ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
121
айтып өздерінің реніштерін білдірді. Бұл олардың
полиция жұмысымен қанағаттанбауына әкелген.
«Мен олардың [полицияның] маған және
менің денсаулығыма зиян келтірген
және мені заңсыз ұстаған адамдардың
әрқайсысын жазалағанын тілеймін» (442,
адам саудасының құрбаны, 19 жас).
«Мен өзімнің амандығым үшін қорқамын….
Мен олардың [полицияның] мені
қанаған адамдардың барлығын түрмеге
отырғызғанын және олардың бірін
қалдырмай жазалағанын тілеймін» (463,
адам саудасының құрбаны, 20 жас).
«Олар маған жезөкше ретінде қарағанда,
басқа қыздар полицияға шағым жазуға кеңес
берді, сондықтан мен оларға жүгіндім... Мені
осында еріксіз ұстаған адамдарды түрмеге
отырғызғанын қалаймын» (457, адам
саудасының құрбаны, жынысы–ер, 16 жас).
«Біз оларға [адам саудагерлеріне/
қанаушыларына] қарсы полицияға шағым
жаздық, себебі бізді қамап қойды және
жұмыс істеуге мәжбүр етті. Біз полициямен
сөйлестік, кездескенде біз оларға жағдайды
түсіндірдік. Полиция бізге көмектеспек бол-
ды, бірақ ештеңе өзгерген жоқ, себебі олар
баяу жұмыс істеді…. Мен бәрінің тез біткенін
тіледім» (301, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 21 жас).
7.1-кестедегі мәліметтер бойынша әлеуметтік
жағынан осал балалардың 47% өздерінің
мәселелеріне полицияның шара қолдануымен
тек жартылай қанағаттанғанын мәлімдеген,
ал 16% өте қанағаттанғанын мәлімдеген.
Сауалнамаға жауап берген әлеуметтік
жағынан осал балалардың көпшілігі Кәмелетке
толмағандарды бейімдеу орталықтарында (37%)
немесе Девиантты мінез-құлықты балаларға
арналған арнайы мектепте (39%) болған.
Төменде көптеген әлеуметтік жағынан осал
балалардың сөздері беріледі, олар өздерінің
полициямен байланыстары жөнінде және по-
лиция оларға қалай көмектескені және белгілі
бір қорғау шараларын қолданғаны туралы
және тіпті жай ғана Кәмелетке толмағандарды
бейімдеу орталықтарының біріне жіберу болған
немесе оларды үнемі қадағалау және тексеру
жүргізу орын алған жағдайларда да, мәселелерін
шешкені туралы айтады.
«Мен полицияға қашып кеткенде қайда
тұрғанымды айтып бердім, бірақ мен өзімнің
дос қызымның және оның ата-анасының
[олар оны көшеде қайыр сұрауға мәжбүр
еткен] қайда екенін білмеймін, себебі біз по-
лиция қызметкерлерімен бірге оның үйіне
кіргенде онда ешкім болмады, олар көшіп
кеткен. Полиция менімен сөйлесті, мені есеп-
ке қоятынын айтты. Енді мектеп инспекто-
ры үнемі мені қадағалап жүреді... Анам мені
полиция іздегенін айтты» (299, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 14 жас).
«Бір рет, мен полицияны кездестіргенде,
мені ұстап, осында [КБО-на] алып келгенде
түн болды. Мені осында алып келген полиция
қызметкерлері менің анамды тауып, мені үйге
жібергісі келді…. Мен ылғи анамның қасында
болатынмын, бірақ кейде түнде қыдыруға
шығатынмын, бір күні полиция мені ұстап
алып, осында алып келді. Қазір мен осында-
мын. 2 апта өтті... Анам кейде мені көруге
келеді. Оның жағдайы ылғи да жақсы. Мен
үйге анама барғым келеді» (215, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 12 жас).
«Полиция қызметкері біздің үйімізге келіп,
қалай тұрып жатқанымызды сұрайды. Кейде
аптасын бір рет әлеуметтік жұмыскер
келеді, жағдайымызды сұрайды...Полиция
қолынан келгеннің бәрін жасады» (294,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
11 жас).
«Бір кеште көшеде мені күзет полициясы
ұстап алды. Олар мені полиция уческесіне
алып келіп, үйге телефон соқты, бірақ анам
келмеді. Мен мұғалімімнен мені өзінің үйіне
алып кетуін өтіндім. Анам мас болған кез-
де, мен мұғаліміммен тұрдым… Қазір анам
ішпейді, бірақ ол ауырады, одан ісік тапқан»
(146, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 11 жас).
«Мені қаңғыбастығым үшін және сабақтан
қалғаным үшін есепке қойды. Менің ісімді
жүргізген полиция қызметкері – жақсы адам.
Мен қазір мектепті тастадым, енді сол
қызметкерді ешқашан қайтадан көрмеймін»
(147, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 16 жас).
«Біз паркте адамдардан ақша сұрап жүргенде
біздің қасымызға полиция қызметкерлері
келіп, біздің ата-анамыздың қайда екенін
сұрады. Менің дос қызымның ата-анасы
келіп, оны үйіне алып кетті, бірақ мен өзімнің
ата-анама ештеңе айтқан жоқпын, себебі
үйге қайтқым келмеді, полициядан мені ба-
лалар үйіне жіберуін сұрадым. Олар мені сол
жерге жіберді» (299, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–әйел, 14 жас).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
122
«Мен менің тәтемнің күйеуі мас болғанда
қатты қорқатынмын. Себебі ол менің ата-
ма ұнамайтын. Олар жиі ұрысатын. Мен
полицияға телефон соқтым. Олар келіп,
менің атамды алып кеткісі келді. Тәтемнің
күйеуіне тыныштал деп бұйырды, әйтпесе
оны да алып кететінін айтты. Олар атамды
медициналық орталыққа орналастырғысы
келді... Олар маған бірдеңе болса, ылғи
өздеріне телефон соғуым керек екенін айт-
ты» (68, әлеуметтік жағынан осал бала, жы-
нысы–әйел, 12 жас).
«Мен ойыншық машиналарды, тамақ пен
велосипедтерді ұрлай бастадым. Бір күні мен
досымның велосипедін ұрладым. Түнде мен
көшедегі орындықта ұйықтап жатқанымда,
біреу велосипедті алып кеткен. Олар маған
тамақ және ішімдік берді. Полиция мені
ұстап алды. Келесіде, мен шаштаразға ақша
сұрауға барғанымда мені тағы да полиция
ұстап алып, наркологиялық диспансерге
жіберді, ал сосын осында жіберді [Девиантты
мінез құлықты балаларға арналған арнайы
мектепке]» (345, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–ер, 16 жас).
«Мені зорлағаннан кейін жанұямызды әл-
ауқаты төмен деп таныды.… Олар [полиция]
мұқият және сақтықпен жұмыс істеді... Олар
анамды ана-аналық құқығынан айыраты-
нын айтып ескертті. Олар менің үйіме келіп,
құжаттар алып кетті» (339, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–әйел, 15 жас).
«Полиция мені осында алып келді [КБО-на],
оларды мектеп директоры шақырған еді.
Олар маған көмектесті, бірақ олар менің
анама көмектеспеді [оның анасы – жалғыз
ана, жұмыссыз және баспанасыз]» (214,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
16 жас).
7.1-кестедегі мәліметтер бойынша әлеуметтік
жағынан осал балалардың 37% өздерінің
мәселелеріне полицияның шара қолдануымен
қанағаттанбағанын мәлімдеген. Сауалнама
мәліметтері бойынша олардың полиция
жұмысына көңілдері
толмауының себебі по-
лиция қызметкерлері оларға немесе олардың
жанұясының мүшелерінің біріне физикалық күш
қолданған және/немесе полиция оларды үнемі
мазалаған және тыныштықтарын бұзған.
«Мені полиция ұстап алды. Полиция
қызметкерлері бәріне айқайлайды. Мені
КБО-на орналастырғаннан кейін полиция
қызметкерлері менің үйіме жиі келіп, менің
үйде болғанымды-болмағанымды тексерді.
Маған ешқандай көмек керек емес, менің
полициямен байланысқым келмейді. Мен
өзімнен осы таңбаны алып тастағанын
қалаймын. Мен қалыпты адам болғым келеді,
болашақта жұмыс істеп, әскерде қызмет
еткім келеді» (400, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–ер, 13 жас).
«Мектепте учаскелік полиция қызметкері
мені үнемі қадағалап жүрді. Мен қиын бала
ретінде есепте тұрдым, сондықтан мен
тағы қашып кете алмайтын едім. Мені
жайыма қалдырғанын қалаймын. Мен есеп-
те тұрғым келмейді. Учаскелік полиция
қызметкері маған «жақсы жүрмесең, балалар
үйіне жібереміз» деді, ал ол түрме сияқты.
Маған әжеммен тұруға рұқсат бергенін және
мені мазалағанын тоқтатқанын қалаймын»
(302, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 13 жас).
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕр,
ҚОЛДАу ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНу
ДӘрЕЖЕСі
Сонымен бірге сауалнамаға жауап берушілерден
олардың құқықтық мәселелері бар-жоғы ту-
ралы, олардың құқықтық мәселелерін шешу
үшін заңгерлік көмек алған-алмағаны туралы
және оларға көрсетілген заңгерлік көмекпен
қанағаттанған-қанағаттанбағаны туралы
сұралған. 7.2-кестедегі мәліметтер бойын-
ша сауалнамаға жауап берушілердің жалпы
санының 15,4% құқықтық мәселелері болған
және тек олардың 9,0% өздерінің құқықтық
мәселелерін шешу үшін заңгерлік көмек алғанын
мәлімдеген. Құқықтық мәселелерін шешу үшін
заңгерлік көмек алғандардың ішінде тек 28,6%
өздерінің көрсетілген заңгерлік көмекпен өте
қанағаттанғанын мәлімдеген, 40,5% жартылай
қанағаттанған және 31,0% қанағаттанбаған.
Сонымен бірге 7.2-кестедегі мәліметтер бой-
ынша әлеуметтік жағынан осал балалардың
16,6% өздерінің
құқықтық мәселелері болғанын
мәлімдеген және тек 8,1% өздерінің құқықтық
мәселелерін шешу үшін заңгерлік көмек
алғанын мәлімдеген. Құқықтық мәселелерін
шешу үшін заңгерлік көмек алғандардың ішінде
көпшілігі жартылай қанағаттанған (61,9%) өте
қанағаттанған (28,6%).
Адам саудасының құрбандарының негізінен
құқықтық мәселелері болған (21,4%) және адам
саудасының құрбандарының тек 16,5% өздерінің
құқықтық мәселелерін шешу үшін заңгерлік көмек
алғанын мәлімдеген. Құқықтық мәселелерін