Жоба
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
_________________________________________________________________________________________________________________
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
2016 жылғы ______________
______________ 2016 года
|
№ __
|
Алматы қ.
|
г. Алматы
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
|
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Тізбенің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 1-тармағының бесінші – он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Тізбенің 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
201_ жылғы «__» ______
№ ___ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен
ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы
№ 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, 2000 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 9, 264-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға банк шоты ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктер мемлекеттік кірістер органын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.»;
43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шоттың:
заңды тұлға клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына;
жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына. Банк шот иесіне шотта ақша қозғалысының жоқ екендігі және хабарланған күннен бастап үш ай аяқталған соң оның жабылатындығы туралы хабарлайды. Егер хабарланған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды қайта қалпына келтірмесе, банк шоты шартын банк біржақты тәртіппен бұзады және ақша қалдығын Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес нотариус депозитіне аудара отырып, шотты жабады;
клиенттің банк шоты ашылған банктің таратылуына;
жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда, клиенттің банк шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына;
Банктер туралы заңда көзделген тәртіппен банктің ислам банкіне конвертация нысанында қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банк шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары).».
2. «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 1304 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 5, 318-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидалар банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейді.
4. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы
29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (бұдан әрі – № 179 нұсқаулық) көзделген ұғымдар пайдаланылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Төлем хабарламаларында Қағидалардың 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болады. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынады.
Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» деген бағанда заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» деген бағанда филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» деген бағанда заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.
Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» деген бағанда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» деген бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» деген жазудың астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізген күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келеді. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Жөнелтуші бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады.
Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарлама (әлеуметтік аударымдарға арналған) алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы көшірмесімен қоса ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарламаның (әлеуметтік аударымдарға арналған) электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк оны акцептейді және Төлемдер туралы заңда белгіленген мерзімдерде орындайды.»;
19-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Банк ақша жөнелтушінің төлем хабарламаларын қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартады:
1) төлем хабарламасы Қағидаларда белгiленген талаптарды және (немесе) ақша аудару шартының талаптарын бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде;»;
19-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте Қағидалардың 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуға тиіс:»;
19-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және Қағидалардың 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жөнелтушінің алдында бенефициардың пайдасына төлемді және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ақша аударымын жүзеге асыру үшін ақша жөнелтушінің банкі қабылданған төлем хабарламасы немесе құрылған төлем хабары негізінде орындалуы Төлемдер туралы заңда және № 179 нұсқаулықта көзделген тәсілдермен және тәртіппен жүргізілетін тиісті төлем тапсырмасын ресімдейді.»;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Банк бенефициарға төлемнің жүзеге асырылғанын растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарламасының талаптары бар құжатты береді.
29. Қолма-қол ақшаны алған кезде бенефициар тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын міндетті түрде көрсете отырып банктің тиісті құжатына қол қояды.»;
8-тарау алып тасталсын;
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан»;
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан»;
3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан»;
4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан»;
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан».
3. «Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген,
2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 2) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы банктерінің (бұдан
әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттік шоттарды ашу, жүргізу және жабу ерекшеліктерін, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың төлемдері мен ақша аударымдарының көлеміне белгіленген лимитті есептеу тәртібін белгілейді»;
21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк және/немесе банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрi – Орталық) төлем жүйелері арқылы өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз жіберілген төлемнің жалпы көлемінің пайыздық арақатынасымен есептеледі. Орталықтың төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз шығыс төлемдерінiң жалпы көлемiне банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы жүзеге асырылған шығыс төлемдерінiң көлемi және банкаралық клиринг жүйесіндегі клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позиция сомасы шегерiле отырып, банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүзеге асырылған шығыс төлемдерінің көлемі кiредi.»;
21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1. Лимитті орындау жөніндегі талап банкаралық ақша аудару жүйесінің және/немесе банкаралық клиринг жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын банктік емес ұйымдарға қолданылмайды.»;
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банкаралық ақша аудару жүйесi немесе банкаралық клиринг жүйесі арқылы корреспонденттік шоттарға (корреспонденттік шоттардан) ақша аудару;».
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы
24 тамыздағы № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7958 тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 771-775 (27847) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары»;
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары (бұдан
әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) немесе оның еншілес ұйымы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Қағидалар банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
3. Қағидаларда «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) төлем жүйесі – төлем жүйесінің қатысушылары арасында төлемдер және ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін рәсімдердің, технологиялардың, инфрақұрылымдардың, құжаттамалардың және ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
2) төлем жүйесінің операторы (бұдан әрі – оператор) – төлем жүйесінің жұмыс істеуін, оның ішінде оған техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ төлем жүйесінің қатысушыларымен жасалған шарттар негізінде олардың арасындағы ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Ұлттық Банк немесе оның еншілес ұйымы;
3) төлем жүйесінің қатысушысы – жасалған шарттарға сәйкес белгілі бір төлем жүйесі шеңберінде төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру жөнідегі құқық немесе міндеттеме туындайтын жеке және заңды тұлға.
4. Төлем жүйелеріндегі төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.».
5. «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 тіркелген, 2015 жылғы
5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктің банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізген төлемдерінің, электрондық банктік қызметтер нарығындағы (банк желісінде) төлемдерінің, банк пен оның қарсы агенттері арасында ашылған корреспонденттік шоттар, халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы жүргізілген төлемдері мен аударымдары (бұдан әрі – қолма-қол ақшасыз төлемдер) жалпы сомасының банктердің қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К6);».
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»
қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
р/с
№
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі
|
Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты
|
1.
|
Әзірлеуші бөлімше
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме
|
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама
|
Жобада:
1. келесі құжаттардың атауын өзгерту бөлігінде редакциялық түзетулер:
- Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы;
- банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы;
- «ҚБЕО» РМК клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы;
2. ашылуы туралы салық органдарына хабардар етілуі керек банк шоттары тізбесінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін сақтауға арналған банк шоттарын алып тастау;
3. банктің ислам банкіне конвертациялануына байланысты банк шоты жабылған жағдайда орындалмаған талаптарды қайтару көзделеді.
|
4.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер
|
Жоба Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен, Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаментімен, Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаментімен келісілді.
|
5.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер
|
|
6.
|
Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер
|
«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ 2015 жылғы «22» желтоқсандағы № 2/01/4474 сараптамалық қорытындысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы «12» қаңтардағы № 173 сараптамалық қорытындысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің 2016 жылғы «12» қаңтардағы № 20 хаттамасы.
|
7
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер
|
Талап етілмейді.
|
8
|
Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері
|
Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты шығындар жоқ.
|
9
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ.
|
Достарыңызбен бөлісу: |