Білім мен ғылымның әлемдік кеңістігіне ену Қазақстан үшін кезек күттірмейтін заман талабы А. Бұлашев



жүктеу 72,5 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі72,5 Kb.
#29700

06.10.2009 / 16:11

Білім мен ғылымның әлемдік кеңістігіне ену Қазақстан үшін кезек күттірмейтін заман талабы - А.Бұлашев

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 18-і күні Италияның Болонья университетінде 15 мемлекеттен жиналған  36 жоғары оқу орны Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған болатын.

 ҚазАқпарат тілшісі осы Хартияға қосылған қазақстандық 12 ЖОО-ның бірі, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашевпен сұхбаттасқан еді.  



- Айтбай Қабыкешұлы, аталмыш Хартияға қосылу Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін қаншалық маңызды?

- Болон декларациясы деген атпен әлемге танымал бола бастаған үрдістің талаптарына сай, 2003-2004 оқу жылынан бастап еліміздің білім жүйесінде реформалар жүргізіліп жатыр. Негізінен Декларацияның түпкі тарихы 1988 жылы Еуропаның ең ежелгі білім ордасы болып саналатын Болонья (Италия) университетінің 900 жылдығына арналған ректорлар форумынан бастау алған болатын. Еуропаның әлемге танымал жоғары оқу орындарының басшылары университеттердің болашақта ұстанатын негізгі төрт принципін жария етіп, оларды өз елдерінде  жүзеге асыруға міндеттеме алған-ды.     

Бұл қандай принциптер еді?! Біріншіден, университеттер елде қалыптасқан саяси және экономикалық ахуалдарға қарамастан, билікке тәуелсіз автономиялық  мекеме ретінде өзекті мәселелер бойынша өз ойы мен сын-пікірін ашық айта алуы керек. Екіншіден, оқу үрдісі зерттеу жұмыстарымен етене тығыз байланыста болып, студенттерге білім мен ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде берілуі керек. Үшіншіден, елдегі билік пен университет басшылығы дәріс беру және ғылыми жұмыстарды жүргізуде оқытушылардың, ал білім алуда студенттердің бостандығын  қамтамасыз етуі тиіс. Төртіншіден, университеттер еуропа гуманизмінің дәстүрлерін сақтаушы ғана емес, сонымен қатар саяси және географиялық шекараларды еңсере отыра, әр елдің мәдениетін өзара байытуға жағдай туғызатын орталықтар ретінде қарастырылуы керек.  Аталмыш қағидаттарға негізделген құжат Университеттердің Ұлы Хартиясы деген атауға ие болды.

Ректорлардың бастамасын 1998 жылы Сорбонна (Франция) университетінің мерейтойына қатысуға келген Алмания, Италия, Франция және Ұлыбритания білім министрлері қолдап, болашақта  заңдары, стандарттары және ережелері бар жалпыеуропалық білім кеңістігін қалыптастыру туралы коммюнике жасаған болатын. Бір-бірінен мәдениеті, тілі, ділі және салт-дәстүрлері бойынша алшақ жатқан елдердің білім саласында мұндай ынтымақтастықты орнатуына әлем күмәндана қараған еді. Дегенмен, бір жылдан соң, атап айтсақ 1999 жылдың 19 маусымында Болонья  қаласында арнайы декларация қабылданып, бұл үрдіске тағы да 27 ел қосылды. Кейіннен ортақ білім кеңістігін құру мәселелерін араға екі жыл салып, министрлер Прага, Берлин, Берген (Норвегия) және Лондон қалаларында талқылады. Қазіргі кезде Болонья декларациясына Еуропа және Орталық Азияның 50-ден астам мемлекеттері қол қойды. Біздің ел халықаралық білім кеңістігінің толыққанды мүшелігіне  өтуді 2010 жылдың наурыз айына жоспарлап отыр.  Былтырғы жылы 18, ал биыл 14 жоғары оқу орны, соның ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің  аталмыш Хартияға қол қоюы  Қазақстанның Болонья  үрдісіне енген елдермен бірегей білім кеңістігінде қоян-қолтық ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екендігін көрсетеді.

Хартияға қол қойған еліміздің  әрбір университеті - Болонья үрдісін мойындаған кез келген елде мамандарымыздың  ешбір қиындықсыз жұмысқа орналасуына мүмкіндік бере алатын білім жүйесін құруға; еліміздің жоғары білімінің бәсекеге қабілеттігін көтеруге;  кадларды даярлаудың  үш сатылық білім беру бағдарламасын (бакалавриат-магистратура-докторантура) қолдануға;  оқытудың кредиттік жүйесін және білім деңгейін бағалаудың бірізділенген тәртібін қолдана отырып, еуропа университеттерімен студенттер алмасуға;  сондай-ақ теориялық оқытудың және  практикалық машықтанудың ортақ бағдарламаларын дайындап, оқытушылармен өзара алмасып отыруға және бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ат салыспақ.

 - Ұлы Хартияға қол қойған университеттер автономды даму құқығын ала отырып, оқу орнының бюджетін өз еркімен бөлу, оқыту бағдарламаларын өз еркімен таңдау және тағы да басқа артықшылықтарға ие болады. ЖОО-лар үшін мұндай басымдықтарға ие болу қаншалықты маңызды және бүгінгі күні отандық жоғары мектеп мемлекеттің көмегінсіз жұмыс істеуге әзір деп ойлайсыз ба?

-Иә, университеттердің академиялық бостандығы және автономиялығы Болонья  үрдісінің негізгі ұстанымдарының бірі болып есептеледі. Осыған орай, реформа аясында жоғары білімнің мемлекеттік стандартына тиісті өзгертулер енгізілді. Айталық, бакалавриаттың  үлгі оқу жоспары жалпы білім беру, негізгі және кәсіби пәндер топтамаларынан тұрады. Олардың үлесі  сәйкесінше 25, 50 және 25 пайызды құрайды. Әрбір мамандықтың мұндай  топтамаларында міндетті түрде оқылуға тиісті пәндер ғана көрсетіледі.  Мамандықтың үлгі оқу жоспары негізінде әрбір ЖОО өзіндік оқу жоспарын құрастырып, әрбір топтамаларды «таңдамалы» деп аталатын пәндермен толықтырады.  Ал аталмыш пәндерді студенттер, оқу орны әзірлеген таңдамалы пәндер каталогынан (ТПК) кеңесші-оқытушының  (эдвайзерлердің) көмегімен іріктеп алып, өздерінің жеке оқу жоспарын жасайды. ТПК-ны әзірлеу кезінде жұмыс берушілер де тартылып, олардың болашақ мамандардың кәсіби біліктілігіне қоятын талаптары ескеріледі.   Пәндерді таңдаған кезде студенттер еңбек нарығының сұранысын, өзінің болашақ кәсібінің немесе жұмыс берушінің талаптарын, жеке басының әртүрлі ғылымдарға  бейімділігін ескереді. Пәндер тізімдемесін анықтағаннан соң, студенттерге әр пән бойынша сабақ беретін оқытушыларды да таңдау мүмкіндігі беріледі.

 Қазіргі кезде міндетті және таңдамалы пәндердің  ара салмағы тең деуге болады, ал 2010 жылға қарай (бұл мерзімге дейін Болонья  үрдісі шеңберінде жалпыеуропалық кеңістік құру аяқталмақшы) бұл көрсеткіш сәйкесінше 30 және 70 пайыз шамасында болады деп күтілуде. Демек, оқу жоспары заман талабына сай болып, мамандардың еңбек нарығынан өз орнын табуға жағдай туғызбақ. Менің пікірімше, академиялық бостандық жоғары мектепті өндірістің  сұраныстарына икемдеп, түлектердің бәсекеге қабілеттігін арттырады.  

 Жалпы, Болонья  үрдісінің толыққанды мүшесі боламын деген университет өзінің жоғары білікті ғылыми әлеуетін және заманауи материалдық-техникалық базасын қалыптастыруы керек. Әрине, бұл үрдістер қыруар қаржыны қажет ететіні сөзсіз. Бірақ біз әрбір елдің дамуы, ең біріншіден, оның білімі мен ғылымының жағдайына тікелей байланысты болатындығын жақсы білеміз. Міне, сондықтан да аталмыш салаларды бәсекеге барынша қабілетті ету университеттердің жеке мәселелері емес, еліміздің  стратегиялық басымдықтарының бірі болып саналады. Ал өз кезегінде ЖОО-лар қол қусырып отырмай, өздерінің сапалы білім ордасы екенін дәлелдеп, әртүрлі  бағдарламалар шеңберінде ақылы білім беру және өндіріс тапсырыстары бойынша ғылыми өнімдер дайындау арқылы қаржы таба білуі тиіс.  

 - Жоғарыда Хартияға қол қойған ЖОО-лар студенттерге оқытушыларды өз еркімен таңдау бостандығын ұсынуы тиістігін атап өттіңіз, Аграрлық университет бұл қадамға қаншалықты дайын?

- Бүгінгі күні білім беру жүйесінде Ұлы хартияда көрсетілген міндеттемелердің бірі - кредиттік (қосар) технология қолданылуда. Бұл технология кредит деген оқу өлшемін қолдана отыра, студентке міндетті пәндер мен өзі іріктеп алған таңдамалы пәндерден жасалған оқу жоспарына сәйкес білімді өздігінен табуға үйретеді. Жаңа тәсіл оқытушылардың аудиториялық оқу жүктемелерін қысқартып, студенттерді өз бетімен білім алуға дағдыландырады. Бұрын біз оқушыны сұйықтықпен толтырылатын құтымен салыстырсақ, оқытудың аталмыш технологиясы оның тұтануын күтіп тұрған шырақ ретінде қарастырады. Демек, бұдан былай оқытушының рөлі білім беру емес, студенттерге білімді қалай алуды үйрету болмақ.

 Негізінен «кредит» сөзі сенім деген мағынаны білдіреді, яғни білім мекемесі оқытушы мен оқушының кәсіби білім аясында бірлесе атқаратын жұмысына сенім артады. Егер оқытудың дәстүрлі жүйесінде студенттің пәнді меңгеруіндегі өзіндік жұмысына оқу сағатының 33 пайызы жұмсалса, кредиттік технологияда  бұл көрсеткіш  66 пайызға өсіп отыр. Дәрістік және зертханалық сағаттардың азаюы, оқытушылардың  жұмысын жеңілдетуге әкеледі деген ойдан алыс болуымыз керек. Олар білім алушыларды әр пән бойынша өзіндік жұмыстарына керекті оқу және оқу-әдістемелік құралдарының толық кешенімен қамтамасыз етуге жауапты.

 Жаңа технологияны оқу үрдісіне енгізу оқушыларды әр пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен, ғылыми журналдармен, басқа да ақпарат көздерімен, интернет-кластармен, оқу залдарымен, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерімен, көшірме-көбейту техникасымен және ең бастысы, жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етуді талап етеді.  Өйткені, жоғарыда айтып кеткендей, оқу орны студенттерді жеке жоспарларына сай өз бетінше білім алуға үйретуі керек. Оқытушылар да өз сабақтарына үлкен жауапкершілікпен қарап, оқу үрдісінде мультимедиялық және виртуалды технологияларды, бейне және үн таспаларын кеңінен қолданып, уақыт талабынан қалып қоймас үшін өздерінің педагогикалық шеберліктері мен біліктіліктерін үнемі жетілдіріп тұруы абзал.

Бір сөзбен айтқанда,  кредиттік технологияны  білім сапасын арттыруға  бағытталған оқытудың жаңа тәсілі ретінде қарастыруға болады. Міне, сондықтан да біздің университет Ұлы Хартияға қол қоймас бұрын,  өзінің ғылыми әлеуетін, материалдық-техникалық және ақпараттық базасын  біршама нығайтқан болатын. Бір ғана мысал, қазіргі кезде оқу үрдісінде 43 компьютер сыныбы мен студенттік 4 жатақхананың оқу залдарында  орналасқан 1100 компьютер қолданылып отыр. Олар өзара корпоративті желіге қосылған және кез келген компьютерден университеттің білім порталы мен әлемдік ақпарат кеңістігіне  шығуға мүмкіндіктер жасалған.   

 - Біз қай салада болмасын шетелдік стандарттар мен олардың тәжірибелерін енгізуге ұмтыламыз. «Еуропаланамыз» деп жүргенде, төл мұраларымыз бен құндылықтарымыздан айырылып қалмаймыз ба?



 - Әсте олай емес, себебі Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған кез келген елдің білім беру жүйесіне сол ел халқының тарихына, мәдениетіне, рухани өмірі мен ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыратын ұлттық ерекшелік тән болмақ. Әрине, әр елдің білім беру жүйесі - өз халқының нағыз патриоттарын қалыптастыруға негізделуі тиіс. Туған халқының рухани мұраларынан нәр алмаған адамның жалпы адамзаттық өркениет шыңына шығуы мүмкін емес.  Осыған байланысты біз  тек «Қазақ тілі»  және «Қазақстан тарихы» пәндерін оқытуды ғана емес, сондай-ақ ұлттық фольклор, мәдениет, өнер, салт-дәстүр, этнопедагогика, этнопсихология, яғни  қазақ халқының барлық рухани байлығын қамтитын білім стандартын қалыптастыруға баса назар аударуымыз керек.

 Өкінішке қарай, біздің оқу жоспарларымызда ұлттық ерекшелік жоқтың қасы. Қазіргі кезде негізгі және кәсіби пәндердің шеңберінде міндетті және таңдамалы түрде оқытылатын пәндердің арасында тепе-теңдік байқалса, жалпы білім беру топтамасының шеңберінде студенттерімізге мәдени-рухани мұрамызбен танысуға мүмкіндік беретін, әрі кеткенде бір ғана таңдамалы пәнді ұсына аламыз. Ал мұндай пәндер жоғары білім стандартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс деп ойлаймын. Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы -  12 жылдық орта білім стандартын әзірлеген кезде, бүгінгі күні төменгі курс студенттері оқитын гуманитарлық пәндерді мектеп бағдарламасына көшіріп, ЖОО-ға ұлттық құндылықтарымызды тереңірек зерттейтін ғылымдарды енгізу болып табылады.



 Түйіндеп айтқанда, білім мен ғылымның әлемдік кеңістігіне ену Қазақстан үшін уақыт күттірмейтін заман талабы. Алайда біз дүниежүзілік сахнаға бір жағынан, әлемдік өркениетті байыта алатын, ал екінші жағынан, ұлттық білім беру моделін жетілдіруге жаңа көкжиек аша алатын, жеке өзімізге ғана тән мәдени және рухани құндылықтармен енуіміз қажет. 

- Сұхбатыңызға рахмет!
жүктеу 72,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау