Объявление о проведении внутренного конкурса на занятия вакантных государственных административных должностей



жүктеу 60,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі60,5 Kb.
#19846

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Глубокое ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы индекс 070500, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 19 үй, анықтама телефоны: 8(72331) 2-10-62, 2-21-00, факс: 8(7231)2-28-98, электронды мекенжайы: abd_1803@taxeast.mgd.kz «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурсқа хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-R-3 санаты үшін: жоғары білім;   мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.



С-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3

96 607

129 919

C-R-4

73 288

99106

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:


1. Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, С-R – 3, 1 бірлік.


Функционалдык міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету, бөлімнің бақылау-экономикалық жұмысындағы шаралардың орындалуын үйлестіреді, қадағалайды. Бөлім Ережесін әзірлейді. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін және өкілеттігін белгілейді. Салық төлеушілерден келіп түскен хаттарды, өтініштерді, шағымдарды қарайды. Бөлім қызметкерлері даярлаған құжаттарды қарайды, қол қояды, қызметкерлердің өзара алмасуларын қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру шараларын жүргізеді. Жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органдарының, басқарма басшылығының тапсырмаларын сапалы, уақытылы орындауды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін, барлық қызметкерлердің мемлекеттік тілін оқуын қадағалайды. Басшылық жүктеген басқа да жұмыстарды атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық немесе экономика және бизнес (заңгерлік, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік жергілікті басқарма).

2. Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есептеу, есептілік және өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, (1 бірлік)

Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің салық төлеушілерін толығымен есепке алу; салықтар мен төлемдерді уақытылы енгізу; есеп айырысулар мен декларацияларды уақытылы және дұрыстығын қадағалау; салықтар мен төлемдердің түсімін болжай, талдай білу; белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, басқарма басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсініктіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуді жүзеге асыру; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы саннаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалых және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. (экономика және бизнес, заңгерлік, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік жергілікті басқарма, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдармалық жасақтама, математикалық және компьютерлік модельдеу ) саласында.
Хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде 2016 жылдың 14 қарашасынан бастап 2016 жылғы 22 қарашаны қоса алғанда, мына мекен жайлар бойынша Құжаттарды қабылданады:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Глубокое ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы индекс 070500, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 19 үй, анықтама телефоны: 8(72331) 2-10-62, 2-21-00, факс: 8(7231)2-28-98, электронды мекенжайы: abd_1803@taxeast.mgd.kz мекен-жайына, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама ;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) ;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты ( бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 19 үй, мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
жүктеу 60,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау