ХЕДЖИРОВАНИЕ- защита имущественных интересов от рисков при изменении цен, обменных курсов, ставок вознаграждения или иных возможных показателей, от состояния которых зависит возникновение доходов или убытков субъектов рынка ценных бумаг, путем совершения сделок с финансовыми инструментами (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ХЕДЖИРЛЕУ - мүліктік мүдделерді жай-күйі қаржы құралдарымен мәміле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің кірістері мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден қорғау («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)
|
ХИРУРГИЧЕСКАЯ СТЕРИЛИЗАЦИЯ - хирургическая операция, в результате которой женщина или мужчина утрачивают репродуктивную способность (ст.1 ЗРК «О репродуктивных правах граждан и гарантиях их осуществления» от 16 июня 2004 года № 565)
|
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯЛАУ - нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция («Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы № 565 ҚРЗ 1-бап)
|
ХИЩЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ, ИМЕЮЩИХ ОСОБУЮ ЦЕННОСТЬ - хищение предметов или документов, имеющих особую историческую, научную, художественную или культурную ценность, независимо от способа хищения (ст.180 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
ЕРЕКШЕ ҚҰНДЫ ЗАТТАРДЫ ҰРЛАУ - ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсіліне қарамастан (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 180-бап)
|
ХЛЕБОПРИЕМНОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ - юридическое лицо, имеющее на праве собственности зернохранилище (элеватор, хлебоприемный пункт), на котором осуществляется хранение зерна (ст.1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)
|
АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРНЫ - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 1-бап)
|
ХОДАТАЙСТВО - просьба стороны или заявителя, обращенная к органу, ведущему уголовный процесс (ст.7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ӨТІНІШ ЖАСАУ - тараптың немесе мәлімдеушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға арналған өтініші (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
ХОЗЯЙСТВЕННОЕ ТОВАРИЩЕСТВО - коммерческая организация с разделенным на доли (вклады) учредителей (участников) уставным капиталом. Имущество, созданное за счет вкладов учредителей (участников), а также произведенное и приобретенное хозяйственным товариществом в процессе его деятельности, принадлежит товариществу на праве собственности (ст.58 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 58-бап)
|
ХОЗЯЙСТВЕННОЕ ТОВАРИЩЕСТВО - коммерческая организация, являющаяся юридическим лицом, с разделенным на вклады (доли) учредителей (участников) уставным капиталом, имеющая в качестве основной цели своей деятельности извлечение прибыли (ст.1 ЗРК «О хозяйственных товариществах» от 2 мая 1995 года № 2255)
|
ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым («Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 ҚРЗ 1-бап)
|
ХОЗЯЙСТВЕННО-ПИТЬЕВЫЕ ПОДЗЕМНЫЕ ВОДЫ - подземные воды, по своему качеству в естественном состоянии или после обработки отвечающие нормативным требованиям и предназначенные для питьевых и бытовых нужд человека либо производства питьевой продукции (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
ЖЕРАСТЫ ШАРУАШЫЛЫҚ-АУЫЗ СУЛАРЫ - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ХОЗЯЙСТВЕННЫЕ АВТОМОБИЛЬНЫЕ ДОРОГИ - автомобильные дороги на территории хозяйствующих субъектов, обслуживающие их производственно-хозяйственные перевозки, подъезды к ним от автомобильных дорог общего пользования, внутрихозяйственные дороги сельскохозяйственных организаций, служебные, патрульные и частные автомобильные дороги (ст.3 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)
|
ШАРУАШЫЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАР - шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтіқ, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II ҚРЗ 3-бап)
|
ХОЗЯЙСТВУЮЩИЕ СУБЪЕКТЫ, ОСУЩЕСТВЛЯЮЩИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ В ОБЛАСТИ СВЯЗИ - операторы связи, владельцы специальных, ведомственных и корпоративных сетей телекоммуникаций, отдельного коммутационного оборудования, подключаемого к сети телекоммуникаций общего пользования, владельцы радиоэлектронных средств, являющиеся пользователями радиочастотным спектром (ст.2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпорациялық телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелері («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
ХОЛОДНОЕ ОРУЖИЕ - оружие, у которого средство непосредственного поражения цели приводится в действие с помощью мускульной силы человека (ст.1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339)
|
СУЫҚ ҚАРУ - нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 ҚРЗ 1-бап)
|
ХРАНЕНИЕ - временное размещение в специально подготовленных местах (в том числе в специальных контейнерах) радиоактивных веществ и радиоактивных отходов, предполагающее возможность их извлечения для использования, переработки или захоронения (ст.1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-І)
|
САҚТАУ - радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды пайдалану, қайта өңдеу немесе көму үшін қайтарып алу мүмкіндігін көздей отырып, оларды арнайы дайындалған жерлерге (соның ішінде арнаулы контейнерлерге) уақытша орналастыру («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)
|
ХРАНЕНИЕ ЗЕРНА - технологический комплекс услуг, осуществляемый на зернохранилище (элеваторе, хлебоприемном пункте), включающий приемку, взвешивание, сушку, очистку, хранение и отгрузку зерна (ст.1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)
|
АСТЫҚТЫ САҚТАУ - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 1-бап)
|
ХРАНЕНИЕ ОТХОДОВ - складирование отходов в специально отведенных местах в целях их последующего безопасного удаления (ст.1 ЭКРК от 9 января 2007 года № 212)
|
ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында оларды арнайы бөлінген жерлерде жинап қою (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
ХРАНЕНИЕ ЭТИЛОВОГО СПИРТА И АЛКОГОЛЬНОЙ ПРОДУКЦИИ - размещение (складирование) этилового спирта и алкогольной продукции в складских помещениях (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429)
|
ЭТИЛ СПИРТІ МЕН АЛКОГОЛЬ ӨНІМІН САҚТАУ - этил спирті мен алкоголь өнімін қойма үй-жайларда орналастыру (қоймада жинау) («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап)
|
ХУДОЖЕСТВЕННЫЕ ЦЕННОСТИ - произведения культуры и искусства, созданные в результате творческой деятельности (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)
|
КӨРКЕМ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет және өнер туындылары («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)
|
ХУЛИГАНСТВО, СОВЕРШЕННОЕ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ - мелкое хулиганство или хулиганство, предусмотренное частью первой статьи 257 Уголовного кодекса РК, совершенное несовершеннолетним в возрасте от четырнадцати до шестнадцати лет (ст. 331 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155)
|
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ЖАСАҒАН БҰЗАҚЫЛЫҚ - он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының бірінші бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 331-бап)
|