разжигание религиозной вражды или розни, в том числе связанной с насилием или призывами к насилию, а также применение любой религиозной практики, вызывающей угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности или правам и свободам граждан (религиозный экстремизм) (ст.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года №31)
ЭКСТРЕМИЗМ - жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың атынан іс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: ҚР конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметті күштеп ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құралымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмді); нәсілдік, ұлттық және рулық алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмді); діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдануды (діни экстремизмді) көздейтін іс-әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауы («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭКСТРЕМИСТСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, объединение физических и (или) юридических лиц, осуществляющие экстремизм и признанные судом экстремистскими (ст.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31)
|
ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ - экстремизмді жүзеге асыратын және сот экстремистік деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігі («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭКСТРЕМИСТСКИЕ ДЕЙСТВИЯ - непосредственная реализация действий в экстремистских целях, включая публичные призывы к совершению таких действий, пропаганду, агитацию и публичное демонстрирование символики экстремистских организаций (ст.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31)
|
ЭКСТРЕМИСТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР - экстремистік мақсаттағы іс-әрекеттер жасауға шақыратын жария үндеулерді, экстремистік ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшілікке көрсетуді қоса алғанда, осындай іс-әрекеттерді тікелей іске асыру («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭКСТРЕМИСТСКИЕ МАТЕРИАЛЫ - любые предназначенные для обнародования или распространения документы либо информация на иных носителях, призывающие к осуществлению экстремистских действий либо обосновывающие или оправдывающие необходимость их совершения (cт.1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31)
|
ЭКСТРЕМИСТІК МАТЕРИАЛДАР - экстремистік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шақыратын не оларды жасау қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын, жария етуге немесе таратуға арналған кез келген құжат не өзге де жеткізушілердегі ақпарат («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭКСЦЕСС СОУЧАСТНИКА ПРЕСТУПЛЕНИЯ - совершение лицом преступления, не охватывающегося умыслом других соучастников (ст.30 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛЫҒЫ - қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 30-бап)
|
ЭЛЕКТРИЧЕСКАЯ СВЯЗЬ (ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ)- передача или прием знаков, сигналов, голосовой информации, письменного текста, изображений, звуков по проводной, радио-, оптической и другим электромагнитным системам (ст.2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ (ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
ЭЛЕКТРИЧЕСКОЕ ОРУЖИЕ - специальное приспособление, применение которого основано на действии электрического разряда (ст.1 «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339-І)
|
ЭЛЕКТРЛІ ҚАРУ - қолданылуы электр разрядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕКТРОННАЯ ТОРГОВЛЯ - электронная торговля осуществляется путем заключения торговых сделок на основе соглашения (договора) участников электронной торговли на куплю-продажу товаров с использованием электронных средств связи. Защита прав и законных интересов участников электронной торговли осуществляется в порядке, предусмотренном для субъектов торговой деятельности (ст. 29 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА - электрондық сауда оған қатысушылардың келісімі (шарты) негізінде электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмілесін жасасу арқылы жүзеге асырылады. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау сауда қызметінің субъектілері үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 29-бап)
|
ЭЛЕКТРОННАЯ УСЛУГА - предоставление физическим и юридическим лицам информационных, интерактивных и транзакционных услуг с применением информационных технологий (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕКТРОННАЯ ЦИФРОВАЯ ПОДПИСЬ - набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания (ст.1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года № 370)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕКТРОННАЯ ЦИФРОВАЯ ПОДПИСЬ - набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания (ст.7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
|
«ЭЛЕКТРОННОЕ ПРАВИТЕЛЬСТВО» - механизм функционирования государственных органов по предоставлению электронных услуг (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» - мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕКТРОННЫЕ ИНФОРМАЦИОННЫЕ РЕСУРСЫ - информация, хранимая в электронном виде (информационные базы данных), содержащаяся в информационных системах (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР - электрондық түрде сақталатын (ақпараттық деректер қоры), ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
«ЭЛЕКТРОННЫЙ АКИМАТ» - механизм функционирования местных исполнительных органов по предоставлению электронных услуг (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘКІМДІК» - жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕКТРОННЫЙ ДОКУМЕНТ - документ, в котором информация предоставлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи (ст.7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
|
ЭЛЕКТРОННЫЙ ДОКУМЕНТ - документ, в котором информация представлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи (cт.1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года № 370)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қол таңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕКТРОННЫЙ ДОКУМЕНТ НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКА - документ, составленный и переданный в установленном электронном формате, удостоверенный электронной цифровой подписью налогоплательщика, после его приема и подтверждения аутентичности (ст.10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТЫ - белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)
|
ЭЛЕКТРОННЫЙ МОНИТОРИНГ - форма мониторинга управления организацией с предоставлением информации в форме электронного документа, заверенного электронной цифровой подписью (cт.1 3PK «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ МОНИТОРИНГ - ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында беретін ұйымды басқару мониторингінің нысаны («Қазақстан Инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА - сфера производства, передачи и использования электрической и тепловой энергии (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ - электр немесе жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну саласы («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛЕМЕНТЫ ФИНАНСОВОЙ ОТЧЕТНОСТИ - элементами финансовой отчетности, связанными с оценкой финансового положения, являются активы, обязательства и капитал (ст.13 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЭЛЕМЕНТТЕРІ - активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады («Бухгалтерлік есепке алумен қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 13-бап)
|
ЭЛИТАРНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ - образование, получаемое по образовательным программам, реализуемым в специализированных организациях образования для особо одаренных граждан (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
ЭЛИТАРЛЫҚ БІЛІМ - ерекше дарынды азаматтар үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛИТНЫЕ СЕМЕНА - семена сельскохозяйственных растений, которые получены от оригинальных или супер-элитных семян и соответствуют требованиям законодательства РК о семеноводстве (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ЭЛИТАЛЫҚ ТҰҚЫМДАР - ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе супер элиталық тұқымнан алынған және ҚР тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдары («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)
|
ЭЛИТНО-СЕМЕНОВОДЧЕСКОЕ ХОЗЯЙСТВО - хозяйствующий субъект, аттестованный местным исполнительным органом области (города республиканского значения, столицы), осуществляющий производство и реализацию элитных семян (ст.1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ЭЛИТАЛЫҚ ТҰҚЫМ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)
|
ЭМБЛЕМА И ОТЛИЧИТЕЛЬНЫЕ ЗНАКИ МЕДИЦИНСКОЙ СЛУЖБЫ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ РК - геральдический знак красного полумесяца на белом фоне (ст.1 ЗРК «Об эмблеме и отличительном знаке медицинской службы Вооруженных Сил РК» от 14 декабря 2001 года № 268)
|
ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫМ БЕЛГІСІ - ақ түс аясындағы қызыл жарты ай геральдикалық белгісі («ҚР Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы мен айырым белгісі туралы» 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 268-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЭМБРИОН - зародыш, развивающийся из оплодотворенной яйцеклетки (ст.1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)
|
ЭМБРИОН - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭМИГРАНТЫ - граждане РК, выезжающие в другое государство для постоянного или временного проживания (cт.1 ЗРК «О миграции насеения» от 13 декабря 1997 года № 204-І)
|
КӨШІП КЕТУШІЛЕР - ҚР басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭМИГРАЦИЯ - выезд граждан РК в другое государство для постоянного или временного проживания (cт.1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204-І)
|
КӨШІП КЕТУ - ҚР азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭМИССИОННЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - ценные бумаги, обладающие в пределах одного выпуска однородными признаками и реквизитами, размещаемые и обращающиеся на основании единых для данного выпуска условий (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ЭМИССИОННЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЭМИССИИ В ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ - выбросы, сбросы загрязняющих веществ, размещение отходов производства и потребления в окружающей среде, вредные физические воздействия (ст.1 ЗК РК от 9 января 2007 года № 212)
|
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАР - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
ЭМИССИОННЫЙ КОНСОРЦИУМ - объединение андеррайтеров, созданное на основе договора о совместной деятельности в целях оказания услуг эмитенту по выпуску и размещению эмиссионных ценных бумаг (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ЭМИССИЯЛЫҚ КОНСОРЦИУМ - андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЭМИТЕНТ - лицо, осуществляющее выпуск эмиссионных ценных бумаг (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ЭМИТЕНТ - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ ЦЕННОСТЬ ПИЩЕВОГО ПРОДУКТА - количество энергии, высвобождаемой в организме человека из пищевых продуктов, обеспечивающей физиологические функции (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)
|
ТАМАҚ ӨНІМІНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - физиологиялық функцияларды қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінен адам организмінде бөлінетін қуаттың мөлшері («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРТИЗА - экспертиза, проводимая в области электроэнергетики по действующим объектам, проектам реконструируемых, модернизируемых и вновь строящихся объектов, при расследовании технологических нарушений и аварий на энергетическом оборудовании в электрических и тепловых сетях, а также в случаях производственного травматизма на них, на соответствие нормативным правовым актам РК (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САРАПТАМА - жұмыс істеп тұрған объектілер қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылыстар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНЕРГОПЕРЕДАЮЩАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, осуществляющая на основе договоров передачу электрической или тепловой энергии (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ЭНЕРГИЯ БЕРУШІ ҰЙЫМ - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНЕРГОПРОИЗВОДЯЩАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, осуществляющая производство электрической и (или) тепловой энергии (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУШІ ҰЙЫМ - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНЕРГОСБЕРЕГАЮЩИЕ ТЕХНОЛОГИИ, ОБОРУДОВАНИЕ И МАТЕРИАЛЫ - технологии, оборудование и материалы, позволяющие повысить эффективность использования топливно-энергетических ресурсов по сравнению с достигнутым уровнем (ст.1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210-І)
|
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ, ЖАБДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРЫ - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар, жабдықтар мен материалдар («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЕ - деятельность (организационная, научная, практическая, информационная), направленная на рациональное и экономное использование топливно-энергетических ресурсов (cт.1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210-І)
|
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық қызмет) («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНЕРГОСНАБЖАЮЩАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, осуществляющая продажу потребителям произведенной и (или) купленной электрической и (или) тепловой энергии (cт.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ҰЙЫМ - өндірілген және (немесе) сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЭНТОМОФИЛЬНЫЕ РАСТЕНИЯ - растения, опыляемые насекомыми (cт. 1 ЗРК «О пчеловодстве» от 12 марта 2002 года № 303)
|
ЭТНОФИЛЬДІ ӨСІМДІКТЕР - насекомдармен тозаңданатын өсімдіктер («Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы № 303-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЭПИДЕМИЯ - массовое распространение инфекционного заболевания, значительно превышающее обычно регистрируемый уровень заболеваемости (ст.1 ЗРК « О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)
|
ІНДЕТ - жұқпалы аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары жаппай таралуы («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап)
|
ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИЗНАЧИМЫЕ ОБЪЕКТЫ - объекты, производимая продукция и (или) деятельность которых при нарушении требований законодательства РК в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения может привести к возникновению пищевых отравлений и вспышек инфекционных заболеваний среди населения (cт.1 3PK «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)
|
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ОБЪЕКТІЛЕР - шығаратын өнімі және (немесе) қызметі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ҚР заңдарының талаптары бұзылған жағдайда халық арасында тамақтан уланулардың және жұқпалы аурулар таралуының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін объектілер («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап)
|