10
Аннотация
В данном дипломном проекте сделан анализ работы центра обработки
данных с помощью использования методов аналитического и имитационного
моделирования.
Соответственно была построена модель в программе общецелевой
системы моделирования GPSS World, были оценены и анализированы
параметры работы центра обработки данных.
В разделе безопасности жизнедеятельности было рассмотрено рабочее
место и условия работы оператора. Также в экономической части был
произведен расчет затрат на разработку продукта и его отпускной цены.
Abstract
In this diploma project was made analysis of data center through the use of
methods of analytical and imitational simulation.
The model was built in a general-purpose program GPSS World simulation
systems were evaluated and the parameters of the data center were analyzed.
In addition, there were analyzed the situations of safety of vital, furthermore
presented safety of employers in working place. In the economic part of the project
economic costs on product development and it’s selling price had been calculated.
Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада ақпаратты өңдеу орталықтары жұмысын
аналитикалық және имитациялық модельдеу әдістерін қолдана отырып оның
жұмысына талдау жасауға арналған.
Сәйкесінше жалпы мақсатты модельдеу жүйесі GPSS World
бағдарламасында модель тұрғызылып, ақпаратты өңдеу орталығы
жұмысының параметрлері бағаланды және оларға талдау жасалды.
Өмір тіршілік қауіпсіздігіне қатысты оператордың жұмыс орны және
жұмыс жасау жағдайлары қарастырылды. Сонымен қатар экономикалық
тұрғыдан, жобаны орындауға кететін жалпы шығындар және өнімнің
өткізімдік бағасы анықталды.
Мазмұны
11
Кіріспе
7
1 Ақпаратты өңдеу орталықтарының қазіргі жағдайын талдау
8
1.1 Ақпаратты өңдеу орталықтары және олардың тағайындалуы
8
1.2 АӨО құрудың қажеттілігі мен артықшылықтары
9
1.3 АӨО-ге қойылатын негізгі талаптар
10
1.4 АӨО-ның сыныптамасы
11
1.5 АӨО-нің инженерлі инфраструктурасы
16
1.6 NCPI басқару стандарттары
18
1.7 АӨО-нің желілік инфраструктурасы
22
2 АӨО-нің аналитикалық модельдеу әдістерін талдау
27
2.1 Аналитикалық модельдеу
27
2.2 Жаппай қызмет көрсету жүйесі (ЖҚЖ)
32
2.3 ЖҚЖ модельдерінің классификациясы
40
2.4 Жаппай қызмет көрсету жүйесінің параметрлері
45
3 АӨО-ні аналитикалық және имитациялық әдіспен модельдеу
52
3.1 Ақпаратты өңдеу орталықтары желісі ЖҚЖ ретінде
52
3.2 АӨО жауап беру уақыты ықтималдықтарының таралу заңы
58
4 Өміртipшiлiк қayiпciздiгi
66
4.1 Оператордың жұмыс жағдайларының сипаттамалары
66
4.2 Өндірістік орындарға қойылатын талаптар
67
4.3 Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар
70
4.4 Табиғи жарықтандыруды есептеу
72
4.5 Жасанды жарықтандыруды есептеу
73
4.6 Шу деңгейін есептеу
75
5 Бизнес-жоспар
77
5.1 Өнім
77
5.2 Қызметкерлердің жалақысына кететін шығындарды есептеу
78
5.3 Бағдарламалық өнімді жасаудың еңбек сыйымдылығын есептеу
80
5.4 Машиналық сағаттың құнын есептеу
83
5.5 Бағдарламалық өнімнің қорытынды өзіндік құнын есептеу
84
Қорытынды
86
Әдебиеттер тізімі
87
А қосымшасы GPSS тілінде модельдеудің нәтижесі
89
Б қосымшасы ДЖ электронды нұсқасы және көрсетуге арналған
бейнематериалдар (CD-R)
В қосымшасы Үлестірмелі материалдар
Г қосымшасы Антиплагиат туралы анықтама
Kіріспе
12
Қазіргі кезде интернет желісінің қарқынды дамуы байқалады. Сонымен
бірге көптеген компаниялардың бизнес-үрдістері интернет технологиялары
негізінде құрылады. IT-технологияларды қолданатын кейбір компанияларды
сипаттау кезінде “бұлттық есептеулер” термині қолданылады. Бұлттық
есептеулердің құрылу қағидалары бойынша ресурстар (мэйнфрэймдердің
қуаттылығы, ақпараттарды сақтау құрылғыларының сыйымдылығы, әртүрлі
қызметтер) соңғы қолданушыға оның сұранымы бойынша және желілік
байланыс арқылы беріледі.
Ірі компаниялардың есептеу желісінде заманауи интернет-есептеулерді
құру қағидалары ақпаратты өңдеу орталықтарын құруда өз орынын тапты.
Осыны бұлттық есептеулердің корпоративті есептеу желісінде жүзеге асуы
ретінде қарастыруға болады. АӨО-нің тағайындалуы бизнес-үрдістердің
тоқтаусыз жұмысы үшін ресурстарды беру, ақпараттарды сақтау және оларға
қатынауды қамтамасыз ету, қолданушылардың әртүрлі сұранымдары
бойынша мәліметтерді беру. Соңғы қолдануiыларға қызмет көрсету сапасы
қызмет көрсету сапасы бойынша келісім SLA (Service Level Agreement)
арқылы анықталады және SLA бойынша жүйе қолданушы сұранымына жауап
берудің берілген орташа уақытын және басқа да жүйенің жұмыс жасау сапасы
көрсеткіштерін қамтамасыз етуі қажет.
Желідегі қолданушылардың сұранымдар ағыны кездейсоқ болып
табылады және желідегі ағындар саны АӨО-лер санына тең. Өңдеу
барысында сұранымдар желінің әртүрлі құрылғыларында қызмет көрсетіледі.
Сұранымдарды өңдеудің құрылымы бойынша кезектер кез-келген уақытта
пайда болуы мүмкін, нәтижесінде SLA-ның бұзылуы ықтималдығы әрқашан
да болады. Жауап берудің орташа уақытын анықтау, қолданушылардың бір
бөлігі үшін жауап берудің максималды рұқсат етілген уақытынан асып кету
ықтималдығын анықтау тек күрделі жүйелерді зерттеу арқылы мүмкін
болады.
Жұмыстың мақсаты жасалған аналитикалық және имитациялық
модельдер арқылы ақпаратты өңдеу орталығының жұмысын талдау.
Қойылған мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Ақпаратты өңдеу орталығының жұмыс жасау параметрлерін
аналитикалық модельді қолдану арқылы анықтау;
2. Ақпаратты өңдеу орталығы жұмысының басты параметрін – жауап
беру уақытын имитациялық модельдеуді қолдану арқылы анықтау;
3. Алынған нәтижелер арқылы ақпаратты өңдеу орталығы жұмысына
талдау жасау.
1 Ақпаратты өңдеу орталықтарының қазіргі жағдайын талдау