С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет254/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

5 - 6 жастағы 
балалар 
сюжеттік дидактикалық ойынға қатыса отырып, 
белгілі-бір рөлді ойнауға байланысты ойын әрекеттерін жасайды 
(сатушы, сатыпалушы, пошташы, Жұмбақша апа, саяхатты 
жүргізуші). 
4 - 5 жастағы балалар
ойын әрекеттерін кезекпен 
жасайды («Лото», «Домино», «Лабиринт» үстелдік ойындар). 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкен жастағыларының 
ойындарында ақыл-ой сипатындағы ойын әрекеттерікөп 
кездеседі: бақылаушылықты таныту, салыстыру, алдында 
өткенді еске алу, заттар мен құбылыстарды белгілі-бір 
қасиеттеріне қарай жіктеу және т.б. 
Сонымен, баланың жасы мен даму деңгейіне байланысты 
балалардың дидактикалық ойындағы әрекеттері де өзгеретіні 
анықталды. Алайда, дидактикалық ойынды ұйымдастыру 
кезінде педагог (ата-аналар) бір ережені сақтауы керек: 


427 
ойынның дамыту эффектісі баланың жасаған әрекеттерінің 
қаншалықты мазмұнды, алуан түрлі болатынына тікелей 
байланысты. Егер педагог дидактикалық ойынды жүргізе 
отырып, іс-әрекеттерді өзі ғана жасаса (заттарды орналастырып, 
олардың орындарын ауыстырып, ойыншықтардың не істеп 
жатақандығын айтып және т.б.), ал балалар тек бақылап 
отырып, арасында ғана сөйлесе, онда ойынның тәрбиелік-білім 
беру құндылығы жоғалады. 
 Ережелер
ойын мазмұнының жүзеге асуын қамтамасыз 
етеді. 
Олар 
ойынды 
демократияландырады: 
ойынға 
қатысушылардың барлығы ережелерге бағынады. Тіпті бір 
дидактикалық ойынның ішінде ережелер бір-біріне ұқсамайды. 
Біреулері балалардың тәртібі мен тану қызметін бағыттайды, 
ойын әрекеттерін орындау сипаттары мен шарттарын 
анықтайды, олардың кезегін немесе ретін белгілейді, 
ойыншылардың өзара қарым-қатынасын реттейді. Ал басқа 
ережелер баланың қозғалу белсенділігінің шамасын шектейді, 
оқыту мақсатын күрделендіре отырып оны басқа бағытқа 
бұрады (педагог ойыншықтардың орнын аустырған мезетте 
көзін жұмып тұру, ойын барысында ойыншықты тек оң немесе 
сол қолында ұстап тұру). Кейбір ойындарда белгілі-бір іс-
әрекеттерге тыйым салатын, жаза қолданатын ережелер 
кездеседі. Тыйым салатын ережелер баланың өз тәртібін 
бақылауды күшейтеді. ( «Үндемес» ойыныныда сөйлеуге 
болмайды, «Керісінше айт» ойынында сөзді айтпай тұрып допты 
лақтыруға болмайды, т.с.с.). Мектепке дейінгі жастағы 
балалардың үлкен жастағыларына арналған ойындардың 
ережелері жүргізушіні таңдауды, оны алмастыруды, кімнің 
жеңгенін немесе жеңілгенін анықтауды түсіндіреді. 
Оқыту мақсаты, ойын әрекеттері және ойын ережелері өзара 
тығыз байланысты. Оқыту мақсаты ойын әрекеттерін 
анықтайды, ал ережелер ойын әрекеттерін жасауға және 


428 
тапсырманы орындауға көмектеседі.
Шынайы ойын балалардың өзіндік дербестігіне және 
ұйымдастырушылығына негізделген. Дайын мазмұнның және 
бекітілген ережелердің болуы ойындағы бірігуді жеңілдетеді. 
Санағыштардың қызметі де осы сияқты, яғни санағыштардың 
көмегімен балалар ойынға икемделіп, жүргізушіні таңдап, 
әділетті болуға үйренеді. 


жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау