Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет37/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124

ИНВАЛИДНОСТЬ - степень ограничения жизнедеятельности человека вследствие нарушения здоровья со стойким расстройством функций организма (cт.1 3PK «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)

МҮГЕДЕКТІК - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)

ИНВАЛИДЫ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ - лица из числа военнослужащих действующей армии и флота, партизан и подпольщиков первой мировой, гражданской и Великой Отечественной войн, а также рабочих и служащих соответствующих категорий, ставших инвалидами вследствие ранения контузии, увечья или заболевания, полученных в период первой мировой, гражданской и Великой Отечественной войн на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, на сооружении оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов и приравненных по пенсионному обеспечению в военнослужащим (ст. 7 ЗРК «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» от 28 апреля 1995 года № 2247)

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ МҮГЕДЕКТЕРІ - бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер қатарында болған адамдар, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген жұмысшылар мен қызметшілер («Ұлы Отан соғысының катысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 ҚРЗ 7-бап)

ИНВЕНТАРИЗАЦИЯ ЛЕСНОГО ФОНДА - комплекс работ по описанию, картированию и определению количественных и качественных показателей отдельных участков лесного фонда (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ҚОРЫН ТҮГЕНДЕУ - орман қорының жекелеген учаскелерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін сипаттау, картаға түсіру және анықтау жөніндегі жұмыстар кешені (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

ИНВЕСТИЦИИ - все виды имущества (кроме товаров, предназначенных для личного потребления), включая предметы финансового лизинга с момента заключения договора лизинга, а также права на них, вкладываемые инвестором в уставный капитал юридического лица или увеличение фиксированных активов, используемых для предпринимательской деятельности (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

ИНВЕСТИЦИЯЛАР - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИИ ИНВЕСТИЦИОННОГО ФОНДА КАЗАХСТАНА - вложения Фонда в уставные капиталы акционерных обществ резидентов РК и иностранных юридических лиц, осуществляемые в соответствии с целями и задачами Фонда (ст. 1 ЗРК «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ - қордың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылатын ҚР резиденттерінің акционерлік қоғамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қордың салымдары («Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННАЯ ДЕКЛАРАЦИЯ - докумет, определяющий перечень объектов инвестирования, цели, стратегии, условия и ограничения инвестиционной деятельности в отношении активов инвестиционного фонда, условия хеджирования и диверсификации активов фонда (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯ - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат («Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность физических и юридических лиц по участию в уставном капитале коммерческих организаций либо по созданию или увеличению фиксированных активов, используемых для предпринимательской деятельности (cт. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ФОНДА - деятельность Фонда, связанная с осуществлением инвестиций, включающая инвестирование в уставные капиталы организаций, сбор и обработку информации по инвестиционным проектам, маркетинговые, инжиниринговые и иные исследования, принятие участия в обеспечении планово-прогнозной и проектно-сметной документацией, а также организацию контроля за инвестициями (ст. 1 ЗРК «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575)

ҚОРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеуді, маркетингтік, инжинирингтік және өзге де зерттеулерді, жоспарлы-болжамдық және жобалау сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі («Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРЕФЕРЕНЦИИ - преимущества адресного характера, предоставляемые в соответствии с законодательством РК юридическим лицам РК, осуществляющим реализацию инвестиционного проекта (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРЕФЕРЕНЦИЯЛАР - ҚР инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларына ҚР заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ПРОЕКТ - комплекс мероприятий, предусматривающий инвестиции в создание новых, расширение и обновление действующих производств (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА - жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ПРОЕКТ - комплекс мероприятий, предусматривающий инвестиции Фонда (ст. 1 «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА - қордың инвестицияларын көздейтін іс-шаралар кешені («Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННОЕ РЕШЕНИЕ - решение о совершении сделки с активами инвестиционного фонда, принимаемое в процессе управления его активами (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМ - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім («Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ МОНЕТЫ - монеты, изготовленные из драгоценных металлов, являющиеся объектом инвестирования и накопления (ст. 42 ЗРК «О Национальном Банке РК» от 30 марта 1995 года № 2155)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МОНЕТАЛАР - инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар («ҚР Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 ҚРЗ 42-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ДОХОД - деньги, полученные в результате инвестирования пенсионных активов накопительных пенсионных фондов (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136-І)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІС - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша («ҚР зейнетақы мен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ДОХОД - прирост активов инвестиционного фонда в денежном выражении, полученный в результате их инвестирования (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІС - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі («Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ПРОЕКТ - комплекс мероприятий, предусматривающий инвестиции в создание новых, расширение и обновление действующих производств (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272»

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА - жаңа өндірістерді салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ПОРТФЕЛЬ - находящаяся в собственности или управлении субъекта рынка ценных бумаг совокупность различных видов финансовых инструментов либо имущества инвестиционного фонда в соответствии с требованиями, установленными законодательством РК об инвестиционных фондах (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬ - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әр түрлі қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы ҚР заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкі («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ СПОР - спор, вытекающий из договорных обязательств между инвесторами и государственными органами в связи с инвестиционной деятельностью инвестора (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУ - инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын дау («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ТАРИФ (ЦЕНА, СТАВКА СБОРА) - утвержденный уполномоченным органом в рамках одного инвестиционного проекта тариф (цена, ставка сбора) или его предельный уровень на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии, оказываемые на вновь созданных объектах, действующий до полной окупаемости вложенных инвестиций (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРИФ (БАҒА, АЛЫМ СТАВКАСЫ) - жаңадан құрылған объектілерде көрсетілетін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкілетті орган бір инвестициялық жобаның шеңберінде бекіткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейін қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

ИНВЕСТИЦИОННЫЙ ФОНД - акционерный или паевой инвестиционный фонд, созданный в соответствии с Законом РК «Об инвестиционных фондах» (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОР - «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңға сәйкес құрылған акционерлік немесе инвестициялық пай қоры («Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)

ИНВЕСТОР - физические или юридические лица, осуществляющие инвестиции в РК (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

ИНВЕСТОР - ҚР инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-II ҚРЗ 1-бап)

ИНГРЕДИЕНТ - любое вещество, кроме табака, воды или табачного листа, которое в процессе производства добавляется либо к табаку, либо к нетабачным компонентам табачных изделий (ст. 2 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)

ИНГРЕДИЕНТ - темекіден, судан немесе темекі жапырағынан басқа, өндіріс процесінде не темекіге, не темекі бұйымдарының темекі емес компоненттеріне қосылатын кез келген зат («Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340 ҚРЗ 2-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность, направленная на оказание образовательных услуг в индивидуальной форме (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

ЖЕКЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - жеке нысанда білім беру қызметін көрсетуге бағытталған қызмет («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНОЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО - инициативная деятельность физических лиц, направленная на получение дохода, основанная на собственности самих физических лиц и осуществляемая от имени физических лиц, за их риск и под их имущественную ответственность (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)

ДАРА КӘСІПКЕРЛІК - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)

ИЦДИВИДУАЛЬНАЯ ПРОГРАММА РЕАБИЛИТАЦИИ ИНВАЛИДА - документ, определяющий конкретные объемы, виды и сроки проведения реабилитации инвалида (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)

МҮГЕДЕКТІ ОҢАЛТУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫ - мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНАЯ ПРОГРАММА РЕАБИЛИТАЦИИ РЕБЕНКАС ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ - перечень медицинских, психологических, педагогических и социальных мероприятий, направленных навосстановление способности ребенка к бытовой, общественной, профессиональной деятельности в соответствии со структурой его потребностей, кругом интересов, уровнем притязаний с учетом прогнозирования уровня его соматического состояния, психофизической выносливости, социального статуса семьи и возможностей социальной инфраструктуры (cт. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)

КЕМТАР БАЛАНЫ ОҢАЛТУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫ - баланың соматикалық жай-күйі деңгейінің болжамын, психикалық дене төзімділігін, отбасының әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына, ден қоятын мәселелерінің шеңберіне, құштарлықтарының деңгейіне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар тізбесі («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНАЯ ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ РАБОТА - деятельность государственных органов, общественных объединений, организаций, граждан по своевременному выявлению несовершеннолетних, находящихся в трудной жизненной ситуации, и неблагополучных семей, их социальной реабилитации и (или) предупреждению совершения ими правонарушен (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)

ЖЕКЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС - мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, азаматтардың өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларын уақтылы анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі қызметі («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНЫЙ ЖИЛОЙ ДОМ - дом, предназначенный для личного (семейного) проживания, расположенный на усадебном участке и находящийся в собственности гражданина вместе с хозяйственными и другими строениями и зелеными насаждениями (ст. 1 ЗРК «Об индивидуальном жилищном строительстве» от 3 ноября 1994 года № 213)

ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ - қоныс учаскесіне орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл желекті екпелерімен бірге азаматтың меншігіндегі жеке (отбасымен) тұруға арналған үй («Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы № 213 ҚРЗ 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНОЕ ЖИЛИЩНОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО - постройка индивидуальных жилых домов гражданами, на закрепленном за ними в установленном порядке земельном участке, их собственными силами, подрядным или другим, не запрещенным законодательством способом (ст. 1 ЗРК «Об индивидуальном жилищном строительстве» от 3 ноября 1994 года № 213)

ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ - белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскелерінде азаматтардың өз күшімен, мердігерлік немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдіспен жеке тұрғын үйлер салуы («Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы № 213 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНЫЙ ИДЕНТИФИКАЦИОННЫЙ НОМЕР - уникальный номер, формируемый для физического лица, в том числе индивидуального предпринимателя, осуществляющего деятельность в виде личного предпринимательства (ст. 1 ЗРК «О национальных реестрах идентификационных номеров» от 12 января 2007 года № 223)

ЖЕКЕ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір («Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 ҚРЗ 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНЫЙ ИНВЕСТОР - инвестор, не являющийся институциональным инвестором (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ЖЕКЕ ИНВЕСТОР - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ИНДИВИДУАЛЬНЫЙ ПЕНСИОННЫЙ СЧЕТ - личный именной счет вкладчика (получателя) в накопительном пенсионном фонде, на котором учитываются его обязательные либо добровольные пенсионные взносы или добровольные профессиональные пенсионные взносы, инвестиционный доход, пеня и иные поступления в соответствии с законодательством РК и с которого производятся пенсионные выплаты (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

ЖЕКЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ШОТЫ - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда ҚР заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді («ҚР зейнетақы мен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

ИНИВИДУАЛЬНЫЙ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬ - физическое лицо-резидент или нерезидент, осуществляющий предпринимательскую деятельность без образования юридического лица (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)

ИНДОССАМЕНТ - передаточная надпись на обороте векселя или на аллонже, удостоверяющая переуступку прав по этому векселю другому лицу (п.п.н.з ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)

ИНДОССАМЕНТ - вексель сыртындағы немесе аллонждағы табыстау жазбасы, бұл осы вексель бойынша иелену құқығының басқа тұлғаға берілгенін куәландырады («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-І ҚРЗ о.з.ц.у.)

ИНДОССАНТ - лицо, передающее вексель (п.п.нз. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)

ИНДОССАНТ - вексельді табыстаушы тұлға («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-І ҚРЗ о.з.ц.у.)

ИНДОССАТ - лицо, в пользу которого переводится вексель по передаточной надписи (п.п.н.з ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)

ИНДОССАТ - табыстау жазбасы бойынша вексель арнайы аударылатын тұлға («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-1 ҚРЗ о.з.ц.у.)

ИНДИКАТОРЫ - количественные показатели, отражающие результаты реализации программы для достижения поставленной цели (ст. 4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ИНДИКАТОРЛАР - алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін сандық көрсеткіштер (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)

ИНДУСТРИАЛЬНАЯ ЗОНА - земля несельскохозяйственного назначения, обеспеченная коммуникациями, предоставляемая государством субъектам частного предпринимательства для размещения и эксплуатации объектов промышленности в порядке, установленном Земельным кодексом РК и иными законами РК (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ - коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін ҚР Жер кодексінде және ҚР өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)

ИНЕРТНЫЕ ОТХОДЫ - отходы, которые не подвергаются существенным физическим, химическим или биологическим преобразованиям и не оказывают неблагоприятного воздействия на окружающую среду и здоровье человека (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007года № 212)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау