СЕМЬЯ - круг лиц, связанных имущественными и личными неимущественными правами и обязанностями, вытекающими из брака, родства, усыновления или иной формы принятия детей на воспитание и призванными способствовать укреплению и развитию семейных отношений (ст. 1 ЗРК «О браке и семье» от 17 декабря 1998 года № 321)
|
ОТБАСЫ - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-І ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЬЯ - круг лиц, связанных имущественными и личными неимущественными правами и обязанностями, вытекающими из брака, родства, усыновления или иной формы принятия детей на воспитание и призванными способствовать укреплению и развитию семейных отношений (ст. 1 ЗРК «О государственных пособиях семьям, имеющим детей» от 28 июня 2005 года № 63)
|
ОТБАСЫ - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы («Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЬЯ В ДЕТСКОЙ ДЕРЕВНЕ - круг лиц, связанных личными неимущественными правами и обязанностями, вытекающими из новой формы воспитания детей, призванными способствовать укреплению семейных отношений и привитию навыков к труду, обучению и воспитанию (ст. 11 ЗРК «О детских деревнях семейного типа и домах юношества» от 13 декабря 2000 года № 113)
|
БАЛАЛАР АУЫЛЫНДАҒЫ ОТБАСЫ - балаларды тәрбиелеудің жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сіңіруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысты адамдар тобы («Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 113 ҚРЗ 11-бап)
|
СЕРВИТУТ - право физических и юридических лиц на ограниченное целевое пользование частью участка недр, предоставленного другим лицам для проведения разведки, добычи, совмещеной разведки и добычи либо строительства и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей в случаях, предусмотренных Законом РК «О недрах и недропользовании» (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)
|
СЕРВИТУТ - жеке және заңды тұлғалардың басқа тұлғаларға «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңында көзделген жағдайларда барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес барлау, өндіру, бірлескен барлау жүргізу және өндіру, не жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауы учаскесінің бөлігін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРВИТУТ - право ограниченного целевого пользования чужим земельным участком, в том числе для прохода, проезда, прокладки и эксплуатации необходимых коммуникаций и иных нужд (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
СЕРВИТУТ - бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
СЕРВИТУТ - право ограниченного целевого пользования чужим земельным участком и водным объектом для нужд охотничьего и (или) рыбного хозяйства (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
СЕРВИТУТ - аңшылық шаруашылығының және (немесе) балық шаруашылығының қажеттері үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі№ 593 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРВИТУТ - право ограниченного пользования чужим недвижимым имуществом (ст. 1 УП и.с.з. «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25 декабря 1995 года № 2727)
|
СЕРВИТУТ - бөгденің жылжымайтын мүлкін шектеулі пайдалану құқығы («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 ҚР з.к.б ПЖ 1-бап)
|
СЕРЖАНТЫ (СТАРШИНЫ) - военнослужащие, которым присвоены воинские звания состава сержантов (старшин) (ст. 1 ЗРК «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)
|
СЕРЖАНТТАР (СТАРШИНАЛАР) - сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 КРЗ 1-бап)
|
СЕРИЯ - определенное количество однородного лекарственного средства, полученное в результате одного технологического цикла (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
СЕРИЯ - бір технологиялық цикл нәтижесінде алынған бір текті дәрілік заттың белгілі бір саны («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ ГОДНОСТИ АЭРОДРОМА - документ, выданный уполномоченным органом, удостоверяющий соответствие аэродрома нормам годности к эксплуатации аэродромов (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)
|
АЭРОДРОМ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ - аэродромдарды пайдалану жарамдылығының нормаларына аэродромның сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ ЛЕТНОЙ ГОДНОСТИ - документ, выданный уполномоченным органом, на основании сертификата типа, удостоверяющий соответствие гражданского воздушного судна нормам летной годности (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)
|
ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ - уәкілетті орган үлгі сертификаты негізінде берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО БУХГАЛТЕРА - документ, выданный организацией по сертификации, удостоверяющий профессиональную квалификацию бухгалтера (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
КӘСІБИ БУХГАЛТЕР СЕРТИФИКАТЫ - сертификаттау жөніндегі ұйым берген бухгалтердің кәсіби біліктілігін куәландыратын құжат («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ СООТВЕТСТВИЯ - документ, удостоверяющий соответствие продукции, услуги требованиям, установленным нормативными правовыми актами в области технического регулирования, положениям стандартов или иных документов (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ СООТВЕТСТВИЯ (ПЛЕМЕННОЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО) - документ, выдаваемый аккредитованными органами, подтверждающий происхождение, продуктивность и иные качества племенного животного, а также генетическое происхождение родителей и качество семени или эмбриона (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)
|
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ (АСЫЛ ТҰҚЫМДЫҚ КУӘЛІК) - аккредитацияланған органдар беретін, асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын, сондай-ақ ата енесінің шығу тегін және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ СООТВЕТСТВИЯ ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - документ установленной формы, указывающий, что идентифицированное лекарственное средство соответствует требованиям технических регламентов, стандартов или иных нормативных документов (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ - бірдейлендірілген дәрілік заттың техникалық регламенттер, стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетіндігін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ ТИПА - документ, выданный уполномоченным органом, подтверждающий соответствие нормам летной годности типа воздушного судна, авиационного двигателя и воздушного винта новых типов (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)
|
YЛГІ СЕРТИФИКАТЫ - әуе кемесінің, авиациялық двигатель үлгісінің және жаңа үлгідегі әуе винтінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін растайтын, уәкілетті орган берген құжат («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАТ ЭКСПЛУАТАНТА ГРАЖДАНСКИХ ВОЗДУШНЫХ СУДОВ - документ, выданный уполномоченным органом, удостоверяющий соответствие эксплуатанта требованиям, установленным правилами сертификации эксплуатантов гражданских воздушных судов (cт.1 3PK «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)
|
АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерінде белгіленген талаптарға пайдаланушының сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат («ҚР әуe кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАЦИЯ - процедура, посредством которой орган по подтверждению соответствия письменно удостоверяет соответствие продукции, услуги установленным требованиям (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
СЕРТИФИКАТТАУ - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРТИФИКАЦИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - письменное подтверждение органом, не зависимым от изготовителя (продавца) и потребителя (покупателя), соответствия лекарственных средств требованиям, установленным в нормативных документах (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ - дайындаушыға (сатушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелді болмайтын органның дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша растауы («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕРЬЕЗНЫЙ УЩЕРБ - существенное ухудшение ситуации в отрасли отечественного производства подобного или непосредственно конкурирующего товара в РК вследствие возросшего объема его поставок на территорию РК, выражающееся, в частности, в сокращении объема производства такого товара, сокращении реализации отечественного товара на внутреннем рынке Казахстана, снижении рентабельности производства такого товара, негативном влиянии на, уровень заработной платы (ст. 1 ЗРК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» от 28 декабря 1998 года № 337-І)
|
ЕЛЕУЛІ ЗАЛАЛ - ҚР аумағына тауар жеткізіп беру көлемінің өсуі салдарынан, атап айтқанда, сондай тауар өндіру көлемінің қысқаруынан, Қазақстанның ішкі рыногында отандық тауарды өткізудің қысқаруынан, сондай тауарды өндіру тиімділігінің төмендеуінен, еңбекке орналасуға, жалақы деңгейіне теріс әсерінен білінетін, ҚР ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың отандық өндірісі саласындағы ахуалдың едәуір нашарлауы («Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-І ҚРЗ 1-бап)
|
СЕССИЯ МАСЛИХАТА - основная форма деятельности маслихата (ст. 1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)
|
МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ - мәслихат қызметінің негізгі нысаны («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СЕТЬ СВЯЗИ - технологическая система, включающая в себя средства и линии связи и предназначенная для телекоммуникаций или почтовой связи (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІ - байланыс құралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 2-бап)
|
СИГАРЕТА - отформированная с применением сигаретной бумаги, клея для бокового склеивания, фильтра, бумаги вокруг фильтра конструкция в виде трубочки или рулона, компонентами наполнения которой являются табак отечественной или импортной мешки, ингредиенты, технологические добавки и ароматизаторы (ст. 2 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)
|
СИГАРЕТ - сигарет қағазын, бүйірін желімдеуге арналған желімді, фильтрді, фильтрдің айналасындағы қағазды қолдана отырып жасалған толтырылу компоненттері отандық немесе импорттық темекі қоспасы, ингредиенттер, технологиялық қосымшалар және хош иістендірушілер болып табылатын түтікше немесе рулон түріндегі темекі конструкциясы («Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ ҚР3 2-бап)
|
СИГНАЛ «ВНИМАНИЕ ВСЕМ!»- единый сигнал Гражданской обороны, который передается сиренами и другими сигнальными средствами. По этому сигналу население обязано включить телевизоры, радио и другие средства приема информации, внимательно прослушать передаваемую информацию и выполнить требования по порядку действий и правилам поведения (ст. 1 ЗРК «О Гражданской обороне» от 7 мая 1997 года № 100)
|
«БАРШАҢЫЗДЫҢ НАЗАРЫҢЫЗҒА!» ДАБЫЛЫ - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық телевизорларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті («Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100 ҚРЗ 1-бап)
|
СИГНАЛЬНОЕ ОРУЖИЕ - оружие, используемое для подачи звуковых, световых и дымовых сигналов (ст. 1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339-І)
|
БЕЛГІ БЕРУ ҚАРУЫ - дыбыс, жарық және түтін белгілерін бері үшін пайдаланылатын қару («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап)
|
СИЛЫ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ - воинские части, территориальные и ведомственные невоенизированные формирования, специализированные аварийно-спасательные службы (ст. 4 ЗРК «0 чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера» от 5 июля 1996 года № 19)
|
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ - әскери бөлімдер, аумақтық және ведомстволық әскерилендірілмеген құрылымдар, мамандандырылған авариялық құтқару қызметтері («Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-І ҚРЗ 4-бап)
|
СИЛЫ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ - воинские части Гражданской обороны, территориальные, объектовые фондирования, формирования служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций, оперативно-спасательные отряды подразделения государственной противопожарной службы (ст. 1 ЗРК «О Гражданской обороне» от 7 мая 1997 года № 100)
|
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ - азаматтық қорғаныстың әскер бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, жедел-құтқару отрядтары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері («Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100 ҚРЗ 1-бап)
|
СИСТЕМА ГАРАНТИРОВАНИЯ ИСПОЛНЕНИЯ ОБЯЗАТЕЛЬСТВ ПО ЗЕРНОВЫМ РАСПИСКАМ - комплекс организационно-правовых мер, направленных на защиту прав и законных интересов держателей зерновых расписок от неисполнения хлебоприемными предприятиями обязательств по выданным ими зерновым распискам (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)
|
АСТЫҚ ҚОЛХАТТАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУҒА КЕПІЛДІК БЕРУ ЖҮЙЕСІ - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 ҚРЗ 1-бап)
|
СИСТЕМА ГАРАНТИРОВАНИЯ СТРАХОВЫХ ВЫПЛАТ - комплекс организационно-правовых мер, предусмотренных Законом РК «О Фонде гарантирования страховых выплат», направленных на защиту прав и законных интересов страхователей (застрахованных, выгодоприобретателей) при наступлении страхового случая по договору обязательного страхования в случае принудительной ликвидации страховой организации участника (ст. 1 ЗРК «О Фонде гарантирования страховых выплат» от 3 июня 2003 года № 423)
|
САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ЖҮЙЕСІ - «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» ҚР Заңда көзделген, қатысушы сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423-II ҚРЗ 1-бап)
|
СИСТЕМА ЖИЛИЩНЫХ СТРОИТЕЛЬНЫХ СБЕРЕЖЕНИЙ - замкнутая система финансирования мероприятий по улучшению жилищных условий, основанная на привлечении денег вкладчиков в жилищные строительные сбережения и предоставлении им жилищных займов (ст. 2 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110-II)
|
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖҮЙЕСІ - тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды қаржыландырудың салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына тартуға және оларға тұрғын үй заемдарын беруге негізделген тұйықталған жүйесі («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110-II ҚРЗ 2-бап)
|
СИСТЕМА ЗАЩИТЫ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЕКРЕТОВ - совокупность органов защиты государственных секретов, используемых ими средств и методов защиты сведений, составляющих государственные секреты, и их носителей, а также мероприятий, проводимых в этих целях (ст. 1 ЗРК «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349-І)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ - мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының, олардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді және солардың көздерін қорғауда пайдаланатын құралдары мен әдістерінің, сондай-ақ осы мақсатта жүргізілетін шаралардың жиынтығы («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-І ҚРЗ 1-бап)
|
СИСТЕМА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ - совокупность государственных органов и субъектов здравоохранения, деятельность которых направлена на обеспечение прав граждан на охрану здоровья и получение медицинской помощи (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)
|
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау және медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың және денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап)
|
СИСТЕМА ОБРАЗОВАНИЯ - система образования РК представляет собой совокупность взаимодействующих: организаций образования, независимо от форм собственности, типов и видов; преемственных образовательных программ и государственных общеобязательных стандартов образования для различных уровней образования; органов управления образованием и подведомственных им организаций, обеспечивающих реализацию образовательных программ и развитие системы образования (ст. 7 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ - ҚР білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын: меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының; білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының; білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдары мен оларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 7-бап)
|
СИСТЕМА ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СОЦИАЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ - совокупность норм и правил, устанавливаемых и гарантируемых государством, регулирующих отношения между участниками системы обязательного социального страхования (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)
|
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ - мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелердің жиынтығы («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СИСТЕМА ОБЯЗАТЕЛЬНОГО ГАРАНТИРОВАНИЯ ДЕПОЗИТОВ - комплекс организационно-правовых мер, предусмотренных Законом РК «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня РК» направленных на защиту прав и законных интересов депозиторов банков-участников (ст. 1 ЗРК «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня РК» от 7 июля 2006 года № 169)
|
ДЕПОЗИТТЕРГЕ МІНДЕТТІ КЕПІЛДІК БЕРУ ЖҮЙЕСІ - «ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңында көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені («ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169 ҚРЗ 1-бап)
|