Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4



жүктеу 1,25 Mb.
бет67/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93
бух лекции (1)

Касса операцияларының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигаализация) орнатылган, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш (сургуч) арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш (сургуч) басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы арнайы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақталады. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.



Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы) бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кассалық кіріс ету ордері мына үлгілі түрде болады:


Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға ақша қабылдауға және кассадан ақша төлеуге тек қана осы құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарының болуын, және ордерлерде көрсетілген қосымша құн түгелдігіне-тексеру жүргізуге, қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері оз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін теленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап, және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған яғни келіп түскен және шығыс етілген, кассадан төленген ақшалардың сомасы шетел валютасымен және сол күнгі бағам (курс) бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып жазылады.


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау