Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет62/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   124

 

ОБВИНИТЕЛЬНЫЙ ПРИГОВОР - содержит решение суда о признании подсудимого виновным в совершении преступления (ст. 375 УПК РК от 13 декабря 1997года № 206)

АЙЫПТАУ YКIMI - айыптау үкімі сотталушыны қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы сот шешімінен тұрады (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 375-бап)

ОБВИНЯЕМЫЙ - лицо, в отношении которого вынесено постановление о привлечении в качестве обвиняемого, либо лицо, в отношении которого в суде возбуждено уголовное дело частного обвинения, а также лицо, в отношении которого составлен и утвержден начальником органа дознания протокол обвинения. Обвиняемый, по делу которого назначено главное судебное разбирательство, именуется подсудимым; обвиняемый, в отношении которого вынесен обвинительный приговор, - осужденным; обвиняемый, в отношении которого вынесен оправдательный приговор, - оправданным (ст. 69 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

АЙЫПТАЛУШЫ - өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айып-тау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы, - сотталушы, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы, - сотталған адам, өзіне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы, - ақталушы деп аталады (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 69-бап)

ОБВИНЯЕМЫЙ - лицо, в отношении которого вынесено постановление о привлечении в качестве обвиняемого, либо лицо, в отношении которого в суде возбуждено уголовное дело частного обвинения, а также лицо, в отношении которого составлен и утвержден начальником органа дознания протокол обвинения (ст. 2 ЗРК «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» от 30 марта 1999 года № 353)

АЙЫПТАЛУШЫ - өзіне қатысты айыпталушы ретінде іске тарту туралы қаулы шығарылған адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптау қылмыстық ісі қозғалған адам, сондай-ақ өзіне қатысты айыптау хаттамасы жасалып, анық-тау органының бастығы бекіткен адам («Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353 ҚРЗ 2-бап)

ОБЕЗВРЕЖИВАНИЕ ПЕСТИЦИДОВ (ЯДОХИМИКАТОВ) - мероприятия, направленные на утилизацию, захоронение или уничтожение запрещенных или пришедших в негодность пестицидов (ядохимикатов), а также тары из под них в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О защите растений» от 3 июля 2002 года № 331)

ПЕСТИЦИДТЕРДІ (УЛЫХИМИКАТТАРДЫ) ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын ҚР заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған іс-шаралар («Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ОБЕЗВРЕЖИВАНИЕ ОТХОДОВ - уменьшение или устранение опасных свойств отходов путем механической, физико-химической или биологической обработки (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ - механикалық, физикалық химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ОБЕСПЕЧЕНИЕ БЕЗОПАСНОСТИ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ - деятельность, направленная на предотвращение возникновения дорожно-транспортных происшествий, снижение тяжести их последствий (ст. 1 ЗРК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 года № 29)

ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - жол-көлік оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 ҚРЗ 1-бап)

ОБЕСПЕЧЕНИЕ КОНКУРСНОЙ ЗАЯВКИ - залог денег или банковская гарантия, представленная потенциальным поставщиком, изъявившим желание принять участие в конкурсе (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)

КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - конкурсқа қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші табыс ететін ақша кепілі немесе банк кепілдігі («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321 ҚРЗ 1-бап)

ОБЕСПЕЧЕНИЕ ПРОМЫШЛЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ - разработка и осуществление системы мер организационно-технического, экономического и правового характера, направленных на предупреждение аварий, обеспечение готовности к организованным действиям в случае возникновения и ликвидации аварий на опасных производственных объектах (ст. 1 ЗРК «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах» от 3 апреля 2002 года № 314)

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - авариялардың алдын алуға, қауіпті өндірістік объектілерде авариялар туындаған кезде және оларды жою жағдайында ұйымдасқан іс-қимылға әзір болуды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық-техникалық, экономикалық және құқықтық сипаттағы шаралар жүйесін әзірлеу мен жүзеге асыру («Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 ҚРЗ 1-бап)

ОБЕСПЕЧЕНИЕ СОХРАННОСТИ ВКЛАДОВ НАСЕЛЕНИЯ - гарантия возврата вклада в номинальном выражении с учетом вознаграждения, установленного условиями договора, заключаемого между пользователем и Национальным оператором почты (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ХАЛЫҚТЫҢ САЛЫМДАРЫН САҚТАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - салымды номинал түрінде, пайдаланушы мен Ұлттық почта операторы арасында жасалған шарттың талаптарымен белгіленген сыйақыны ескере отырып қайтару кепілдігі («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ОБЕСПЕЧЕНИЕ УПЛАТЫ ТАМОЖЕННЫХ ПЛАТЕЖЕЙ И НАЛОГОВ - установленные Таможенным кодексом способы исполнения обязательств по уплате предусмотренных Таможенным кодексом таможенных платежей и налогов (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚТАРДЫҢ ТӨЛЕНУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - Кеден кодексте көзделген кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың Кеден кодексте белгіленген әдістері (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 7-бап)

ОБЕСПЕЧЕННАЯ ОБЛИГАЦИЯ - облигация, по ко торой исполнение обязательств эмитента обеспечено залогом имущества эмитента, гарантией банка (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ОБЛИГАЦИЯ - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)

ОБЛАГАЕМЫЙ ИМПОРТ - облагаемым импортом являются товары, ввозимые или ввезенные на территорию РК (за исключением освобожденных от налога на добавленную стоимость в соответствии со статьей 234 Налогового Кодекса), подлежащие декларированию в соответствии с таможенным законодательством РК (ст. 213 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ - ҚР кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, ҚР аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (Салық кодекстің 234-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 213-бап)

ОБЛАСТНОЙ БЮДЖЕТ, БЮДЖЕТ ГОРОДА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ, СТОЛИЦЫ - областным бюджетом, бюджетом города республиканского значения, столицы является централизованный денежный фонд, формируемый за счет налоговых и других поступлений, определенных Бюджетным кодексом, и предназначенный для финансового обеспечения задач и функций местных государственных органов областного уровня, города республиканского значения, столицы, подведомственных им государственных учреждений и реализации государственной политики в соответствующей административно-территориальной единице (ст. 8 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА АСТАНА БЮДЖЕТІ - Бюджет кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер, есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 8-бап)

ОБЛАСТЬ АККРЕДИТАЦИИ - перечень объектов, закрепленных за аккредитованными органами по подтверждению соответствия и (или) лабораториями, осуществляющими работы в сфере подтверждения соответствия, для проведения работ по определению их соответствия требованиям, установленным техническими регламентами, стандартами или договорами (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

АККРЕДИТТЕУ САЛАСЫ - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестікті растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бекітіліп берілген объектілердің тізбесі («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

ОБЛЕСЕНИЕ - искусственное лесозаращивание или естественное зарастание лесом нелесных угодий (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАНДАНУ - ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсіріп шығару немесе орманның табиғи түрде өсіп шығуы (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ОБЛИГАЦИЯ - ценная бумага с заранее установленным при ее выпуске сроком обращения, удостоверяющая в соответствии с условиями выпуска права на получение от лица, выпустившего облигацию, вознаграждения по ней и по окончании срока ее обращения - номинальной стоимости облигации в деньгах или ином имущественном эквиваленте (ст. 136 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ОБЛИГАЦИЯ - шығару кезінде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түрдегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 136-бап)

ОБЛИГАЦИОННАЯ ПРОГРАММА - выпуск облигаций, в пределах которого эмитент вправе осуществлять несколько выпусков облигаций, в том числе с различной структурой выпуска, определяемой соответствующим проспектом выпуска (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА - эмитент бірнеше облигациялар шығаруды, оның ішінде шығарылымның тиісті проспектісі белгілейтін әртүрлі құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)

ОБЛИГАЦИИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ФИНАНСОВОЙ КОМПАНИИ - облигации, по которым исполнение обязательств эмитента обеспечено выделенными активами (ст. 1 ЗРК «О секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)

АРНАЙЫ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)

ОБМЕННЫЕ ПУНКТЫ - специально оборудованные места проведения обменных операций с иностранной валютой (ст. 1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)

АЙЫРБАСТАУ ПУНКТТЕРІ - айырбастау пункттері - шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)

ОБНАРОДОВАНИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЯ - осуществление с согласия автора действия, которое впервые делает произведение доступным публике посредством его опубликования, публичного показа, публичного исполнения, доведения до всеобщего сведения и иными способами (ст.2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ТУЫНДЫНЫ ЖАРИЯЛАУ - туындыны жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына жеткізу арқылы және өзге де әдістермен оған көпшіліктің алғаш рет қолын жеткізетін іс-әрекетті автордың келісімімен жүзеге асыру («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 ҚРЗ 2-бап)

ОБОГАЩЕННЫЕ (ФОРТИФИЦИРОВАННЫЕ) ПИЩЕВЫЕ ПРОДУКТЫ - любые продукты питания, в которые для повышения пищевой ценности добавлены один или более необходимых ингредиентов (витамины, минералы, белки, амино- или жирные кислоты) и другие вещества, не присутствующие в продуктах питания изначально или утерянные в процессе производства и хранения, а также вводимые с целью профилактики заболеваний (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)

БАЙЫТЫЛҒАН (ФОРТИФИКАЦИЯЛАНҒАН) ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ - тамақтың құндылығын арттыру үшін бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және тамақ өнімдерінде бастапқыда болмаған немесе өндіру мен сақтау процесінде жоғалтылған, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатында енгізілген басқа да заттар қосылған кез келген тамақ өнімдері («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап)

ОБОРОНА - система государственных мер политического, военного, экономического, экологического, социально-правового и иного характера по обеспечению военной безопасности, вооруженной защиты суверенитета, территориальной целостности и неприкосновенности границ РК (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)

ҚОРҒАНЫС - ҚР әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)

ОБОРОННЫЕ ОБЪЕКТЫ - недвижимое имущество, закрепленное на праве оперативного управления за государственными учреждениями Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)

ҚОРҒАНЫС ОБЪЕКТІЛЕРІ - қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)

ОБОРОТ - экспорт, импорт, приобретение, хранение, оптовая и розничная реализация (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429)

АЙНАЛЫМ - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу («Этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап)

ОБОРОТ БЕЗ ИЗДЕРЖЕК, БЕЗ ПРОТЕСТА - оговорка, включаемая в текст векселя векселедержателем, индоссантом, авалистом, освобождающая векселедержателя от совершения протеста векселя в неплатеже или неакцепте векселедателем (п.п.н.з ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)

ШЫҒЫНСЫЗ АЙНАЛЫМ, НАРАЗЫЛЫҚСЫЗ - вексель ұстаушының, индоссанттың, авалынының вексель мәтініне қосқан, вексель ұстаушыны вексель берушінің төлемегені немесе акцепт жасамағаны үшін вексель наразылығын білдіруден босататын ескертпе («ҚР Вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)

ОБОРОТ НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ - разрешенные и контролируемые в соответствии с законодательством РК виды деятельности, связанные с культивированием, сбором и заготовкой наркотико-содержащих растений, разработкой, производством, переработкой, ввозом, вывозом, транзитом, перевозкой, пересылкой, приобретением, хранением, распределением, реализацией, использованием, уничтожением наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров (cт.1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ - құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге, жинауға және дайындауға, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты, ҚР заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

ОБОРОТ НЕФТЕПРОДУКТОВ - приобретение, хранение, реализация, транспортировка, экспорт и импорт нефтепродуктов (cт. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродутов» от 7 апреля 2003 года № 402)

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау, экспорттау және импорттау («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402 ҚРЗ 1-бап)

ОБОРОТ ОРУЖИЯ - производство, сборка, переделка, реализация (торговля), передача, дарение, награждение, наследование, приобретение, коллекционирование, экспонирование, учет, хранение, ношение, перевозка, использование, изъятие, уничтожение, ввоз оружия на территорию РК и вывоз его из РК (ст. 1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339)

ҚАРУ АЙНАЛЫМЫ - қаруды өндіру, құрастыру, айта жасау, өткізу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, ҚР аумағына әкелу және оны ҚР аумағынан әкету («Жекелеген қару түрленің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап)

ОБОРОТ ПИЩЕВЫХ ПРОДУКТОВ, МАТЕРИАЛОВ И ИЗДЕЛИЙ - заготовка, изготовление, производство, закупка, импорт и экспорт, хранение, транспортировка и реализация пищевых продуктов, материалов и изделий, оказание услуг в сфере торговли и питания, а также утилизация или уничтожение некачественных и опасных пищевых продуктов, материалов и изделий (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ, МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ - тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды дайындау, әзірлеу, өндіру, сатып алу, импорт пен экспорт сақтау, тасымалдау мен өткізу, сауда және тамақтандыру саласында қызметтер көрсету, сондай-ақ сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 1-бап)

ОБОРОТ ТАБАЧНЫХ ИЗДЕЛИЙ - экспорт, импорт, хранение, оптовая и розничная реализация табачных изделий (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота табачных изделий» от 12 июня 2003 года № 439)

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ - темекі өнімдерін экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткізу («Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439 ҚРЗ 1-бап)

ОБОРУДОВАНИЕ - ввозимые основные средства, включая механизмы, машины, устройства, приборы, предназначенные для использования в технологическом процессе инвестиционного проекта и переносящие свою стоимость на себестоимость произведенной продукции (работ, услуг) (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

ЖАБДЫҚТАР - инвестициялық жобаның технологиялық процесінде пайдалануға арналған және өз құнын өндірілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына ауыстыратын, механизмдерді, машиналарды, құрылғыларды, аспаптарды қоса алғанда, әкелінетін негізгі құралдар («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 ҚРЗ 1-бап)

ОБОСНОВАННЫЙ РИСК - не является преступлением причинение вреда охраняемым Уголовным кодексом интересам при обоснованном риске для достижения общественно полезной цели (ст. 35 УК РК от 16 июля 1997 года №167)

ОРЫНДЫ ТӘУЕКЕЛ ЕТУ - қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 35-бап)

ОБРАБОТКА ПОЧТОВОГО ОТПРАВЛЕНИЯ - производственные операции с почтовыми отправлениями, обеспечивающие их подготовку к пересылке (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ЖӨНЕЛТІМІН СҰРЫПТАУ - почта жөнелтімдерін жіберуге әзірлеуді қамтамасыз етіп, олармен жасалатын өндірістік операциялар («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ОБРАЗОВАНИЕ - непрерывный процесс воспитания и обучения, целью которого является достижение высокого уровня нравственного, интеллектуального, культурного и физического развития и профессиональной компетентности членов общества (cт. 1 3PK «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

БІЛІМ БЕРУ - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ГРАНТ - целевая сумма денег, безвозмездно предоставляемая обучающимся для оплаты профессионального образования (cт. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ - білім алушыларға кәсіптік білімге төлеу үшін тегін берілетін нысаналы ақша сомасы («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау