Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет23/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124

ГРАБЕЖ - открытое хищение чужого имущества (ст. 178 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ТОНАУ - бөтен мүлікті ашық ұрлау (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 178-бап)

ГРАДОСТРОИТЕЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность в градостроительном планировании организации и развития территорий и населенных пунктов, определении видов градостроительного использования территорий, комплексном проектировании городских и сельских населенных пунктов, включающая творческий процесс формирования градостроительного пространства, создания градостроительного проекта, координацию всех смежных разделов градостроительной документации (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗМЕТІ - қала құрылысын жоспарлаудағы қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестірудің шығармашылық процесін қамтитын, аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастыру мен дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау, қалалар мен селолық елді мекендерді кешенді жоспарлау жөніндегі қызмет («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГРАДОСЛРОИТЕЛЬНАЯ И АРХИТЕКТУРНО-СТРОИТЕЛЬНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ - система взаимоувязанных документов (включая предпроектную и проектную документацию, государственные и межгосударственные нормативные документы), необходимых для организации территорий градостроительного планирования развития и застройки территорий и населенных пунктов, строительства (расширения, модернизации, технического перевооружения, реконструкции, реставрации, капитального ремонта, консервации и постутилизации) объектов, атакже организации строительства, инженерной подготовки территории, благоустройства, озеленения, внешнего оформления (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚҰЖАТТАМАСЫ - аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен қала құрылысын салуды жоспарлау, объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГРАДОСТРОИТЕЛЬНЫЕ ПРОЕКТЫ - проекты, содержащие замысел комплексного градостроительного планирования организации, развития и застройки территорий и населенных пунктов или их частей (генеральная схема организации территории РК, межрегиональные схемы территориального развития, комплексные схемы градостроительного планирования территорий, генеральные планы населенных пунктов, проекты детальной планировки, проекты планировки промышленной зоны, проекты застройки, генеральные планы объектов и комплексов, проекты благоустройства и озеленения, иные планировочные проекты) (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау жөніндегі түпкі ойдан (ҚР аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсіп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобалар («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГРАДОСТРОИТЕЛЬНОЕ ПРОСТРАНСТВО - территория градостроительного регулирования, на которой формируется материальная среда обитания и жизнедеятельности человека (населения страны, региона, населенного пункта, части населенного пункта) (cт.1 3PK «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КЕҢІСТІГІ - адамның (ел, аймақ, елді мекен, елді мекен бөлігі халқының) мекендейтін және тіршілік ететін материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)

ГРАДОСТРОИТЕЛЬНЫЕ РЕГЛАМЕНТЫ - режимы, разрешения, ограничения (включая обременения, запрещения и сервитуты) использования территорий (земельных участков) и других объектов недвижимости, а также любых допустимых изменений их состояния, установленных в законодательном порядке. Градостроительные регламенты устанавливаются градостроительной и архитектурно-строительной документацией, выполненной в соответствии с государственными нормативами. Действие градостроительных регламентов ограничивается в пределах установленного для них срока (cт. 1 3PK «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТТЕРІ - аумақтарды (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйінің заңнамада белгіленген тәртіппен жол берілетін кез келген өзгерістерінің режимдері, рұқсаттары, шектеулері (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда). Қала құрылысының регламенттері мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен белгіленеді. Қала құрылысы регламенттерінің қолданылуы олар үшін белгіленген мерзім шегінде шектеледі («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ АВИАЦИЯ - авиация, используемая в целях: перевозки пассажиров, багажа, грузов и почты (воздушные перевозки); выполнения авиационных работ; проведения учебных, спортивных, культурно-просветительных мероприятий, развития технического творчества; удовлетворения личных потребностей эксплуатанта воздушного судна; проведения поисково-спасательных и аварийно-спасательных работ, оказания помощи в случае стихийных бедствий (cт. 1 3PK «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ - мынадай мақсаттарда: жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау (әуе тасымалдары); авиациялық жұмыстарды орындау; оқу, спорт, мәдени-ағарту шараларын жүргізу, техникалық шығармашылықты дамыту; әуе кемесі пайдаланушысының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру; іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дүлей апаттар бола қалған жағдайда көмек көрсету мақсатында пайдаланылатын авиация («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ АВИАЦИЯ - авиация, не входящая в состав экспериментальной и государственной авиации и используемая в целях: перевозки пассажиров, багажа, груза и почты (воздушные перевозки); выполнения авиационных работ; проведения учебных, спортивных, культурно-просветительных мероприятий, развития технического творчества; удовлетворения личных потребностей эксплуатанта воздушного судна; проведения поисково-спасательных и аварийно-спасательных работ, оказания помощи в случае стихийных бедствий (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ - эксперименттік авиация мен мемлекеттік авиация құрамына кірмейтін және мынадай мақсаттарда: жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктер мен почтаны тасымалдауда (әуе тасымалдары); авиациялық жұмыстарды орындауда; оқытып-үйрету, спорттық, мәдени-ағарту іс-шараларын жүргізуде, техникалық шығармашылықты дамытуда; әуе кемесін пайдаланушының жеке қажеттерін қанағаттандыруда; іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, табиғи зілзала болған жағдайларда жәрдем көрсетуде пайдаланылатын авиация («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ ДЕЕСПОСОБНОСТЬ - способность гражданина своими действиями приобретать и осуществлять гражданские права, создавать для себя гражданские обязанности и исполнять их (гражданская дееспособность) возникает в полном объеме с наступлением совершенолетия, то есть по достижении восемнадцатилетнего возраста (ст. 17 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

АЗАМАТТЫҚ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ - азаматтар өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XIII ҚР АК 17-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ ОБОРОНА - государственная система органов управления и совокупность общегосударственных мероприятий, проводимых в мирное и военное время в целях защиты населения, объектов хозяйствования и территории страны от воздействия поражающих (разрушающих) факторов современных средств поражения, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера (cт. 1 ЗРК «О гражданской обороне» от 7 мая 1997 года № 100)

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізу объектілері мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы («Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ ПРАВОСПОСОБНОСТЬ - способность иметь гражданские права и нести обязанности (гражданская правоспособность) признается в равной мере за всеми гражданами. Правоспособность гражданина возникает в момент его рождения и прекращается смертью (ст. 13 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ - азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XIII ҚР АК 13-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ ПРОЦЕССУАЛЬНАЯ ДЕЕСПОСОБНОСТЬ - способность своими действиями осуществлять свои права и выполнять обязанности в суде, поручать ведение дела представителю (гражданская процессуальная дееспособность) принадлежит в полном объеме гражданам, достигшим восемнадцати лет, и организациям (ст. 46 ГПК РК от 13 июля 1999 года № 411)

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ - сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға толық көлем-де болады (1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-І ҚР АІЖК 46-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ ПРОЦЕССУАЛЬНАЯ ПРАВОСПОСОБНОСТЬ - способность иметь гражданские процессуальные права и обязанности (гражданская процессуальная правоспособность) признается в равной мере за всеми гражданами и организациями, являющимися субъектами материального права (ст. 45 ГПК РК от 13 июля 1999 года № 411)

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ - азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі) материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады (1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-І ҚР АІЖК 45-бап)

ГРАЖДАНСКАЯ СЛУЖБА - профессиональная деятельность гражданских служащих по исполнению должностных полномочий, направленная на реализацию задач и функций казенных предприятий, государственных учреждений и осуществление технического обслуживания и обеспечение функционирования государственных органов (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ГРАЖДАНСКИЙ ИСТЕЦ - физическое или юридическое лицо, в отношении которого имеются достаточные основания полагать, что непосредственно преступлением ему причинен имущественный ущерб, предъявившее требования о его возмещении. Гражданский истец может предъявить иск и для имущественной компенсации морального вреда. Прокурор в предусмотренных законом случаях вправе признать по собственной инициативе гражданским истцом физическое или юридическое лицо (ст. 77 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПКЕР - өзіне қатысты тікелей қылмыспен мүліктік залал келтірілді деп ұйғаруға жеткілікті негіз бар және оны өтеу туралы талап қойған жеке және заңды тұлға азаматтық талапкер. Азаматтық талапкер моральдық зиянды мүліктік өтеу үшін де талап қоя алады. Прокурор заңдарда көзделген жағдайларда өз бастамашылығы бойынша жеке немесе заңды тұлғаны азаматтық талапкер деп тануға құқылы (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 77-бап)

ГРАЖДАНСКИЙ ОТВЕТЧИК - физическое или юридическое лицо, которое в силу закона в связи с предъявленным в ходе производства по уголовному делу иском несет имущественную ответственность за вред, причиненный преступлением либо запрещенным Уголовным кодексом РК деянием невменяемого (ст. 78 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕР - қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің барысында қойылған талапқа байланысты заң күшімен қылмыспен не есі кіресілі-шығасылы адамның ҚР Қылмыстық кодексімен тыйым салынған әрекетімен келтірілген зиян үшін мүліктік жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 78-бап)

ГРАЖДАНСКИЙ ПЕРСОНАЛ - граждане РК, находящиеся на государственной службе или состоящие в трудовых отношениях в Вооруженных Силах (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)

АЗАМАТТЫҚ ПЕРСОНАЛ - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын ҚР азаматтары («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКИЙ СЛУЖАЩИЙ - лицо, занимающее в установленном законодательством РК порядке оплачиваемую штатную должность в казенных предприятиях, государственных учреждениях и осуществляющее должностные полномочия в целях реализации их задач и функций и осуществления технического обслуживания и обеспечения функционирования государственных органов (ст. 1 Трудового кодеска РК от 15 мая 2007 года № 251)

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІ - ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ АУДИТОРСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ - установленная гражданским законодательством РК обязанность аудиторской организации возместить имущественный вред, причиненный аудируемым субъектам при проведении аудита (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности аудиторских организаций» от 13 июня 2003 года № 440)

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - аудитті өткізу кезінде аудиттеу субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды аудиторлық ұйымның ҚР азаматтық заңдарында белгіленген өтеу міндеті («Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ВЛАДЕЛЬЦА ТРАНСПОРТНОГО СРЕДСТВА - установленная гражданским законодательством РК обязанность физических и юридических лиц возместить вред, причиненный жизни, здоровью и (или) имуществу третьих лиц в результате эксплуатации транспортного средства как источника повышенной опасности (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» от 1 июля 2003 года № 446)

КӨЛІК ҚҰРАЛЫ ИЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауіптілік көзі ретіндегі көлік құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, ден-саулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды ҚР азаматтық заңдарында белгіленген өтеу міндеті («Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ВЛАДЕЛЬЦА ОБЪЕКТА, ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ КОТОРОГО СВЯЗАНА С ОПАСНОСТЬЮ ПРИЧИНЕНИЯ ВРЕДА ТРЕТЬИМ ЛИЦАМ - установленная гражданским законодательством РК обязанность физических и (или) юридических лиц возместить вред, причиненный жизни, здоровью и (или) имуществу третьих лиц в результате аварии на объекте, деятельность которого связана с опасностью причинения вреда третьим лицам (ст.1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев объектов, деятельность которых связана с опасностью причинения вреда третьим лицам» от 7 июля 2004 года № 580)

ҚЫЗМЕТІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚАУПІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОБЪЕКТ ИЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеудің ҚР азаматтық заңдарында белгіленген міндеті («Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ПЕРЕВОЗЧИКА ПЕРЕД ПАССАЖИРАМИ - установленная гражданским законодательством РК обязанность перевозчика возместить вред, причиненный жизни, здоровью и (или) имуществу пассажиров при их перевозке (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами» от 1 июля 2003 года № 444)

ТАСЫМАЛДАУШЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды ҚР азаматтық заңдарын-да белгіленген өтеу міндеті («Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ РАБОТОДАТЕЛЯ - установленная гражданским законодательством РК обязанность работодателя возместить вред, причиненный жизни и здоровью работника при исполнении имтрудовых (служебных) обязанностей (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности работодателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей» от 7 февраля 2005 года № 30)

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - жұмыс берушінің ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген, қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу міндеті («Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірімен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ТУРОПЕРАТОРА И ТУРАГЕНТА - установленная гражданским законодательством РК обязанность туроператора и турагента возместить вред, причиненный туристам при оказании туристских услуг (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности туроператора и турагента» от 31 декабря 2003 года № 513)

ТУРОПЕРАТОРДЫҢ ЖӘНЕ ТУРАГЕНТТІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсету кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі ҚР азаматтық заңдарымен белгіленген міндеті («Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ФИЗИЧЕСКИХ И (ИЛИ) ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ, ОСУЩЕСТВЛЯЮЩИХ ЭКОЛОГИЧЕСКИ ОПАСНЫЕ ВИДЫ ХОЗЯЙСТВЕННОЙ И ИНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - установленная гражданским законодательством РК обязанность физических и (или) юридических лиц, осуществляющих экологически опасные виды хозяйственной и иной деятельности, возместить вред, причиненный жизни, здоровью, имуществу третьих лици (или) окружающей среде в результате ее аврийного загрязнения (ст. 1 ЗРК «Об обязательном экологическом страховании» от 13 декабря 2005 года № 93)

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖЕКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке (немесе) заңды тұлғалардың ҚР азаматтық заңнамасымен белгіленген, қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндеті («Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 93 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ЧАСТНОГО НОТАРИУСА - установленная гражданским законодательством РК обязанность частного нотариуса возместить вред, причиненный в результате совершения нотариальных действий (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности частных нотариусов» от 11 июня 2003 года № 435)

ЖЕКЕШЕ НОТАРИУСТЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуінің ҚР азаматтық заңдарында белгіленген міндеті («Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435 ҚРЗ 1-бап)

ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВАЯ СТАТИСТИКА - отрасль государственной правовой статистики о состоянии гражданских правоотношений, гражданского судопроизводства и исполнительного производства в гражданско-правовой сфере (ст. 1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау