Астана қаласы қоғамдық-экономикалық өркендеуінің 2016 жылға мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласындағы нәтижелері жайлы аналитикалық хаттама
Саланың күші
2017 жылдың 1 қаңтарындағы Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының (Басқарма) қарамағындағы мәдени мекемелер мен кәсіпорындар тізімі: Мемлекеттік кәсіпорындар – 18, коммуналды мемлекеттік мекемелер – 2, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – 2, АҚ – 1.
Соның ішінде түрлері:
- кітапханалар– 17;
- театрлар – 6.
- мұражайлар – 3;
- концерттік ұйымдастыру – 1 (Мемлекеттік филармония)
- мәдени-демалыс орындары (сарайлар, орталықтар) – 5;
- цирк – 1;
- басқа да орындар – 6.
Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасы есеп беру кезеңінде 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаның төмендегі бағыттары бойынша жұмыс атқарды:
- әлеуметтік-маңызды және мәдени шараларду өткізу (бағдарлама 004);
- мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау (бағдарлама 006);
- тарихи және мәдени мұраны сақтау және насихаттау (бағдарлама 007):
- театр және музыка өнерін қолдау (бағдарлама 008);
- қалалық кітапханалардың қызметін қамтамасыз ету (бағдарлама 010);
- мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету| (бағдарлама 011);
- ведомстволық қарасты мемлекеттік мекеме және ұйым базасын материалды-техникалық нығайту (бағдарлама 032);
- мәдениет мекемесіне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу (бағдарлама 033).
Әлеуметтік-маңызды және мәдени шараларды өткізу
Аталмыш салада Басқарма келесі шараларды атқарды: мемлекеттік және ұлттық мерекелерді тойлау, Жамбыл Жабаевтың, Латиф Хамидидің мерейтойы, Ермек Серкебаевты еске алу кеші, қарттар күні, «Қайырлы кеш, Астана», «Astana Winter Land» фестивалі, Халықаралық Театр күні, Халықаралық суретшілер Симпозиумы, бас шыршаны жағу, Астаналық бал, Қыстық ертегі ғажайыптары, Астана күні. Астана күнін тойлау мерекесінде қаланың концерттік залы толықтай іске қосылды, онда атқарылған шаралар: «Болашақ энергиясы – Астана», «Астанаға тарту», «Менің сүйікті Астанам» фотокөрмесі, эклетикалық америкалық акапелла – TheExchange тобының концерті, ELLEStyleAwardsKazakhstan сыйлығының марапаттауы, BroadwayBound мюзиклі, «Сәлем, Астана!» республикалық фестивалі және басқалар.
Сондай-ақ, спорт бағытындағы шаралар ұйымдастырылды: «KazakhstanopenCUP-2016» спорттық бал билерінің турнирі, «Kazakhstanopen2016» ІІІ Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жеңіл арбамен спорттық би сайысы, «CentralAsiaDanceGlobal» чирлидингі бойынша үшінші Ұлттық чемпионат, «Жас Отанмен» бірге өткізілген спорт мектептерінің жарысы, Истина би театрымен, Ұлыбритания елшілігімен бірге өткізілген салауатты өмір салты билері, «Благотворительная миля» спорттық шарасы, «Экспо-Квест» спорттық-демалыс шарасы.
Әлеуметтік акциялар
Мерекелік шараларды өткізуде ең негізгі назар әлеуметтік акцияларға түсті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шаралар өтті: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында «Шексіз шығармашылық» шығармашылық фестивалінің ашылуы, Амина Гильфанованы қолдау қайырымдылық концерті, науқас балалар Рустам Ботаненко мен Аман Болатханды қолдау концерті, «Танец в мире тишины» концерті.
Қаңтар мен желтоқсан аралығында ай сайын жағдайы төмен отбасының балаларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз тобына арналған арнайы шаралар өткізілді. Қаланың сауда орталықтарында түрлі акциялар мен мерекелік жеңілдіктер жасалды.
Дәстүр бойынша, сатылған шара билеттерінен түскен қаржы емге мұқтаж балаларға қаржылай көмек ретінде аударылды.
Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау
Елордадағы Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы мен Жастар сарайы азаматтардың рухани-өнелелі бағытын қалыптастыру мақсатында ұлттық мәдениетті ішкі және халықаралық нарыққа насихаттауды көздегендіктен, өз алаңқайларын беріп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII Съезді, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс XXII қалалық конференциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың XXIV Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы, Қазақстан халықтар Ассамблясы қорының қызметкерлерін медальмен марапаттау, ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық маслихатқа депуттаттар сайлау, ҚР Президентіне қарасты шетелдік инвесторлар Кеңесінің 29 пленарлық отырысы, ІІ Халықаралық Архитектор Форумы, ҚР халықтар Ассамблеясының ҚР Ұлттық мұражайына жыл туын табыстауы, «Жас қанат – 2016» Республикалық жас орындаушылар конкурсы, «Мерейлі отбасы» конкурсының финалы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Мықты аймақтар – мықты Қазақстан» арқауы бойынша – Астанадағы Қазақстан аймақтары күні, Болгария Республикасының Вице-Президенті Попова Маргарита ханымның бастамасымен болгар делегациясын аралау, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мир. XXI век. Через чтение к идентичности и культуре» кітапханашылардың Халықаралық конгресі, VII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі, “Astana Mining & Metallurgy” – АММ 2016 Көрмесі және басқа да шаралар өтті.
Қарттар күніне арналған концерт, «Балбөбек» балалар шығармашылығының қалалық фестивалі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Астана қалалық шығармашылық топ концерті, «Сарбаз әндері» әскери-патриот әндер Республикалық конкурсының гала-концерті, «Ғажайып шоу» музыкалық ертегі, «Welcome to Kazakhstan» қайырымдылық астаналық балы, сондай-ақ, «Kazakhstan Kids Fashion Show 2016» өткізілді.
Сарайларда түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Р.Ахметжанованың жұмыстарынан тұратын «Ұлы дала өнері» көрмесі, «Өнер шабыттандырады...» балалар көрмесі, Николай Попов мектебінің көрмесі, К.Куюкованың «Безъядерный мир» көрмесі, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсізідік тағлымы -25» фотокөрмесі, «Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел», Санкт-Петербург қаласынан әкелінген балауыз мүсіндер көрмесі, Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы жетістіктер көрмесі және тағы да басқа шаралар өтті.
2016 жылы Астана сарайларында 507 740 адамның қатысуымен 840 шара өтті.
Тарихи және мәдени мұраның сақталуы мен насихатталуын қамтамасыз ету
Астана қаласының тарихи және мәдени мұраның ескерткіштері мен орындарының сақталуын қамтамасыз ететін дирекция (Дирекция)
Аталған бағыттың жұмысы - техникалық, шаруашылық жұмыстардың ғылыми әзірленуі, сондай-ақ, тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтау, есепке алу, күзету, консервациялау, қайта қалпына келтіру, жандандыру, қолдану, насихаттау.
Осы есеп беру кезеңінде Астананың 23 ескерткіші мен тарихи-мәдени мұра объектерінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: «Мәңгілік ел» триумфалды қақпасы, «Қазақ елі» монументалды кешен, Әлия Молдағұлова мемориалды кешені, Абай, Бауыржан Момышұлы, Сәкен Сейфуллин (С.Сейфуллин көшесі), Құрманғазы, әскери-майдангерлерге арналған ескерткіштер, Астаналық цирк алдындағы субұрқақтың мүсін композициясы, 1932-1933 жылдары ашаршылық құрбандарына арналған монумент, «Астана жұлдызы», «Жер ана» монументі, «Жасыл» мешіт қоршауы» және т.б.
Дирекция қызметкерлері «Поэзия менімен егіз бе едің» әдеби-музыкалық кешінде, «Ұлы дала дәстүрі» ғылыми-тәжірибелік конференциясында, Мемлекеттік марапат лауреаттарын, «Құрмет» орденінің иегері А.Сейдімбекті еске алу кешіне, саяси репрессия құрбандарын еске алу күнінде, Алғыс білдіру күнінде, «Әлихан Бөкейхан – алаш көлемі» дөңгелек үстелінде, ЕЦ 166/1, ЕЦ 166/22 борышын өтеушілері мен кездесуде, «Даналық» медицина колледжінде «Дружбой единой сильны» талқылауына, № 60 мектеп-лицейіндегі Наурыз тарихын жетік білу конкурсына, Дирекция ұжымында өткен «Наурыз – бейбітшілік пен достық мерекесі» кешіне, «Времен связующая нить» блиц-көрмесіне, Ресей ғылым және мәдениет орталығындағы «Они сражались за Родину» тақырыбындағы кешіне, Қазақстан халықтар достығы XVII қалалық фестивалінің аясындағы «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» көрмесі, сондай-ақ, Астана күні, танымал тұлғалардың мерейтойы, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған жиын-кештерге барды.
«Жас ұлан» Республикалық мектеп курсанттарына, Физика-техникалық лицей студенттеріне, наркодиспансер, психологиялық ауытқуы бар медицина орталықтарының қызметкерлеріне, ЕЦ 166/1, ЕЦ 166/22 әскери қызметкерлері мен сотталушыларына, гид-экскурсовод курсын тыңдаушыларға 31 лекция мен лекция-концерттер өткізілді.
9704 адамға 31 экскурсия, 20 ауқымды шара өткізілді.
Сәкен Сейфуллин мұражайы
Экспозициялық-көрме қызметі
Мұражайда мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған көрмелер ұйымдастырылып, өткізілді: Сәкен Сейфуллинді еске алу күні, Отан қорғаушылар күні, репрессия және тоталитаризм құрбандарын еске алу күні, Астана күні, Мемлекеттік Рәміздер күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Білім күні, ҚР Тұңғыш Президенті күні, 8 наурыз мерекесі, Наурыз мерекесі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Ғалымдар кеңесінің шешеімі бойынша С.Сейфулиннің 2016 жылы жарық көрген «Сырсандық» жинағының екінші баспасы текстологиялық сараптама үшін 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-мемуарлық романның түпнұсқасымен және әр түрлі жылда жарық көрген баспалармен салыстырылып отырып шығарылды.
Қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін 15 тарауға текстологиялық сараптама жасалды.
Қорытынды бөлімнің бәрі орындалды, жұмыс көлемі сәйкестендірілді, сараптаманы рекакторлау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күнде 4 кітап дайын тұр.
Қор жұмысы
2016 жылғы «Сырсандық» жинағының екінші кітабын шығару бойынша қордан 10 кітап бөлінді, экспозициядан 2 кітап. 2015 жылы «Білім және мәдениет» телеарнасында көрсетілген «Тайны великих казахов» және «Өмір жолы» бағдарламаларының бір номері С.Сейфуллинге арналды. Аталмыш бағдарламалардың видеосы қор бөліміне берілді.
БАҚ жарық көрген және қор бөліміне берілген материалдар: «Тілді толғаған тоғыз хат», «Сәкеннің танылмаған қыры», «Тар жол тайғақ кешу», «Астана төріндегі тарихи ескерткіш», «Сәкен және саяси қуғын-сүргін құрбандары», «Сәкеннің ұстаздығы», «Сәкен жүрген Ақмола – бүгінгі Астана», «Сәті түскен кездесу немесе Т. Кәкішұлымен қалай кездестім».
Сәкен Сейфуллин Мұражайының мұражайлық қорында 1988 жылы мұражайды құрған сәттен бастап 6059 экспонат жиналған. Экспонаттар арасында Сәкен Сейфулин мен отбасы мүшелерінің бірегей фотоматериалдары, сирек кездесетін құжаттары, картиналары, жеке заттары, сондай-ақ, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған мүсіндер мен картиналар бар. Мұражай қоры жыл сайын ғылыми зерттеулер барысында толығып отырады, 2016 жылы мұражай қоры 7 экспонатпен толықты.
Қордың басым бөлігі қағаз құжаттар, фотосуреттер, кітаптар мен басқа да экспонаттардан тұратынын негізге алсақ, оларға үнемі қалпына келтіру жұмыстары қажет болады. Осы жылы 1 млн. 700 мың теңге мұражайдың келесі 10 экспонатын қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген: «Бюст С.Сейфуллина», «Картина С. Сейфуллин», «Картина МСС КП3 1090/И1 70», «Ағаш ожау», «Қымыз құятын шара», «Ағаш табақ», «Картина КИ3 1306/И1 79», «Картина КП4 1759/И1 88», «Картина КП3 1120/И1 75», «Ат әбзелі».
Ғылыми-ағартушылық жұмыстары
С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы бойынша мектеп, колледж мұғалімдері мен экскурсия жетекшілеріне арналған романның тарихи, көркемдік ерекшеліктері туралы методологиялық ақпараттық жұмыстар жүргізіле бастады.
С.Сейфуллин мұражайының жұмыстарын насихаттау барысында келесі шаралар өткізілді: «Тілді толғаған тоғыз хат», «Сәкеннің танылмаған қыры», «Тар жол тайғақ кешу» романының бұрмалану себептері», «Алаш арыстарының әйелдері және Сәкеннің жары Гүлбаһрамның тағдыры».
Мұражай жұмыстары «Білім және мәдениет», «Қазақ.тв», «Қазақстан» телеарналары мен радиостанцияларда көрсетілді, «Қазақ газеттері» баспасында жарық көрді, «Астана - медиа», «Қаз.білім», «Ұлт.кз», «Ана тілі», «elana.kz»интернет порталдарында жарияланды.
Сәкен Сейфуллин мұражайында 2016 жылы 1154 экскурсия, 26 көрме ұйымдастырылып, 8 лекция оқылған. Жалпы саны 34 748 адам қатысқан.
«Карта Казахстана «Атамекен» этно-ескерткіштер кешені
Ғылыми–ағартшылық жұмыстары
Есеп беру кезеңінде төмендегі шаралар атқарылды: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы», «Отанды сүю – иманнан» атты Астана қалалық білім Басқармасы ұйымдастырған ІІ Форум. Форум мақсаты – жастар мен жеткіншектерді аймақтық экстремизмнен сақтандыру.
Қала тұрғындарымен қонақтары қатысқан «Астана – город без наркотиков» акцияда нашақорлыпен күреске бір адамдай ат салысу жайлы айтылды.
Сондай-ақ келесі тақырыптарда дөңгелек үстел ұйымдастырылды: «Должны ли казахи праздновать день Валентина?», Санкт-Петербургтан келген Ascreen компаниясының ұжымымен «Цифровые истории в музейной экспозиции» тақырыбында онлайн-кездесу,Қазақстан Халықтар Ассамблеясының басшылығының қатысуымен «Алғыс айту – адамның белгісі» атты Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Аналар – асыл жандар» атты шара, 8 наурыз құрметіне «рәптестерге арналған концерт, «Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз», «Тәуелсіздіктің таң нұрына бөленген қанатты қазақтар» атты мерекелік шаралар, Космонавтар күніне арналған шара, жазғы каникул кезеңінде кешенде жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған «жас экскурсия жетекшілері» конкурсының іріктеу туры, Қазақстан халқының бірлігі күні мен Карта күніне арналған «Татулықтың тал бесігін тербеткен» мерекелік шарасы, Халықаралық Мұражай күніне арналған «Атамекен айлы түн аясында» шарасы, Балаларды қорғау күніне арналған «Балғын балалар – біздің болашағымыз» шарасы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала жәдігерлері» атты экскурсия жетекшілері арасында сайыс өтті. Сондай-ақ, Халықаралық есірткімен күрес күніне арналған «Есірткісіз Өмір» дөңгелек үстелі, мұражай педагогикасы бөлімінің ұйымдастыруымен қала күніне арналған «Еңсесі биік Елорда» шарасы өтті.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын талдауға арналған дөңгелек үстел, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» дөңгелек үстелі, «Жасұлан» республикалық әскери мектебінде «Ұлт азаттық көтеріліске 100 жыл», «150 лет со дня рождения А. Бокейхана» тақырыптарында лекция оқылды, «Атамекенде» Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – мәңгілік құндылықтар» дөңгелек үстелі, ұлт-азаттық күресінің 100 жылдығына арналған «Торғай даласы – ұлт азаттық көтерілістің күре тамыры» облыстық кітапханалар конференциясы, кешен қызметкерлерінің Есіл ауданы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Ахмет Магзумулы Сеитовпен, «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен және парламент сайлауының үміткері Анар Нурлановнамен кездесу өтті.
Сондай-ақ, «Атамекен» кешенінде кешеннің 15 жылдығына арналған «Музейное дело: опыт, пропаганда национальных ценностей населению» семинар-тренингі өтті. «Атамекеннің» 15 жылдығына арналған 8 минуттық фильм түсірілді, мерекелік журналдың арнайы шығарылымы болды.
«Атамекен» Қазақстан Картасының ұйымдастыруымен Астананың 36 мектебінен 180 ұстаз қатысқан «Үздік педагог», «Үздік сабақ» байқаулары өтті.
Қайырымдылық қызметі
Көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасы балаларына, балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға «Асыл балалар» Ассоциациясымен, Астана қаласы балалар үйімен, ОҚО №4 мектебімен, Алматы қаласының интернат-мектебімен, «Замандас 21» қоғамдастығымен бірге ақысыз экскурсиялар жүргізілді.
Сондай-ақ, кешеннің журналистері Ұлттық академиялық кітапханада болған ЮНЕСКО жылдық есеп беруіне ұйымдастырылған шараға қатысты.
Қор жұмысы
«Карта Казахстана «Атамекен» этно-ескерткіштер кешенінің қоры Қазақстанның көрікті жерлерін көрсететін 402 макеттен тұрады. Осы жылы 4100 макет қалпына келтірілді: ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Қорғаныс Министрлігі, ҚР Сыртқы істер Министрлігі, Тұңғыш Президент кітапханасы мен қоры, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Президентінің Резиденциясы, ҚР Ұлттық Мұрағаты, Ұлттыұ академиялық кітапхана, Ұлттық ғарыш орталығы, Алматы қ. Әкімдігі, облыстар мен аудан әкімдіктері, Ұлттық Музей, әкімшілік ғимараттары, бизнес орталықтар, қонақ үйлер, ресторандар, ескерткіштер, монументтер, кесенелер, мешіттер, университеттер, колледждер, темір жол вокзалдары, таулар, ұлттық үйлер және т.б.
Жетістіктер
«Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы» байқауына белсене қатысқаны үшін мұражай педагогоикасы бөлімінің жетекшісі Азамат Малжанбай сертификатпен марапаттады.
Экскурсия жетекшілері арасында өткен «Ұлы дала жәдігерлері» конкурсының нәтижесі бойынша бірінші орынды «Арлан» тобы мен «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі слайдының авторы бөліп алды, екінші орынды «Сарыарқа» мен «Астана» бөліп алды, ал, үшінші орын «Атамекен» тобына тиесілі болды, Дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, Есіл ауданы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының атынан Астана қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының Басшысы Б.Б.Мажаұғұлов үздік қызметкерлерге алғыс хатын табыстады.
«Карта Казахстана «Атамекен» этно-ескерткіштер кешенінде 2016 жылы 1859 экскурсия, 30 көрме мен лекция ұйымдастырылған. Жалпы саны 43 973 адам қатысқан.
«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған мұражай-мемориалдық кешен
«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің «Алаш», «АЛЖИР» залында экскурсиялар жүргізіліп, «Лютый холод «АЛЖИРа» документалды фильмі көрсетілді. Мұражайға келушілер ішінде – «Вести» бағдарламасы мен «Россия» телерадиосының корреспонденті, шет елдің жүргізуші журналистері мен халықаралық бақылаушылары, Пензен облысының Мәдениет және мұрағат Басқармасының бастығы Курдова Т. В., Ауғанстаннан келген делегация өкілі Дария Виолина, «АЛЖИР» лагерінің бұрынғы тұтқыны Лидия Френкельдің немерелері, Астана қаласының Хэйлибэри мектебінің оқушылары, Норвегияның Астанадағы Консулдық өкілдері, Франция Орталық Банкінің жетекшілері Франсуа Виллеруа де Гало, америкалық экономист Томаса Сарджент, экономика бойынша Нобель сыйлығының 2011 жылғы лауреаты, ТМД елдерінен қонақтар, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткері, қазақ жазушысы, ғалым Көшмұхамед Кемеңгеровтың ұрпақтары, Литва мен Германиядан келген қонақтар, Польшаның ҚР елшісі Анджей Бобер, Эстония мен Армения елшілігінің ҚР өкілі, Түркияның ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі Невзата Уянык, «АЛЖИР» тұтқыны Раиса Мамаеваның немерелері, Жак Гофренд бастаған Франциядан келген делегация, «АЛЖИР» тұтқыны Клара Бронның шөбересі, ғалым, демограф Мақаш Тәтімов ұрпақтары, ҚР Әділет Министрі Б.М.Имашев, 1937 жылы репрессияға ұшыраған Әмірғали мен Әлима Менешевтер ұрпағы, Кушерова Шолпан қызы Саулемен, Иран Республикасының ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилу, Корея Республикасының қайта қосылу министрі Хон Йон Пхе және министр орынбасары Ким Нам Джунг.
Экспозициялық-көрме қызметі
«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің «Алаш» залында слайдтар жетекшілігімен көрмелер ұйымдастырылды: «АЛЖИР» - наша память и боль», «Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің Ақмола арнайы бөлемшесі», «Тағдыр тауқіметін тартқан Қожановтар шаңырағы», «Әзиза Түбекқызы Рысқұлова – «АЛЖИР» тұтқыны», «Трагедия Афганистана», «Гулжамал Майлина – «АЛЖИР» тұтқыны», «Дружба народов», «Уазипа Куленова – узница «АЛЖИРа», «Жалғанмен үзілген өмір», «Ұраным – Алаш!», «Гайсина Ганижамал – узница «АЛЖИРа», «АЛЖИР»-дің дәмін тартқан аналар», «Ұлтымыздың ұрылығы - Наурыз», «Елі барда, Құлымбетов ұмытылмайды», «Тұлға тағылымы», «Ұраным – Алаш!», «Великая Победа – назидание потомкам», «Уникальные экспонаты «АЛЖИРа», «Дети Гулага», «Символы страны – гарант независимости», «Надежда на жизнь...», «Эхо массовых политических репрессий», «Будущее без наркотиков», «Желтоқсан жаңғырығы» видеопанорамалы көрме және лекция, «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты», «Знаменитые имена «АЛЖИРа» фотокөрмесі және т.б.
Қайырымдылық қызметі
«Алаш», «АЛЖИР», «Сквозь муки и ада» залдарында тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасының балаларына ақысыз экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, «Лютый холод «АЛЖИРа» документалды фильмі мен «1937 год. Рано увядшие цветы» клипі көрсетілді.
Зерттеу қызметі
«АЛЖИР» мұражайында репрессия құрбандарының ұрпақтары белсенді түрде іздестірілуде.
«АЛЖИР» мұражайы ИТЛ ЧСИР 8 жылға сотталған «АЛЖИР» лагерінің тұтқыны Салбиева Ксения Ивановна туралы ақпарат іздеген немересі Тимур Кардановқа көмек көрсетті. Сондай-ақ, мқражай Ольга Юрьевна Сосинаға туысқаны Елизавета Варламовна Кицмарашвили Гафиш туралы ақпарат берді.
Осы жылдың наурыз айында Володимир Гарматюк 1958 жылы Қостанай сотында 10 жылға сотталған атасы Карась Зиновий Семенович туралы ақпарат іздеуіне көмек сұрады. Сондай-ақ, Ресейде өмір сүріп жатқан Несмеянова Елена «АЛЖИР» лагерінде 8 жылын өткізген туысы Несмеянова Софья Гавриловна туралы ақпарат табуға көмек сұрады.
Мамыр айында мқражай қызметкерлері Саханова Б. И Аблякимова А. ҚР мәдениет және спорт Министрлігі мен ҚР Ұлттық мұражайы ұйымдастырған «Мәңгілік ел: моя судьба в судьбе страны» форумына қатысты.
Зерттеу бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы тарихшы-этнограф Фанил Ямгутдинович Шариповпен байланысқа шықты. Ол мұражай қорына Муллаян Халикованың тқтқынға дейінгі және кейінгі фотосуреттерін, анкетасын және Сарра Халикованың тұтқынға дейінгі фотосуретін өткізген болатын.
Мұражай қорына И.И.Берсеневтің «Воспоминания и размышления» атты Берсеневтер отбасы өміріне арналған кітап түсті.
Сонымен қатар, мұражай қорына емделу туралы анықтама, НКВД Ерекше отырысының хаттамасынан үзінді, неке қию туралы куәлік, қайтыс болғаны туралы куәлік, лагердің бұрынғы тұтқындарының фотосуреттері табысталды.
Зерттеу іссапарлары
Осы жылдың наурыз айы мен сәуір айының аралығында Атырау қаласына зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды. Мақсаты – Атырау облысы бойынша репрессияға ұшырағандар туралы материалдар жинау.
Зерттеу жұмыстары Атырау облысының тарихи-мұражайы мен Мемлекеттік мұрағатында болды. Мемлекеттік мұрағат мұражай қорына 1937-1938 жылдары репрессияға ұшыраған Хамит Ақботин, Нугуман Залиев, Жанибек Бердиев, Боран Айтмагамбетов пен басқа да құрбандар туралы және 30 жылдардағы аштық туралы материалдар берді.
Атыраудың тарихи-өлкетану мұражайы мұражай қорына репрессияға ұшыраған тұлғалар туралы материалдар берді: Ж.Досмұхамедов, К.Ескалиев, Г.Карабалин, А.Кудайбергенов және басқалар. Іссапар барысында мұражай қызметкерлері репрессия құрбандарының ұрпақтары Назымкан Асанова, Хабиболла Мухитов, Александа Чалов, Акжай Койшыбаева және Гульсимат Темиргалиевамен кездесті.
ҚР Президентінің мұрағаты мұражай қорына 1937-1938 жылдары репрессия құрбандарының фотосуреттері мен мұрағаттағы құжаттарын берді.
Қыркүйек айында Қостанай қаласына зерттеу іссапары болды. Ондағы мақсат – 20 ғ. 30-50 жылдардағы жаппай саяси репрессиялау тарихы тақырыбындағы материалдарды жинау, Қазақстанда репрессияланған, жер аударылған ұүрбандардың ұрпақтарымен кездесу, репрессия тақырыбында жазатын жазушылармен кездесу, сондай-ақ, мұражай және мұрағат қызметкерлерімен тәжірибе алмасу.
Ғылыми-қор жұмысы
Тарихи-мәдени, көркем, ғылыми маңызы бар материалдарға сараптама жүргізу; ФЗК және ФОК комиссиясының шешімі бар заттардың мұражайға түсуі, келіп түскен заттарды мұражайға бекіту үшін заңды маңызы бар атрибуция.
Қор жұмысы
Мұражай-мемориалдық кешеннің қорында «Алжир» репрессия және тоталитаризмнің саяси құрбандарының 13 662 экспонаты бар. 2016 жылы мұражай қорына ақысыз негізде 455 экспонат келіп түсті.
Қазақстанға репрессияланған және жер аударылған құрбандардың фотографиялары, мұрағат құжаттары, жеке заттары бар 720 мың тг.көлемінде 27 экспонат қалпына келтірілді: Писляк М. Т., Крутько М. И., Голубаева Е. К., Иванов Н. В., Иванова А. В. С внуками, Мирошник А. К., Голубева Е. К., Голубев О. Г.фотосуреттері, Кожевникова А. Г. еңбек өтілі мен қалыпқа келуі туралы анықтама, Кожевникова А. Г. босатылғаны туралы №0000283 анықтама, Подкованцева Г. Н. Бостағандығынан айыру орнында мерзімін өтегені туралы анықтама және істі тоқтату және жоққа шығару туралы анықтама, КСРО еңбек еткен депутаттар Кеңесі Типографиясының «Известия» газеті, «Безъядерный мир – глобальная миссия Казахстана» жазуы бар сорпа құюға арналған ыдыс, түсі қызыл, сопақ формалы музыкалық аспап – мадолина, қант түйіршіктеріне арналған қысқыш, кестелеп тігу (иттің суреті бар), астарға тігу (шебер Афонина Т. П.), сандық бетін жабуға арналған жапқыш, ас үй сүлгісі, фабрикалық тігіннен шыққан мақта орамалы, Ермекова А. 1973 ж.логарифм сызғышы, Д.Жургеневаның ас үй майлығы.
Баспасөзбен жұмыс
Мұражай жұмыстары радиостанциялармен және телеарналармен насихатталды: «Білім және Мәдениет», «Хабар», «Қазақстан», «Шалқар радиосы», «TVR» Румыния телеарнасы, «Наш Костанай» баспасы, «ССС» компаниясының тобы.
«Алжир» мұражайында 913 экскурсия жүргізіліп, 64 лекция оқылып, 45 көрме өткізілді. Жалпы саны 20577 адам қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |