Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет116/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124

 

ФАКТИЧЕСКИЙ ПЕРЕВОЗЧИК - перевозчик, фактически осуществляющий перевозку пассажира, багажа и груза или их часть (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

НАҚТЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ - жолаушыны, багаж бен жүкті немесе оның бір бөлігін тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ФАКТОРЫ СРЕДЫ ОБИТАНИЯ - биологические, химические, физические, социальные и иные факторы среды обитания, которые оказывают или могут оказывать воздействие на человека и (или) на состояние здоровья будущих поколений (ст.1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

ТІРШІЛІК ЕТУ ОРТАСЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ - тіршілік ету ортасының адамға және (немесе) келешек ұрпақ денсаулығының жай-күйіне әсер ететін немесе әсер ете алатын биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтік және өзге де факторлары («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

ФАЛЬСИФИЦИРОВАННАЯ СОЛЬ - соль, заведомо и умышленно измененная (подделанная) и (или) имеющая скрытые свойства и качества, информация о которой является заведомо недостоверной или неполной (ст. 1 ЗРК «О профилактике йододефицитных заболеваний» от 14 октября 2003 года № 489)

ЖАЛҒАН АС ТҰЗЫ - көрінеу және қасақана өзгертілген (қолдан жасалған) және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын жасырын қасиеттері мен сапасы бар тұз («Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы № 489-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ФАЛЬСИФИЦИРОВАННОЕ ЛЕКАРСТВЕННОЕ СРЕДСТВО - лекарственное средство, не соответствующее по составу, свойствам и другим характеристикам оригиналу или воспроизведенному лекарственному средству (генерику) изготовителя, противоправно и преднамеренно снабженное поддельной этикеткой (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ЖАЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТ - құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары бойынша түпнұсқаға немесе дайындаушының қайта өндірілген дәрілік затына (генерикке) сәйкес келмейтін, заңға қайшы және әдейі қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрілік зат («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚР3 1-бап)

ФАЛЬСИФИЦИРОВАННЫЕ ПИЩЕВЫЕ ПРОДУКТЫ, МАТЕРИАЛЫ И ИЗДЕЛИЯ - пищевые продукты, материалы и изделия, заведомо и умышленно измененные (поддельные) и (или) имеющие скрытые свойства и качества, информация о которых является заведомо недостоверной или неполной (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)

ЖАЛҒАН ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ, МАТЕРИАЛДАРМЕН БҰЙЫМДАР - көрінеу және қасақана өзгертілген (қолдан жасалған) және (немесе) олар туралы ақпарат көрінеу сенімсіз немесе толық емес болып табылатын жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдар («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі№ 543 ҚРЗ 1-бап)

ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ- деятельность, осуществляемая в области здравоохранения, включающая обеспечение безопасности, эффективности и качества лекарственных средств, производство, изготовление, уничтожение и реализацию (распределение) лекарственных средств (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етуді, дәрілік заттардың өндірісін, жасалуын, жойылуын және өткізілуін (бөлінуін) қамтитын қызмет («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ФАРМАКОЛОГИЧЕСКОЕ СРЕДСТВО - биологически активное вещество или смесь биологически активных веществ с установленной специфической фармакологической активностью, являющиеся объектом клинических испытаний (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТ - өзіндік белгіленген фармакологиялық белсенділігі бар, клиникалық сынау объектісі болып табылатын биологиялық белсенді зат немесе биологиялық белсенді заттар қоспасы («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ФАРМАКОПЕЙНАЯ СТАТЬЯ - докумет, устанавливающий комплекс требований к лекарственным средствам, показателям и методам их испытаний (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ФАРМАКОПЕЯЛЫҚ ҚҰЖАТ - дәрілік заттарға, оларды сынау көрсеткіштері мен әдістеріне қойылатын талаптардың кешенін белгілейтін құжат («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ФЕЛЬДЪЕГЕРСКАЯ СВЯЗЬ - вид правительственной курьерской связи, обеспечивающий прием, сохранность, перевозку и доставку корреспонденции государственных органов, в том числе сведений, составляющих государственные секреты (ст.2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ФЕЛЬДЪЕГЕРЛІК БАЙЛАНЫС - мемлекеттік органдардың хат-хабарларын, соның ішінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз ететін үкіметтік курьерлік байланыстың түрі («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ФИЗИЧЕСКАЯ ЗАЩИТА ЯДЕРНЫХМ АТЕРИАЛОВ И ЯДЕРНЫХ УСТАНОВОК - единая система организационных и технических мер, направленных на предотвращение несанкционированного доступа лиц к ядерным материалам и установкам (ст.1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-І)

ЯДРОЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН ЯДРОЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚОРҒАУ - адамдардың ядролық материалдар мен қондырғыларға рұқсатсыз қол жеткізуіне жол бермеуге бағытталған ұйымдық және техникалық шаралардың біртұтас жүйесі («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)

ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА - неотъемлемая часть культуры, область социальной деятельности, представляющая собой совокупность духовных и материальных ценностей, создаваемых и используемых обществом в цепях физического развития человека, укрепления его здоровья, способствующая гармоничному развитию личности (ст.1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - мәдениеттің ажырамас бөлігі, қоғам адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І ҚРЗ 1-бап)

ФИЗИЧЕСКИЕ И (ИЛИ) ЮРИДИЧЕСКИЕ ЛИЦА ПО ОКАЗАНИЮ УСЛУГ ПО ВОСПРОИЗВОДСТВУ ЖИВОТНЫХ - физические и (или) юридические лица, аттестованные местным исполнительным органом области (города республиканского значения, столицы), оказывающие услуги по воспроизводству животных (ст.1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)

МАЛДЫ ӨЗ ТӨЛІНЕН ӨСІРУ ЖӨНІНДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖЕКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР - облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)

ФИЗИЧЕСКИЕ ЛИЦА - граждане РК, граждане других государств, а также лица без гражданства (ст. 12 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР - ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 12-бап)

ФИЗИЧЕСКИЕ ЛИЦА ПО ОКАЗАНИЮ УСЛУГ ПО ОПРЕДЕЛЕНИЮ ПЛЕМЕННОЙ ЦЕННОСТИ ЖИВОТНЫХ - физические лица, прошедшие аттестацию в местном исполнительном органе области (города республиканского значения, столицы) (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)

МАЛДЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ЖӨНІНДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында аттестаттаудан өткен жеке тұлғалар («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)

ФИЗИЧЕСКИЙ НЕДОСТАТОК - стойкое нарушение развития и (или) функционирования органа (органов), требующее длительной социальной, медицинской и коррекционно-педагогической поддержки (ст.1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)

ДЕНЕ КЕМІСТІГІ - ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ФИЗИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ - педагогический процесс, направленный на формирование здорового, физически и духовно совершенного, морально стойкого подрастающего поколения, укрепление здоровья, повышение работоспособности, творческого долголетия и продления жизни человека (ст.1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ - дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І ҚРЗ 1-бап)

ФИЗКУЛЬТУРНОЕ (ФИЗКУЛЬТУРНО-СПОРТИВНОЕ) ДВИЖЕНИЕ - форма социального движения, содействующая повышению уровня физической культуры населения, целенаправленной деятельности государственных и общественных организаций, граждан по развитию физической культуры и спорта (ст.1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ (ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ) ҚОЗҒАЛЫСЫ - халықтың дене шынықтыру деңгейін арттыруға, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі нысаналы қызметіне жәрдемдесетін әлеуметтік қозғалыс нысаны («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І ҚРЗ 1-бап)

ФИЗКУЛЬТУРНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЕ, СПОРТИВНЫЕ И СПОРТИВНО-ТЕХНИЧЕСКИЕ СООРУЖЕНИЯ - объекты, предназначенные для занятий граждан физическими упражнениями, спором и проведения спортивных зрелищных мероприятий (ст.1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРЫ - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткізуге арналған объектілер («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 ҚРЗ 1-бап)

ФИКСИРОВАННАЯ ЦЕНА - цена, вводимая регулирующим органом по представлению антимонопольного органа в случаях нарушения Закона РК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности» (ст.1 ЗРК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности» от 7 июля 2006 года № 173)

ТІРКЕЛГЕН БАҒА - «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» ҚР Заң бұзылған жағдайларда монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган енгізетін баға («Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 173 ҚРЗ 1-бап)

ФИКТИВНЫЙ БРАК - брак, заключенный в установленном законом порядке, без намерения создать семью и не порождающий прав и обязанностей супругов (ст.1 ЗРК «О браке и семье» от 17 декабря 1998 года № 321)

ЖАЛҒАН НЕКЕ - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321 ҚРЗ 1-бап)

ФИЛИАЛ - обособленное подразделение юридического лица, расположенное вне места его нахождения и осуществляющее все или часть его функций, в том числе функции представительства. Филиал не является юридическим лицом (ст.43 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ФИЛИАЛ - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі. Филиал заңды тұлға болмайды (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XIII ҚР АК 43-бап)

ФИЛИАЛ - филиалом некоммерческой организации является обособленное подразделение некоммерческой организации, расположенное вне места ее нахождения и осуществляющее все или часть ее функций, в том числе функции представительства (ст. 24 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМНЫҢ ФИЛИАЛЫ - оның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдіктің міндетін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлімшесі болып табылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 24-бап)

ФИЛИАЛ БАНКА - обособленное подразделение банка, не являющееся юридическим лицом, расположенное вне места нахождения банка, осуществляющее банковскую деятельность от имени банка и действующее в пределах полномочий, предоставленных ему банком. Филиал банка имеет единые с банком баланс, а также наименование, полностью совпадающее с наименованием банка (ст. 29 ЗРК «О банках и банковской деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)

БАНКІНІҢ ФИЛИАЛЫ - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады («ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚРЗ 29-бап)

ФИЛИАЛ НЕКОММЕРЧЕСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ - обособленное подразделение некоммерческой организации, расположенное вне места ее нахождения и осуществляющее все или часть ее функций, в том числе функции представительства (ст.24 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМНЫҢ ФИЛИАЛЫ - оның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдіктің міндетін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлімшесі болып табылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 24-бап)

ФИЛИАЛ ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ - структурное подразделение организации образования, расположенное вне места ее нахождения и осуществляющее реализацию образовательных программ в пределах, установленных Законом РК «Об образовании» (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ - білім беру ұйымының одан тыс жерде орналасқан және білім беру бағдарламаларын «Білім туралы» ҚР Заңда белгіленген шекте іс жүзіне асыратын құрылымдық бөлімшесі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ФИЛИАЛЫ ТОВАРИЩЕСТВА - обособленное подразделение товарищества, расположенное вне места его нахождения и осуществляющее все или часть его функций, в том числе функции представительства (ст.16 ЗРК «О сельскохозяйственных товариществах и их ассоциациях (союзах)» от 25 декабря 2000 года № 133)

СЕРІКТЕСТІКТІҢ ФИЛИАЛЫ - серіктестіктің орналасқан жерінен тыс жерде орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі («Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133-II ҚРЗ 16-бап)

ФИНАНСИРОВАНИЕ - выделение бюджетных средств их получателям (ст.4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты болу (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)

ФИНАНСИРОВАНИЕ ДЕФИЦИТА БЮДЖЕТА - обеспечение покрытия дефицита бюджета за счет заимствования и свободных остатков бюджетных средств. Объем финансирования дефицита бюджета определяется как превышение суммы полученных займов, движения остатков бюджетных средств над суммой погашения основного долга по займам (ст.22 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 22-бап)

ФИНАНСИРОВАНИЕ ЭКСТРЕМИЗМА - финансирование физических и (или) юридических лиц, объединений физических и (или) юридических лиц в экстремистских целях, в том числе путем предоставления им финансовых средств, недвижимости, учебной, полиграфической и материально-технической базы, телефонной, факсимильной и других видов связи, информационных услуг, а также иных материально-технических средств (ст. 1 ЗРК «О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005 года № 31 ЗРК)

ЭКСТРЕМИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ - жеке және (немесе) заңды тұлғаларды, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігін экстремистік мақсаттарда, соның ішінде оларға қаржылай қаражат, жылжымайтын мүлік, оқу, полиграфиялық және материалдық-техникалық база, телефон, факсимилді және басқа да байланыс түрлерін, ақпараттық қызмет көрсету, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық құралдар беру жолымен қаржыландыру («Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 ҚРЗ 1-бап)

ФИНАНСОВАЯ ОТЧЕТНОСТЬ - информация о финансовом положении, результатах деятельности и изменениях в финансовом положении государственных учреждений, формы и объемы которой определяются центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета, если иное не предусмотрено законодательными актами РК (ст.132 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК - егер ҚР заң актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 132-бап)

ФИНАНСОВОЕ АГЕНТСТВО - банк или организация, осуществляющая отдельные виды банковских операций, уполномоченные в соответствии с законодательством РК на реализацию государственной инвестиционной политики в определенных сферах экономики и осуществляющие в этих целях заимствования на финансовом рынке РК и (или) междунродном финансовом рынке (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ҚАРЖЫ АГЕНТТІГІ - ҚР заңдарына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті және осы мақсатта ҚР қаржы рыногында және (немесе) халықаралық қаржы рыногында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)

ФИНАНСОВЫЕ ЗАЙМЫ - займы, предоставляемые в денежной форме (за исключением коммерческих кредитов); вклады (депозиты) в банках, внесенные их дочерними организациями, созданными за рубежом в целях привлечения средств на международных рынках капитала; деньги, передаваемые в обеспечение исполнения обязательств должника; финансирование третьими лицами приобретения товаров (работ, услуг) и иных сделок, а также исполнение третьими лицами обязательств должника перед кредитором, в результате которых возникает обязанность лица, за которого исполнено обязательство, по возврату денег и иного имущества с вознаграждением или без такового лицу, предоставившему такое финансирование и (или) осуществившему такое исполнение (ст.1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)

ҚАРЖЫ ҚАРЫЗДАРЫ - ақша нысанында берілетін қарыздар (коммерциялық кредиттерді қоспағанда); банктердің шет елде халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында құрылған еншілес ұйымдарының сол банктердегі салымдары (депозиттері); борышкердің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге берілетін ақша; үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кредитор алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауы, соның нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлікті сыйақы-мен немесе онсыз қайтару жөніндегі міндеттемесі орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеттілігі туындайды («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)

ФИНАНСОВЫЙ ВЕКСЕЛЬ - вексель, выданный с целью привлечения денег, а также на основе сделок об оказании финансовых услуг (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)

ҚАРЖЫ ВЕКСЕЛЬ - ақша тарту мақсатында, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсету туралы мәмілелер негізінде берілген вексель («ҚР Вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-І ҚРЗ о.з.ц.у.)

ФИНАНСОВЫЙ ГОД - период времши, начинающийся 1 января и заканчивающийся 31 декабря календарного года, в течение которого осуществляется исполнение бюджета (ст.4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ҚАРЖЫ ЖЫЛЫ - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)

ФИНАНСОВЫЙ ИНСТРУМЕНТ - ценные бумаги (включая производные ценные бумаги) и иные активы финансового рынка, определенные международными стандартами финансовой отчетности (cт.1 3PK «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ҚАРЖЫ ҚҰРАЛЫ - қаржы рыногының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен айқындалған бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтері («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау