Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет121/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124

 

ЭВАКУАЦИОННЫЕ ОРГАНЫ - эвакуационные и эвакоприемные комиссии, создаваемые центральными и местными исполнительными органами, организациями для осуществления эвакуации населения, материальных ценностей в безопасную зону, организации их размещения, производственной деятельности и жизнеобеспечения (cт.1 3PK «О Гражданской обороне» от 7 мая 1997 года № 100-І)

ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОРГАНДАР - халықты, материалдық қазыналарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары («Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100 ҚРЗ 1-бап)

ЭВТАНАЗИЯ - удовлетворение просьбы больного об ускорении его смерти какими-либо действиями или средствами, в том числе введением лекарственных или иных средств, а также прекращением искусственных мер по поддержанию его жизни в случаях неблагоприятного исхода заболевания (ст.1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)

ЭВТАНАЗИЯ - аурудың беті бері қарамайтын жағдайда, науқастың қандай да бір іс-әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде дәрілік немесе өзге де заттарды енгізу арқылы, сондай-ақ өміріне дем беріп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы өз өлімін жеделдету туралы өтінішін қанағаттандыру («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 ҚРЗ 1-бап)

ЭКЗЕМПЛЯР ПРОИЗВЕДЕНИЯ - копия произведения, изготовленная в любой материальной форме (ст. 2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ТУЫНДЫНЫҢ ДАНАСЫ - туындының кез келген материалдық нысанда дайындалған көшірмесі («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ЭКЗЕМПЛЯР ФОНОГРАММЫ - копия фонограммы на любом материальном носителе, изготовленная непосредственно или косвенно с фонограммы и включающая все звуки или часть звуков, зафиксированных в этой фонограмме (ст.2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ФОНОГРАММАНЫҢ ДАНАСЫ - фонограммадан тікелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бөлігін қамтитын кез келген материалдық жеткізгіштегі фонограмма көшірмесі («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ЭКИПАЖ ВОЗДУШНОГО СУДНА - лица авиационного персонала, которым в порядке, определенным соответственно уполномоченным органом или Министерством обороны РК, поручено исполнение определенных обязанностей по управлению и обслуживанию воздушного судна при выполнении полетов (ст. 36 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ЭКИПАЖЫ - тиісінше уәкілетті орган немесе ҚР Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен ұшуды орындау кезінде әуе кемесін басқару мен оған қызмет көрсету жөнінде белгілі бір міндеттерді атқару тапсырылған авиация қызметінің адамдары («ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 36-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ - состояние защищенности жизненно важных интересов и прав личности, общества и государства от угроз, возникающих в результате антропогенных и иных воздействий на окружающую среду (ст.1 ЗРК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 года № 233)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі («ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ СЕТЬ - комплекс особо охраняемых природных территорий различных категорий и видов, связанных между собой и с иными видами охраняемых природных территорий экологическими коридорами, организованный с учетом природных, историко-культурных и социально-экономических особенностей региона (ст.1 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛІ - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған әр түрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешені («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫЕ ЭНЕРГЕТИЧЕСКИЕ РЕСУРСЫ - носители энергии солнца, ветра, термальных вод, тепла земли, энергии движущихся потоков воды, волн (ст.1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997года № 210-І)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ТАЗА ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ - күннің, желдің, жер астындағы жылы судың, жер жылуының энергиясы көздері, судың, толқынның қозғалмалы ағыстарының энергиясы («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ БЕДСТВИЯ - экстремальные экологические факторы нарушения природного баланса, связанные с изменением: состояния суши (катастрофические просадки, тектонические разломы, грифоны, оползни, обвалы из-за выработки полезных ископаемых, наличие тяжелых металлов или других вредных веществ в почве сверх предельно допустимых концентраций, интенсивная деградация почв, опустынивание на обширных территориях из-за эрозии, засоления или заболачивания почв); состава и свойств атмосферы (резкое изменение климата в результате антропогенного воздействия, устойчивое превышение предельно допустимых концентраций вредных примесей и ухудшение прозрачности воздуха, устойчивая недостаточность кислорода в населенных пунктах, образование обширной зоны кислотных осадков); состояния гидросферы (истощение водоисточников или их катастрофическое или необратимое загрязнение, устойчивая нехватка питьевой воды, а также воды для нужд производства и хозяйственно-бытовых нужд); состояния биосферы (гибель растительности на обширных территориях, исчезновение видов животных, растений, резкое изменение способности биосферы к воспроизводству). К экологическим бедствиям также относятся стихийные бедствия (катастрофические природные явления) (cт.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗІЛЗАЛАЛАР - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары,олар: құрлықтың жай-күйінің (пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкіндер, ойылыстар, топырақта ауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемді аумақтардың шөлге айналуы); атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің (антропогендік әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспалар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемі артып кетуі және ауа тазалығының нашарлауы, елді мекендерде оттегінің тұрақты жетіспеуі, қышқылды жауындар жауатын көлемді аймақтың пайда болуы); гидросфера жай-күйінің (су көздерінің сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе біржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттіліктері мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған судың тұрақты жетіспеуі); биосфера жай-күйінің (көлемді аумақтардағы өсімдіктердің құрып бітуі, хайуанаттар, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, биосфераның молықтыру қабілетінің күрт өзгеруі) өзгеруімен байланысты. Дүлей зілзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зілзалаларға жатады («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ КОРИДОР - часть экологической сети, представленная охраняемыми участками земель и водных объектов, соединяющими особо охраняемые природные территории между собой и с иными видами охраняемых природных территорий для обеспечения естественной миграции (распространения) объектов живой природы и сохранения биологического разнообразия (cт.1 3PK «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘЛІЗ - тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық сан алуандықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКОЕ НОРМИРОВАНИЕ - система правил (норм) и содержащихся в них количественных и качественных показателей (нормативов) состояния окружающей среды и степени воздействия на нее (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ - ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйінің және оған әсер ету дәрежесінің сандық және сапалық көрсеткіштердің (нормативтердің) жүйесі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКОЕ ПРОСВЕЩЕНИЕ- распространение экологических знаний, информации о состоянии окружающей среды, природных ресурсов, экологической безопасности в целях формирования в обществе основ экологической культуры (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ІСІ - қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйі, экологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат тарату (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИ ОПАСНЫЙ ВИД ХОЗЯЙСТВЕННОЙ И ИНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - деятельность физических и (или) юридических лиц, в результате которой происходит или может произойти аварийное загрязнение окружающей среды (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ТҮРІ - нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызмет (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИ ОПАСНЫЙ ВИД ХОЗЯЙСТВЕННОЙ И ИНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - деятельность физических и (или) юридических лиц, в результате которой происходит или может произойти аварийное загрязнение окружающей среды (cт.1 3PK «Об обязательном экологическом страховании» от 13 декабря 2005 года № 93)

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ТҮРІ - әрекеті нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі («Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 93 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ АУДИТ - независимая проверка хозяйственной и иной деятельности аудируемых субъектов, направленная на выявление и оценку экологических рисков и разработку рекомендаций по повышению уровня экологической безопасности их деятельности (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОНОМИЧЕСКАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ - состояние защищенности национальной экономики РК от внутренних и внешних условий, процессов и факторов, ставящих под угрозу ее устойчивое развитие и экономическую независимость (ст.1 ЗРК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 года № 233)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - ҚР ұлттық экономикасының оның тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі («ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ - состояние защищенности жизненно важных интересов и прав личности, общества и государства от угроз, возникающих в результате антропогенных и иных воздействий на окружающую среду (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтары қорғалуының жай-күйі («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ - состояние защищенности жизненно важных интересов и прав личности, общества и государства от угроз, возникающих в результате антропогенных и природных воздействий на окружающую среду (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОНОМИЧЕСКАЯ И ФИНАНСОВАЯ ОСНОВА ДЕЯТЕЛЬНОСТИ МЕСТНОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ - местный бюджет; имущество, закрепленное за коммунальными юридическими лицами; иное имущество, находящееся в коммунальной собственности в соответствии с законодательством РК (ст. 3 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)

ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗІ - жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік; ҚР заңдарына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 3-бап)

ЭКОНОМИЧЕСКАЯ КЛАССИФИКАЦИЯ РАСХОДОВ БЮДЖЕТА - группировка расходов бюджета по экономическим характеристикам, отражающая операции, осуществляемые государственными учреждениями для реализации бюджетных программ (ст.36 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЫНЫПТАМАСЫ - бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 36-бап)

ЭКОНОМИЧЕСКАЯ КОНТРАБАНДА - перемещение в крупном размере через таможенную границу РК товаров или иных предметов, за исключением указанных в статье 250 Уголовного кодекса, совершенное помимо или с сокрытием от таможенного контроля, либо с обманным использованием документов или средств таможенной идентификации, либо сопряженное с недекларированием или недостоверным декларированием запрещенных или ограниченных к перемещению через таможенную границу товаров, вещей и ценностей, в отношении которых установлены специальные правила перемещения через таможенную границу (ст. 209 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДА - ҚР кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, Қылмыстық кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 209-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ МАРКИРОВКА - присвоение
продукции знака экологически чистой продукции, прошедшей подтверждение соответствия в порядке, установлен-ном законодательством РК о техническом регулировании (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАҢБАЛАУ - ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі растаудан өткен өнімге экологиялық таза өнім белгісін беру (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ОПАСНОСТЬ - состояние, характеризующееся наличием или вероятностью разрушения, изменения состояния окружающей среды под влиянием антропогенных и природных воздействий, в том числе обусловленных бедствиями и катастрофами, включая стихийные, угрожающее жизненно важным интересам личности и общества (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІП - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ СИСТЕМА (ЭКОСИСТЕМА)- взаимосвязанная совокупность организмов и неживой среды их обитания, взаимодействующих как единое функциональное целое (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ (ЭКОЖҮЙЕ)- бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара әрекетте болатын организмдердің және солар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРТИЗА - установление соответствия намечаемой хозяйственной и иной деятельности нормативам качества окружающей среды и экологическим требованиям, а также определение допустимости реализации объекта экологической экспертизы в целях предупреждения возможных неблагоприятных воздействий этой деятельности на окружающую среду и связанных с ними социальных последствий (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солар-мен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОНОМИЧЕСКИ АКТИВНОЕ НАСЕЛЕНИЕ (РАБОЧАЯ СИЛА)- население в трудоспособном возрасте (занятые в экономике и безработные) (ст. 1ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БЕЛСЕНДІ ХАЛЫҚ (ЖҰМЫС КҮШІ) - еңбекке жарамды жастағы адамдар (экономика жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар) («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОНОМИЧЕСКИ НЕАКТИВНОЕ НАСЕЛЕНИЕ -
это население, которое не входит в состав рабочей силы, включая и лиц моложе возраста, установленного для учета экономически активного населения, неработающие и не ищущие работу граждане, в том числе: домохозяйки, неработающие инвалиды, неработающие пенсионеры, учащиеся и студенты, слушатели и курсанты дневной формы обучения (включая магистратуру и аспирантуру), рантье, а также лица, получающие доход от сдачи в аренду движимого или недвижимого имущества (ст.1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЕНЖАР ХАЛЫҚ - экономикалық тұрғыдан белсенді халықты есепке алу үшін белгіленген жасқа толмаған адамдарды да қоса алғанда, жұмыс күші құрамына кірмейтін халық, жұмыс істемейтін және жұмыс іздемейтін азаматтар, оның ішінде: үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер, жұмыс істемейтін зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер, күндіз оқыту нысанындағы бөлімдердің тыңдаушылары мен курсанттары (магистратура мен аспирантураны қоса алған-да), рантье, сондай-ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті жалға беруден кіріс алатын өзге де тұлғалар («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИ ОПАСНЫЙ ОБЪЕКТ- хозяйственный и иной объект, строительство и деятельность которого может оказывать или оказывает вредное воздействие на здоровье людей и окружающую среду (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЪЕКТ - салынуы және қызметі адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе зиянды әсерін тигізетін шаруашылық объектісі және өзге де объект (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫЕ ЭНЕРГЕТИЧЕСКИЕ РЕСУРСЫ - носители энергии солнца, ветра, термальных вод, тепла земли, энергии движущихся потоков воды, волн (ст.1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210-І)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ТАЗА ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ - күннің, желдің, жер астындағы жылы судың, жер жылуының энергиясы көздері, судың, толқынның қозғалмалы ағыстарының энергиясы («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ТРЕБОВАНИЯ - ограничения и запреты хозяйственной и иной деятельности, отрицательно влияющей на окружающую среду и здоровье населения, содержащиеся в Экологическом кодексе, иных нормативных правовых актах и нормативно-технических документах РК (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР - Экологиялық кодексте, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ КОРИДОР - часть экологической сети, представленная охраняемыми участками земель и водных объектов, соединяющими особо охраняемые при-родные территории между собой и с иными видами охраняемых природных территорий для обеспечения естест-венной миграции (распространения) объектов живой природы и сохранения биологического разнообразия (cт.1 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘЛІЗ - тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық сан алуандықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап)

ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ МЕНЕДЖМЕНТ - административное управление охраной окружающей среды, которое включает в себя организационную структуру, планирование, ответственность, методы, процедуры, процессы и ресурсы для разработки, внедрения, выполнения, анализа и поддержания экологической политики предприятия (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ - қоршаған органы қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау