Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет64/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
129
аурулармен ауыратыным анықталды. 
Қазір мен ем курсын өтіп жатырмын. «Сана 
Сезім» үкіметтік емес ұйымы маған көмек 
көрсетті, диагностиканың, дәрігерлердің 
қабылдауының және дәрілердің ақысын 
төледі…. Қазіргі уақытта денсаулығымды 
жақсартуға және қалпына келтіруге 
қажетті нәрсенің бәрі менде бар» (306, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 23 жас).
«Менің ішімнің төменгі жағы үнемі ауырады 
және жыныстық мүшелерімде бөртпелер 
болады… «Сана Сезім» үкіметтік емес 
ұйымындағы әлеуметтік жұмыскер менімен 
бірге ауруханаға барып, мен жыныстық 
қатынас арқылы таралатын ауруларды 
анықтау үшін тексеруге қан тапсырдым, 
мен гинекологтың қабылдауында болдым, 
ультрадыбыстық тексеруден өттім, со-
дан соң маған дәрілер тағайындады. Маған 
қажет көмектің бәрін көрсетті» (207, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 23 жас).
«Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымының 
жұмыскерлері менімен бірге ультрадыбыстық 
тексеруден өту үшін және гинекологтың 
кеңесін алу үшін медициналық орталыққа 
ілесіп барды» (296, адам саудасының құрбаны
жынысы-әйел, 20 жас).
Шымкент қаласындағы секс-жұмыскерлер 
де «Жан Жолдас» үкіметтік емес ұйымының 
жұмыскерлері маңызды жұмыс атқарады, олар 
қонақ үйлерді, сауналарды және пәтерлерді 
аралап, олармен кездесіп, мүшеқаптар мен 
жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар 
туралы кітапшаларды таратады. Бірнеше секс-
жұмыскерлер былай деген:
«Бізге «Жан Жолдас» орталығынан келіп, 
мүшеқаптар мен кітапшалар таратты… 
Мен тегін мүшеқаптар алдым және психолог-
пен сөйлестім…. «Жан Жолдас» орталығында 
маған қажет көмектің барлығын көрсетті» 
(283, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 20 жас). 
«Жан Жолдас» орталығының бірнеше 
қызметкерлері біздің үйге келіп, кітапшалар 
мен мүшеқаптар таратты…. Мен жыныстық 
қатынас арқылы таралатын ауруларға 
тексерілдім. Олар маған тегін мүшеқаптар 
берді» (284, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 18 
жас).
«Жан Жолдас» орталығының қызметкерлері 
мен жұмыс істейтін саунаға жиі келеді... Олар 
маған кітапшалар мен мүшеқаптар береді» 
(281, секс жұмыскері, жынысы–әйел, 22 жас.)
Адам саудасының кейбір құрбандары өздерінің 
дәрігерге қаралғысы келгенде тап бола-
тын мәселелері туралы айтып берген: олар 
қанаушылардың бақылауынан шыға алмайды, 
сонымен бірге жалған құжатпен ұсталып қалудан 
қорқады. Адам саудасының бір құрбаны былай 
деген: 
«Менің жиі басым айналады...Дәрігерлер 
жиірек келсе жақсы болар еді, тек қонақ 
үйлеріне емес, жалға алынған пәтерлерге де 
келсе екен. Біз ЖИТС (СПИД) орталығына 
бара алмаймыз. Біздің уақытымыз жоқ, ал 
орталық алыста орналасқан» (396, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 17 жас).
Сонымен бірге бір ер адам – еңбек құлдығының 
құрбаны дәрігерге емделуге баруға қорқатынын 
айтып берген, себебі өзінің жеке басының ашы-
луын қаламайды. Оның айтуынша: 
«Мен бала кезімнен салқын тиіп көп ауыра-
мын. Ауырғанда прораб маған ылғи дәрі са-
тып әкеліп береді...Мен дәрігерлерге баруға 
қорқамын, өйткені менің құжаттарым 
жалған екенін олар біліп қояды. Содан 
қорқамын» (425, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-ер,17 жас).
Көптеген әлеуметтік жағынан осал балалар адам 
саудасының құрбандары айтқандай денсаулыққа 
байланысты мәселелері болғанын айтқан, оның 
себебі олардың бала кезінде тап болған қатыгездік 
пен қараусыздық болуы мүмкін. Көбінесе 
әлеуметтік жағынан осал балалардың денсаулыққа 
байланысты көптеген мәселелері болған. Мемлекет 
қарамағындағы балалар паналарындағы бала-
лар өздеріне уақытылы медициналық қызмет 
көрсетілетінін айтқан. Әлеуметтік жағынан осал 
балалардың бірі былай деген:
«Менің бүйрегім және талағым ауырады. Жиі 
басым ауырады және басым айналады. Кейде 
көзімнің алды көгеріп тұрады…. Осы пана-
да маған медициналық көмек көрсетті. Мен 
дәрі ішіп жүрмін, олар маған дәрі егеді және 
дәрі тамызғыш қояды. Мен жиі емханаларға 
барамын, бірақ ауруханаға жатқан емеспін. 
Мен емделгім келеді. Енді дәрі ішкім келмейді» 
(415, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 13жас). 
«Менің денсаулығым нашар, менде бронхит, 
нефрит [бүйректің инфекциядан болған 
қабынуы], цистит [қуықтың инфекция-
дан болған қабынуы], артрит, варикоздың 
[веналардың кеңеюі] бастапқы сатысы бар… 
Медициналық қызмет дәрігерлері маған буын 
емдеуге арналған майлар мен шөптер береді…. 
Менің жақсы маманға барып тексерілуім 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
130
керек. Толық тексеруден және томография 
[ультразвук және рентген] өту керек» (346, 
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 17 жас).
«Менің асқазаным мен омыртқам ауырады 
…. Мен үйде болғанда учаскелік дәрігер мен 
медициналық қызметкер мені физикалық 
жетілмеген балаларға арналған арнайы мек-
тепте емдейді» (114, әлеуметтік жағынан 
осал бала, жынысы–әйел, 17 жас).
«Менің арқам, ішім ауырады… Мен панадағы 
дәрігерлерге және ауруханаға барып ем кур-
сын өттім….Маған қажетті көмекті алдым» 
(122, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 17 жас).
Бірнеше әлеуметтік жағынан осал бала-
лар өздерін зорлағанын және зорлаушыдан 
жыныстық қатынас арқылы таралатын ауру 
жұқтырғанын айтып берген. Екі әлеуметтік 
жағынан осал қыз былай деген:
«Мен бұл туралы айтқым келмейді [ол 
өзін бірнеше ер адам сауық кеші кезінде 
зорлағаннан кейін жыныстық қатынас 
арқылы таралатын ауру жұқтырғанын 
анықтаған, енді жыныстық қатынас арқылы 
таралатын аурудың ем курсын алып жүр]. 
Менің ата-анам, ауруханадағы дәрігерлер, 
палатадағы көршілерім барлығы маған 
көмектесіп жатыр. Олар қолынан келгеннің 
барлығын жасауда» (205, әлеуметтік 
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 16 жас).
«Мен өзімнің денсаулығымды ойлап қатты 
уайымдаймын, менің балаларым ауру болып 
туады деп қорқамын [оны дос жігітінің туған 
күні кешінде зорлаған]…. Менің анам, туы-
старым және дәрігерлер маған медициналық 
мәселелерімді шешуге көмек көрсетіп жа-
тыр» (201, әлеуметтік жағынан осал бала, 
жынысы–әйел, 17 жас). 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕр, 
ҚОЛДАу ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНу 
ДӘрЕЖЕСі  
Сонымен бірге сауалнамаға жауап берушілерге 
оларды қинайтын психологиялық мәселелері бар-
жоғын білу үшін және осындай психологиялық 
мәселелерді шешу үшін олардың қандай көмек 
алғандығын анықтау үшін сұрақтар қойылған. 
7.5-кестедегі мәліметтер бойынша сауалнамаға 
жауап берушілердің жалпы санының 30,6% 
өздерінің психологиялық мәселелері болғанын 
мәлімдеген және 38,2% психологиялық 
мәселелерді шешу үшін психологиялық 
көмек көрсетілген. Психологиялық көмек 
көрсетілген жауап берушілердің ішінде 55,9% 
көрсетілген психологиялық көмекпен толық 
қанағаттанғанын мәлімдеген.
Әлеуметтік жағынан осал балалардың 
ішінде тек 25,5% өздерінің психологиялық 
мәселелері болғанын мәлімдеген, алай-
да 42,9% психологиялық мәселелерді шешу 
үшін психологиялық көмек көрсетілген. 
Сауалнама мәліметтері бойынша психологиялық 
мәселелерді шешу үшін психологиялық көмек, 
психологиялық мәселелері болғанын мәлімдеген 
балалардан гөрі көбірек балаға көрсетілген, 
себебі мектептерде және мемлекеттік 
орталықтарда балалар уақытылы түрде психо-
логтармен байланыста болған. Жалпы алғанда, 
әлеуметтік жағынан осал балалардың көпшілігі 
өздеріне көрсетілген психологиялық көмекпен 
толық қанағаттанған (54,1%) немесе жартылай 
қанағаттанған (32,4%).
Салыстыра келе, адам саудасының 
құрбандарының 42,7% өздерінің психологиялық 
мәселелері болғанын мәлімдеген және 
олардың 39,8% психологиялық мәселелерді 
шешу үшін психологиялық көмек көрсетілген. 
Психологиялық мәселелерді шешу үшін 
психологиялық көмек көрсетілген адам 
саудасының құрбандарының ішінде 70,7% 
өздеріне көрсетілген психологиялық көмекпен 
толық қанағаттанғанын мәлімдеген. 
Таң қаларлық, алайда 31,1% секс-
жұмыскерлердің өздерінің психологиялық 
мәселелері болғанын мәлімдеген, бірақ тек 
25,5% психологиялық мәселелерді шешу үшін 
психологиялық көмек көрсетілгенін мәлімдеген. 
Психологиялық мәселелерді шешу үшін 
психологиялық көмек көрсетілгендердің ішінде 
тек 40,7% өздеріне көрсетілген психологиялық 
көмекпен толық қанағаттанғанын, 37,0% 
жартылай қанағаттанғанын, ал 22,2% 
қанағаттанбағанын мәлімдеген.


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау