.

Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдалануды бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.

Мысал: «Каzжиһаз» ЖШС 2003 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал-сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.

Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2006 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.

Есеп қағидасындағы өзгерістің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:



Кезеңі

Кумулятивтік әдісі бойынша

амортизацияны есептеу



Бірқалыпты әдісі бойынша амортизацияны есптеу

2004 жыл

(1608333-3760)x15/120=200572 теңге

(1608333-3760)/15=106971теңге

2005 жыл

(1608333-3760)x14/120=187200 теңге

(1608333-3760)/15=106971теңге

2006 жылғы жинақталған

амортизациясының

сальдосы

200572+187200=387772 теңге


106971+106971=213942теңге



Амортизацияны есептеу 2004 жылдың 1-ші қантарынан басталған.

Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:

15x(15+1)/2=120.

Екі әдісті пайдалану салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған (бөлінбеген) табысқа жатқызылады.

Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Әшеінгі нормасы (бірінші әдістегі) 20% (100:5), сонда кемімелі қалдық әдісі 2 коэффициентті ескергенде 40% құрайды, қалдық құнға негізі болып саналады. Бастапқы құн 10 000тг., жою құны 1000тг. Бұл жерде жылдағы амортизациясы болады:

бастапқы құн амортизация сомасы қалдық құны

(баланстық)

1 жыл 10000 4000= (40% х10000) 6000= (10000 - 4000)

2 жыл 10000 2400= (40% х 6000) 3600= (6000 - 2400)

3 жыл 10000 1440= (40% х 3600) 2160= (3600 - 1440)

4 жыл 10000 864= (40% х 2160) 1296= ( 2160 - 864)

5 жыл 10000 296= (1296 - 1000) 1000= (1296 – 296 )


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау