Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет26/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124

ДЕПУТАТСКОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ И НАГРУДНЫЙ ЗНАК - депутат имеет депутатское удостоверение и нагрудный знак депутата, которые выдаются ему Центральной избирательной комиссией РК после регистрации в качестве избранного депутата. Депутатским удостоверением и нагрудным знаком депутат пользуется в течение срока своих полномочий (ст. 35 КЗ РК «О Парламенте РК и статусе его депутатов» от 16 октября 1995 года № 2529)

ДЕПУТАТТЫҚ КУӘЛІК ЖӘНЕ ДЕПУТАТТЫҢ ОМЫРАУҒА ТАҒАТЫН БЕЛГІСІ - депутаттың депутаттық куәлігі және депутаттық омырауға тағатын белгісі болады, бұларды оған сайланған депутат ретінде тіркелгеннен кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы береді. Депутат депутаттық куәлік пен омырауға тағатын белгіні өз өкілеттік мерзімі ішінде пайдаланады («ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 ҚР КЗ 35-бап)

ДЕПУТАТСКИЕ ЗАПРОСЫ - депутат маслихата вправе по вопросам, отнесенным к компетенции маслихата, обратиться с официальным письменным запросом к акиму, председателю и члену соответствующей территориальной избирательной комиссии, прокурору и должностным лицам территориальных подразделений центральных государственных органов, исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов, атакже органов местного самоуправления (ст. 1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР - мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚРЗ)

ДЕПУТАТСКИЕ ВОПРОСЫ И ЗАПРОСЫ - официально обращенным на совместном и раздельном заседании Палат Парламента требованием депутата к должностным лицам государственных органов дать насессии Парламента обоснованное разъяснение или изложить позицию по вопросам, входящим в компетенцию этого органа или должностного лица (ст. 27 КЗ РК «О Парламенте РК и статусе его депутатов» от 16 октября 1995 года № 2529)

ДЕПУТАТТЫҚ СҰРАУ САЛУ МЕН САУАЛДАР - парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы («ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 ҚР КЗ 27-бап)

ДЕПУТАТСКАЯ ГРУППА - объединение депутатов для осуществления своих полномочий совместной работы в избирательных округах. В составе депутатской группы должно быть не менее пятнадцати депутатов Парламента (ст. 34 КЗ РК «О Парламенте РК и статусе его депутатов» от 16 октября 1995 года № 2529)

ДЕПУТАТТЫҚ ТОП - депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтеріндегі бірлескен жұмыс үшін құрылатын депутаттар бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында кемінде Парламенттің он бес депутаты болуға тиіс («ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 ҚР КЗ 34-бап)

ДЕРЖАТЕЛЬ ЗАЛОГОВОГО СВИДЕТЕЛЬСТВА - лицо, являющееся залогодержателем зерна в обязательстве, удостоверенном залоговым свидетельством (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)

КЕПІЛ КУӘЛІГІН ҰСТАУШЫ - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 1-бап)

ДЕРЖАТЕЛЬ ЗЕРНОВОЙ РАСПИСКИ - владелец зерна, в случаях совершения на зерновой расписке индоссамента - индоссат (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)

АСТЫҚ ҚОЛХАТЫН ҰСТАУШЫ - астық иесі, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 1-бап)

ДЕРЖАТЕЛЬ ПАЯ - лицо, имеющее лицевой счет в системе реестров держателей паев паевого инвестиционного фонда или системе учета номинального держания и обладающее правами по паям паевого инвестиционного фонда (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)

ПАЙ ҰСТАУШЫ - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға («Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚР3 1-бап)

ДЕРЖАТЕЛЬ СКЛАДСКОГО СВИДЕТЕЛЬСТВА - владелец зерна, обремененного залогом, в случаях совершения на складском свидетельстве индоссамента - индоссат (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)

ҚОЙМА КУӘЛІГІН ҰСТАУШЫ - кепілмен ауыртпалық жасалған астық иесі, қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 1-бап)

ДЕРЖАТЕЛЬ ЦЕННОЙ БУМАГИ - лицо, зарегистрированное в системе реестров держателей ценных бумаг или системе учета номинального держания, а также паевой инвестиционный фонд, обладающие правами по ценным бумагам (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДЫ ҰСТАУШЫ - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлға, сондай-ақ пайлық инвестициялық қор («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ДЕТИ, НАХОДЯЩИЕСЯ В ТРУДНОЙ ЖИЗНЕННОЙ СИТУАЦИИ - дети, жизнедеятельность которых нарушена в результате сложившихся обстоятельств и которые не могут преодолеть данные обстоятельства самостоятельно или с помощью семьи (ст.1 ЗРК «О правах ребенка в РК» от 8 августа 2002 года № 345)

ӨМІРДЕ ҚИЫН АХУАЛҒА ТАП БОЛҒАН БАЛАЛАР - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар («ҚР баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 ҚРЗ 1-бап)

ДЕТИ, НАХОДЯЩИЕСЯ В ТРУДНОЙ ЖИЗНЕННОЙ СИТУАЦИИ - дети, жизнедеятельность которых нарушена в результате сложившихся обстоятельств и которые не могут преодолеть данные обстоятельства самостоятельно или с помощью семьи (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)

ӨМІРДЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ДУШАР БОЛҒАН БАЛАЛАР - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен жеңе алмайтын балалар («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)

ДЕТИ-СИРОТЫ - лица в возрасте до 18 лет, у которых умерли оба или единственный родитель (ст. 4 ЗРК «О детских деревнях семейного типа и Домах юношества» от 13 декабря 2000 года № 113-II)

ЖЕТІМ БАЛАЛАР - ата-анасының екеуі де немесе жалғызілікті шешесі (әкесі) қайтыс болған 18 жасқа дейінгі балалар («Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 113-ІІ ҚРЗ 4-бап)

ДЕТСТВО - правовое состояние лиц, не достигших совершеннолетия (ст. 1 ЗРК «О браке и семье» 17 декабря 1998 года № 321)

БАЛАЛЫҚ ШАҚ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-І ҚРЗ 1-бап)

ДЕТСКАЯ ДЕРЕВНЯ - юридическое лицо, создаваемое в организационно-правовой форме некоммерческой организации для обеспечения прав и законных интересов детей-воспитанников и выполнения функций, установленных Законом РК «О детских деревнях семейного типа и домах юношества» (ст. 12 ЗРК «О детских деревнях семейного типа и домах юношества» от 13 декабря 2000 года № 113)

БАЛАЛАР АУЫЛЫ - тәрбиеленуші балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» ҚР Заңымен белгіленген функцияларды орындау үшін коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға («Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 113 ҚРЗ 12-бап)

ДЕФИЦИТ (ПРОФИЦИТ) БЮДЖЕТА - дефицит (профицит) утвержденного, уточненного и скорректированного республиканского и местных бюджетов равен сумме заимствования за вычетом суммы погашения основной суммы их долга. Полученная величина с положительным знаком является дефицитом, с отрицательным знаком - профицитом утвержденного, уточненного и скорректированного республиканского и местных бюджетов (ст. 21 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)- бекітілген нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасын шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Оң белгімен алынған шама бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, теріс белгі-мен алынған шама - профициті (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 21-бап)

ДЕФОЛТ - невыполнение обязательств по эмиссионным ценным бумагам и иным финансовым инструментам (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ДЕФОЛТ - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің орындалмауы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ В ОБЛАСТИ КУЛЬТУРЫ - деятельность государственных органов, юридических лиц и граждан по созданию, возрождению, сохранению, развитию, распространению и использованию культурных ценностей, а также приобщению к ним граждан (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ - мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөніндегі қызметі («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПОСТАВЩИКА ИНФОРМАЦИИ ПО УЧАСТИЮ В СОЗДАНИИ И ЗАЩИТЕ БАЗЫ ДАННЫХ КРЕДИТНЫХ ИСТОРИЙ - действия поставщика информации по оформлению (обработке), хранению и передаче в кредитные бюро сведений, полученных от субъектов кредитных историй в соответствии с требованиями Закона РК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» (ст. 1 ЗРК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» от 6 июля 2004 года № 573)

АҚПАРАТ БЕРУШІНІҢ КРЕДИТТІК ТАРИХТЫҢ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖАСАУҒА ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ - ақпарат берушінің «ҚР кредиттік бюрорлар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроға беру жөніндегі іс-әрекеттері («ҚР кредиттік бюрорлар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 ҚРЗ 1-бап)

ДИАГНОСТИКА - комплекс медицинских услуг, направленных на установление диагноза заболевания (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)

ДИАГНОСТИКА - аурудың диагнозын қоюға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап)

ДИАСПОРА - часть народа (этническая общность), проживающая вне страны его исторического происхождения (ст. 1 ЗРК «О языках в РК» от 11 июля 1997 года № 151-І)

ДИАСПОРА - өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі (этникалық қауымдастық) («ҚР тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 ҚРЗ 1-бап)

ДИВЕРСИФИКАЦИЯ - размещение пенсионных активов в финансовые инструменты с целью снижения риска их потерь в соответствии с требованиями, установленными уполномоченным органом (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

ДИВЕРСИФИКАЦИЯ - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

ДИВЕРСИФИКАЦИЯ - размещение активов инвестиционного фонда в различные финансовые инструменты и иное имущество с целью снижения риска уменьшения их стоимости (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)

ӘРТАРАПТАНДЫРУ - инвестициялық қор активтерін олардың құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру («Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)

ДИВЕРСИЯ - совершение с целью подрыва безопасности и обороноспособности РК взрыва, поджога или иных действий, направленных на массовое уничтожение людей, причинение вреда их здоровью, разрушение или повреждение предприятий, сооружений, путей и средств сообщения, средств связи, объектов жизнеобеспечения населения, а равно совершение в тех же целях массовых отравлений или распространение эпидемий и эпизоотии (ст. 171 УК РК от 16июля 1997 года № 167)

ДИВЕРСИЯ - ҚР қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 171-бап)

ДИВИДЕНД - доход акционера по принадлежащим ему акциям, выплачиваемый акционерным обществом (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

ДИВИДЕНД - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ДИВИДЕНДЫ - доход, подлежащий выплате по акциям; доход, подлежащий выплате по паям паевого инвестиционного фонда, за исключением дохода по паям при их выкупе управляющей компанией фонда; часть чистого дохода, распределяемого юридическим лицом между его учредителями, участниками; доходы от распределения имущества при ликвидации юридического лица, а также при изъятии учредителем, участником доли участия в юридическом лице, за исключением имущества, внесенного учредителем, участником в качестве вклада в уставный капитал (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

ДИВИДЕНДТЕР - акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиісті табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)

ДИЛЕР - профессиональный участник рынка ценных бумаг, совершающий сделки с эмиссионными ценными бумагами и иными финансовыми инструментами в своих интересах и за свой счет на неорганизованном рынке ценных бумаг и на организованном рынке ценных бумаг с правом прямого доступа к нему (cт. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ДИЛЕР - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушысы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)

ДИПЛОМАТИЧЕСКАЯ СЛУЖБА РК - профессиональная деятельность граждан РК в органах дипломатической службы РК, осуществляемая в соответствии с Конституцией РК, Законом РК «О дипломатической службе», иными нормативными правовыми актами и международными договорами РК (cт. 1 ЗРК «О дипломатической службе РК» от 7 марта 2002 года № 299)

ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ - ҚР Конституциясына, осы Заңға, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын ҚР дипломатиялық қызмет органдарындағы ҚР азаматтарының кәсіби қызметі («ҚР дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299 ҚРЗ 1-бап)

ДИПЛОМАТИЧЕСКИЕ РАНГИ - атташе; третий секретарь; второй секретарь II класса; второй секретарь І класса; первый секретарь II класса; первый секретарь І класса; советник II класса; советник І класса; Чрезвычайный и Полномочный Посланник II класса; Чрезвычайный и Полномочный Посланник І класса; Чрезвычайный и Полномочный Посол (ст. 10 ЗРК «О дипломатической службе РК» от 7 марта 2002 года № 299)

ДИПЛОМАТТЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕР - атташе; үшінші хатшы; II сыныпты екінші хатшы; І сыныпты екінші хатшы; II сыныпты бірінші хатшы; І сыныпты бірінші хатшы; II сыныпты кеңесші; І сыныпты кеңесші; II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл; І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл; Төтенше және Өкілетті Елші («ҚР дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299-ІІ ҚРЗ 10-бап)

ДИСБАЛАНС ЭЛЕКТРОЭНЕРГИИ - отклонение фактической величины производства потребления электрической энергии от величины, утвержденной системным оператором в почасовом суточном графике производства потребления электрической энергии (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТЕҢГЕРІМСІЗДІГІ - электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесіндегі шамадан ауытқуы («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

ДИСКОНТ - процент, взимаемый при учете и переучете векселей до наступления срока платежа (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)

ДИСКОНТ - төлем мерзімі басталғанға дейін вексельдерді есепке алу және қайта есепке алу кезінде алынатын процент («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)

ДИСКОНТ ПО ДОЛГОВЫМ ЦЕННЫМ БУМАГАМ - разница между номинальной стоимостью и стоимостью первичного размещения или стоимостью приобретения долговых ценных бумаг (ст.10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША ДИСКОНТ - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу құны немесе оларды сатып алу құны арасындағы айырма (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

ДИСКРЕДИТАЦИЯ - умышленное действие, направленное на лишение доверия, подрыв, умаление репутации конкурента, его товаров, работ и услуг (ст. 1 ЗРК «О недобросовестной конкуренции» от 9 июня 1998 года № 232)

БЕДЕЛІН ТҮСІРУ - бәсекелесіне деген сенімді жоюға, оның беделіне, оның тауарларының, жұмыстары мен көрсететін қызметтерінің беделіне нұқсан келтіруге, абыройын түсіруге бағытталып қасақана жасалған іс-әрекет («Жосықсыз бәсеке туралы» 1998 жылғы 9 маусымдағы № 232 ҚРЗ 1-бап)

ДИСПАНСЕРИЗАЦИЯ - наблюдение за состоянием здоровья и оказание лечебно-профилактической помощи ВИЧ-инфицированному и больному СПИД в организациях здравоохранения (ст. 1 ЗРК «О профилактике и лечении ВИЧ-инфекции и СПИД» от 5 октября 1994 года № 176)

ДИСПАНСЕРЛЕУ - денсаулық сақтау ұйымдарында АҚТҚ жұқтырған адамның және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастың денсаулық жағдайын байқау және оған емдеу-алдын алу көмегін көрсету («АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алумен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы № 176 ҚРЗ 1-бап)

ДИСПАША - расчет убытков по общей аварии, распределяемых между сторонами, участвующими в перевозке (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

ДИСПАША - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлінетін шығындарының есебі («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

ДИСПАЧ - вознаграждение фрахтователю за окончание погрузки судна до истечения сталийного времени (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

ДИСПАЧ - кемені жалдаушыға кемеге жүк тиеуді сталиялық уақыт біткенге дейін аяқтағаны үшін төленетін сыйақы («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ДИСПАША - расчет убытков и расходов по общей аварии и распределение их между сторонами, участвующими в общем морском предприятии (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

ДИСПАША - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеу және оларды жалпы теңіз кәсіпорнына қатысушы тараптар арасында болу («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ДИСПАШЕРЫ - лица, обладающие знаниями и опытом в области морского права, составляющие расчет по определению диспаши (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

ДИСПАШЕРЛЕР - теңіз құқығы саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны анықтау жөнінде есеп жасайтын тұлғалар («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ДИСПАШЕРЫ - лица, обладающие знаниями и опытом в сфере внутреннего водного транспорта, составляющие расчет по определению диспаши (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

ДИСПАШЕРЛЕР - ішкі су көлігі саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны айқындау жөніндегі есепті жасайтын адамдар («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау