Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет92/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124

РЕФЕРЕНТНАЯ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКАЯ ФУНКЦИЯ ПО ДИАГНОСТИКЕ БОЛЕЗНЕЙ ЖИВОТНЫХ - осуществление типирования (определение типового различия внутри определенного вида) возбудителей особо опасных, медленных и экзотических болезней животных, включая разработку мер их профилактики и диагностики, а также постановка окончательного диагноза при сомнительных или спорных случаях (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ РЕФЕРЕНТТІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды), олардың профилактикасы мен диагностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою («Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РЕЦИДИВ ПРЕСТУПЛЕНИЯ - совершение умышленного преступления лицом, имеющим судимость за ранее совершенное умышленное преступление (ст.13 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ - бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 13-бап)

РЕЦИПИЕНТ - пациент, которому производится переливание донорской крови или ее компонентов, введение мужского или женского донорского материала (спермы или яйцеклетки) либо трансплантация органа (части органа) или ткани от донора (ст. 1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)

РЕЦИПИЕНТ - донорлық қан немесе оның компоненттері құйылатын, ер немесе әйел адамның донорлық материалы (шәует немесе аналық клетка) енгізілетін не донордан алынған орган (органның бөліктері) немесе тіндер транспланттау жасалатын пациент («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 ҚРЗ 1-бап)

РЕШЕНИЯ МЕСТНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ - правовые акты местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения), а также акимов городов районного значения, поселков, аулов (сел), аульных (сельских) округов о предоставлении права на земельный участок (ст.12 3КРК от 20 июня 2003 года № 442)

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІ - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер өкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)

РЕЭКСПОРТ - экспорт продукции ранее ввезенной и прошедшей таможенное оформление с таможенной территории РК, произведенной за ее пределами, либо экспорт продукции, произведенной в РК, с таможенной территории другого государства в третьи страны (ст. 1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)

КЕРІ ЭКСПОРТ - ҚР тыс жерлерде өндірілген өнімді (бұрын әкелінген және кедендік ресімдеуден өткен) оның кеден аумағынан экспорттау, не ҚР өндірілген өнімді басқа мемлекеттің кеден аумағынан үшінші елдерге экспорттау («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9-І ҚРЗ 1-бап)

РИМЕССА - переводный вексель в иностранной валюте, приобретаемый должником за национальную валюту у третьего лица и пересылаемый им своему иностранному кредитору в погашение задолженности перед ним (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)

РИМЕССА - борышкердің үшінші тұлғадан ұлттық валютаға сатып алатын және өзінің шетелдік несие берушісінің алдындағы берешегін өтеу үшін оған жіберетін шетелдік валюта түріндегі аударым векселі («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.у.)

РИСК - вероятность причинения вреда жизни или здо-ровью человека, окружающей среде, в том числе растительному и животному миру, с учетом степени тяжести его последствий (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

ҚАУІП-ҚАТЕР - зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

РОД ВОЙСК - самостоятельная либо входящая в состав вида составная часть Вооруженных Сил, имеющая свойственные только ей основное оружие и военную технику, а также способы их боевого применения (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)

ӘСКЕРЛЕР ТҮРІ - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсілдері бар Қарулы Күштердің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштерітуралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)

РОДОСЛОВНАЯ ЖИВОТНОГО - происхождение племенного животного, в котором приведены сведения о родителях и предках нескольких поколений (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)

МАЛДЫҢ АТА-ТЕГІ - бірнеше буын төлдің ата-енесі және арғы тегі туралы мәліметтер келтірілген, асыл тұқымды малдың шығу тегі («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)

РОДСТВЕННИКИ - лица, находящиеся в родственной связи, имеющие общих предков до прадедушки и прабабушки (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ТУЫСТАР - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

РОЗНИЧНАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - фармацевтическая деятельность, связанная с приобретением (кроме ввоза), хранением, распределением, реализацией (кроме вывоза) населению лекарственных средств, осуществляемая в соответствии с правилами, утвержденными государственным органом (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БӨЛШЕК САУДАСЫ - мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, халыққа өткізумен (әкетуден басқа) байланысты фармацевтикалық қызмет («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

РОЗНИЧНАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ НЕФТЕПРОДУКТОВ - реализация (отгрузка) нефтепродуктов физическим и юри-дическим лицам без целей дальнейшей перепродажи (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН БӨЛШЕК САУДАМЕН ӨТКІЗУ - мұнай өнімдерін жеке және заңды тұлғаларға oдaн әрі қайта сату мақсатынсыз өткізу (жөнелту) («Мұнай өнімдерінің жекелеген турлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РОЗНИЧНАЯ ТОРГОВЛЯ - продажа наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров поштучно или в небольших количествах для личного потребления по рецепту врача (ст.1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

БӨЛШЕК САУДА - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін даралап немесе шағын көлемде сату («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

РОЗНИЧНАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ - продажа алкогольной продукции (кроме пива) для ее потребления или некоммерческого использования, осуществляемая в стационарных помещениях, оборудованных торговым залом, а также на летних площадках при стационарных помещениях и оснащенных контрольно-кассовой машиной с фискальной памятью (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429)

БӨЛШЕК САУДА - алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жабдықталған сауда залы бар және фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатқа пайдалану үшін сату («Этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап)

РОЗНИЧНАЯ ТОРГОВЛЯ - предпринимательская деятельность по продаже товаров потребителям для их личного использования (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)

БӨЛШЕК САУДА - тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшін сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)

РОЗНИЧНЫЙ РЫНОК ТЕПЛОВОЙ ЭНЕРГИИ - система отношений участников производства, передачи и потребления тепловой энергии, функционирующая на основе договоров (cт.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫ - жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жүргізілетін қатынастары жүйесі («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

РОЗНИЧНЫЙ РЫНОК ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЭНЕРГИИ - система отношений, функционирующая на основе договоров (купли-продажи, передачи и потребления электрической энергии, а также предоставления связанных с этим услуг) между субъектами розничного рынка электрической энергии вне оптового рынка (cт.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫ - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) шарттарының негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қатынастар жүйесі («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

РОТАЦИЯ - должностные перемещения персонала дипломатической службы между Министерством иностранных дел РК и загранучреждениями, а также между структурными подразделениями Министерства иностранных дел (ст. 1 ЗРК «О дипломатической службе РК» от 7 марта 2002 года № 299)

РОТАЦИЯ - дипломатиялық қызмет персоналының ҚР сыртқы істер министрлігі мен шетелдік мекемелер арасында, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында лауазымдық орын ауыстыруы («ҚР дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РОЯЛТИ - платеж за: право пользования недрами в процессе добычи полезных ископаемых и переработки техногенных образований; использование или право использования авторских прав, программного обеспечения, патентов, чертежей или моделей, товарных знаков или других подобных видов прав; использование или право использования промышленного, торгового или научно-исследовательского оборудования; использование «ноу-хау»; использование или право использования кинофильмов, видеофильмов, звукозаписи или иных средств записи. Морские и воздушные суда, арендуемые по договорам бербоут-чартера или димайз-чартера, относятся к промышленному оборудованию (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

РОЯЛТИ - мыналар үшін: пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелері өнеркәсіптік жабдыққа жатады (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

РУБКА ГЛАВНОГО ПОЛЬЗОВАНИЯ - рубка спелого и перестойного древостоя для заготовки древесины (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

БАСТЫ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АҒАШ КЕСУ - сүрек дайындау үшін толысқан және қураған сүрекдіңдерді кесу (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

РУБКА ПРОМЕЖУТОЧНОГО ПОЛЬЗОВАНИЯ - рубка ухода за лесом, выборочно санитарная рубка и рубка, связанная с реконструкцией малоценных лесных насаждении, а также насаждений, теряющих защитные, водоохранные и другие функции, рубка единичных деревьев в молодняках (ст. 4 ЛКРК от 8 июля 2003 года № 477)

АРАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АҒАШ КЕСУ - орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпе ағаштарын, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да қасиеттерінен айырылған екпе ағаштарды қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

РУКОВОДИТЕЛЬ ЛИКВИДАЦИИ ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ - главное распорядительное и ответственное лицо, руководящее ведением работ при ликвидации чрезвычайной ситуации, или назначенное центральным или местным исполнительным органом, к полномочиям которого отнесена ликвидация чрезвычайных ситуаций (ст. 1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87)

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ БАСШЫСЫ - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстарды жүргізуді басқаратын басты өкімші және жауапты адам немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы органдар тағайындаған адам («Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 87 ҚРЗ 1-бап)

РУЧНАЯ КЛАДЬ - личные вещи, перевозимые пассажиром с собой в вагоне без оплаты, по весу и габаритам, не превышающим установленные размеры (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)

ҚОЛ ЖҮГІ - жолаушының вагонда өзімен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен көлемі бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын жеке заттары («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РУЧНАЯ КЛАДЬ- личные вещи пассажира, перевозимые им в салоне автобуса, микроавтобуса или такси, весовые и габаритные параметры которых соответствуют требованиям, установленным Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

ҚОЛ ЖҮГІ - салмақ және көлем өлшемдері автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РУЧНАЯ СЛУЧКА - спаривание индивидуально подобранных животных под контролем специалиста (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)

ҚОЛДАН ШАҒЫЛЫСТЫРУ - жеке-жеке іріктеліп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)

РЫБНОЕ ХОЗЯЙСТВО - вид хозяйственной деятельности по устойчивому использованию рыбных ресурсов и других водных животных в рыбохозяйственных водоемах (участках), сохранению среды обитания, их охране и воспроизводству (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын орнықты пайдалану, олардың мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаруашылық қызметтің түрі («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

РЫБОЛОВ - физическое лицо, получившее право на рыболовство в порядке, установленном законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

БАЛЫҚ АУЛАУШЫ - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен балық аулауға құқық алған жеке тұлға («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

РЫБОЛОВСТВО - лов рыбы и добывание других водных животных, являющихся объектом рыболовства (ст. 34 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

БАЛЫҚ АУЛАУ - балық аулау және балық аулау объектісі болып табылатын басқа да су жануарларын аулау («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 34-бап)

РЫБОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - хозяйствующий субъект, ведущий рыбное хозяйство на закрепленных рыбохозяйственных водоемах (участках) в порядке, установленном законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЙЫМЫ - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен балық шаруашылығын жүргізуші шаруашылық субъектісі («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

РЫБОХОЗЯЙСТВЕННОЕ УСТРОЙСТВО - определение границ, площади и состояния ихтиофауны, производимое до закрепления рыбохозяйственных водоемов (участков) (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ - балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беруге дейін жүргізілетін ихтисфаунаның шекараларын, алаңын және жай-күйін айқындау («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

РЫБОХОЗЯЙСТВЕННЫЕ ВОДОЕМЫ (УЧАСТКИ) - водоемы (реки и приравненные к ним каналы, озера, водохранилища, пруды и другие внутренние водоемы, территориальные воды), а также морские воды, которые используются или могут быть использованы для лова рыбы и добывания других водных животных либо имеют значение для воспроизводства их запасов (ст. 39 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СУ ТОҒАНДАРЫ (УЧАСКЕЛЕРІ) - балық аулау және басқа су жануарларын аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не олардың қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су тоғандары (өзендер және оларға теңестірілген арналар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа ішкі су тоғандары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз сулары («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 39-бап)

РЫНОК - специально оборудованное место торговли, включая место торговли животными, продуктами и сырьем животного происхождения, ветеринарными препаратами, кормами и кормовыми добавками (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

БАЗАР - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)

РЫНОК ТРУДА - сфера формирования спроса и предложения на экономически активное население (ст. 1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)

ЕҢБЕК РЫНОГЫ - экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)

РЫНОЧНАЯ СТОИМОСТЬ - наиболее вероятная цена, по которой данный объект может быть отчужден на основании сделки в условиях конкуренции, когда стороны сделки действуют, располагая всей доступной информацией об объекте оценке, а на цене сделки не отражаются какие-либо чрезвычайные обстоятельства, когда: одна из сторон сделки не обязана отчуждать объект оценки, а другая сторона не обязана приобретать; стороны сделки хорошо осведомлены о предмете сделки и действуют в своих интересах; цена сделки представляет эквивалент денежного вознаграждения за объект оценки и принуждения к совершению сделки в отношении сторон сделки с чьей-либо стороны не было (ст. 2 ЗРК «Об оценочной деятельности в РК» от 30 ноября 2000 года № 109)

НАРЫҚТЫҚ ҚҰН - мәміле жасаушы тараптар бағалау объектісі туралы мүмкін болатын барлық ақпаратты иелене отырып әрекет жасайтын, бәсекелестік жағдайындағы мәміленің негізінде сол объектіні иеліктен шығаруға болатын неғұрлым ықтимал баға, ал мәміленің бағасына қандайда болсын төтенше жағдайлар әсер етпейді, яғни: мәміле жасаушы тараптардың бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға, ал екінші бір тарап сатып алуға міндетті болмайды; мәміле жасаушы тараптар мәміле нысанасы туралы жақсы хабардар бола отырып, өз мүдделеріне сай әрекет жасайтын болады; мәміленің бағасы бағалау объектісі үшін берілетін ақшалай сыйақының эквиваленті болып табылады және мәміле жасаушы тараптарға қандай да болсын тараптан мәжбүрлеу болмайды («ҚР бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 ҚРЗ 2-бап)

РЫНОЧНАЯ ЦЕНА ТОВАРА (РАБОТЫ, УСЛУГИ) - цена, сложившаяся при взаимодействии спроса и предложения на рынке идентичных (а при их отсутствии - однородных) товаров (работ, услуг) в сопоставимых экономических (коммерческих) условиях, назначаемая между независимыми сторонами и (или) определяемая в порядке, установленном Законом РК «О государственном контроле при применении трансфертных цен» (ст. 2 ЗРК «О государственном контроле при применении трансфертных цен» от 5 января 2001 года № 136-II)

ТАУАРДЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ) НАРЫҚТЫҚ БАҒАСЫ - салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда бірдей (олар болмаған кезде - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) рыногындағы сұраныспен ұсыныстың өзара ықпалдастығы кезінде қалыптасқан, тәуелсіз тараптар арасында тағайындалатын және (немесе) «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» ҚР Заң белгілеген тәртіппен айқындалатын баға («Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 136 ҚРЗ 2-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау