ЦЕЛЕВОЙ МИКРОКРЕДИТ - микрокредит, выданный на условиях его использования заемщиком на определенные цели в соответствии с заключенным договором о предоставлении микрокредита (cт.1 ЗРК «О микрокредитных организациях» от 6 марта 2003 года № 392)
|
МАҚСАТТЫ МИКРОКРЕДИТ - қарыз алушыға микро кредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгілі бір мақсаттарға пайдалану талаптарымен берілген микрокредит («Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы № 392-II ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕЛЕВЫЕ ГРУППЫ - группы лиц, установленные Законом РК «О занятости населения», как испытывающие затруднения в трудоустройстве и требующие социальной защиты (ст.1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149-II ЗРК)
|
НЫСАНАЛЫ ТОПТАР - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңмен белгіленген адамдар топтары («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕЛЕВЫЕ ТЕКУЩИЕ ТРАНСФЕРТЫ - целевыми текущими трансфертами являются трансферты, передаваемые вышестоящими бюджетами в нижестоящие в пределах сумм, утвержденных в республиканском или областном бюджете, для реализации отдельных текущих бюджетных программ, не учитываемых при расчете бюджетных изъятий (бюджетных субвенций) (ст. 43 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
АҒЫМДАҒЫ НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕР - жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алып қоюларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезінде ескерілмейтін сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 43-бап)
|
ЦЕЛЕВЫЕ ТРАНСФЕРТЫ НА РАЗВИТИЕ - трансферты, передаваемые вышестоящими бюджетами в нижестоящие в пределах сумм, утвержденных в республиканском или местных бюджетах, для: реализации местных бюджетных инвестиционных проектов (программ), предлагаемых местными исполнительными органами, на основе государственных и отраслевых (секторальных) программ или региональных программ; выполнения нижестоящими органами государственного управления мероприятий стратегических, среднесрочных программ и планов развития республики, относящихся к компетенции вышестоящих органов государственного управления, направленных на получение экономических выгод или достижение социально-экономического эффекта (ст.44 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
ДАМУҒА АРНАЛҒАН НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕР - жоғары тұрған бюджеттер: мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалар немесе өңірлік бағдарламалар негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру; республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарының құзыретіне жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шараларын төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарының орындауы үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 44-бап)
|
ЦЕЛЬ ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ В РАСТЕНИЕВОДСТВЕ - обеспечение защиты имущественных интересов производителя продукции растениеводства от последствий неблагоприятных природных явлений посредством осуществления страховых выплат в случаях, размере и порядке, предусмотренных Законом РК «Об обязательном страховании в растениеводстве»; создание условий для кредитования производителей продукции растениеводства под залог застрахованных посевов; содействие в повышении эффективности программ государственной поддержки растениеводства (ст. 4 ЗРК «Об обязательном страховании в растениеводстве» от 10 марта 2004 года № 533)
|
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҚСАТЫ - өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау; өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қол-дау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады («Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 ҚРЗ 4-бап)
|
ЦЕЛЬ ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ВЛАДЕЛЬЦЕВ ОБЪЕКТОВ - целью обязательного страхования ответственности владельцев объектов является обеспечение защиты имущественных интересов третьих лиц, жизни, здоровью и (или) имуществу которых причина вред в результате аварии на объекте, деятельность которого связана с опасностью причинения вреда третьим лицам, посредством осуществления страховых выплат (ст.4 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев объектов, деятельностъ которых связана с опасностью причинения вреда третьим лицам» от 7 июля 2004 года № 580)
|
ОБЪЕКТІЛЕР ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҚСАТЫ - объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады («Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580 ҚРЗ 4-бап)
|
ЦЕЛЬ ОЦЕНОЧНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - определение возможной рыночной или иной стоимости объекта оценки (ст.2 ЗРК «Об оценочной деятельности в РК» от 30 ноября 2000 года № 109)
|
БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау («ҚР бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-II ҚРЗ 2-бап)
|
ЦЕЛЬ БЮДЖЕТНОЙ ПРОГРАММЫ - определенный конечный результат, который должен быть достигнут при выполнении бюджетной программы. Цель бюджетной программы должна быть четкой, реалистичной и достижимой. Цель бюджетной программы разбивается на отдельные задачи, которые представляют собой пути достижения цели бюджетной программы. Индикаторы должны соответствовать цели и быть легко исчисляемыми (ст.33 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ - бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс. Бюджеттік бағдарламаның манаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің жолдары болып табылады. Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетін болуға тиіс (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 33-бап)
|
ЦЕНА РАЗМЕЩЕНИЯ - цена акции, определяемая при размещении акций на первичном рынке ценных бумаг (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)
|
ОРНАЛАСТЫРУ БАҒАСЫ - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырған кезде акцияның белгіленетін бағасы («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕНОВАЯ ИНТЕРВЕНЦИЯ - проводимые по решшию Правительства РК мероприятия по реализации государством сельскохозяйственной продукции на внутреннем рынке по фиксированным ценам из государственных ресурсов, осуществляемые в целях стабилизации внутреннего рынка в случае повышения рыночных цен на данную продукцию выше уровня средней годовой рыночной цены, сложившейся за предыдущий календарный год с учетом уровня инфляции, определенного в среднесрочном плане социально-экономического развития (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
БАҒА ИНТЕРВЕНЦИЯСЫ - ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтық бағасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып орташа мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында белгіленген, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық баға деңгейінен артып кеткен жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің осы өнімді мемлекеттік ресурстардан тіркелген бағалар бойынша ішкі нарықта өткізу жөніндегі ҚР Yкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕНТРЫ ПОДДЕРЖКИ МАЛОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА - юридические лица, осуществляющие обучение, информационное обеспечение, оказание консультационных и маркетинговых услуг, проведение экономической и технологической эскпертизы проектов субъектов малого предпринимательства (ст.1 ЗРК «О частном предпринимательстве от 31 января 2006 года № 124)
|
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕНЗУРА - предварительное согласование сообщений и материалов средствами массовой информации с государственными органами, должностными лицами и иными организациями по их требованию или по иным основаниям с целью ограничения или наложения запрета на распространение сообщений и материалов либо их отдельных частей (ст.1 ЗРК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года № 451)
|
ЦЕНЗУРА - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негіздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөліктерін таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келісу («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕННАЯ БУМАГА - совокупность определенных записей и других обозначений, удостоверяющих имущественные права (ст. 129 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ - мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 129-бап)
|
ЦЕННАЯ БУМАГА - совокупность определенных записей и других обозначений, удостоверяющих имущественные права (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ - мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕННЫЕ БУМАГИ - акции, долговые ценные бумаги, производные ценные бумаги и иные объекты имущественного права, признанные ценными бумагами в соответствии с законодательством РК (ст.1 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және ҚР Заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)
|
ЦЕНТР ВРЕМЕННОГО РАЗМЕЩЕНИЯ - место временного пребывания лиц и членов их семей, ходатайствующих о признании их оралманами на территории РК (ст.1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204-І)
|
УАҚЫТША ОРНАЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ - өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың және олардың отбасылары мүшелерінің ҚР аумағында уақытша болуына арналған орын (Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ ТОРГОВЛЯ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЭНЕРГИЕЙ - сделки по купле-продаже электрической энергии, осуществляемые субъектами оптового рынка электрической энергии в электронной системе торговли на добровольной основе, за исключением случаев, установленных Законом РК «Об электроэнергетике» (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САУДАСЫ - «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕНТРАЛИЮВАННОЕ ОПЕРАТИВНО-ДИСПЕТЧЕРСКОЕ УПРАВЛЕНИЕ - осуществляемый системным оператором процесс непрерывного управления технически согласованной работой энергопроизводящих, энергопередающих, энергоснабжающих организаций и потребителей электрической энергии, обеспечивающий нормативный уровень надежности единой электроэнергетической системы РК и соблюдение нормативного качества электрической энергии (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ОРАЛЫМДЫ-ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУ - жүйелік оператор жүзеге асыратын ҚР біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ДЕПОЗИТАРИЙ - специализированная некоммерческая организация, основной функцией которой является осуществление депозитарной деятельности (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ОРТАЛЫҚ ДЕПОЗИТАРИЙ - негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЦИКЛ НУЛЕВОЙ - комплекс строительно-монтажных работ по строительству частей жилого здания, расположенных ниже условной проектной отметки, принимаемой за ноль (ст.1 ЗРК «О долевом участии в жилищном строительстве» от 7 июля 2006 года № 180)
|
НӨЛДІК ЦИКЛ - тұрғын жайдың нөл деп алынатын, шартты жобалық белгіден төмен орналасқан бөліктерін салу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешені («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 ҚРЗ 1-бап)
|
ЦИРКУЛЯЦИОННЫЕ МОНЕТЫ - монеты, изготовленные из недрагоценных металлов и предназначенные для наличного денежного обращения (ст. 42 ЗРК «О Национальном Банке РК» от 30 марта 1995 года № 2155)
|
АЙНАЛЫСТАҒЫ МОНЕТАЛАР - қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар (ҚР Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 ҚРЗ 42-бап)
|
ЦЕССИЯ - уступка требования в обязательстве в соответствии с гражданским законодательством (п.п.н.з ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)
|
ЦЕССИЯ - азаматтық заңдарға сәйкес міндеттемедегі талаптарды азайту («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)
|