Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4


Негізгі құралдарды жөндеудің есебі



жүктеу 1,25 Mb.
бет64/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93
бух лекции (1)

Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

1.Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру

2.Негізгі құралдарды есептен шығару әдісі

Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіңе тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнату керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды),өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекелеген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды атайды.

Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі.Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, тағыда басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмері ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралына берілмейді. Түгендеме нөмері негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмерлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмерді негізгі құралдардың қандай жіктелуі тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмері оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бұйымдар, саймандар, аспаптар және тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады.Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың) аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі.Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмері беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтүзбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалықсипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуде үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

Негізгі құралдарды көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады.Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.

Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқа да негізгі құралдарды сатып алу, сату,салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері және тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады.Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтеиясында сақталады. Ол карточкада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады.Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне және түрлеріне қарй (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер және тағыда басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орны ауыстырылған негізгі құралдың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақталуы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек қойылуы қажет.

Түгендеу карточкалар мен кітапшалар талдамалық есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмері, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық нөмері, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) және тағыда басқа шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкаларының үлгілі түрі НҚ-10санды ведомствоаралық негізгі құралды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкаларының түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеге тіркейді.

Негізгі құралдың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға қарағанда бұл тізімдеме келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметтер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарълық нөмері, түгендеу карточка немесе түгендеу кітапшаға жазылған нөмері, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13түгендеу тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объктілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдың тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. БҰл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері есеп беретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланылады. Ұйым бойынша негізгі құралдың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгі түрі НҚ-12санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.

Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар және түгендеу кітапшаларымен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Мұндай төлқұжаттарды негізгі құралдың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері және тағы да басқа деректер жазылуы тиіс.




жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау