Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет54/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ОТВЕТНЫЙ КУПОН - документ, вводимый в обращение Всемирным почтовым союзом, подлежащий обмену в любой стране - члене Всемирного почтового союза на почтовые марки, представляющий собой минимальную оплату простого междуна-родного письма массой до 20 грамм, пересылаемого воздушным транспортом (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февра-ля 2003 года № 386)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТАРЫМ КУПОНЫ - Дүниежүзілік почта одағы айналымға енгізетін, Дүниежүзілік почта одағына мүше кез келген елде почта маркаларына айырбастауға жататын, әуе көлігімен жеткізілетін, салмағы 20 грамға дейінгі жай халықаралық хаттың ең төменгі ақысын білдіретін құжат («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

МЕЖДУНАРОДНЫЙ СТАНДАРТ - стандарт, принятый международной организацией по стандартизации и доступный широкому кругу потребителей (ст. 1 ЗРК « О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТУРИЗМ - международный туризм включает: въездной туризм - путешествия в пределах РК лиц, не проживающих постоянно на ее территории; выездной туризм - путешествие граждан РК и лиц, постоянно проживающих в РК, в другую страну (ст. 6 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ - халықаралық туризм: келу туризмін - ҚР аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың ҚР шегіндегі саяхатын; шығу туризмін - ҚР азаматтары мен ҚР тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-ІІ ҚРЗ 6-бап)

МЕЖРЕГИОНАЛЬНЫЕ И (ИЛИ) МЕЖГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЛИНИИ ЭЛЕКТРОПЕРЕДАЧИ - линии электропередачи напряжением 220 кВ и выше, обеспечивающие передачу электрической энергии между регионами и (или) государствами (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ӨҢІРАРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ЭЛЕКТР БЕРУ ЖЕЛІЛЕРІ - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 кB және одан жоғары электр беру желілері («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

МЕЖСЕЛЕННЫЕ ТЕРРИТОРИИ - территории, находящиеся за пределами границ (черты) населенных пунктов (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚОНЫСАРАЛЫҚ АУМАҚТАР - елді мекендердің шекарасынан (шегінен) тыс жатқан аумақтар («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

МЕЖСЕКТОРАЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ - скоординированная совместная работа государственных органов, а также организаций и общественных объединений, направленная на охрану здоровья населения и обеспечение функционирования медицинских служб (ст. 1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)

СЕКТОРАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ - мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің халықтың денсаулығын сақтауға және медициналық қызметтердің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуге бағытталған үйлестірілген бірлескен жұмысы («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 ҚРЗ 1-бап)

МЕЖСЕТЕВЫЕ СОЕДИНЕНИЯ - взаимодействие сетей телекоммуникаций, являющееся результатом оказания услуги присоединения одной сети телекоммуникаций к другой (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ЖЕЛІАРАЛЫҚ ҚОСУ - телекоммуникацияның бір желісін екіншісіне қосу қызметін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 1-бап)

МЕЖХОЗЯЙСТВЕННОЕ ОХОТОУСТЮЙСТВО - определение границ, расчет площади, состояния животного мира и среды его обитания, производимые до закрепления охотничьих угодий (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

ШАРУАШЫЛЫҚАРАЛЫҚ АҢШЫЛЫҚ ӨСІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ - аңшылық алқаптарын бекітіп беруге дейін жүргізілетін жануарлар дүниесі мен олар мекендейтін ортаның шекараларын белгілеу, алаңын, жай-күйін есептеу («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап

МЕЛКОЕ ХУЛИГАНСТВО - нецензурная брань в общественных местах, оскорбительное приставание к физическим лицам, осквернение жилых помещений, мест общего пользования и другие подобные действия, выражающие неуважение к окружающим, нарушающие общественный порядок и спокойствие физических лиц (ст. 330 КР КоАП от 30 января 2001 года № 548)

ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚ - орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиісу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да осындай іс-әрекеттер (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 330-бап)

МЕРЫ НЕТАРИФНОГО РЕГУЛИЮВАНИЯ - запреты и ограничения на ввоз в РК и вывоз из РК товаров и транспортных средств, квотирование, лицензирование, подтверждение соответствия стандартам и требованиям по безопасности товаров (в том числе технические, фармокологические, санитарные, ветеринарные, фитосанитарные, радиационные, экологические стандарты) и иные требования, устанавливаемые законодательными актами РК и (или) нормативными постановлениями Правительства РК (ст.7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ТАРИФТІК ЕМЕС РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ - тауарлар мен көлік құралдарын ҚР әкелуге және ҚР әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және ҚР заң актілерімен және (немесе) ҚР Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

МЕРЫ ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ - действия по выполнению требований пожарной безопасности (ст. 1 ЗРК «О пожарной безопасности» от 22 ноября 1996 года № 48)

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет («Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-І ҚРЗ 1-бап)

МЕРЫ ПООЩРЕНИЯ - мерами поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, являются: объявление благодарности; награждение грамотой; выдача денежной премии; иные меры, определяемые местными представительными и исполнительными органами в пределах своей компетенции. Вопросы поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, по представлению органа внутренних дел рассматриваются комиссией, создаваемой решением соответствующего местного исполнительного органа (ст. 8 ЗРК «Об участии граждан в обеспечении общественного порядка» от 9 июля 2004 года № 590)

КӨТЕРМЕЛЕУ ШАРАЛАРЫ - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар: алғыс жариялау;) грамотамен марапат-тау; ақшалай сыйлықақы беру; жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзыреті шегінде айқындайтын өзге де шаралар. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын комиссия ішкі істер органының ұсынымы бойынша қарайды («Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 ҚРЗ 8-бап)

МЕРЫ ТАРИФНОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ - установленные Правительством РК меры, обеспечивающие государственное регулирование внешнеэкономической и иной деятельности в сфере таможенного дела, с использованием таможенного тарифа при перемещении товаров и транспортных средств через таможенную границу РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2009 года № 401)

ТАРИФТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ - тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін ҚР Үкіметі белгілеген шаралар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

МЕСТА РАЗМЕЩЕНИЯ ТУРИСТОВ - гостиницы,
мотели, кемпинги, туристские базы, гостевые дома, дома отдыха, пансионаты и другие здания и сооружения, используемые для проживания туристов и их обслуживания (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)

ТУРИСТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ОРЫНДАРЫ - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-ІІ ҚРЗ 1-бап)

МЕСТНАЯ СЕТЬ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЙ - совокупность технических средств, предназначенных для осуществления электрической связи на территории населенного пункта, состоящая из коммутационного оборудования (станций, подстанций, концентраторов), линейно-кабельных сооружений (соединительных линий и каналов), систем передачи и абонентских устройств (терминалов). Местные сети телекоммуникаций подразделяются на городские и сельские в зависимости от статуса населенного пункта (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған, коммутациялық жабдықтардан (станциялардан, кіші станциялардан, жинақтағыштардан), желілік-кәбілдік құрылғылардан (қосқыш жолдардан және арналардан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан (терминалдардан) тұратын техникалық құралдардың жиынтығы. Телекоммуникацияның жергілікті желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және селолық болып бөлінеді («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

МЕСТНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УПРАВЛЕНИЕ - деятельность, осуществляемая местными представительными и исполнительными органами в целях проведения государственной политики на соответствующей территории, ее развития в пределах компетенции, определенной Законом РК «О местном государственном управлении в РК» и другими законодательными актами, атакже являющимися ответственными за состояние дел на соответствующей территорий (ст. 1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)

ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ - «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңда және басқа да заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап)

МЕСТНЫЕ РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ (ОБЩИНЫ) - добровольные формирования граждан, образованные в целях совместного удовлетворения религиозных интересов и потребностей (ст. 7 ЗРК «О свободе вероисповедания и религиозных объединениях» от 15 января 1992 года)

ЖЕРГІЛІКТІ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР (ҚАУЫМДАСТЫҚТАР) - діни мүдделер мен қажеттерді бірлесіп қанағаттандыру мақсатында құрылған азаматтардың ерікті құрамалары («Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы ҚРЗ 7-бап)

МЕСТНЫЕ ОБЩЕСТВЕННЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ - обьединения, действующие в пределах одной области РК (ст. 7 ЗРК «Об общественных объединениях» от 31 мая 1996 года № 3)

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР - ҚР бір облысы шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер («Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 ҚРЗ 7-бап)

МЕСТНЫЙ БЮДЖЕТ - областной бюджет, бюджет города республиканского значения, столицы, бюджет района (города областного значения) (ст. 4 БКРК от 24 апреля 2004 года № 548)

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)

МЕСТНЫЙ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ОРГАН (АКИМАТ) - коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом области (города республиканского значения, столицы), района (города областного значения), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государствен-ное управление на соответствующей территории (ст. 1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАН (ӘКІМИЯТ) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап)

МЕСТНЫЙ ПРЕДСТАВИТЕЛЬНЫЙ ОРГАН (МАСЛИХАТ) - выборный орган, избираемый населением области (города республиканского значения, столицы) или района (города областного значения), выражающий волю населения и в соответствии с законодательством РК определяющий меры, необходимые для ее реализации, и контролирующий их осуществление (ст. 1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)

ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ОРГАН (МӘСЛИХАТ) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап)

МЕСТО ЖИТЕЛЬСТВА - место жительства физического лица (почтовый адрес) или место нахождения юридического лица (почтовый адрес) (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ - жеке тұлғаның тұрғылықты жері (почта мекенжайы) немесе заңды тұлғаның орналасқан жері (почта мекенжайы) («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-1 ҚРЗ о.з.ц.ү.)

МЕСТОРОЖДЕНИЕ - одно или несколько естественных скоплений углеводородов в геологическом резервуаре любого типа (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

КЕН ОРНЫ - кез келген тұрпатты геологиялық резервуарда көмір сутегінің бір немесе бірнеше табиғи шоғырлары («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)

МЕСТОРОЖДЕНИЕ - часть недр, содержащая природное скопление полезного ископаемого (полезных ископаемых) (cт. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27января 1996 года № 2828)

КЕН ОРНЫ - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлігі («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

МЕСТОРОЖДЕНИЯ И УЧАСТКИ ПОДЗЕМНЫХ ВОД - части водоносных горизонтов, в пределах которых имеются благоприятные условия добычи и извлечения подземных вод (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)

ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІ МЕН УЧАСКЕЛЕРІ - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)

МЕТАТЕЛЬНОЕ ОРУЖИЕ - оружие, у которого средство непосредственного поражения цели получает направление и движение при помощи мускульной силы человека или механического устройства (cт. 1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339-І)

ЛАҚТЫРЫЛАТЫН ҚАРУ - нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық еті күшінің немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып, қозғалысқа түсетін қару («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап)

МЕТОД НАЧИСЛЕНИЙ - метод налогового учета, согласно которому независимо от времени оплаты доходы и расходы учитываются с момента выполнения работ, предоставления услуг, отгрузки товаров с целью их реализации и оприходования имущества (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

ЕСЕПТЕУ ӘДІСІ - салық есебінің әдісі, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу кезінен бастап есептеледі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

МЕТОД ОЦЕНКИ - совокупность действий юридического, финансово-экономического и организационно-технического характера, используемых для установления рыночной и иной стоимости объекта оценки (ст. 2 ЗРК «Об оценочной деятельности в РК» от 30 ноября 2000 года № 109)

БАҒАЛАУ ӘДІСІ - бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы экономикалық және ұйымдастыру-техникалық сипаттағы іс-қимыл жиынтығы («ҚР бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 ҚРЗ 2-бап)

МЕТОДИКА ВЫПОЛНЕНИЯ ИЗМЕРЕНИЙ - совокупность операций и правил, выполнение которых обеспечивает получение результатов измерений с точностью, установленной данной методикой выполнения измерений (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)

ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)

МЕТРОЛОГИЧЕСКАЯ АТТЕСТАЦИЯ СРЕДСТВ ИЗМЕРЕНИЙ - установление (подтверждение) соответствия средств измерений, изготовленных или ввозимых единичных экземпляровдребованиям нормативных документов по обеспечению единства измерений (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)

ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау) («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)

МЕТРОЛОГИЧЕСКАЯ СЛУЖБА - совокупность субъектов, деятельность которых направлена на обеспечение единства измерений (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)

МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)

МЕТРОЛОГИЧЕСКИЙ КОНТРОЛЬ - деятельность, осуществляемая метрологическими службами государственных органов управления, физических и юридических лиц в целях проверки соблюдения метрологических правил и норм (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)

МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)

МЕХАНИЧЕСКОЕ ТРАНСПОРТНОЕ СРЕДСТВО - транспортное средство, кроме мопеда, приводимое в движение двигателем. Понятие распространяется также на тракторы и самоходные машины (ст. 1 ЗРК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 года № 29)

МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ - мопедтен басқа, двигатель арқылы жүретін көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29-І ҚРЗ 1-бап)

МЕЧЕНИЕ (МАРКИРОВКА)- обозначение племенного животного путем нанесения номера (татуировки, тавра, закрепления бирки), которые позволяют точно идентифицировать соответствующее животное (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)

ЕН САЛУ (ТАҢБАЛАУ) - тиісті малды дәл сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға тағу) арқылы асыл тұқымды малды белгілеу («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)

МИГРАНТЫ - лица, въехавшие в РКи выехавшие из РК, а также переселяющиеся внутри РК вне зависимости от причин и длительности (ст. 1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204-І)

КӨШІП-ҚОНУШЫЛАР - ҚР келген және ҚР кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан ҚР ішінде қоныс аударған адамдар («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)

МИГРАЦИЯ - постоянное или временное, добровольное или вынужденное перемещение физических лиц из одного государства в другое, а также внутри государства (ст. 1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204-І)

КӨШІ-ҚОН - жеке адамдардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе амалсыздан ауыстыруы («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)

МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ - центральный исполнительный орган РК, возглавляющий единую систему органов внутренних дел (ст. 5 ЗРК «Об органах внутренних дел РК» от 21 декабря 1995 года № 2707)

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ - ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін басқаратын ҚР орталық атқарушы органы («ҚР ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 ҚРЗ 5-бап)

МИКРОАВТОБУС - автобус особо малого класса, имеющий не более шестнадцати мест для сидения, исключая место водителя, предусмотренных заводом-изготовителем (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

ШАҒЫН АВТОБУС - жасаушы завод жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етіп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау