«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-педагогикалық-медициналық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы



жүктеу 101,76 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі101,76 Kb.
#8408

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-педагогикалық-медициналық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің Қаулысымен

Бекітілген

2013 ж.  « ________»

_______



жоба

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру  және психологиялық-педагогикалық-медициналық көмек көрсету»

 мемлекеттік қызметінің стандарты



1.     Жалпы ережелер

1)                «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру  және психологиялық – педагогикалық - медициналық көмек көрсету» мемлекеттік қызметі.

2)                Мемлекеттік қызметінің стандартын Қазақстан Республикасының  білім және ғылым Министрлігі дайындап шығарды.

3)                Мемлекеттік қызметінің қызметкөрсетушілері психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестері (ПМПК), олардың мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1-ші қосымшасында көрсетілген.

4)                Мемлекеттік қызметінің қызметалушылары даму мүмкіндіктері шектеулі (немесе болу қаупы бар) 0 мен 18 жас аралығындағы балалар және олардың ата-аналары (заңды өкілдері) болып табылады.

5)                Қызметалушы-балалар мемлекеттік қызметін психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру түрінде, қызметалушы-ата-аналар- баланың психикалық даму проблемалары бойынша кеңес түрінде  алады. 

6) Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

7) Балаларды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, басқа да қоғамдық ұйымдары ата-аналарының ( заңды өкілдерінің) келісімі арқылы жібере алады.

8) Психологиялық - медициналық-педагогикалық тексеру тек ата-аналарының ( заңды өкілдерінің) қатысуымен жүргізіледі. 

9) Мемлекеттік қызмет ПМПК-де күнделікті, демалыс және мереке күндерін санамағанда, белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Балаларды  қабылдау белгіленген күні және сағатында алдын-ала жазу арқылы жүзеге асырылады. Қабылдауға жазу телефон арқылы немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің).

10) Мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдері:

- ПМПК-де психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді күтудің максималды уақыты 15 күннен аспауы;

-  тексеруге берілетін максималды уақыт (1 күндегі диагностикалық-кеңестік қабылдау) 1 сағаттан аспауы.

11) Мемлекеттік қызметін алу үшін  ата-аналары (заңды өкілдері) ПМПК-ке міндетті түрде тапсыратын құжаттары:

- ата-анасының (заңды өкілдерінің) тұлғасын куәландыратын құжат;

- туу туралы куәлігінің көшірмесі;  

- егер бала мүгедек болса, меджициналық-әлеуметтік-эксперттік комиссиясы берген мүгедектігі жөнінде анықтамасы;

- егер бала үйде оқытылатын болса, баланың десаулығы жағдайы бойынша үйде оқытылуы керектігі жайында денсаулық-сақтау ұйымының дәрігерлік-кеңестік комиссиясы берген анықтамасы;

12) ПМПК ата-анасынан (заңды өкілдерінен) қосымша құжаттар талап ете алады:

- денсаулық-сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаты формасын: форма № 112/у «баланың даму тарихы», форма № 027/у«Амбулаториялық, стационарлық емдеу медициналық картасынан көшірме»,

            - білім беру ұйымынан бала қатысып жүрген жағдайда психологиялық-педагогикалық мінездемесін;

-  мектеп оқушыларының мемлекеттік және орыс тілдері, математика пәндері бойынша жазбаша жұмыстарын, суреттері мен басқа да жұмыстары өнімдерін. 

13) ПМПК-ке міндетті құжаттарын тапсырмаған жағдайда ата-анасының(заңды өкілдерінің)мемлекеттік қызметін алу жөнінде өтініші қабылданбайды.   

14) Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруге алғашқы және қайта тексеру кіреді. Алғашқы тексеру барысында медициналық және әлеуметтік психологиялық анамнез жинау, неврологиялық, психиатриялық, психологиялық, педагогикалық, логопедтік және әлеуметтік-педагогикалық тексеру жүргізіліп, медициналық және психологиялық-педагогикалық диагнозары қойылады және ПМПК-тің жалпы тұжырымдамасы шығарылады. Алғашқы тексеру 1-4 қабылдау барысында болуы мүмкін.  

Қажет болған жағдайда психофизикалық жағдайы жөнінде қосымша мәліметтер алу үшін балалар медициналық ұйымдарға тереңдетілген тексеруге жіберіледі (тар шеңберлі мамандардың кеңесі, генетикалық, параклиникалық, инструменталдық тексерулер). 

15) Қайта тексеру мақсаты:

- медициналық және психологиялық - педагогикалық диагнозын анықтау үшін баланың жағдайы жөнінде қосымша, ақпараттар алу;

- ПМПК жанындағы түзету-диагностикалық топтарында балаға динамикалық бақылау жүргізгеннен кейін немесе білім беру ұйымдарында сынама оқудан кейін диагнозы немесе ПМПК – тің жалпы тұжырымдамасын өзгерту керек болғанда.

16) Мемлекеттік қызмет нәтижелері:

- баланың шектеулі мүмкіндіктері анықталуына байланысты әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу қолдауының көрсеткіштерін белгілеу, медициналық, білімдік, әлеуметтік қызмет алу тұрғысындағы баланың мұқтаждығын анықтау. Мүгедек балалар үшін жекелік оңалту бағдарламасын құру;

- білім беру бағдарламасының түрін анықтау және  2 қосымшада көрсетілген МШ балаларды білім беру ұйымдарына орналастыру  тәртібіне сәйкес МШ балаларды арнайы  және жалпыбылімдік білім беру мекемелеріне жіберу;

- ата-анасынна (заңды өкілдеріне) балаларды оқыту мен тәрбиелеу жөнінде кеңестік көмек көрсету;

- мемлекеттік қызмет көрсетілмейтіні жөнінде ҚР заңнамасына сәйкес заңды түрде негізделген тұжырым.

13) Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру нәтижелері білімдік, медициналық және әлеуметтік қызметтер түрі ұсынылып, ПМПК тұжырымдамасы түрінде рәсімделеді.

14) Баланы арнайы білім беру ұйымына және жалпыбілімдік ұйымның арнайы сыныбына жолдаған жағдайда ата-анасынна (заңды өкілдеріне) баланың психикалық даму бұзылымының  сипаттамасы жөнінде (медициналық және психологиялық-педагогикалық диагнозы), балаға ұсынылатын  арнайы білімдік, медициналық және әлеуметтік қызметтер түрі мен оқу бағдарламасы көрсетіліп, ПМПК тұжырымдамасы беріледі. ПМПК тұжырымдамасын рәсімдеу МШ балаларды білім беру ұйымдарына орналастыру  тәртібі бойынша медициналық және педагогикалық көрсеткіштерге сай жүргізілуі керек.  Баланы арнайы ұйымға (сыныпқа) жолдау жайлы ПМПК тұжырымдамасының формасы 3. а. Қосымшасында көрсетілген.  

15) Балаға жалпыбілімдік бағдарлама ұсынылып, инклюзивтік сыныптарға (МШ балалардың дені сау балалармен бірге оқу сыныптары) жолдаған жағдайда, ПМПК тұжырымдамасында оқу жағдайлары мен түзеу психологиялық-педагогикалық қодауы жайлы ұсынымдар диагнозы көрсетілмей беріледі. Баланы жалпыбілімдік ұйымға (инклюзивтік сыныпқа) жолдау жайлы ПМПК тұжырымдамасының формасы - 3. б. Қосымшасында.

16) Қажет жағдайда немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) қалауы бойыншапсихикалық даму бұзылымдары жайлы медициналық диагноздары  ПМПК тұжырымдамасында аяушылық формада немесе Халықаралық аурулар топтамасына 10 қарасына сәйкес шифр түрінде рәсімделуіне болады.   

 17) Ата-анасы (заңды өкілдері) баланың психо-физикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес, білім беру ұйымның түрін таңдайды (арнайы ұйым, арнайы сынып немесе жалпыбілімдік мектептегі инклюзивтік сынып.  

18) Білімдік оқу бағдарламасы ұсынылған ПМПК тұжырымдамасы, ата-анасы (заңды өкілдері) келіскен жағдайда, баланы арнайы білім беру ұйымына, арнайы сыныпқа немесе жалпыбілімдік мектептегі инклюзивтік сыныпқа орналатырудың негізі болып табылады.

3. Орталық мемлкеттік органдары, облыстар, республикалық мағынасы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық мағынасы бар қалалар, қалалық аудандар әкімдері, аудандық мағынасы бар қалалар, ауылдар, ауылдық округтер жергілікті атқару органдарының , сонымен бірге тұрғындарға қызмет көрсету органдары қызметкөрсетушілері және қызметкерлерінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі.

19)Қызметкөрсетуші әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)шағым беру тәртібін түсіндіру және шағым  дайындауға көмек алу үшін қызметалушы мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 Қосымшасында көрсетілген басшыларға жүгінуіне болады. 

20) Көрсетілген қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда (аудандық, қалалық, облыстық ПМПК тұжырымдамасымен) ата-анасы (заңды өкілдері) Республикалық ПМПК-де тексексеруден өтуіне болады. РПМПК мекен-жайы мен телефоны 1 Қосымшасында көрсетілген.

21) Қызметалушы баланы тексерудің жағдайы және сапасымен келіспеген жағдайда шағым жергілікті қызмет көрсетуді өкілетті органының басшысы атына немесе Алматы, Астана қалалары  білім басқармаларына, облыстық, аудандық және қалалық мағынасы бар білім бөлімдеріне жұмыс күндері 9.00 ден 18.00-ге дейін беріледі (түскі үзіліс13.00 - 14.00) . Өкілетті органдар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 4 Қосымшасында көрсетілген.

22) Өкілетті органының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ҚР білім және ғылым Министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру Департаментіне жұмыс күндері 9.00 ден 18.00-ге дейін  (түскі үзіліс13.00 - 14.00) мына мекен-жай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Дом министерств» ғимараты,  11 кіреберіс.

23) Көрсетілген қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда қызметалушы заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша сотқа шағымдануына болады.

Шағымда қызметалушының толық аты-жөні (жеке күәлігі бойынша), мекен-жайы, датасы көрсетіледі. Шағымда қызметалушының қолы қойылуы керек. Шағым берілген кезде үстіне шағым берілген субъекттің аты-жөні мен қызметі, шағым негізі мен талабы көрсетіледі.  

24) Қажет болған жағдайда қызметалушы шағымына қызметкөрсетушінің сапасыз қызметін дәлелдейтін құжаттарды тіркейді.

25) Қызметалушыға шағымы қабылданағанын дәлелдейтін датасы мен уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, байланыс деректері  көрсетілген талон беріледі.

Шағымның қаралу нәтижелері қызметалушыға пошта арқылы жазбаша түрде жіберіледі.

Порталда электронды жолдау жіберілгеннен кейін мемлекеттік қызметін алушының порталы арқылы «жеке кабинетінен» ақпарат түседі, ол мемлекеттік органы қарау барысында жаңаланып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы жайлы белгілер).        

4. Мемлекеттік қызмет ерекшеліктерін ескерген жағдайдағы басқа да талаптар, соның ішінде электронды формада және тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы.

26). Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер құзіретіне кіретіндер:

-  арнайы көмекке мұқтаж дамуында түрлі ауытқуы бар (соның ішінде ерте жастағы) балаларды ҚР білім беру, денсаулықсақтау және әлеуметтік қорғау саласынындағы  өкілетті органымен бірлесе отырып,  дер кезінде анықтау;

-  білім беру, денсаулықсақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесе отырып мүмкіндіктері шектеулі балалардың есебін жүргізу, олардың медициналық, білімдік және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын анықтау;

- білім басқармасы органдарына МШ балаларға арналған арнайы түзеу және инклюзивті білім беру ұйымдары желісін дамыту жөнінде ұсынымдар беру;  

- қоғамда МШ балаларға деген толеранттық қатынасты қалыптастыру мақсатында МШ балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері жайлы білімдерді насихаттау;   

27). Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ПМПК материалды-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасы минималды талаптарының Нормативтеріне сәйкес ауданы 150 кв. метрден кем емес, диагностикалық жабдықтары, қажетті жихаздары, кілем төсемшелері, компъютерлік техникасы, электронды байланысы, автотранспорты бар, бөлектенген ғимаратта ашылуы тиіс(ҚР БҒМ 10.07 2007ж. №367 Бұйрығы).    

МШ балаларға, соның ішінде мүгедектігі бар балаларға, ПМПК ғимаратына, ауласына, бөлмелеріне кіру мүмкіндігі архитектура, құрылыс саласының мемлекеттік стандартының нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етілуі керек.

28). Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді ПМПК-де мынандай мамандай жүргізеді: балалар психиатр-дәрігері, балалар невропатолог-дәрігері, балалар сурдолог-дәрігері, балалар офтальмолог-дәрігері, педагог-психолог, логопед-мұғалім, дефектологтар(олигофренопедагог,  сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог педагог.   

 Тіркеуші кеңесмке алдын-ала жазуды, қабылдаудың тәртібін қамтамасыз етеді, балаларды тіркеп, ПМПК құжатнамасын жүргізеді. 

Статист МШ балалардың есебін жүргізіп, олардың саны  мен  мұқтаждықтары жөнінде жиынтық есебін жасап, болашақта олардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтары болжамына сараптама жүргізеді.  

Медициналық және басқа да профильдегі мамандар ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қамтылады. Бөлек ғимаратта орналасқан жағдайда күзетшінің, ауласыпырушының және басқа да ғимартқа қарайтын жұмыскерлер енгізіледі. Автотранспорт болған жағдайда жұргізуші алынады.

29) Мемлекеттік қызметін ұйымдастыру үшін ПМПК-де төмендегідей құжатнамалар жүргізіледі: балаларды кеңеске алдын-ала жазу журналы (5а қосымшасы), ПМПК-де тексеруден өткен балалардың есебін жүргізу журналы (5б қосымшасы), баланың даму картасы (5в қосымшасы).

Баланың даму картасы баланы тексерген күннен бастап 3 тәулік ішінде толтырылады, 5 жыл сақталып, мерзім өткеннен кейін ПМПК-тің архивіне өткізіледі. Баланың даму картасында анамнездің деректері, тексерудің барлық түрлерінің нәтижелері, ПМПК-тің жалпы тұжырымдамасы мен ұсынымдары көрсетіледі.

30) Баланың даму картасында оның медициналық және психологиялық-педагогикалық диагнозары толық және кең түрде көрсетіліп жазылады, соның ішінде: 

- интелектуалдық және психикалық бұзылымдар болған жағдайда –психиатриалық диагнозы;



Ескертп:е процесуалды психикалық ауруы, психоблесендеткіш заттарды қолдану нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық бұзылымдары және суицидалды мінез болған жағдайларда балаалр мен жасөспірімдер тереңдетілген тексеруден өткізілуі және емдік-профилактикалық көмегін алуы үшін психикалық орталықтарына жіберіледі.

-  неврологиялық бұзылымдар - неврологиялық диагноз;

-  есту қабілетінің  бұзылымдары – сурдологиялық (есту фукциясының төмендігі дәрежесі децибелмен көрсетіледі)

- көру қабілетінің бұзылымдары – офтальмологиялық (көру фукциясының төмендігі дәрежесі көрсетіледі);

-  тілдік бұзылымдар – педагогикалық және клиникалық топтама шеңберінде логопедтің тілдік бұзылым жайлы қорытындысы;

-  оқыту және тәрбиелеу проблемалары–психолог пен педагогтың қорытындысы;

- әлеуметтік проблемалар  – әлеуметтік педагог қорытындысы;

-  қосымша аурулары мен синдромдары (органдары мен жүйелерінің созылмалы аурулары, нерв жүйесінің тұқымқуалаушылық - дегенеративтік аурулары, және де патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар,  оқу қызметі бұзылымдарының синдромы  мен мектептік дезадаптация).

31) Баланың даму картасындағы барлық деректер  конфиденциалдық сипаттаамада болады, даму картасының көшірмесі тек тергеу орындарының, психикалық орталықтарының, психиатриялық ауруханалары мен білім беру, денсаулықсақтау, әлеуметтік қорғау саласы өкілдерінің жазбаша түрдегі сұранысы бойынша ғана беріледі.

32) Қажет болған жағдайда дәрігерлер балалар мен жасөспірімдерге ем тағайындайды, психолог пен педагогтар  ата-анасына (заңды өкілдеріне), педагогтарға, тәрбиешілерге, арнайы білім беру ұйымдарының мамандарына ауызша және жазбаша түрде балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу жөнінде кеңейтілген ұсынымдар береді.



33) Балаларды терең түрде тексеру және ақырғы диагнозын қою үшін ПМПК-де МШ балалар үшін түзеу-диагностикалық топтары ашылады. Түзеу-диагностикалық топтарын ұйымдастыру тәртібі 6 Қосымшада көрсетілген.

 
жүктеу 101,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау