422
ойындар арналған. Мектептік оқытуға көшу кезінде осындай
ойындардың рөлі ерекше.
Білектің, қолдың, әсіресе қол
саусақтарының
қозғалыс
қимылдарының
үйлесуін
(координациясын) дамыту, осы қозғалыстарды анық көзбен
бақылау – баланы жазуға үйретуге дайындықтың маңызды
алғышарттары. Мұндай ойындарда сақтық,
шыдамдылық,
табандылық, тапқырлық, кеңістікте бағдарлана білу шыңдалады.
Үстел-баспалық ойындар
мазмұны,
оқыту мақсатттары,
әрлеу жағынан әр түрлі болады. Олар баланың қоршаған орта
туралы
пікірлерін анықтауға, кеңейтуге, білімдерді жүйелеуге,
ойлау процесстерін дамытуға көмектеседі. Мектепке дейнгі
жастағы балаларға арналған дидактикалық ойындардың ішінде
ұқсастығына байланысты іріктелген суреттерге негізделген
ойындар көп кездеседі. Ең
алдымен балаларға көпетеген
суреттердің ішінен екі ұқсас (екі қолғап, екі алма) суретті табу
ұсынылады. Кейіннен шарт күрделенеді: суреттерді мағынасына
қарай бірлестіру қерек (екі машинаның суреттерін табу, біреуі
жеңіл машина, екіншісі жүк машинасы). Ең соңында балаларға
заттардың
кеңістікте
орналасуына,
пішініне,
түс
ерекшеліктеріне қарай бір-біріне
ұқсастарын табуды ұсыну
дұрыс болады.
Лото ойынында
бала үлкен картадағы суреттерге сәйкес
келетін кішкентай карточкаларды таңдау қажет. Лотоның
тақырыптары әртүрлі болып келеді: «Зоологиялық лото»,
«Гүлдер өсіп тұр», «Біз санаймыз», «Ертегілер» және т.б.
Доминода жұптау қағидасы,
карточкаларды кезек-кезек
жүріспен таңдау арқылы жүзеге асады. Доминоный
тақырыптары әр түрлі шындық аумақтарын қамтиды:
«Ойыншықтар», «Геометриялық фигуралар», «Мультфильм
кейіпкерлері» және т.б.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендері үшін
арналған «Лабиринт» типтегі ойындарда ойын алаңы, фишкалар,
423
есеп кубигі қолданылады. Әрбір ойын белгілі-бір тақырыпқа,
кей кезде ертегі тақырыбына( «Айболит», «Персей ерліктері»,
«Алтын кілт») арналады. Балалар кезек-кезек кубикты
лақтырып, өздерінің фишкаларын жүргізе
отырып ойын
алаңымен «саяхаттайды». Бұл ойындар кеңістікте бағдарлануды,
іс-әрекеттің нәтижесін алдын-ала болжауды дамытады.
Бейнеленетін зат немесе сюжет бірнеше бөлікке бөлінген,
кесілген суреттер мен жиналатын кубиктер қағидасымен
құралған үстел-баспалық ойындар кең таралған. Бұл ойындар
логикалық ойлауды, ойды жинақтауды,назар аударуды дамытуға
ықпал етеді. Бірнеше бөлікке бөлінген суретті құрастыру үшін
бала, мысалға «ұзын құлақтың»- қоянның суретінің бір бөлігі
екендігін, ал құйрығынның бөлігі –түлкінің
суретіне сәйкес
келетіндігін алдын-ала болжап, бүтін суретті көзіне елестету
керек. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бөліктерден
бүтінді құрастыру- ұғынудың, қиял жұмысының күрделі
процессі болып табылады. Ол, балаға
өз тәжірибесінен таныс
заттар мен сюжеттерді таңдау, бүтін суретті көрсету,
құрастырылатын
бөліктерді
бірте-бірте
қосу
арқылы
жеңілдетіледі. Қазіргі кезде
Достарыңызбен бөлісу: