С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


БАЗ-дарды ерігіштігі бойынша жіктеу



жүктеу 5,89 Mb.
бет46/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
treatise128700

БАЗ-дарды ерігіштігі бойынша жіктеу. Ерігіштігі бойынша БАЗ-дарды үш топқа бөледі:

  1. суда жақсы ериді, полярсыз сұйықтықта аз ериді; мысалы, төмен спирттер мен карбон қышқылдары;

  2. суда ерімейді, полярсыз сұйықтықта жақсы ериді, мысалы спирттер мен майлы қышқылдардың жоғарғы гомологтары (көміртек атомдар саны > 20);

  3. суда да, полярсыз сұйықтықта да ериді, мұндай қасиетті көмірсутек тізбегінде көміртек атомдарының саны 10-18 болатын БАЗ-дар көрсетеді.

Полярлы және полярсыз сұйықтықтардағы БАЗ ерігіштігі молекуланың гидрофильді және гидрофобты (липофильді) бөліктерінің қатынасымен анықталады. Мұндай қатынастың сандық өлшемі ретінде гидрофильді-липофильді баланс немесе орналасудың критикалық параметрі қолданылады.
БАЗ-дардың судағы ыдырауы бойынша жіктелуі. Өндірістік БАЗ-дарды көбінесе олардың судағы диссоциациясы бойынша жіктейді. Мұндай көрсеткіш бойынша БАЗ-дардың негізгі бес тобын ажыратады.

  1. Анионды БАЗ-дар. Суда анионды БАЗ-дар диссоциацияланып, беттік-активті анион түзеді.

Анионды БАЗ-дың өндіруі жылына 6 млн. тоннаға жетеді, бұл БАЗ-дардың барлық көлемінің 60% құрайды. Анионды БАЗ-дардың негізгі ерекшелігі – өндірудің қарапайымдылығы мен арзандығы. Анионды БАЗ-дар көптеген жуғыш заттардың құрамына кіреді.
Анионды БАЗ-дардың құрамындағы полярлы топтар – , , ; қарсы иондар – , , , , . Натрий мен калий иондары БАЗ-дардың судағы ерігіштігін арттырады; екі валентті катиондар БАЗ-дардың полярсыз сұйықтықтағы ерігіштігін қамтамасыз етеді.
Анионды БАЗ-дардың басты кемшілігі – олардың кермек судағы қасиеттерінің нашарлауы. БАЗ-дардың су кермектілігіне сезімталдығы келесі қатарда кемиді: карбоксилаттар > фосфаттар > сульфаттар, сульфонаттар.

  1. Kатионды БАЗ-дар. Мұндай БАЗ-дар суда ыдырап, беттік-активті катиондар түзеді. Оларға алифаттық және ароматтық аминдер мен олардың тұздары, төртіншілік аммоний негіздері, пиридиний қосылыстары жатады. Катионды БАЗ-дардың негізгі бөлігін азотты қосылыстар құрайды. Сонымен қатар фосфоний, сульфоний, сульфооксоний БАЗ-дары да кеңінен қолданылады.

Катионды БАЗ теріс зарядталған беттерде жақсы адсорбцияланады. Мұндай заряд металдарға, көптеген минералдарға, жасуша мембраналарына тән. Сондықтан катионды БАЗ-дарды әртүрлі салаларда қолданады: антистатик пен антикоррозиялық заттар ретінде, минералдарды флотациялау үшін, бактерицидтік препараттардың құрамында және т.б. Катионды БАЗ-дардың жоғары адсорбциялану қабілеті химиялық табиғаты әртүрлі қатты беттердің өңдеуін қамтамасыз етеді.
Анионды және ионогенді емес БАЗ-дардан кейін қолдану бойынша үшінші орынға ие және жалпы өндірілетін БАЗ-дардың 10%-ын құрайды.
3. Ионогенді емес БАЗ-дар суда диссоциацияланбайды. Қолданылуы бойынша анионды БАЗ-дардан кейін екінші орын алады (жалпы өндірудің 30%-ы). Олар судың кермектілігіне сезімтал емес және оларды басқа типтегі кез келген БАЗ-дармен қатар қолдануға болады.
Полярлы топтар ретінде ионогенді емес БАЗ-дардың құрамында полиэфир немесе полигидроксил фрагменттері кіреді.
Ионогенді емес БАЗ-дардың маңызды тобы – этоксидтелген (этоксиленген) алифаттық спирттер, олар көптеген жуғыш заттардың құрамына кіреді. Екінші маңызды топ – май қышқылдарының этоксидтелген метил эфирлері. Метил спиртінің этоксилаттары суда жақсы ериді және олардың беттік активтілігі жоғары болады. Плюрониктер деп аталатын молекулалық массасы 20000 жететін этилен мен пропилен оксидтерінің блоксопилемерлері кейінгі кезде көп қолданылады. Температураның артуымен ионогенді емес БАЗ-дардың ерігіштігі нашарлайды.
4. Амфотерлі (амфолиттік) БАЗ-дар. Құрамында аниондық та, катиондық та топтары бар. Мұндай БАЗ-дардың сипаты ерітіндінің рН көрсеткішіне тәуелді: рН < 4 болғанда катионды БАЗ-дарға сәйкес, рН > 9 болғанда – анионды БАЗ-дарға сәйкес диссоциацияланады; рН=4÷9 аралығында диссоциацияланбайды, яғни ионогенді емес БАЗ-дарға ұқсас келеді. Бұл топқа аминқышқылдары, ақуыздар (белоктар) және басқа табиғи БАЗ-дар жатады.
5. Цвиттер-ионды БАЗ-дар. Цвиттер-ионды БАЗ молекулаларының құрамында оң зарядты және теріс зарядты топтар бар. Цвиттер-ионды БАЗ-дар: амин қышқылдарының N-алкил туындылары, имидазолиндер. Цвиттер-ионды БАЗ-дар қасиеттері бойынша ионогенді және ионогенді емес беттік-активті заттардың арасында жатыр. Цвиттер-ионды БАЗ-дар көз бен теріні тітіркендірмейді, сондықтан оларды жуғыш заттар мен емдік кремдерге қосады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау