Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет97/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124

СМЕННАЯ РАБОТА - работа в две либо в три или четыре рабочих смены в течение суток (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

АУЫСЫМДЫҚ ЖҰМЫС - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

СМЕРТНАЯ КАЗНЬ - расстрел как исключительная мера наказания может быть установлена только за особо тяжкие преступления, посягающие на жизнь человека, а также за совершаемые в военное время или в боевой обстановке, государственную измену, преступления против мира и безопасности человечества и особо тяжкие воинские преступления (ст. 49 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ӨЛІМ ЖАЗАСЫ - өлім жазасы-ату жазасы адамның өміріне қол соғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 49-бап)

СМОЛИСТОЕ ВЕЩЕСТВО - сырой, безводный, не содержащий никотина конденсат дыма (ст. 2 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)

ШАЙЫРЛЫ ЗАТТАР - дымқыл, сусыз, никотині жоқ түтін конденсаты («Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ ҚР3 2-бап)

СОБСТВЕННИК СУДНА - лицо, зарегистрированное в качестве собственника судна в соответствии с правилами регистрации судов и прав на них (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

КЕМЕНІҢ МЕНШІК ИЕСІ - кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтар № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)

СОБСТВЕННИК СУДНА - лицо, зарегистрированное в качестве собственника судна в соответствии с правилами государственной регистрации судов и прав на них (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

КЕМЕНІҢ МЕНШІК ИЕСІ - кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

СОБСТВЕННИК СРЕДСТВА МАССОВОЙ ИНФОРМАЦИИ - физическое или юридическое лицо, либо объединение физических и (или) юридических лиц, осуществляющие право владения, пользования и распоряжения средством массовой информации. Собственник средства массовой информации вправе выступать в качестве редакции, редактора, журналиста, издателя, распространителя, как в отношении собственного, так и других средств массовой информации на основе соответствующего договора (ст. 6 ЗРК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года № 451-І)

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ МЕНШІК ИЕСІ - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 КРЗ 6-бап)

СОБСТВЕННИК ЭЛЕКТРОННЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ РЕСУРСОВ, ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ - субъект, в полном объеме реализующий права владения, пользования и распоряжения электронными информационными ресурсами и информационными системами (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ МЕНШІК ИЕСІ - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)

СОБСТВЕННОЕ УДЕРЖАНИЕ - часть объема ответственности, в пределах которой страховщик или цедент несет ответственность за собственный счет в соответствии с договором страхования или перестрахования (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)

ӨЗДІГІНЕН ҰСТАП ҚАЛУ - жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе цедент сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебіне жауапты болады («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II ҚРЗ 3-бап)

СОБСТВЕННОСТЬ ОБЩЕСТВЕННОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ - объекты, необходимые для материального обеспечения деятельности, предусмотренной его уставом, за исключением объектов, запрещенных законодательством РК (ст. 21 ЗРК «Об общественных объединениях» от 31 мая 1996 года № 3)

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ МЕНШІГІ - жарғыда көзделген қызметті материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер, бұған ҚР заңдарымен тыйым салынған объектілер қосылмайды («Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 ҚРЗ 21-бап)

СОБСТВЕННОСТЬ ПОЛИТИЧЕСКОЙ ПАРТИИ - в собственности политической партии могут находиться объекты, необходимые для материального обеспечения деятельности, предусмотренной ее уставом, атакже организации, создаваемые за счет ее средств, за исключением объектов, запрещенных законодательством РК (ст. 17 ЗРК «О политических партиях» от 15 июля 2002 года № 344)

САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ МЕНШІГІ - ҚР заңдарында тыйым салынған объектілерді қоспағанда, саяси партияның меншігінде оның жарғысында көзделген қызметті материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер, сондай-ақ оның қаражаты есебінен құрылатын ұйымдар болуы мүмкін («Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344 ҚРЗ 17- бап)

СОБСТВЕННЫЙ КАПИТАЛ - активы Фонда гарантирования страховых выплат, уменьшенные на его обязательства и резерв гарантирования страховых выплат (ст. 1 ЗРК «О Фонде гарантирования страховых выплат» от 3 июля 2003 года № 423)

МЕНШІКТІ КАПИТАЛ - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423 ҚРЗ 1-бап)

СОБСТВЕННЫЕ СРЕДСТВА СПЕЦИАЛЬНОЙ ФИНАНСОВОЙ КОМПАНИИ - активы, обязательства, собственный капитал и доходы (убытки), полученные (понесенные) по завершению сделки секьюритизации, специальной финансовой компании как юридического лица. В собственные средства специальной финансовой компании не включаются выделенные активы, облигации (в том числе начисленный купон по ним) специальной финансовой компании (ст. 1 ЗРК «О секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)

АРНАЙЫ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨЗ ҚАРАЖАТЫ - заңды тұлға ретіндегі арнайы қаржы компаниясының активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы және секьюритилендіру мәмілесі аяқталғаннан кейін алынған (шеккен) кірісі (залалы). Арнайы қаржы компаниясының өз қаражатына арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер, облигациялар (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) кірмейді («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)

СОВЕТЫ ПО СОТРУДНИЧЕСТВУ И ВЗАИМОДЕЙСТВИЮ С НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫМИ ОРГАНИЗАЦИЯМИ - консультативно-совещательные органы при центральных и местных исполнительных органах, в состав которых входят представители заинтересованных государственных органов и неправительственных организаций (ст. 1 ЗРК «О государственном социальном заказе» от 12 апреля 2005 года № 36)

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР - құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші органдар («Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 ҚРЗ 1-бап)

СОВМЕСТИТЕЛЬСТВО - выполнение работником другой регулярной оплачиваемой работы на условиях трудового договора в свободное от основной работы время (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ҚОСА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодескі 1-бап)

СОВОКУПНОСТЬ ПРЕСТУПЛЕНИЙ - совершение двух или более деяний, предусмотренных различными статьями или частями статьи Уголовного кодекса РК, ни за одно из которых лицо не было осуждено или не было освобождено от уголовной ответственности по основаниям, установленным законом одно действие (бездействие), содержащее признаки преступлений, предусмотренных двумя или более статьями Уголовного кодекса РК (ст.12 УК РК от 16июля 1997 года № 167)

ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ - Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады; екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар бір іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 12-бап)

СОВОКУПНЫЙ ДОХОД - сумма видов доходов, учитываемых при назначении адресной социальной помощи (ст. 1 ЗРК «О государственной адресной социальной помощи» от 17 июля 2001 года № 246)

ЖИЫНТЫҚ ТАБЫС - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II ҚРЗ 1-бап)

СОВОКУПНЫЙ ДОХОД СЕМЬИ - общая сумма доходов, полученных семьей, как в денежной, так и в натуральной форме (ст. 1 ЗРК «О государственных пособиях семьям, имеющим детей» от 28 июня 2005 года № 63)

ОТБАСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСЫ - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы («Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 ҚРЗ 1-бап)

СОГЛАСИЕ СУБЪЕКТА КРЕДИТНОЙ ИСТОРИИ - письменное разрешение субъекта кредитной истории на предоставление информации о нем в кредитные бюро либо выдачу кредитного отчета о нем другим лицам, оформляемое в соответствии с требованиями, установленными законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» от 6 июля 2004 года № 573)

КРЕДИТТІК ТАРИХ СУБЪЕКТІСІНІҢ КЕЛІСІМІ - ҚР заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге не өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты («ҚР кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 ҚРЗ 1-бап)

СОГЛАШЕНИЕ - любое договорное отношение сторон (вертикальное, горизонтальное или конгломератное), направленное на ограничение или устранение конкуренции, получение необоснованных преимуществ в предпринимательской деятельности (ст. 1 ЗРК «О недобросовестной конкуренции» от 9 июня 1998 года № 232)

КЕЛІСІМ - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған (тік, көлбеу немесе аралас) кез келген шарттық қатынасы («Жосықсыз бәсеке туралы» 1998 жылғы 9 маусымдағы № 232 ҚРЗ 1-бап)

СОГЛАШЕНИЕ ГЕНЕРАЛЬНОЕ, ОТРАСЛЕВОЕ (ТАРИФНОЕ), РЕГИОНАЛЬНОЕ - правовой акт, заключаемый между сторонами социального партнерства, определяющий содержание и обязательства сторон по установлению условий труда, занятости и социальных гарантий для работников на республиканском, отраслевом и региональном уровнях (ст. 1 Трудового кодеска РК от 15 мая 2007 года № 251)

БАС, САЛАЛЫҚ (ТАРИФТІК), ӨҢІРЛІК КЕЛІСІМ - әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

СОГЛАШЕНИЯ (СОГЛАСОВАННЫЕ ДЕЙСТВИЯ) - любые договорные отношения сторон, направленные на ограничение или устранение конкуренции, получение необоснованных преимуществ в предпринимательской деятельности (ст. 1 ЗРК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности» от 7 июля 2006 года № 173)

КЕЛІСІМ (КЕЛІСІЛГЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕР) - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары («Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 173 ҚРЗ 1-бап)

СОДЕРЖАНИЕ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНЕГО - создание родителями или другими законными представителями несовершеннолетнего в пределах своих финансовых возможностей и способностей условий для его здорового развития, защиты его имущественных и неимущественных прав и интересов и государственных минимальных социальных стандартов (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ БАҒЫП-КҮТУ - кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өз қаржылық мүмкіндіктері мен қабілеттерінің шегінде оның салауатты дамуы, оның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын қорғау үшін жағдай жасауы («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)

СОДЕРЖАНИЕ ПОД СТРАЖЕЙ - это установленная законом временная изоляция в специальных учреждениях и помещениях задержанных, подозреваемых в совершении преступлений, а также лиц, в отношении которых избрана мера пресечения в виде ареста (ст. 2 ЗРК «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» от 30 марта 1999 года № 353-І)

КҮЗЕТТЕ ҰСТАУ - қылмыс жасады деп ұсталған сезіктілерді, сондай-ақ қамауға алу түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған адамдарды арнаулы мекемелер мен үй-жайларда заңмен белгіленген уақытша оқшаулау («Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І ҚРЗ 2-бап)

СОЗДАНИЕ НЕКОММЕРЧЕСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ - некоммерческая организация может быть создана путем ее образования, а также в результате реорганизации существующей некоммерческой организации (ст. 19 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ ҚҰРУ - коммерциялық емес ұйым, оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылуы мүмкін («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II ҚРЗ 19-бап)

СОЛДАТЫ (МАТРОСЫ) - военнослужащие, которым присвоены воинские звания состава солдат (матросов) (ст. 1 ЗРК «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)

САРБАЗДАР (МАТРОСТАР) - сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)

СОМНИТЕЛЬНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ - требования, возникшие в результате реализации товаров, выполнения работ, оказания услуг юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям - резидентам РК, а также юридическим лицам-нерезидентам, осуществляющим деятельность в РК через постоянное учреждение, и не удовлетворенные в течение трех лет с момента возникновения требования; сомнительными также признаются требования, возникшие по реализованным товарам, выполненным работам, оказанным услугам и не удовлетворенные в связи с признанием налогоплательщика-дебитора банкротом в соответствии с законодательством РК (ст. 96 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

КҮМӘНДІ ТАЛАПТАР - ҚР резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлеріне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды ҚР заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 96-бап)

СООБЩЕНИЕ ДЛЯ ВСЕОБЩЕГО СВЕДЕНИЯ ПО КАБЕЛЮ - сообщение произведения, фонограммы, исполнения, передачи организаций эфирного или кабельного вещания для всеобщего сведения посредством кабеля, провода, оптического волокна или с помощью аналогичных средств (ст. 2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

КӘБІЛ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЖҰРТТЫҢ НАЗАРЫНА ХАБАРЛАУ - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың назарына кәбіл, сым, оптикалық талшықтар арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегімен хабарлау («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 ҚРЗ 2-бап)

СООРУЖЕНИЕ - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надводный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций. Сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение (ст.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҒИМАРАТ - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегістікті немесе линиялы (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты) объект. Ғимарат көркемдік эстетикалық, безендіру қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін («ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)

СОПРОВОДИТЕЛЬНАЯ НАКЛАДНАЯ - унифицированный документ, предназначенный для контроля за движением нефтепродуктов на всем пути следования от отправителя до получателя, необходимый для оформления операций по отпуску и приему нефтепродуктов (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)

IЛЕСПЕ ЖҮКҚҰЖАТ - жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жүру жолында мұнай өнімдерінің қозғалысын бақылауға арналған, мұнай өнімдерін босату және қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеуге қажетті бірегейлендірілген құжат («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402 ҚРЗ 1-бап)

СОРТ - группа растений одной культуры, сходных по хозяйственным и биологическим свойствам и морфологическим признакам, родственных по происхождению, передающих свои признаки по наследству последующим поколениям и отличающихся от других групп растений одного и того же ботанического таксона, хотя бы по одному признаку. Охраняемыми категориями сорта являются: клон, линия, гибрид первого поколения, популяция (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422-І)

СОРТ - шаруашылық және биологиялық жағынан қасиеттері мен морфологиялық белгілері ұқсас, шығу тегі жағынан туыс, өз белгілерін тұқым қуалау арқылы келесі ұрпақтарға беретін және белгілі бір ботаникалық таксондағы өсімдіктердің басқа топтарынан ең болмағанда бір белгісі бойынша ерекшеленетін бір дақылдың өсімдіктер тобы. Сорттың қорғалатын санаттары: өскен, сабақ, бірінші ұрпақ буданы, жеке түр болып табылады («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)

СОРТОВАЯ ТИПИЧНОСТЬ - показатель сортовой чистоты перекрестно-опыляющихся сельскохозяйственных растений (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

СОРТҚА ТӘНДІЛІК - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)

СОРТОВАЯ ЧИСТОТА - процентное отношение числа растений или стеблей основного сорта к общему числу растений или стеблей данного сельскохозяйственного растения (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

СОРТТЫҚ ТАЗАЛЫҚ - негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)

СОРТОВОЙ КОНТРОЛЬ - контроль за осуществлением мероприятий по определению сортовой чистоты посевов сельскохозяйственных растений и установлению принадлежности семян к определенному сорту (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

СОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)

СОРТОВЫЕ КАЧЕСТВА СЕМЯН - совокупность признаков, характеризующих принадлежность семян к определенному сорту сельскохозяйственного растения (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

ТҰҚЫМДАРДЫҢ СОРТТЫҚ САПАСЫ - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)


жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау