Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет90/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124

АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛА - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар ошарсыз кетті деп танылуына, олар өлді деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала («ҚР баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 ҚРЗ 1-бап)

РЕБЕНОК-СИРОТА - ребенок, у которого умерли оба или единственный родитель (ст. 1 ЗРК «О правах ребенка в РК» от 8 августа 2002 года № 345)

ЖЕТІМ БАЛА - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала («ҚР баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 ҚРЗ 1-бап)

РЕВИЗИОННЫЙ ПЕРИОД - срок, на который разработан лесоустроительный проект для ведения лесного хозяйства или план управления особо охраняемой природной территории (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢІ - орман шаруашылығын жүргізу үшін орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзірленетін мерзім (2003 жылғы 8 маусымдағы № 477 ҚР ОК 4-бап)

РЕГИОН - часть территории республики, включающая несколько населенных пунктов, образуемая и управляемая в интересах республики (ст. 2 ЗРК «Об административно-территориальном устройстве РК» от 8 декабря 1993 года № 2572)

АЙМАҚ - республиканың бірнеше елді мекендері енгізілетін, оның мүддесі үшін құрылатын және басқарылатын республика аумағының бір бөлігі («ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572 ҚРЗ 2-бап)

РЕГИОНАЛЬНАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ ПО СТАНДАРТИЗАЦИИ - организация по стандартизации, участие в деятельности которой открыто для соответствующих органов по стандартизации только одного региона: географического или экономического (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ҰЙЫМ - географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИОНАЛЬНАЯ ПРОГРАММА - программа, утверждаемая маслихатами, направленная на решение стратегических задач социально-экономического развития региона (территории) (ст. 4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА - мәслихаттар бекітетін, өңірді (аумақты) әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 4-бап)

РЕГИОНАЛЬНАЯ ЭЛЕКТРОСЕТЕВАЯ КОМПАНИЯ - энергопередающая организация, эксплуатирующая электрические сети регионального уровня (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ӨҢІРЛІК ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛІК КОМПАНИЯ - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИОНАЛЬНЫЕ ПРОИЗВОДИТЕЛИ - совокупность отечественных производителей подобного товара на региональном рынке, отвечающих следующим условиям: производители продаютвсю или основную часть своего товара внутри данного рынка; производители являются единственными, которые поставляют подобный товар в этот регион (ст. 1 ЗРК «Об антидемпинговых мерах» от 13 июля 1999 года № 421)

АЙМАҚТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР - рыноктағы отандық ұқсас тауар өндірушілердің жиынтығы, олар мынадай шарттарға сай келеді: өндірушілер өзінің барлық тауарын немесе оның негізгі бөлігін сол рынок ішінде сатады; бөлігін өндірушілер ұқсас тауарды бұл аймаққа беретін бірден-бір өндірушілер болып табылады («Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИОНАЛЬНЫЕ ПРОИЗВОДИТЕЛИ - совокупность производителей подобного товара на региональном рынке, отвечающих следующим условиям: производители продают всю или большую часть своего товара внутри данного рынка; производители являются единственными, которые поставляют товар в данныйрегион (ст. 1 ЗРК «О субсидиях и компенсационных мерах» от 16 июля 1999 года № 441)

АЙМАҚТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР - аймақтық рынокта ұқсас тауар өндірушілердің жиынтығы, олар мынадай талаптарға сәйкес келеді: өндірушілер өз тауарының бәрін немесе көпшілік бөлігін осы рынок ішінде сатады; өндірушілер тауарды осы аймаққа жіберетін бірден-бір өндірушілер болып табылады («Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИОНАЛЬНЫЙ РЫНОК - рынок отдельной административно-территориальной единицы Казахстана (cт.1 ЗРК «Об антидемпинговых мерах» от 13 июля 1999 года № 421)

АЙМАҚТЫҚ РЫНОК - Қазақстанның жекелеген әкімшілік-аумақтық бөлінісінің рыногы («Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИОНАЛЬНЫЙ РЫНОК - рынок отдельной административно-территориальной единицы РК (cт.1 ЗРК «О субсидиях и компенсационных мерах» от 16 июля 1999 года № 441)

АЙМАҚТЫҚ РЫНОК - ҚР жеке әкімшілік аумақтық бөлінісінің рыногы («Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИОНАЛЬНЫЙ СТАНДАРТ - стандарт, принятый региональной организацией по стандартизации и доступный широкому кругу потребителей (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

ӨҢІРЛІК СТАНДАРТ - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТР СУДОХОДСТВА - государственное учреждение классификации и обеспечения технической безопасности судов внутреннего водного плавания и судов плавания «река-море» (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

КЕМЕ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТІРКЕЛІМІ - ішкі суларда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРАТОР - профессиональный участник рынка ценных бумаг, осуществляющий формирование, хранение и ведение системы реестров держателей ценных бумаг (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ТІРКЕУШІ - бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРАТОР ОБЩЕСТВА - организация, осуществляющая профессиональную деятельность по ведению реестра держателей ценных бумаг общества (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

ҚОҒАМНЫҢ ТІРКЕУШІСІ - қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРАЦИОННОЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО - документ на бумажном носителе или электронный документ, выдаваемый удостоверяющим центром для подтверждения соответствия электронной цифровой подписи требованиям, установленным Законом РК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» (ст. 1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года)

ТІРКЕУ КУӘЛІГІ - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаздағы құжат немесе электрондық құжат («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРАЦИЯ ЗАЛОГА ДВИЖИМОГО ИМУЩЕСТВА - процедура учета регистрирующим органом залога движимого имущества, представляющая собой совокупность действий участников отношений, возникающих при регистрации залога движимого имущества, по включению в реестр залога движимого имущества сведений, содержащихся в договоре о залоге или ином договоре, содержащем условия залога (заявление о регистрации залога), выдачу свидетельства о регистрации залога движимого имущества и иные действия регистрирующих органов, совершаемые в порядке, установленном Законом РК «О регистрации залога движимого имущества» и иными законодательными актами (ст. 1 ЗРК «О регистрации залога движимого имущества» от 30 июня 1998 года № 254)

ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІН ТІРКЕУ - жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне кепіл талаптары бар (кепілді тіркеу туралы өтініш) шарттағы немесе өзге шарттағы мәліметтерді енгізу жөнінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің жиынтығын білдіретін, тіркеуші органның жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі, тіркеуші органдардың жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беруі мен «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» ҚР Заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де іс-әрекеттері («Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРАЦИЯ ОБРАЩЕНИЯ - фиксация в учетном информационном документе кратких данных по содержанию обращения и присвоение регистрационного номера каждому поступившему обращению (ст. 1 ЗРК «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» от 12 января 2007 года № 221)

ӨТІНІШТІ ТІРКЕУ - ақпараттық есепке алу құжатында өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді тіркеу және келіп түскен әрбір өтінішке тіркеу нөмірін беру («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРАЦИЯ СДЕЛОК - регистрация прав на недвижимое имущество, возникающих из сделок (ст. 1 УП РК, и.с.з. «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25 декабря 1995 года № 2727)

МӘМІЛЕЛЕРДІ ТІРКЕУ - жылжымайтын мүлікке мәмілелерден туындайтын құқықтарды тіркеу («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 з.к.б. ҚР ПЖ 1-бап)

РЕГИСТРАЦИОННЫЕ ИСПЫТАНИЯ ВЕТЕРИНАРНЫХ ПРЕПАРАТОВ - комплекс методов, методик, применяемых в порядке, установленном уполномоченным государственным органом в области ветеринарии, для определения соответствия ветеринарных препаратов требованиям законодательства РК в области ветеринарии (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ТІРКЕУ СЫНАҒЫНАН ӨТКІЗУ - ветеринариялық препараттардың ҚР ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРИРУЕМОЕ ПОЧТОВОЕ ОТПРАВЛЕНИЕ - почтовое отправление, принимаемое с выдачей отправителю квитанции и вручаемое адресату под расписку (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 ффевраля 2003 года № 386)

ТІРКЕЛЕТІН ПОЧТА ЖӨНЕЛТІМІ - жөнелтушіге түбіртек беріліп қабылданатын және адресатқа қолхат бойынша табыс етілетін почта жөнелтімі («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРИРУЮЩИЕ ОРГАНЫ - государственные органы, осуществляющие регистрацию сведений и выдачу документов с идентификационным номером (ст. 1 ЗРК «О национальных реестрах идентификационных номеров» от 12 января 2007 года № 223)

ТІРКЕУШІ ОРГАНДАР - мәліметтерді тіркеуді және сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар («Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРИРУЮЩИЕ ОРГАНЫ - органы, осуществляющие государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним (ст. 1 ЗРК «О долевом участии в жилищном строительстве» от 7 июля 2006 года № 180)

ТІРКЕУШІ ОРГАНДАР - жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 ҚРЗ 1-бап)

РЕГИСТРЫ БУХГАЛТЕРСКОГО УЧЕТА - формы для обобщения, систематизации и накопления информации, содержащейся в принятых к учету первичных документах, для ее отражения в системе бухгалтерского учета и финансовой отчетности (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ТІРКЕЛІМДЕРІ - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде көрсету үшін есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)

РЕГЛАМЕНТ АРБИТРАЖА - порядок организации деятельности постоянно действующего международного коммерческого арбитража (ст. 2 ЗРК «О международном коммерческом арбитраже» от 28 декабря 2004 года № 23)

ТӨРЕЛІКТІҢ РЕГЛАМЕНТІ - тұрақты жұмыс істейтін халықаралық коммерциялық төреліктің қызметін ұйымдастыру тәртібі («Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 23 ҚРЗ 2-бап)

РЕГЛАМЕНТ ТРЕТЕЙСКОГО СУДА - порядок организации деятельности постоянно действующего третейского суда (ст. 2 ЗРК «О третейских судах» от 28 декабря 2004 года)

АРАЛЫҚ СОТТЫҢ РЕГЛАМЕНТІ - тұрақты жұмыс істейтін аралық соттың қызметін ұйымдастыру тәртібі («Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 22 ҚРЗ 2-бап)

РЕГРЕСС - обратное требование по неакцептованному или неоплаченному векселю (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)

РЕГРЕСС - акцептелмеген немесе төленбеген вексель бойынша кері талап ету («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-1 ҚРЗ о.з.к.у)

РЕГУЛИРОВАНИЕ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ МОЩНОСТИ - услуга по компенсации отклонений фактической электрической нагрузки субъекта оптового рынка электрической энергии от заявленной электрической нагрузки при условии соблюдения нулевого сальдо обменной электрической энергии с планированием или без планирования в суточном графике (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН РЕТТЕУ - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызметі («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

РЕГУЛИРУЕМЫЕ УСЛУГИ (ТОВАРЫ, РАБОТЫ) СУБЪЕКТА ЕСТЕСТВЕННОЙ МОНОПОЛИИ - услуги (товары, работы), предоставляемые субъектом естественной монополии в сфере естественной монополии и подлежащие государственному регулированию уполномоченным органом, включая случаи предоставления услуг (товаров, работ) в виде передачи определенного товара потребителю (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІСІНІҢ РЕТТЕЛІП КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІ (ТАУАРЛАРЫ, ЖҰМЫСТАРЫ)- табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

РЕГУЛИРУЮЩИЙ ОРГАН - государственный орган, уполномоченный в соответствии с законодательством РК осуществлять государственное регулирование цен (тарифов) (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года№ 143)

РЕТТЕУШІ ОРГАН - ҚР заңдарына сәйкес бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 ҚРЗ 1-бап)

РЕГУЛЯРНЫЕ АВТОМОБИЛЬНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ ПАССАЖИРОВ И БАГАЖА - перевозки, осуществляемые перевозчиками с использованием автобусов, микроавтобусов, по заранее согласованным маршрутам следова-ния, расписаниям движения с установленными начальными и конечными пунктами, пунктами посадки и высадки пассажиров (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ БАГАЖДЫ АВТОМОБИЛЬМЕН ТҰРАҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 ҚРЗ 1-бап)

РЕГУЛЯРНЫЙ РЕЙС - рейс, выполняемый в соответствии с утвержденным расписанием (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)

ТҰРАҚТЫ РЕЙС - бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271 ҚРЗ 1-бап)

РЕДАКЦИЯ СРЕДСТВА МАССОВОЙ ИНФОРМАЦИИ - физическое лицо либо творческий коллектив, являющиеся структурным подразделением юридического лица, осуществляющие сбор, подготовку материалов и выпуск средства массовой информации (ст. 1 ЗРК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года № 451)

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯСЫ - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжым («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 ҚРЗ 1-бап)

РЕДИНА - древостой естественного формирования, кроме молодняка первого и второго классов возраста, имеющий полноту менее 0,1-0,2 (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

СЕЛДІРЕУ - жуандығы 0,1-0,2 мөлшеріндегі жасы бірінші және екінші сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, өзі өсіп шыққан сүрекдіңдер (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

РЕЕСТР ГОСУДАРСТВЕННОЙ СИСТЕМЫ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ЕДИНСТВА ИЗМЕРЕНИЙ - документ учета регистрации объектов, участников работ и документов в области обеспечения единства измерений (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)

ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ТІЗІЛІМІ - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)

РЕЕСТР ГОСУДАРСТВЕННОЙ СИСТЕМЫ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ - документ учета технических регламентов, стандартов, классификаторов технико-экономической информации, органов по подтверждению соответствия, испытательных лабораторий, технических комитетов по стандартизации, экспертов-аудиторов и выданных документов в сфере подтверждения соответствия (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТІЗІЛІМІ - техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

РЕЕСТР ЗАЛОГА ДВИЖИМОГО ИМУЩЕСТВА (РЕЕСТР ЗАЛОГА) - система учета и хранения информации, осуществляемая регистрирующими органами в порядке, установленном законодательством (ст. 1 ЗРК «О регистрации залога движимого имущества» от 30 июня 1998 года № 254)

ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІНІҢ ТІЗІЛІМІ (КЕПІЛ ТІЗІЛІМІ) - тіркеуші органдар заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және саны сақтау жүйесі («Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 ҚРЗ 1-бап)

РЕЕСТР ЛИЦЕНЗИЙ - база данных, содержащая сведения о выданных, переоформленных, приостановленных, возобновленных и прекративших действие лицензиях (ст. 1 ЗРК «О лицензировании» от 11 января 2007 года № 214)

ЛИЦЕНЗИЯЛАР ТІЗІЛІМІ - берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор («Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 ҚРЗ 1-бап)

РЕЖИМ ПРЕБЫВАНИЯ - режим, устанавливаемый в специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации, в целях предотвращения заражения больным заразной формой туберкулеза других лиц (cт. 1 ЗРК «О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза» от 10 декабря 1999 года № 496)

ЕМДЕУДЕ БОЛУ РЕЖИМІ - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамның басқа адамдарға ауру жұқтыруына жол бермеу мақсатында туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу алдын алу ұйымында белгіленетін режим («Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбурлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 496-І ҚРЗ 1-бап)

РЕЖИССЕР-ПОСТАНОВЩИК СПЕКТАКЛЯ - лицо, осуществившее постановку театрального, циркового, кукольного, эстрадного или иного спектакля (представления) (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

СПЕКТАКЛЬДІ ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР - театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклін немесе өзге де спектакль (көрсетілім) қойылымын жүзеге асырған адам («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау