5В031200 «География» мамандықтарына арналған



жүктеу 1,26 Mb.
бет1/7
Дата22.05.2018
өлшемі1,26 Mb.
#16080
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.21/03-2013

«Экологиялық мониторинг және сараптама негізі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым




5В031200 «География » мамандықтарына арналған

«Экологиялық мониторинг және сараптама негізі» пәнінің

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Оқутышының жұмыс оқу бағдарламасы


Семей-2013

ПӘН: «Экологиялық мониторинг және сараптама негізі»

Пәнінің ұғымы мен мәні. Экологиялық нормалау және сараптама негізі сипаттамасы және деңгейлері. ГАЖ - бұл деректер қоры, анықтамалық-ақпараттық жүйе және құбылыстарды зерттеу құралы. Табиғи орталарды ластайтын табиғи және антропогендік көздер.

Жергілікті мониторинг. Ластануды анықтау. Уыттылық, оның дәрежесі және әсері. Суперэкотоксиканттар. Табиғи орта мен тағам өнімдерінің сапалық нормативтері. Шектеулі рауалды мөлшерлер. Атмосфераның төменгі қабаттарындағы ауаның сапасы. Атмосфераның ластануының кешенді көрсеткіші. Ластағыш заттардың шығарылуы. Атмосфераға шығарылатын заттардың түрлері. «Қышқыл жаңбыр» түзілуінің себептері және оның салдары.

Судың сапасын нормалау және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшерлері. Төгінді сулар және олардың құрамы. Суды тазалаудың тәсілдері. Шығарындылар және ластанудың әр түрлеріне арналған байрақшалық сипаттамалар. Таза судың эталоны ретіндегі тау суы.

Топырақтың сапасын нормалау және және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшерлері. Жиынтықты көрсеткіш бойынша топырақтың ластану қатерін бағалау шкаласы. Топырақты санитарлық тұрғыдан қорғау. Топырақтың өзін өзі тазартуы. Тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың шектеулі жол берілген мөлшерлері. Химиялық қосылымдардың уыттылық сипаттамасына байланысты олардың қауіптілік сыныптары. Табиғи ортаға жасалатын антропогендік әсер. Жүйе, экожүйе, геожүйе. Геоэкологиялық жағдай. Резистенттік және серпімді төзімділік. «Экожүйелердің тізбекті реакциялары». Ауыл шаруашылығы өндірісінің, металлургия зауыттарының, тау-кен қазбалау жүмыстарының және басқалардың ландшафттың құрылыстарына әсері.

Жүйелік геоэкологиялық мониторинг. Сукцессия сатылары. Геоэкологиялық мониторинг жүргізу әдістері. Техникалық тектегі өнімдердің табиғи ортада уытсыздануға қабілетін сипаттайтын факторлар.

Ауыр металдар. Ауыр металдармен және бейметалдармен ластану көздері. Әр түрлі кәсіпорындардың табиғи ортаны ауыр металдармен салыстырмалы түрде ластауы. Ірі қалалардың аумағындағы ауыр металдар. Қаланың түрлі бөліктерінің ластануындағы уақыттың, қарқындылықтың ролі.

Пестицидтердің табиғи ортаға әсері. Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі. Тыңайтқыштардың негізгі түрлері - азот, фосфор, калий. Сырттан енгізілген элементтердің қозғалысы, олардың табиғи ортаға әсері.

Мұздықтар жүйелерінің мониторингі. Ыстық елдердің тау мұздықтары -суық тұщы суды сақтайтын өзіндік бір бағалы қор. Гляциологиялық мониторинг.

Топырақ мониторингі. Суарылатын топырақтардың экологиялық өзгерістерінің мониторингі. Топырақ биотасының антропогендік ықпалға жауабының мониторингі. Қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау үшін топырақтың биохимиялық белсенділігін пайдалану. Ормандар мониторингі. Орманның қорғаныс сипаттары. Орман өрттерінің мониторингі жүйесі. Жас ормандарды пайдаланудың экономикалық-экологиял ық теңгерімсізд ігі. Авиациялық мониторинг. Ғарыштық мониторинг. Биосфераның ғаламдық өзгеруіндегі адамның атқаратын рөлі. Өсімдік әлемінің табиғи тіршілік етуінің ғаламшарды тазартудағы атқаратын ролі. Жер шарын қашықтан тексеру. Экологиялық жағдайлардың ғарыштық мониторингі және оларды картаға түсіру жағынан қамтамасыз ету.

Геоақпараттық жүйенің құрылымы. Басқарушылық шешімдерге қолдау көрсету блогы. Ақпараттық іздестіру жүйелері. Экологиялық сараптамалар блогы. Анықтамалық-нормативтік блок. Деректер қоры блогы - аумақтық, қүрылыстық, элементтік және мақсаттық кіріктірумен байланысты пәндік деректердің ішкі жүйесі. Білім қоры блогы - суреттеуге, болжамдар жасауға, оңтайландыруға, картаға түсіруге арналған үлгілердің жиынтығы.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

  2. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

  3. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

  4. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

  5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

  6. Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005

Қосымша:

  1. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы, Жеты Жаргы, 1995.

  2. Голиченков А.К. Экологический контроль: теория и практика правого обеспечения. М: Изд-во МГУ, 1991, 136 с.

  3. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. М: Гидрометеоиздат, 1984.


NOMAD мониторинг жүйесі


Жүйе сипаттамасы
Мониторинг жүйесі стационарлық және ұтқыр объекттерді (жедел жәрдем, өрт, апат, кезекші қызметтері, инкассация және т.б.) бақылауды қамтамасыз ете отырып, күзет-өрт, экологиялық, технологиялық жағдайды бақылау және басқаруды ұйымдастыруға арналған. Ұтқыр объекттерді бақылау кезінде олардың координаталары, жылжу жылдамдығы мен бағыты анықталады. Стационарлық пен ұтқыр объекттердің орналасқан жері электронды картада көрсетіледі. Жүйенің негізінде көп деңгейлі бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтер (БКДҚ) құрылады, олар бір-бірімен тығыз әрекеттесетін қалалық, аудандық, облыстық және республикалық ТЖМ, ІІМ, IӘКi терминалдарынан тұрады. 911 сияқты құтқару қызметінің техникалық жабдықтарын құру үшін де пайдаланыла алады.
Мониторинг жүйесі GPS спутник навигациясы, ұтқыр байланыс (ӨҚТ; GSM, CDMA ұялы стандарттары) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының бірігуіне негізделген қазіргі заманғы техникалық құралдарының негізінде құрылады.

Жүйе кезекші операторға бақыланатын объект қандай жағдайда («Норма», «Апат», «Дабыл», «Күзет», «Шабуыл», т.б.) екендігі туралы ақпаратты кез келген уақытта алуға, оның орналасқан жерін анықтауға және дабыл сигналдары бойынша ең жақын орналасқан әрекет етуші қызметті жіберуге мүмкіндік береді.



Жүйенің ерекшеліктері
Ұтқыр мен стационарлық объекттердің орналасқан жерін электронды картада көрсетіп, олардың жағдайын бақылап тұру;
• Объекттермен және тетіктер арасында байланыс каналының дұрыстығына тұрақты бақылау жасау;
• Объекттердің инженерлік жүйелерін басқару үшін кері байланыс каналының бар болуы;
• жүйенің үлкен ақпараттық сыйымдылығы;
• GSM-де дауыс, GPRS және SMS каналдарын пайдалану;
• қажетті ақпаратты күні, объект нөмірі, оқиға коды, ұйым атауы бойынша тез іздеп табу;
• әрбір объект бойынша кірме жолдар мен ішкі жоспарлардың графикалық суреттерін көрсету;
• салынған сұрауға жауап бермеген немесе тест тапсырмаған объекттер тізімін қалыптастыру;
• хабарларды дыбыспен қосақтау;

Қолданылу саласы
• АЖ басқару мен мониторинг жасаудың көп деңгейлі жүйелері;
• төтенше жағдайларға орай әрекет ету жүйелері;
• бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтер;
• шұғыл жәрдем жүйелері;
• құтқару жүйелері.

 

Жүйенің құрылымы


Жүйенің құрылымының құрамында үш негізгі құрамдас бар: ұтқыр және стационарлық объекттер, мониторинг орталығы және алыстатылған пайдаланушылар.

Ұтқыр объект: теңіз, теміржол, автомобиль көлігі, жаяу патруль, адамдар.

Стационарлық объект: қоймалар, қару-жарақ бөлмелері, зиянды (қауіпті) өндірістер, ТЭЦ, күш беретін қосымша станциялар және электр беретін желілер, ЖҚС, газ, мұнай құбырлары мен қоймалары, адамдар жаппай жинақталатын объекттер, коммуналды шаруашылық объекттері, тұрғын үй және басқа объекттер.

Мониторинг орталығы: алуан түрлі байланыс каналдарын (ӨҚТ, GSM, Интернет) пайдаланатын жабдықтармен және дербес компьютермен жабдықталған «Диспетчер бөлмесі». Басқарушы және мониторингтік бағдарламалық жабдықтау Кезекші оператордың дербес компьютерінде орналасады, ал объекттің жағдайы, оның орналасқан жері, т.б. туралы ақпараты бар сигналдар байланыс каналдарының бірімен келіп түседі.

Алыстатылған пайдаланушылар: алуан түрлі ЖКҚ («01», «02», «03», «04», «051»), іздеу-құтқару қызметтері, күзету кәсіпорындары және т.б.)

Бағдарламалық жабдықтау функциялары
Мониторинг жүйесі алуан түрлі байланыс каналдарын пайдаланып құрылған мәлімет беру жүйелеріне қызмет көрсетуге және кезекші қызметтер диспетчерлерінің жұмысын автоматтандыруға арналған. Бағдарламалық кешен қабылдағыштардан, ретрансляторлардан, GPS/GSM контроллерлерден алынатын ақпаратты өңдейді, дабылды хабарларды бөліп көрсетеді және дерекқорларды жүргізеді. Бағдарламаның құрамына мыналар кіреді: электронды карта түріндегі геоақпараттық жүйе (ГАЖ), кезекші қызмет операторының автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) бағдарламалық модулі және ақпарат алмасу каналдарының бағдарламалық модульдері. Жүйе электронды картаны пайдалана отырып, стационарлық пен ұтқыр объекттердің жағдайына бақылауды бір бағдарламалық модульде жүргізуге жағдай туғызады. Бұл диспетчерге объекттен дабылды сигнал алғанда, объектке қандай әрекет етуші қызмет ең жақын орналасқандығын анықтауға мүмкіндік береді, осының арқасында әрекет ету уақыты барынша азайтылады.

Бағдарламалық кешен мыналарды қамтамасыз етеді:
• болған оқиғаның күнін, уақытын, нөмірін және объект нөмірін көрсетіп, ағымдағы оқиғалардың дерекқорларын жүргізу;
• болған оқиғаның күнін, уақытын, нөмірін және объект нөмірін көрсетіп, соңғы 500 000 оқиғалардың қорларын жүргізу;
• объекттер мен пайдаланушылардың дерекқорларын жүргізу;
• объекттердегі оқиғаларды бақылап тұру және операторға ақпарат ұсыну;
• объекттер мен пайдаланушылардың дерекқорларын редакциялау;
• оператордың талабы бойынша ағымдағы оқиғалардың қорынан оқиғаларды іздеу және басып шығару;

• объектте орнатылған жабдықтардың жағдайын бақылау;


• ДҚ оқиғалар мен талаптар негізінде есептер мен аналитика жасау.

Дерекқор құрамында келесі ақпарат бар:
Объект карточкасы:
• Объект нөмірі;
• объект атауы, объект сипаттамасы;
• топ;
• объект иесі;
• объект мекенжайы;
• жауапты тұлғалар;
• объект жағдайы;
• бақылау аймақтарының сипаттамасы.

Объект туралы динамикалық ақпарат:

• объекттің орналасқан жері;

• объекттердің кіріс-шығыстарының, датчиктерінің жағдайы;

• байланыс каналдарының жағдайы.



Пайдаланушылар карточкасы

• Бағдарламалық жабдықтауға (БЖ) рұқсат алу деңгейі бойынша пайдаланушының құқықтары

• Объекттерге рұқсат алу деңгейі бойынша пайдаланушының құқықтары

• Топ


СЕРВЕР БЖ келесі тапсырмалар кешенін шешеді:

• ДҚ жүргізу;

• Объекттермен өзара әрекеттесу;

АЖО өзара әрекеттесу;

• Басқа БЖ немесе АЖ өзара әрекеттесу;

АЖО ДО (кезекші оператордың жұмыс орны) келесі тапсырмалар кешенін шешеді:

• Объекттер бойынша мәліметтерді енгізу және редакциялау;

• «Дабыл», «Ақпарат», «Қате» және т.б. сигналдарын көрсету және дыбыспен қосақтау;

• бақылау объекттерінің орналасқан жерін және мекенжайын электронды картада көрсету;

• стационарлық және ұтқыр объекттерден алынған шұғыл мәліметтерді (оның ішінде орналасқан жерлерін) көрсету;

• сервердің жағдайын (қосылуын, жұмысқа жарамдылығын) көрсету,

• таңдалынған объекттер бойынша тіркеу мәліметтерін көрсету;

• мәлімет алмасу және тапсыру хаттамасын көрсету;

• командаларды тапсыру хаттамасын көрсету;

• бақылау объекттерінде болған оқиғалар туралы мұрағаттық ақпарат журналын көрсету;

• тіркеу ақпаратының өзгертулерінің хаттамасын көрсету;

• ұтқыр объекттің орын ауыстыруының тарихын электронды картада көрсету;

• объекттердің ағымдағы жағдайын және статистиканы көрсетіп шығару (өңделінген дабылдар, бұзушылықтар саны, т.б.);

• берілген және қабылданған мәліметтер бойынша статистика шығару (қабылданған, жіберілген, жоғалтылған пакеттер, командалар);

• бақылау объекттеріне басқарушы командаларды беру;

• объекттер бойынша есептер мен аналитиканы көрсетіп шығару;



ГАЖ (геоақпараттық жүйе) картамен жұмыс істеудің негізгі функциялары:

• көрсетілетін аймақтың орын ауыстыруы;

• көрсету ауқымын өзгерту;

• картаның көрсету параметрлерін өзгерту;

• электронды картаны кітапханадан таңдап алу;

• картада таңдалынған объект туралы мәлімет алу;

• объектті картадан іздеу;

• объект қозғалысының траекториясы (бағыты);

• картаның пайдаланушылық объекттерін, геоаймақтарды, бағыттарды енгізу;

• көрсетілген жылжымалы объектті қадағалап тұру;

• геоаймақтарды, бағыттарды қадағалап тұру;

• объекттерді көрсетілген мекенжайлар бойынша іздеу;

• нүктелер арасындағы арақашықтықты өлшеу.

Web- сервер және web-клиент келесі тапсырмалар кешенін шешеді:

• «Дабыл», «Ақпарат», «Қате» және т.б. сигналдарын көрсету және дыбыспен қосақтау;

• бақылау объекттерінің орналасқан жерін және мекенжайын электронды картада көрсету;

• стационарлық және ұтқыр объекттерден алынған шұғыл мәліметтерді (оның ішінде орналасқан жерлерін) көрсету;

• таңдалынған объекттер бойынша тіркеу мәліметтерін көрсету;

• мәлімет алмасу және тапсыру хаттамасын көрсету;

• командаларды тапсыру хаттамасын көрсету;

• бақылау объекттерінде болған оқиғалар туралы мұрағаттық ақпарат журналын көрсету;

• ұтқыр объекттің орын ауыстыруының тарихын электронды картада көрсету;

• бақылау объекттеріне басқарушы командаларды беру;



• объекттер бойынша есептер мен аналитиканы көрсетіп шығару.

     




Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

  2. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

  3. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

  4. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

  5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

  6. Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005

Қосымша:

  1. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы, Жеты Жаргы, 1995.

  2. Голиченков А.К. Экологический контроль: теория и практика правого обеспечения. М: Изд-во МГУ, 1991, 136 с.

  3. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. М: Гидрометеоиздат, 1984.

7. © 2011 «НАТ Қазақстан» АҚ ресми сайт. Барлық құқықтар
Корпоративтік өндірістік экологиялық мониторинг жүйесі 

Қоршаған ортаға өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу экологиялық менеджмент жүйесінің негізгі бөлшегі болып табылады.

ҚМГ Стратегиясының ең негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген және ҚМГ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен мақұлданған ҚМГ тиімді Корпоративтік өндірістік экологиялық мониторинг жүйесін құру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2005 жылдан бастап, ҚМГ-нің корпоративтік жауапкершілігінің барлық аумағындағы қоршаған орта жағдайының өзгеруін автоматты режимде бақылау мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша барабар басқарушылық шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету үшін ҚМГ-нің Корпоративтік өндірістік экологиялық мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесі құрылды және жұмыс істеп жатыр.

Осы аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізу жүйесі геоақпараттық технологияларды қолдануға, ғарыштық суреттерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қазіргі заманғы арнайы жабдық пен математикалық бағдарламаларды пайдалануға негізделген және барлық экологиялық деректерді ұдайы жинақтауға, талдауға және қорытуға, сондай-ақ экологиялық жағдайды модельдеуге мүмкіндік береді, бұл үздіксіз жаңартылып отыратын электрондық экологиялық картаны құруға мүмкіндік берді.

2010 жылы геоақпараттық жүйенің жаңа тиімді платформасы негізінде үлкен мүмкіндіктері бар және неғұрлым кең міндеттер шеңберін шешуге мүмкіндік беретін аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесінің жетілдірілген жаңа нұсқасы әзірленді.

ҚМГ аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізуінің негізгі міндеттері:


  • Атмосфералық ауаның ластану көздерін, соның ішінде ілеспе мұнай газын өртеу жөніндегі қолданыстағы шырақты қондырғыларды анықтау;

  • КТҚС мұнай дақтарын және ластану көздерін анықтау;

  • Магистральдық газ және мұнай құбырларының жоғары қауіпті тәуекелді учаскелерін анықтау;

  • Мазутталған аумақтарды анықтау және картаға түсіру, мазутталуды және ірі мұнай қоқысы қоймаларын ауданы бойынша жою серпінін бақылау;

  • КТҚС мұз жағдайын қадағалау;

  • Ақпаратты дерекқорда жүйеге келтіру және сақтау;

  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.

Атап айтылғандай, аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесінің өзекті міндеттерінің бірі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай дақтарын және ластану көздерін, соның ішінде мұнайдың төгілулерін анықтау және дәл математикалық модельдерді пайдаланып жақын арадағы 120 сағатта олардың тарауын болжау болып табылады. Осы міндеттің өзектілігі Мексика шығанағындағы аварияның экологиялық салдары аясында анықтала түседі.

Әзірленген жүйе және қазіргі заманғы технологиялар табиғи және техногендік өрт, мұнай-газ құбырларындағы авариялар сияқты төтенше жағдайларды алыстан зондтау әдістерімен жедел анықтау және мониторинг жүргізу міндеттерінде тиімді пайдаланыла алады.

2010 жылғы 30 маусымда «Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және олардың салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз ету саласында ҚМГ қабылдаған шаралар туралы» баяндама шеңберінде жүйе Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның қаруына ұсынылған және мақұлданған болатын.

Аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесін құру тәжірибесі Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) Жапония мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес Каспий өңірін зерттеу жөніндегі есебіне енгізілді.





жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау