Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 31 желтоқсан № 1514 Астана, Үкімет үйі
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті
лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрі – бiлiктiлiк талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін бiлiктiлiк талаптарының 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1514 қаулысымен бекітілген
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
р/с
№
|
Біліктілік талаптары
мыналардың болуын қамтиды:
|
Құжаттар
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздерде өндірістік активтер, олар мыналарды қамтиды:
вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;
техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;
ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;
вагон жөндеу депосы;
кірме жолдары;
тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары; бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны)
|
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздердегі өндірістік активтердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2.
|
қауіпсіздік талаптарына сай келетін тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам
|
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрамның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
|
|
3.
|
білікті қызметкерлер штаты
|
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес білікті қызметкерлер штатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
|
|
4.
|
тасымалдаушының қарамағындағы теміржол көлігі объектілеріндегі әскерилендірілген күзет
|
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тасымалдаушының қарамағындағы теміржол көлігі объектілерінде әскерилендірілген күзеттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
|
|
5.
|
теміржол көлігімен тасымалдау кезде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзет
|
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзеттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6.
|
тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама
|
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
|
|
7.
|
қауіпсіздікті басқару жүйесі
|
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитінің жүргізілуін растайтын құжаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
|
|
_____________________________
Теміржол көлігімен жүкті тасымалдау бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша
Теміржол көлігімен жүкті тасымалдау бойынша
қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуы:
1) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік активтердің, оның ішінде:
вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;
техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;
ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;
вагон жөндеу депосы;
кірме жолдары;
тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары;
бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны), олар мыналарды қамтиды:
жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _____________________;
өндірістік активтерді сатып алу-сату не жалға алу шарттарының нөмірі және қол қойған күні _________________________________________;
вагон жөндеуші зауыттармен және (немесе) жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу деполары және шеберханаларымен шарттардың нөмірі және қол қойған күні ___________________________________;
тиеу/түсіру машиналары және жабдықтарының, бағдарламалық-техникалық құралдардың (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны) болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________;
2) қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам мыналарды қамтиды:
жылжымалы құрамды сатып алу-сату, жалға алу және (немесе) лизинг шарттарының нөмірі және қол қойған күні ____________________________;
жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні _________________________;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білікті қызметкерлердің штаты, мыналарды қамтиды:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)___________________________;
лауазымы ___________________________________________________;
тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және қол қойған күні ___________________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______________________________;
білімі бойынша мамандығы _________________________________;
арнайы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні __________;
дипломды берген оқу орнының атауы____________________________;
4) өндірістік активтерді күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
өндірістік активтерді күзетуге арналған шарттың нөмірі және қол қойылған күні _______________________________________________________;
шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне берілген лицензияның нөмірі және күні ______________________________;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен бекітілген теміржол көлігімен тасымалдау кезіңде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесіне сәйкес күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жүкті күзетуге арналған шарты, ол мыналарды қамтиды:
өндірістік активтерді күзету шартының нөмірі және қол қойған күні __________________________________________________________________;
мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне арналған лицензиясының нөмірі және берілген күні _____________________________;
6) тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама, ол мыналарды қамтиды:
бекітілген инвестициялық бағдарламаның нөмірі және күні _______ __________________________________________________________________;
7) қауіпсіздікті басқару жүйесі, ол мыналарды қамтиды:
аудиттің қорытындысын жасау нөмірі және күні ____________________.
______________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |