ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
123
7.2 -кесте. Құқықтық мәселелер, қолдау және қанағаттану дәрежесі
Жалпы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Құқықтық мәселелері болған
72
15,4
43
16,6
22
21,4
7
6,6
Құқықтық мәселелерін шешу үшін
заңгерлік көмек/қолдау көрсетілген
42
9,0
21
8,1
17
16,5
4
3,8
Құқықтық мәселелерін шешу үшін
көрсетілген заңгерлік көмекпен
қанағаттану дәрежесі
Саны=42
Саны=21
Саны=17
Саны=4
Толық қанағаттанған
12
28,6
6
28,6
5
29,4
1
25,0
Жартылай қанағаттанған
17
40,5
13
61,9
4
23,5
0
0,0
Қанағаттанбаған
13
31,0
2
9,5
8
47,1
3
75,0
шешу үшін заңгерлік көмек алғандардың ішінде
47,1% қанағаттанбағанын мәлімдеген, 23,5%
жартылай қанағаттанған және 29,4% толығымен
қанағаттанған. Сауалнама мәліметтері
кеңінен тараған
құқықтық мәселелердің бірі,
адам саудасының құрбандарының айтуын-
ша, олардың құжаттарының болмағаны және
олардың осы құжаттарын алу үшін заңгерлік
көмекті қажет еткені болғанын көрсетеді.
Кейбір адам саудасының құрбандары
мемлекеттік органдардың олардың құжаттарын
беруін күтуге мәжбүр болғаны анықталды,
ал басқа адам саудасының құрбандары әлі
де қанаушылық жағдайында болған және
өздерінің құжаттарының адам саудагерлерінің/
қанаушылардың қолында екенін мәлімдеген.
«Негізінен менің жеке куәлігіммен қиындық
бар… Өзімнің жеке куәлігімді қайтарып
алғым келеді. Мен біздің құқықтарымызды
қорғайтын қорғаушы болғанын қалаймын,
бірақ айналамыздағы адамдар бізді адам са-
намайды» (383, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 16 жас).
«Менің құжаттарым жоқ. Олар [мемлекеттік
органдар] құжаттарымды жасайды, бірақ
біраз уақыт күту керек. Панада маған менің
құқықтық мәселелерімді шешуге көмектесіп
жатыр» (462, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 20 жас).
«Мен қайда барарымды білмеймін, менің
құжаттарым, баспанам, жұмысым да жоқ.
Мен шарасыз күйдемін. Маған өзімнің жеке
құжаттарым керек, себебі құжатсыз
мен жұмысқа тұра алмаймын» (441, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 17 жас).
«Менің құжаттарыма қатысты 3 ай бойы
қиындықтарым болды. «Мамка»-сутенер
полицияның менің құжаттарымды одан
алып кеткенін айтты. Мен ғана емес, осында
жұмыс істейтін әрбір әйел өзінің құқықтарын
білмейді... Осында бізге көмек көрсететін
бір адам болғанын қалаймын» (418, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас).
«Менің барлық құжаттарым «мамка-
да». Құжатсыз қалай оларды [құқықтық
мәселелерді] шешемін? Мен өзімнің
құжаттарымды қайта қалпына келтіріп,
үйге қайтқым келеді» (393, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 17 жас).
«Менің клиенттерімнің бірі менің жеке
куәлігімді алып кетті де, қайтарып бермеді.
Енді бәле болды…. Мен өзімнің құжаттарымды
тез жасағанын қалаймын, бірақ міне бір ай
өтті, бірақ құжаттарым әлі дайын емес»
(396, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 17 жас).
«Мен Түркияға жұмыс істеуге барғым келеді,
бірақ анамның рұқсатынсыз, құжатсыз бара
алмаймын. Мен шынымен сонда жұмыс істеп
көргім келеді. Ол жақта көп ақша табуға
болады деп естідім» (394, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас).
Кейбір адам саудасының құрбандары өздерінің
тек үйіне қайтқысы келетінін айтқан. Осы
адам саудасының құрбандарының барлығы
қанаушылықтан құтылған, бірақ олардың
үйлеріне қайта алмайтыны анықталған, себебі
олар өздерінің сот істерінің аяқталуын күтуге
мәжбүр болған. Үш
адам саудасының құрбандары
былай деген:
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
124
«Мен жай ғана үйге қайтқым келеді… Істің
тезірек біткенін қалаймын» (301, адам
саудасының құрбаны, 21 жас).
«Мен жай ғана үйге қайтқым келеді, маған
керегі тек осы» (438, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 20 жас).
«Мен билет сатып алғым келеді. Әпкемнің
қайтыс болғанына бір жыл болады, соған
үлгеріп барғым келеді, бірақ үлгерем бе,
үлгермеймін бе, білмеймін. Менің сот
процесінің аяқталуын күтуім керек» (212,
адам саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 22
жас).
Адам саудасының құрбандарының бірі сот ісі
аяқталғанша үйіне бара алмайтынын айтып бер-
ген. Алайда қорғаушының оған көмектесуге өте
мүдделі емес екенін және өзінің басқа қорғаушы
тапқысы келетінін айтқан.
«Сот жүріп жатқандықтан, мен осының
бәрінің тезірек біткенін қалаймын. Үйге
қайтқым келеді. Осында қорғаушы бар, бірақ
ол маған көмектесуге ынтасыз сияқты. Мен
қорғаушыны ауыстырғым келеді” (212, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 22 жас).
Адам саудасының басқа құрбандары үйлеріне
қайтуға ынта танытқан, бірақ оларда үйлеріне
барғанда жанұяларының олардың жыныстық
қанаушылыққа ұшырағанын білуінен қорыққан.
«Маған Ташкентке оралу үшін көмек керек.
Мен үйге қайтқым келеді, бірақ ақшам бар
болса да, осында жүрмін. Мен үйге қайта
аламын, бірақ анаммен кездесуге қорқамын.
Егер ол білсе, мені өлтіреді!» (424, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 19 жас).
Кейбір адам саудасының құрбандары өздерінің
құқықтық мәселелерінің
тергеуді немесе сот
ісінің жүргізілуіне байланысты болғанын
түсіндірген. Басқа адам саудасының құрбандары
өздерінің мемлекеттік органдардан көмек
алғанын мәлімдеген, ал басқаларына қорғаушы
көмектескен.
«Қазір мемлекеттік органдар маған
көмектесіп жатыр және сотта да
көмектеседі. Біз осында мемлекеттің
арқасында тұрып жатырмыз» (435, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 21 жас).
«Тергеу ісі өтіп жатыр, сондықтан мен
қорғаушының барлық жауап алуларына
қатысып жүрмін. Сот процесі жақын арада
басталады» (438, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 20 жас).
Сөз соңында, басқа адам саудасының құрбандары
өздерінің сот әділдігін және материалдық
зиянның өтелуін қалайтынын айтқан. Бір адам
саудасының құрбаны былай деген: «Мен сол
адам қанаушыларды түрмеге отырғызғанын
қалаймын». (259, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 24 жас). Тағы екі адам саудасының
құрбаны былай деген:
«Мен олардың [қанаушылардың/адам
саудагерлерінің] түрмеге отырғызылғанын
және маған тигізген моральдық және
материалдық зияндарын өтегенін
қалаймын... Маған қорғаушының кеңесі мен
көмегі керек... Мені қанағандардан моральдық
және материалдық зиянның өтемақысын
алғым келеді» (463, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас).
«Мен сутенерлердің моральдық зиян
өтемақысын төлегенін және түрмеге
отырғанын қалаймын» (434, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 36 жас).
Көптеген жағдайларда адам саудасының
құрбандарының
қорғаушының еңбек
ақысын төлеуге қаржылық мүмкіндіктері
жоқ және ақысыз заңгерлік көмек көрсететін
қорғаушылардың немесе заңгерлердің көмегіне
жүгінуге мәжбүр. Бір адам саудасының құрбаны
осы мәселе туралы өз пікірін айтқан:
«Мен сегіз жыл бойы қиындықтарға тап бо-
лып келемін. Менің қорғаушылардың еңбек
ақысын төлеуге мүмкіндігім жоқ. Бірақ
ең басты менің қалауым – менің жұмыс
берушілерімді [қанаушыларды] ұстаса және
маған үйге қайтуға ақша берсе» (435, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 21
жас).
Салыстыра келе, 7.2-кестедегі мәліметтер бой-
ынша секс-жұмыскерлердің ішінде олардың
аз саны ғана өздерінің құқықтық мәселелері
болғанын (6,6%) немесе өздерінің құқықтық
мәселелерін шешу үшін заңгерлік көмек
алғанын мәлімдеген (3,8%), дегенмен, олардың
75,0% өздерінің
құқықтық мәселелерін
шешу үшін көрсетілген заңгерлік көмекпен
қанағаттанбағанын айтқан. Сауалнама
мәліметтері секс-жұмыскерлердің құқықтық
мәселелері құжаттарын ресімдеумен және
тіркелумен байланысты болғанын көрсетті.