ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
145
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚуДАЛАу
2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп бой-
ынша Қазақстан Үкіметі адам саудасын
қылмыстандыру туралы заңнама қабылдаған
және 2010 жылы Қылмыстық кодекске түзетулер
енгізген, оған кәмелетке толмағандарды
жезөкшелікке қатыстыру үшін жазаны күшейтуге
бағытталған 132.1-бапты қосқан. Алайда,
осыған қарамастан, бала саудасына қатысты
қылмыстық және жазалау заңнамасы әлі де әлсіз
және оған енгізілуі керек, оған бала саудасының
халықаралық анықтамасын және концепциясын
қосу қажет.
12-ұсыныс: Бала саудасына, соның
ішінде елдің ішіндегі бала саудасы-
на қарсы күрес саласында кешенді
мемлекеттік саясатты және заңнаманы
дамыту.
БҰҰ-ның адам саудасының, әсіресе әйелдердің
және балалардың саудасының алдын алу
және оны тоқтату және оның жазасы туралы
Хаттамасына және БҰҰ-ның Бала құқықтары
туралы конвенциясына, Бала құқықтары ту-
ралы конвенциясына бала саудасына, бала
жезөкшелігіне және бала порнографиясы-
на қатысты Факультативтік хаттамаға сәйкес
халықаралық және ішкі бала саудасына қарсы
күреске арнайы түрде бағытталған мемлекеттік
саясатты және заңнаманы әзірлеу керек.
Бала саудасымен күрес жөніндегі жан-жақты
мемлекеттік саясатқа бала саудасының алдын
алу және онымен күресу жөніндегі, сонымен бірге
бала-құрбандарды қорғау және оңалту жөніндегі
арнайы белгіленген міндеттер мен тиісті шаралар
енгізілуі тиіс. Министрліктерге және мемлекеттік
мекемелерге белгіленген міндеттер мен шара-
ларды іске асыру арнайы (құзыреттіліктерді дәл
бөліп) тапсырылуы тиіс, себебі қазіргі таңда бала
саудасына қарсы күресу және бала саудасының
құрбандарына қызмет көрсету үшін қандай
мемлекеттік органның жауапты екені белгісіз.
Сонымен бірге әлеуметтік жағынан өте осал
балалардың санаттарын, соның ішінде, жетім
балалардың, ата-анасы бас тартқан балалардың,
қараусыз балалардың, сонымен бірге үйден
қашатын және жезөкшелік пен заңсыз еңбек
нарығына пайдаланылатын балалардың топ-
тарын белгілейтін арнайы ережелерді әзірлеу
керек.
Сонымен бірге бала саудасының құрбандары
ерекше осал балалар тобы ретінде танылуы,
оларды ерекше қорғаумен қамтамасыз ету және
оларға құқықтары туралы ақпарат беру, өздеріне
қатысты барлық мәселелер туралы, соның
ішінде олардың жанұяларына немесе туған еліне
оралуға қатысты әкімшілік және сот рәсімдері
туралы өз пікірлерін, мұқтаждықтарын және
толғандыратын ойларын айту мүмкіндігін алуы
аса маңызды.
13-ұсыныс. Құқық қорғау органдарының
қызметкерлеріне арналған этикалық
және мәдени сезімталдыққа үйрету кур-
старын әзірлеу және іске асыру.
2008 жылы адам саудасына қарсы күрес
жөніндегі жаңа заңнаманы қабылдағаннан
және полиция қызметкерлерін, прокурорларды
және судьяларды оқыту жөніндегі кеңейтілген
бағдарламаларды іске асырғаннан бері
Қазақстан адам саудасы оқиғалары бойынша
істерді тергеуді, қылмыстық қудалауды және
сотта қарауды анағұрлым жетілдірді. Алайда
осындай жетістіктерге қарамастан құқық қорғау
органдарының адам саудасына қарсы күреске
қатысты іс-әрекеттері және қарым-қатынасы
әлі де сәйкессіз болып қалып отыр, себебі
осы есеп кейбір полиция қызметкерлерінің
адам саудасының құрбандарын анықтай
алмайтындығын көрсетеді.
Қазақстандағы қоғамдық және мәдени нор-
малар көп жағдайда әйелдерге және басқа
дәрменсіз тұлғаларға (мысалы көшіп-қонушы
жұмысшыларға, тұрмысы төмен азаматтарға)
қарсы жасалатын қылмыстардың және
қанаушылықтардың әсерін жете бағаламайды.
Осының салдарынан жыныстық қанаушылық
мақсатымен жасалатын адам саудасының
құрбандары стигматизацияға және осалдыққа
жиі ұшырайды, оларға тиісті көмек көрсетілмейді
және қылмыстық тергеу кезінде, сонымен бірге
оларды жанұяны ұятқа қалдырды деп санай-
тын үйлеріне оралғаннан кейін немесе ата-
анасы немесе қамқоршысы зорлық-зомбылық
көрсететін жанұясына оралғанда қосымша
стресс сезінеді.
Мәдени нормалар мен қоғамдық қағидаларды
өзгертуге ұзақ уақыт қажет болғанмен,
Қазақстан Үкіметі өз қызметкерлерінің және
құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің
қарым-қатынасын және іс-әрекеттерін өзгерту
үшін шұғыл шаралар қолдануы тиіс. Мемлекет
құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне
арналған қатаң этикалық ережелер енгізіп,
олардың сақталуын қадағалауы керек және олар-
ды жыл сайын өткізілетін кәсіби этика жөніндегі
оқыту курстарымен толықтыруы керек. Осындай
курстар әртүрлі тақырыптарды, соның ішінде,
басқалармен қатар, мәдени әртүрлілік, гендерлік
мәселе және сексизм, сыбайлас жемқорлық
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
146
және сыйақы немесе бейресми төлемдерді алу,
билікті және өкілеттіктерді асыра қолдану, соны-
мен бірге мемлекеттік қызметкерлерге арналған
жаңа абырой кодекстерін енгізу тақырыптарын
қамтуы тиіс. Осы бастаманың негізгі қозғаушы
күші адам саудасына қатысты қылмыстарға
қарсы күрес болғанмен, осындай бастама
құқық қорғау жүйесінің қылмыстардың барлық
түрлеріне қарсы күресте сенімділігіне кеңінен
ықпал етер еді.
14-ұсыныс: Бала саудасы оқиғаларын
тергеу және қылмыстық қудалау
деңгейін көтеру.
2011 жылғы Адам саудасы туралы есеп бойынша
Қазақстан Үкіметі құқық қорғау органдарының
адам саудасының күдікті оқиғаларын анықтау
және оларға қарсы шаралар қолдану дағдыларын
жетілдіру жөнінде шаралар қолданған. Алайда
осы уақытқа дейін Қазақстанда адам саудасы
табысы жоғары тәуекел деңгейі төмен іс болып
қалып отыр. Адам саудасын жасау оқиғаларын
тергеу, қылмыстық қудалау, айып тағу және сол
үшін жазалау болмағанда адам саудасына қарсы
күреске бағытталған қолданыстағы заңнаманың
кез келген шектеуші ықпалын азайтады.
Барлық мемлекеттік деңгейлерде оқыту кур-
старын өткізу керек және құқық қорғау және
сот жүйелерінің қызметкерлерінің қылмыстық
іс процесінің барлық кезеңдеріндегі бала
саудасының құрбандарының құқықтары мен
мүдделерін қорғау жөніндегі әдістерін БҰҰ-ның
адам саудасының, әсіресе әйелдердің және
балалардың саудасының алдын алу және оны
тоқтату және оның жазасы туралы Хаттамасына
және БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвен-
циясына, Бала құқықтары туралы конвенция-
сына бала саудасына, бала жезөкшелігіне және
бала порнографиясына қатысты Факультативтік
хаттамаға сәйкес нығайту керек.
Оқыту курстары басқалармен қатар мына
тақырыптарды қамтуы керек: балаларды
қанаушылықтың түрлері; құрбан балалардың
осалдығы және олардың құрбан және куәгерлер
ретінде ерекше мұқтаждықтары; құрбан
балаларға олардың құқықтары мен оларға
қатысты заңгерлік рәсімдер туралы ақпарат
беру; құрбан баланың жеке мүдделеріне қатысты
сот мәжілістерінде пікірлерін, мұқтаждықтарын
және толғандыратын ойларын айтуға және
қарауға мүмкіндік беру; құрбан баланың жеке
өмірін және жеке тұлғасын қорғау және құрбан
баланың жеке басын анықтауға әкелуі мүмкін
ақпараттың орынсыз таратылуына жол бермеу;
баланың таңдаулы мүдделерін қамтамасыз ету.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Ынтымақтастықтың және ведомствоаралық
бірлескен жұмыстың қажеттілігі жоғарыда
берілген кейбір ұсыныстарда айтылды. Дегенмен,
халықтың осы ерекше осал тобын қорғау және
адам саудасы жөніндегі қылмыстарды жасайтын
тұлғаларды қылмыстық қудалау мақсатымен
жасалатын ынтымақтастықтың маңыздылығын
ерекше атап өткен жөн.
15-ұсыныс: Мемлекеттік органдардың
арасында және ішінде, сонымен
бірге мемлекеттік органдар, үкіметтік
емес ұйымдар, жергілікті қауым және
халықаралық ұйымдар арасында
әлеуметтік жағынан осал балаларды
қорғауда және адам саудасына қарсы
күресте тығыз ынтымақтастық орнату.
Ынтымақтастық жасау және үйлестіру шарала-
ры ұлттық деңгейден басталуы керек және олар-
ды мемлекет басшысы, министрлер кабинеті
мүшелері және министрліктердің басшылары
қадағалауы тиіс. «Жалпы үкіметтік шараларды»
ұйымдастыруға және үйлестіруге мыналар жата-
ды: осал азаматтарды, ерекше осал балалар мен
жастарды адам саудасынан және қанаушылықтан
қорғау; адам саудасы оқиғаларын анықтау, тер-
геу және қылмыстық қудалау; құрбандардың
қажетті қорғау шараларына және қолдау
қызметтерінің толық жиынтығына қол жеткізуін
қамтамасыз ету. Сонымен бірге Үкіметтің бала-
ларды қорғауға мониторинг жүргізу үшін, адам
саудасы оқиғаларын және құрбандардың қолдау
қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін зерттеу
үшін қызмет ететін тәуелсіз құрылымдармен
ынтымақтастық жасауы аса маңызды.
16-ұсыныс: Балаларды қорғауды
қамтамасыз ету үшін, әсіресе әлеуметтік
жағынан осал балаларды және бала
саудасының құрбандарын қорғау
мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін
көп салалық жауап механизмін әзірлеу.
Қазақстан Үкіметі халықаралық және үкіметтік
емес ұйымдармен ынтымақтастық жасай оты-
рып, балаларды қорғауды қамтамасыз ету
үшін көп салалық жауап механизмін әзірлеуі
қажет, соның ішінде: балаларға зорлық-
зомбылық көрсетуді және оларды қараусыз
қалдыруды болдырмау, сонымен бірге бала
саудасын және оларды қанаушылықты бол-
дырмау, балалардың осал топтарын және бала
Достарыңызбен бөлісу: |