Об установлении границ



жүктеу 75,08 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі75,08 Kb.
#13302
түріКонкурс

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 22 » қазандағы

№ 277 қаулысымен

бекітілген

«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстың жергілікті атқарушы органы және конкурс жеңімпазы арасындағы су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11765 нөмірімен тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген өтініш және құжаттар негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, олардың орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2-іс-қимыл – конкурстық комиссияның көрсетілетін қызметті алушылардың конкурстық өтінімдері салынған конверттерді ашуы және конверттерді ашу хаттамасын ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

3-іс-қимыл – конкурстық комиссия хатшысының конверттерді ашу хаттамасын конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

4-іс-қимыл – конкурстық комиссия конкурс қорытындысын шығарады және конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен артық емес;

5-іс-қимыл – конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның қорытындысы хаттамасы көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

6-іс-қимыл – конкурстық комиссия хатшысының өткізілген конкурстың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;

7-іс-қимыл – облыстың жергілікті атқарушы органы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні;

8-іс-қимыл – облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімінің негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы мен конкурс жеңімпазы арасында су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт жасалады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні.

9-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің конкурстың жеңімпазына су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартты беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 43 (қырық үш) жұмыс күні.

6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілген қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі ресімделген конверттерді ашу хаттамасы болып табылады, ол осы Регламентттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі конверттерді ашу хаттамасын интернет-ресурста орналастыру болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдеу болып табылады, ол

5-іс-қимылды орындауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға конкурстық комиссияның қорытындысы хаттамасының көшірмесін жіберу болып табылады, ол 6-іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі өткізілген конкурстың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру болып табылады, ол 7-іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдауы болып табылады, ол

8-іс-қимылды орындауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі облыстың жергілікті атқарушы органы мен конкурс жеңімпазының арасында су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт жасасу болып табылады, ол 9-іс-қимылды орындауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің конкурстың жеңімпазына су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартты беруі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясының хатшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтініші мен құжаттарын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2) конкурстық комиссияның көрсетілетін қызметті алушылардың конкурстық өтінімдері салынған конверттерді ашуы және конверттерді ашу хаттамасын ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

3) конкурстық комиссия хатшысының конверттерді ашу хаттамасын конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

4) конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын шығарады және конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен артық емес;

5) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия қорытындысы хаттамасының көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

6) конкурстық комиссия хатшысының өткізілген конкурстың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;

7) облыстың жергілікті атқарушы органы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні;

8) облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімінің негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы мен конкурстың жеңімпазы арасында су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт жасалады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;



9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімінің негізінде конкурстың жеңімпазына су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартты беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
жүктеу 75,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау