|
С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химияЖоғары молекулалық беттік-активті заттардың жіктелуі
|
бет | 48/105 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 5,89 Mb. | | #44020 |
| treatise128700Жоғары молекулалық беттік-активті заттардың жіктелуі. Беттік-активті полимерлер соңғы жиырма жылда кеңінен таралып, көптеген технологияларда колданылады. Көбінесе оларды дисперсияларды тұрақтандыру жəне реологиялық қасиеттерді реттеу үшін пайдаланады. Жоғары молекулалы беттік-активті заттарды (ЖМБАЗ) төмен молекулалы БАЗ-дарға сəйкес ионогенді (анионды, катионды, амфолиттік) жəне ионогенді емес деп бөледі. Сонымен қатар полимерлі БАЗ-дарды гидрофобты жəне гидрофильді топтардың қатынасына қарай жіктейді.
Негізгі тізбегі гидрофильді ЖМБАЗ-дар. Сополимерлердің мұндай түрі табиғатта кеңінен таралған. Микроағзалар липополисахаридтерді синтездейді. Өндірісте эмульсан атты БАЗ шығарылады. Эмульсанның негізгі қасиеттері: 1) беттік жəне фазааралық керілуді бір қалыпты кемітеді; 2) май-су фазааралық шекарасында жақсы адсорбцияланады; 3) кейбір судағы/май эмульсияларын тиімді турақтандырады.
Негізгі тізбегі гидрофобты ЖМБАЗ-дар. Бұл топтың табиғи өкілі ретінде гликопротеиндерді алуға болады, бірақ полипептидтік тізбекті толық гидрофобты деп есептеуге болмайды. Қазіргі заманда полиэтиленгликольді «құйырықшалары» бар сополимерлер қызығушылық туғызады. Олар əртүрлі дисперсиялардың стерикалық тұрақтандырғышы ретінде қолданылады. Осы топқа силикондық БАЗ-дар да жатып, келесі салаларда қоланылады: 1) полиуретан көбіктеріне ұяшықты құрылымды реттеу үшін; 2) көптеген сулы жүйелердің көбіктерін басқыш ретінде; 3) бояуларға пигменттердің шөгуіне кедергі жасайтын компонент ретінде; 4) сусыз орталарда жұқтырғыш ретінде; 5) силикон майларын алу үшін эмульгатор ретінде қоланылады.
Гидрофильді жəне гидрофобты блоктардан тұратын полимерлер. Бұл топқа ақуыздар (белоктар) жатады. Көптеген синтетикалық беттік-активті блок-сополимерлер белгілі. Олардың ішінде кеңінен поли(алкен)гликольдер таралған. Гидрофильді топтардың ролін полиэтиленгликольдер, ал гидрофобты топтардың ролін полипропиленгликольдер, кейде – полибутиленгликольдер атқарады. Бұл топтағы блок-сополимерлер қолдану салалары: 1) көбік түзуді реттеу үшін: а) ыдыс жуғыш құралдарда; ə) тоқыма өндірісінде (бояу кезінде); б) мұнай өндіруде; в) эмульсиялық бояуларда. 2) жұқтырғыштар: а) ыдыс жуғыш құралдарда (шаю сатысында) б) майларда. 3) пигменттердің диспергаторлары ретінде. 4) гербицид жəне инсектицидтердің эмульсияларын алу үшін эмульгатор жəне коэмульгатор ретінде. 5) мұнай өндірісінде деэмульгатор ретінде. 6) гигиеналық заттарда. 7) фармацевтикалық препараттарда. Жоғары молекулалы БАЗ-дардың ерекше қасиеттері: 1) физика-химиялық факторларға қарамастан кез келген фазааралық шекараларда адсорбцияланады. 2) гидрофильді тізбектері ұзын болса да, өздерінің адсорбциялық қабілетін жоғалтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|