ҚҰрылыс нормалары және ережелер


  Құбырлардың ең кішкентай диаметрлері



жүктеу 8,54 Mb.
бет9/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58

5.9  Құбырлардың ең кішкентай диаметрлері
5.9.1 Өздігінен ағатын желі құбырларының ең кішкентай диаметрлерін төмендегідей алу қажет:

- көше желісі үшін – 200 мм;

- тұрмыстық және өндірістік су бұрудың квартал ішілік желісі үшін – 150 мм;

- жаңбыр және ортақ ағызу желісі үшін –250 мм;

- квартал ішілік - 200 мм.

Арын тұнба ағатын құбырлардың ең кішкентай диаметрі - 150 мм.


1-ЕСКЕРТУ   Шығымы 300 м3/тәул дейін жететін квартал ішілік және көше желілері үшін елді мекендерде диаметрі 150 мм құбырларды қолдануға жол беріледі.

2-ЕСКЕРТУ  Тиісті негіздеу болған жағдайда өндірістік су бұру желісіне диаметрі 150 мм кем құбырларды қолдануға жол беріледі.


5.10 Есептелген жылдамдық пен құбырлар мен каналдардың толтырылуы

5.10.1 Су бұру желілерінің тұнба басуына жол бермеу үшін тоспа сулар қозғалысының есептелген жылдамдығын құбырлар мен каналдардың толу дәрежесіне және құрамында тоспа сулар бар қалқымалы заттардың ірілігіне қарай алу қажет.

Тұрмыстық және жаңбыр су бұру жүйесінің желісінде құбырлар жартылай толған жағдайда ең төмен жылдамдықты 5.19-кесте бойынша қабылдау қажет.

5.10.2 Лотоктар мен құбырлардағы түссіздендірілген немесе биологиялық тазартылған тоспа сулардың ең төмен есептік жылдамығын 0,4 м/с деп алуға жол беріледі.

5.10.3 Тоспа сулардың ең жоғары есептелген жылдамдығын төмендегідей алу қажет:

-  металл құбырлар үшін 8 м/сек дейін;

- металл емес құбырлар үшін 4 м/сек;

- жаңбырлы су тарту желісі үшін тиісінше 7 м/с бастап, 10 м/с дейін.



5.10.4 Дюкерлердегі түссіздендірілмеген тоспа сулар қозғалысының есептелген жылдамдығын кемінде 1,0 м/с деп алу қажет. Мұндайда тоспа сулар дюкерге жақындайтын жерлерде жылдамдық дюкердегі жылдамдықтан асырылмауы тиіс.
5.19-кесте  - Тұрмыстық және жаңбырлы су бұру жүйелерінің желісіндегі құбырлардың ең жоғары есептік толтырылуына байланысты ең төменгі жылдамдықтың мәні


Диаметрі, мм

Жылдамдық vmin, м/с, H/D толған кезінде


0,60

0,70

0,75

0,80

150 бастап, 250 дейін, қоса алғанда

0,70

-

-

-

300 бастап, 400 дейін, қоса алғанда

-

0,80

-

-

450 бастап, 500 дейін, қоса алғанда

-

-

0,90

-

600 бастап, 800 дейін, қоса алғанда

-

-

1,00

-

900

-

-

1,15

-

1000 бастап, 1200 дейін, қоса алғанда

-

-

-

1,15

1500

-

-

-

1,30

1500 жоғары

-

-

-

1,50

1-ЕСКЕРТУ Өндірістік тоспа сулар үшін ең төмен жылдамдықты өнеркәсіптің жекелеген сала кәсіпорындарын құрылыстық жобалау бойынша немесе пайдалану деректері бойынша нұсқауларға сәйкес қабылдау қажет.

2-ЕСКЕРТУ Қалқымалы заттардың сипаты жағынан тұрмыстыққа жақын өндірістік тоспа сулар үшін, ең төмен жылдамдықты тұрмыстық тоспа суларға алатындай алу қажет.

3-ЕСКЕРТУ Жаңбырлы су бұру желісі үшін Р = 0,33 жыл болғанда ең төмен жылдамдықты 0,6 м/с деп алу қажет.

5.10.5 Шикі және божыған тұнбалар қозғалысының, сондай-ақ арын тұнба ағатын құбырлардағы нығыздалған белсенді тұнбаның ең төмен есептелген жылдамдығын 5.20-кесте бойынша алу қажет.


5.20-кесте  - Значения наименьшей расчетной скорости движения сырых и сброженных осадков, и уплотненного активного ила в напорных илопроводах


Шөгіндінің ылғалдылығы, %

vmin, м/с, болғанда


Шөгіндінің ылғалдылығы, %

vmin, м/с, болғанда


D= 150 мм

бастап, 200 мм дейін



D= 250 мм бастап,

400 мм дейін



D= 150 мм

бастап, 200 мм дейін



D= 250 мм бастап,

400 мм дейін



98

0,8

0,9

93

1,3

1,4

97

0,9

1,0

92

1,4

1,5

96

1,0

1,1

91

1,7

1,8

95

1,1

1,2

90

1,9

2,1

94

1,2

1,3









5.10.6 Жаңбыр қозғалысының ең жоғары жылдамдығы мен каналдардағы өндірістік тоспа сулар суқоймаларына жіберілуге жол берілетін ең жоғары жылдамдықты каналдарда 5.21-кесте бойынша алу қажет.

5.10.7 Кез келген пішіндегі (тіктөртбұрыштан басқа) көлденең қимасы бар құбырлар мен каналдардың есептеліп толтырылуын 0,8 диаметрден (биіктіктен) асырмай алу қажет.

Көлденең қимасы тіктөртбұрыш каналдардың есептеліп толтырылуын биіктіктің 0,75 асырмай қолдануға жол беріледі.

Жаңбырлы су тарту желісінің құбырлары үшін толық толуды алу қажет. Толық толтыруды тоспа сулар аз уақытқа тасталған уақытта диаметрі 500 мм дейінгі құбырлар үшін алуға жол беріледі.
5.21-кесте  - Жаңбыр және суқоймаларға тасталуға жол берілетін каналдарғы өндірістік тоспа су қозғалысының ең жоғары жылдамдығының мәндері


Топырақ немесе бекітілу түрі

Ағын тереңдігі 0,4 м бастап, 1,0 м дейін болғанда каналдардағы ең жоғары қозғалыс жылдамдығы, м/с


Бетон плиталармен бекітілу

4,0

Орташа әктастар, құмдақтар

4,0

Одерновка:

жалпақ жағы

1,0




қабырғаға

1,6

Төсем салу:

бірқабатты

2,0




қос қабатты

3,0 бстап, 3,5 дейін

ЕСКЕРТУ  Ағын жылдамдығы 0,4 м кем болған уақытта тоспа сулардың қозғалыс жылдамдығының мәндерін 0,85 коэффициентімен, тереңдігі 1,00 м астам болғанда - 1,25 коэффициентімен алу қажет.


5.11  Құбырлардың, каналдар мен лотоктардың көлбеулері
5.11.1 Құбырлар мен каналдардың ең төмен көлбеулерін тоспа су қозғалысының жол берілетін ең төмен жылдамдығына байланысты қабылдаған жөн. Су бұру жүйелерінің барлық түрлері үшін құбырлардың ең төмен көлбеулерін құбырлар үшін төмендегідей диаметрлермен алу қажет:

- 150 мм - 0,008;

- 200 мм - 0,007.

Тиісті негіздеу болған жағдайда жергілікті шарттарға байланысты желінің жекелеген учаскелері үшін төмендегідей диаметрлердегі көлбеулерді алуға жол беріледі:

- 200 мм - 0,005;

- 150 мм - 0,007.

Нөсерөткізгіштен жалғану көлбеуін 0,02 деп алу қажет. Диаметрі 200 мм артық құбырлардың ең төмен көлбеулері [1] сәйкес анықталады.

5.11.2 Ашық жаңбыр желісінде көлік жүретін жол лотоктарының, кюветтер мен су бұру орларының ең төмен көлбеулерін 5.22-кесте бойынша қабылдау қажет.

5.11.3 Трапецеиялы қимадағы кюветтер мен орлардың ең шағын көлемдерін төмендегідей алу қажет:

- түбі бойынша ені 0,3 м;

- тереңдігі 0,4 м.
5.22-кесте – Көлік жүретін жол лотоктарының, кюветтер мен су тарту орларының ең төменгі көлбеулерінің мәндері


Лотоктар, кюветтер, орлар

Ең төмен көлбеу

Көлік жүретін жолдағы лотоктар:

асфальтобетон жамылғысы

0,003

тас төсеуіш немесе ұсақталған тас жамылғысы

0,004

көпірлі жұмыр тас

0,005

Бөлек лотоктар мен кюветтер

0,005

Су бұратын орлар

0,003



6 Су бұру сызбалары мен жүйелері
6.1 Елді мекендердің су бұру сызбалары мен жүйелері
6.1.1 Елді мекендердегі су бұруды бөлек-толық немесе толық емес, жартылай бөлек, сонымен қатар жинақталған жүйелер бойынша қарастыру қажет.

Беткі суларды суағарлардың ашық жүйесімен тиісті негіздеу болған және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайда, сондай-ақ «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» мен «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық пайдаланылу ережелері» талаптарына сәйкес бұруға жол беріледі.

6.1.2 Су бұру жүйесін беткі тоспа сулардың тазалануына, климат жағдайларына, айналадағы жер бедеріне қойылатын талаптар мен өзге де факторларды ескеріп таңдау қажет. Жаңбыр интенсивтілігі q20 1 га 90 л/с кем аудандарда жартылай бөлек су бұру жүйесінің қолданылу мүмкіншілігін қарастыру қажет.
6.2 Шағын елді мекендер (5000 адамға дейін) мен бөлек тұрған ғимараттардың су бұру жүйелері
6.2.1 Шағын елді мекендердегі су бұру желісін әдетте, толық емес бөлек жүйе бойынша қарастыру қажет.

6.2.2 Шағын елді мекендер үшін әдетте, бір немесе бірнеше елді мекендер, жекелеген ғимарат мен өндірістік аймақ топтары үшін орталықтандырылған су бұру желілерін қарастыру қажет. Орталықтандырылған су бұру сызбаларын құрамында көң бар тоспа суларды қоспай, тұрғын және өндірістік аймақтар үшін біріктіріп жобалау қажет. Мұндайда өндірістік тұрмыстық суларды тұрмыстық тоспа сулармен 6.3.7 ескеріп біріктіру қажет.

Тұрғын және өндірістік аймақтар үшін орталықтандырылған сызбаларды бөлек орналастыруға техника-экономикалық негіздеу болған жағдайда жол беріледі.

6.2.3 Орталықтандырылмаған су бұру сызбаларын төмендегідей жағдайларда қарастыруға жол беріледі:

- сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су сақтағыш деңгейжиектердің ластану қаупі болмаған жағдайда;

- ең алдымен, су бұру жүйелерімен болуы тиіс нысандар үшін (ауруханалар, мектептер, бала бақшалар, әкімшілік-шаруашылық ғимараттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, бөлек тұрғын үйлер), сондай-ақ су бұру жүйелерімен жабдықталатын нысандар кем дегенге 500 м қашықтықта орналасқан жағдайда елді мекендер құрылысының бірінші сатысы үшін қолданыстағы немесе қалпына келтірілетін елді мекендерде орталықтандырылған су бұру сызбасы болмаған жағдайда;

- ғимарат топтарын немесе жекелеген ғимаратты су бұру жүйелерімен жабдықтау қажет болған жағдайда;

- бөгейтін сорғы станцияларының санын азайту үшін бедері бірдей ірі елді мекендер үшін тиісті негіздеу болған жағдайда.

6.2.4 Су бұру сызбасы орталықтандырылған болған жағдайда төмендегідей құрылыстарды қолдану қажет:

- механикалық тазалау (торлар, құмұстағыш, тұндырғы және т.б.);

- табиғи биологиялық тазалау (сүзгілеу алаңдары, биологиялық тоғандар, буландырғыш тоғандар, жинақтауыш тоғандар және т.б.);

- жасанды биологиялық тазалау (әртүрлі типтердегі аэротенктер мен биосүзгілер, циркуляциялық тотықтандырғыш каналдар);

- қызметкерлердің уақытша тұруына арналған вахталық ауылдар үшін және адамдар уақытша қоныстанатын басқа да нысандар үшін физика-химиялық тазалау.

6.2.5 Орталықтандырылмаған су бұру сызбасы кезінде тоспа суларды тазалау үшін сүзгілейтін құдықтарды, жер асты сүзгілеу алаңдарын, құм-гравий сүзгілерін, сүзгілейтін траншеяларды, толық тотығуға аэротенктерді, жұмысы мерзімдік болатын нысандар (пионерлік лагерлер, туристік базалар және т.с.с.) үшін физика-химиялық тазалау құрылыстарын қолдану қажет.

6.2.6 Шағын елді мекендердің тоспа суларын тазалау үшін ГОСТ 25298 бойынша зауытта дайындалған қондырғыларды немесе жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес қуаты мен тазалау деңгейі ұқсас қондырғыларды пайдаланған орынды. Жергілікті тазалау құрылыстарын заманауи тазалау технологияларын пайдалану негізінде халық санын, тоспа сулардың ластану сипаты мен дәрежесін ескеретін жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобалау ұсынылады.

6.2.7 Тұрмыстық тоспа сулардың шығымы 1 м3/тәул дейін болған жағдайда бөлек тұрған ғимараттар үшін люфт-клозет немесе септиктер (шұңқырлар) құруға жол беріледі.

6.2.8 Синтетикалық беткі-белсенді заттармен (СББЗ) ластанған кір жуатын орындардан шыққан тоспа суларды ара-қатынасы 1:9 болған жағдайда тұрмыстық тоспа сулармен бірге өңдеуге жол беріледі. Монша-кір жуатын орындар үшін бұл ара-қатынасты 1:4, монша үшін - 1:1 деп алу қажет.

Монша-кір жуатын орындардан шыққан тоспа сулар аз болған жағдайда СББЗ жол берілетін концентрациясын қамтамасыз ету үшін олардың өңделуін қарастыру қажет. Негізделген жағдайда реттейтін резервуарларды қолдануға жол беріледі.

6.2.9 Тоспа суларды тазалау құрылыстарына сорғылармен әперу кезінде шағын елді мекендердің тазалау құрылыстарын реттейтін ыдыс құрылғысымен сорғы қондырғыларының жұмыс өнімділігіне тең келетін шығымды есептеу қажет.

6.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру сызбалары мен жүйелері
6.3.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су шаруашылығы жүйесі жекелеген технологиялық операцияларда және жекелеген цехтер үшін немесе тұтас бір кәсіпорын үшін суытатын су айналымымен өндірістік сулардың барынша қайта (кезекті) пайдаланылуын қарастыру қажет.

Техникалық мақсаттарда пайдаланылатын судың қайтарусыз жоғалған орны тазаланып, зарарсыздандырылғаннан кейін беткі тоспа суларды, тұрмыстық, қала және өндірістік тоспа суларды жинау есебінен толтырылуы тиіс.

Суды өндірістік қажеттіліктерге тазартылған тоспа суларды су объектілеріне ағызып, тікелей әперу жүйесін қолдану негізделген және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген жағдайда ғана жол беріледі.

6.3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру сызбалары мен жүйелерін таңдаған уақытта төмендегілерді ескеру қажет:

- қалдықсыз және сусыз өндірісті енгізу, құрғақ процесстерді, су шаруашылығының тұйықталған жүйе құрылғыларын пайдалану, суытудың ауа әдістерін қолдану есебінен технологиялық процессте ластанған тоспа сулардың түзілу мүмкіншілігіне жол бермеу;

- түрлі технологиялық процесстерге пайдаланылатын судың сапасы мен мөлшеріне талаптар қою;

- түрлі технологиялық процесстерде түзілетін тоспа сулардың мөлшері мен сипаттамасын және ондағы ластаушы заттардың физика-химиялық қасиеттерін, су тұтыну мен су бұрудың материалдық және энергетикалық баланстарын;

- жекелеген компоненттерді бөліп алу және суды қайта пайдалану (айналымды сумен жабдықтау жүйелері), сонымен қатар өндірістік сумен жабдықтаудың жергілікті тұйықталған жүйелерін құру мақсатында тоспа сулар ағысын жергілікті тазалау мүмкіншілігі;

- суды сапасына түрлі талаптардың қойылуымен түрлі технологиялық процесстерде тізбекті түрде пайдалану мүмкіншілігі;

- жергілікті тазалануды қажет ететін тоспа сулардың бөлек ағынмен шығарылу мүмкіншілігі;

- сапалық сипаттамалары ұқсас тоспа суларды біріктіру мүмкіншілігі;

- тоспа суларды су объектілеріне немесе елді мекеннің немесе басқа су пайдаланушының су бұру жүйесіне төгу мүмкіншілігі;

- өндірісте тазартылған тұрмыстық және қалалық тоспа суларды (айналымды сумен жабдықтау жүйелері), сонымен қатар беткі тоспа суларды пайдалану және тоспа суларды су объектілеріне төкпей, су шаруашылығының тұйықталған жүйелерін құру мүмкіншілігі;

- су бұру жүйесіне түрлі тоспа сулар келіп түскен уақытта құбырларда газ тәріздес немесе қатты өнімдердің түзілуімен химиялық процесстердің жүру мүмкіншілігі.

6.3.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұр жүйелерімен жабдықталуын толық бөлек жүйеде қарастыру қажет.

6.3.4 Өндіріске қайтару мақсатында немесе су объектілеріне немесе елді мекенің су бұру жүйесіне не болмаса басқа бір су пайдаланушыға жібермей тұрып, дайындау үшін арнайы тазалауды қажет ететін тоспа суларды бөлек ағын жасап бұру қажет.

6.3.5 Түрлі ластаушы заттары бар өндірістік тоспа су ағындарының біріктірілуін оларды біріктіріп тазалау ұтымды болған жағдайда қарастыру қажет.

6.3.6 өндірістік тоспа сулары мен қаланың тоспа суларын алаңнан тысқары орналасқан тазалау құрылыстарында келіп құятын тоспа сулардың сипаттамалары мен оларды қайта пайдаланылу мүмкіншіліктерінің шарттарына байланысты бірге немесе бөлек тазалауға болады.

6.3.7 «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» сәйкес бірге бұрылуға және елді мекеннің тұрмыстық тоспа суларымен бірге тазалануға жататын өндірістік тоспа сулар:

- желілер мен құрылыстардың жұмысын бұзбауы;

- арасында су бұру желісінің құбырларын қоқыстауы немесе құбырлардың қабырғасына тұрып қалуы мүмкін заттар болмауы;

- құбырлардың материалы мен су бұру құрылыстарының элементтерін бүліндірмеуі;

- су бұру желілері мен құрылыстарында жарылу қаупі бар және улы газдардың түзілуіне әкелуі мүмкін жанғыш қоспалар мен еріген заттар болмауы;

- құрамында тазалау құрылыстарының жұмысын бұзатын немесе олардың техникалық сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылуына немесе су объектілеріне төгілуіне (тазалау әсерінің ескерілуімен) кедергі келтіретін концентрацияларда зиянды заттар болмауы тиіс.

6.3.8 Өндіріс барысында ластанбаған тоспа сулар кәсіпорынның өндірістік айналымды сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылуы немесе басқа тұтынушыға, соның ішінде суармалауға тапсырылуы мүмкін.

6.3.9 Өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын тоспа сулардың мөлшерін су айналымын және тоспа сулардың қайта (айналымды) пайдаланылуын ұлғайту мүмкіншілігі бөлігінде су шаруашылығы балансын сараптап, технологиялық деректер бойынша анықтау қажет.

Деректер болмаған жағдайда – өнімнің немесе шикізаттың бір бірлігіне келетін су шығымының іріленген нормалары бойынша, осы сияқты кәсіпорындардың деректері бойынша.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тоспа суларының жалпы мөлшерінен елді мекеннің немесе басқа су пайдаланушының су бұру желісінде қабылданатын мөлшерді бөлу қажет.


6.4 Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан беткі тоспа сулардың су бұру сызбалары
6.4.1 Cу бұру желісі бөлек болған жағдайда беткі тоспа суларды қала аумағынан беткі ағынның жергілікті немесе орталықтандырылған тазалау құрылыстарында тазалау қажет.

Бұл ретте қойылатын талаптарға байланысты механикалық тазалау құрылғыларын (торлар, құмұстағыштар, тұндырғылар, сүзгілер) пайдалану қажет.

Кейбір жағдайларда бекі, тұрмыстық және өндірістік тоспа сулар ортақ тазалау құрылыстарында бірге тазалануы мүмкін. Мұндайда беткі тоспа суларды жинауыштарға жинап, қаланың тоспа сулары ең аз келетін сағаттарда су бұру жүйелеріне әперу қажет.

6.4.2 Су бұру жүйесі жартылай бөлек болған жағдайда беткі сулар қоспасын тұрмыстық және өндірістік тоспа сулармен қалалық тоспа сулар үшін қабылданған толық тазалау сызбасы бойынша тазалау қажет. Тазалау құрылыстарына түсірілетін гидравликалық жүктемені азайту үшін реттеу ыдыстарын пайдалануға жол беріледі.

6.4.3 Беткі тоспа суларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан тазалау қажет. Кәсіпорындардағы беткі тоспа сулардың тазалану шараларының әзірленуі аумақ пен ауаның ластану көздері, су жинау алабы бассейнінің сипаттамасы, осы ауданға жауатын атмосфералық жауын-шашын, аумақты суару және жуу режимдері туралы заттай деректерге негізделуі тиіс.

Егер кәсіпорын аумағы бетіне жиналатын қоспаларды құрамы мен мөлшері бойынша айырмашылығы селитебтіден аз болса, беткі тоспа сулар елді мекеннің жаңбырлы су бұру желісіне жіберілуі мүмкін.

6.4.4 Беткі тоспа суларды тазалау үшін бұру сызбасы техникалық мүмкіншілік пен экономикалық ұтымдылықтың бағалануы негізінде таңдалуы тиіс:

- өндірістік сумен жабдықтау жүйелеріндегі беткі тоспа суларды пайдалану;

- беткі тоспа суларды өз бетінше тазалау.

6.4.5 Нақты жағдайларға байланысты (ластану көздері, су жинау алабы бассейнінің көлемі, орналасуы мен бедері және т.б.) су бұру және беткі тоспа суларды тазалау сызбаларын әзірлеген уақытта ағынды өндірістік су бұру желісіне бұрып немесе алдын ала тазалап барып, жаңбырлы су бұру желісіне бұрып, бетіне зиянды заттар түсуі мүмкін өндірістік аумақтың жекелеген учаскелерінің оқшаулану қажеттілігін ескеру қажет. Бірқатар жағдайларда аумақтың ластану сипаты мен дәрежесі жағынан ерекшеленетін өндірістік алаңдардағы ағындарды бөлек тазалаудың қаншалықты ұтымды болатындығын бағалау қажет.

6.4.6 Беткі тоспа суларды тазалау үшін пайдаланылуы қарапайым және жұмысы сенімді механикалық және физика-химиялық тазалау құрылыстарын қарастыру ұсынылады. Барлық жағдайларда тұндырғы құрылыстарды қолданған жөн. Тазалау процессін қарқындату және тұндырғы құрылыстарындағыға қарағанда тереңрек тазалануды қамтамасыз ету үшін сүзгіленуді, коагуляцияны, флотацияны қолдану ұсынылады. Органикалық қоспалардың мөлшерін азайту қажет болған жағдайда түссіздендірілген тоспа суларды биологиялық тазалау құрылыстарына жіберу қажет. Қаланың тоспа сулары мен беткі тоспа сулардың биологиялық тазалануын қарқындату үшін жанаспалы-тұрақтандыру әдісін (аэротенктерде) қолдануға жол беріледі.

7  Су бұру желілері мен олардың құрылыстары
7.1 Желілерді трассирлеу және құбырларды төсеу шарттары
7.1.1 Желілердің бас жоспарларда орналасуы, сондай-ақ жоспардағы және қиылыспалардағы құбырлардың беткі жағынан құрылыстар мен инженерлік коммуникацияларға дейінгі ең аз ара-қашықтық ҚНжЕ 3.01-01, ҚНжЕ II-89 сәйкес қабылдануы тиіс.

7.1.2 Өздігінен ағатын (тегеуріні жоқ) су бұру желілері әдетте, бір сызыққа жобаланады.


1-ЕСКЕРТУ   Өздігінен ағатын коллекторлар бір-біріне қатар салынған жағдайда су бұру желілерін олардың апатты жағдайларда жөнделуін қамтамасыз ету үшін жекелеген учаскелерде (мүмкін болатын) қайта жіберу құбырлар құрылғысы ретінде қарастыру қажет.

2-ЕСКЕРТУ   Санэпидқадағалау органдарымен келісілген жағдайда апатты резервуарларға (артынан айдап шығарып), я болмаса шығуында тазалау құрылыстарымен жабдықталған жаңбырлы коллекторларға қайта қосуға жол беріледі. Қайта іске қосу жапқыштың астында, жапқыш пломба астында.


7.1.3 Су бұру жүйесінің сенімділігі тегеуріні жоқ желілері (коллекторлар) жұмысының сенімділігі құбыр (канал) материалы мен түйіспе бірігулердің тасымалданатын тоспа суға да, су бетіндегі газды ортаға да коррозиялық төзімділігімен анықталады.

7.1.4 Бірнеше тегеурінді құбыр бір-бірлеріне қатар салынған жағдайда құбырлардың беті арасындағы ара-қашықтықты ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес жұмыстардың жүргізілу, шектес құбырлардың қорғалуынының қамтамасыз етілу шарттарынан, құбыр материалына, ішкі қысымға және геологиялық шарттарға байланысты алу қажет.

Екі коллектор бір-біріне қатар орналастырылған жағдайда олардың арасындағы ара-қашықтықты коллекторлардың ең үлкенінен бес диаметрге тең, бірақ 10 м кем болмайтындай етіп алу қажет.

7.1.5 Тасымалданатын ағын сұйығының сипаттамаларына (агрессивтілік, өлшенген бөлшектердің жоғары мөлшері) байланысты пайдалану барысында шұғыл жөндеу жүргізілуді немесе құбыр бөліктерінің шұғыл ауыстырылуын, сондай-ақ қоқыстамайтын лайықты құбыр арматурасының қолданылуын қамтамасыз ететін қосымша іс-шаралар мен конструктивтік шешімдерді қарастыру қажет.

7.1.6 Қалқалы өткізбемен салынатын коллекторлардың, соның ішінде терең салынатын коллекторлардың жобалануын ҚНжЕ 2.09.03 және ҚР ҚН 1.03-15 сәйкес орындау қажет.

7.1.7 Су бұру желілерінің құбырларын жердің үстімен және жер бетімен елді мекендердің аумағында салуға жол берілмейді.

7.1.8 Терең жыралар, тоспа сулар мен суқоймалар қиысқанда, сонымен қатар су бұру желілерінің құбырлары салынған жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың алаңдарына салынған уақытта қажетті қауіпсіздік талаптарының, пайдалану сенімділігінің және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуінің қамтамасыз етілуімен құбырларды жер үстімен және жер бетімен төселуіне жол беріледі.

7.1.9 Су бұру жүйелерінде қолданылатын құбырлар мен каналдардың материалы тасымалданатын ағын сұйықтықтың да, коллекторлардың жоғарғы жағындағы газды коррозияның да әсеріне төзімді болуы тиіс. Газ коррозиясын болдырмау мақсатында құбырлардың тиісті қорғанысы мен агрессивті ортаның (желінің желдетілуі, іркінді су аймақтарының болдырмау және т.б.) түзілу шарттарын болдырмау іс-шараларын қарастыру қажет.

7.1.10 Сумен жабдықтау желілері мен су бұру желілерін пластмасса құбырлардан жобалау ҚР ҚН 4.01-05 талаптарына сәйкес орындалады.
7.2 Құбырлардың бұрылыстары, бірігулері мен салыну тереңдігі
7.2.1 Жалғанатын және бұратын құбырлар арасындағы бұрыш кемінде 90° болуы тиіс. Мұндайда құдыққа құламаны орналастырған уақытта діңгек ретінде және жаңбыр қабылдағыштарды құламамен біріктіру арқылы жалғанатын және бұратын құбырлар арасындағы кез келген бұрышқа жол беріледі.

7.2.2 Коллекторлардағы жалғанулар мен бұрылыстарды құдықтарда қарастыру қажет.

Лоток бұрылысы қисығының радиусын құбыр диаметрінен кем болмайтындай, диаметрі 1200 мм және одан артық коллекторларда – бес диаметрден кем болмайтындай алу және қисықтың басы мен соңында көру құдықтарын қарастыру қажет.

Қалқанды өткізбенің немесе тау тәсілінің көмегімен құрылатын коллекторлардың бұрылыстарын ҚНжЕ 2.09.03 сәйкес қабылдау қажет.

7.2.3  Диаметрлері әртүрлі құбырлардың бірігулерін құдықтарда құбырлардың шелыгаларымен қарастыру қажет. Негізделген жағдайда құбырларды судың есептелген деңгейімен біріктіруге жол беріледі.

7.2.4 Су бұру құбырлары жататын ең аз тереңдікті жылутехникалық есептеумен анықтау қажет немесе осы аудандағы желілердің пайдаланылу тәжірибесінің негізінде қабылдау қажет.

Пайдалану бойынша деректер болмаған жағдайда құбыр лотогы салынатын ең аз тереңдікті:

-  диаметрі 500,0 мм дейінгі құбырлар үшін - 0,3 м;

- диаметрі үлкенірек құбырлар үшін – нөлдік температураның топыраққа сіңу тереңдігінен 0,5 м кем, бірақ құбырдың бетіне дейін 0,7 м кем емес. Жер бетінен немесе тегістеуден есептегенде (жермен жүретін көліктің зақымдалуына жол бермеу үшін) деп алу қажет.

7.2.5  Құбырдың үстінен санағанда 0,7 м және одан кем тереңдікке салынатын құбырлар қатудан және жермен жүретін көліктермен зақымдалудан қорғалуы тиіс.

7.2.6 Құбырлар, сондай-ақ коллекторлар (соның ішінде қалқанды өткізбемен немесе тау тәсілімен салынатын) салынатын ең үлкен тереңдікті құбырлардың материалына, олардың диаметріне, топырақ жағдайларына, жүргізілетін жұмыстардың әдісіне қарай есептеп анықтау қажет.
7.3 Құбырлар, тіреулер, арматура және құбырлардың астына салынатын негіздер
7.3.1 Су бұру жүйелерінің құбырлары үшін төмендегілерді қабылдау қажет:

а) өзі ағатын – тегеурінсіз темірбетон, бетон, қыш, шойын, асбестцемент, пластмасса және әйнекпластик құбырлар, темірбетон бөлшектер;

б) тегеурінді - тегеурінді темірбетон, асбестцемент, шойын, болат, пластмасса және әйнекпластик құбырлар мен беріктілігі жоғары шойын құбырлар.
1-ЕСКЕРТУ   Өзі ағатын және болат тегеурінді желілер үшін шойын құбырларды қолдануға құрылыстың қол қиын жеткізілетін жерлеріне, отыратын топыраққа, қазылатын аумақтарға, су бөгеттері арқылы өтететін жерлерге, теміржол және автомобиль жолдарының астына, шаруашылық-ауыз су құбыры желілері түйісетін жерлерге төселген, құбырларды эстакадалардың тіреулеріне, құбырлар механикалық зақымдалуы мүмкін жерлерге төселген жағдайда жол беріледі.

2-ЕСКЕРТУ  Құбырлар агрессивті ортада салынған уақытта тот басуға төзімді құбырларды қолдану қажет.

3-ЕСКЕРТУ Болат құбырлардың бетіне тот басуға қарсы оқшаулау жабылуы тиіс. Электр тот басу болуы мүмкін учаскелерде құбырлардың катодты қорғанысын қарастыру қажет.

4-ЕСКЕРТУ  Су бұру жүйелерінің құбырларында пайдаланылатын пластмасса құбырлардың үздіксіз көлбеуі мен геометриялық пішінінің сақталуын қамтамасыз ететін жеткілікті болатындай ұзына бойымен қатты болуы тиіс.

5-ЕСКЕРТУ  Пластмасса құбырлардан жасалған құбырларды салған уақытта құбырлар біріккен жерлердегі тегіс емес жерлерді (дөмпию мен кедір-бұдыр) міндетті түрде жазып, тегістеу қажет.
7.3.2 Құбырлардың астына салынатын негіздердің типін топырақ пен жүктеменің көтергіштік мүмкіндігіне байланысты қабылдау қажет. Тасты, қалқымалы, батпақ және отырғыш топырақтардан басқа, барлық топырақта құбырларды траншеялардың тегістелген және нығыздалған түбіне салынуын қарастыру қажет. Полиэтилен және әйнекпластик құбырлар ҚР ҚН 4.01-22 талаптарына сәйкес жобаланып, салынады.

Тасты топырақта құбырлардың тұнблы, шымтезек және басқа да әлсіз топырақтардағы жергілікті құмды топырақтан жасалған қалыңдығы кем дегенде 0,1 м қолдан жасалған төсемге салынуын қарастыру қажет.

Топырақ су болған жағдайда құбырларды төсеу жұмыстарының барлығын құрылыстық су деңгейінің төмендеуін құбырлардың астына траншеянының бүкіл табанына негіз топырақ 0,3 м тереңдікке нығыздалған қабаттың төменгі жағындағы құрғақ топырақ тығыздығына дейін кемінде 1,65 тн./м3 нығыздап қиыршықтас немесе құм төсеп, жасанды негіз құрылғысымен қорғап, жүргізу қажет.

Құбырды батпақ топыраққа салған уақытта құбырдың отырып қалуына жол бермеу үшін негіз қада ростверктері түрінде орындалады. Ростверктер арасындағы ара-қашықтық жергілікті жағдайларға байланысты есептеліп анықталады.

7.3.3 Тегеурін құбырларда қажет болған жағдайларда ысырмалардың, вантуздардың, ағытқыштар мен құдықтардағы компенсаторлардың орнатылуын қарастыру қажет.

7.3.4 Тегеурін құбырлардың ағытқышқа қарай көлбеуін 0,001 кем болмайтындай алу қажет. Ағытқыштардың диаметрін 3 сағаттан аспайтын уақыт аралығында құбырлар учаскесінің босатылу шарттарына байланысты белгілеу қажет.

Босатылатын учаскеден шығарылатын тоспа судың бұрылуын су нысанына, артынан су бұру желісіне айдалып, арнайы камераға тасталусыз немесе тоспа сулардың автоцистернамен шығарылуын қарастыру қажет.

7.3.5 Пайда болатын күшті құбырлардың түйістері қабылдай алмаған уақытта тігінен немесе көлденең жазықтықтағы тегеурін құбырлардың бұрылыстарында тіреулер ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес қарастырылуы тиіс.


7.4 Қарайтын құдықтар
7.4.1 Барлық жүйелердің су бұру желілеріндегі қарайтын құдықтардың:

а) біріккен жерлерде;

б) құбырлардың бағыты, көлбеуі мен диаметрлері өзгеретін жерлерде;

в) құбырлардың диаметріне байланысты қашықтықта тік учаскелерде болуын қарастыру қажет:

- 150 мм - 35 м;

-  200мм бастап, 450 мм дейін - 50 м;

-  500мм бастап, 600 мм дейін - 75 м;

-  700мм бастап, 900 мм дейін - 100 м;

-  1000мм бастап, 1400 мм дейін - 150 м;

-  1500мм бастап, 2000 мм дейін - 200 м;

-  2000 мм жоғары – 250 м бастап, 300 м дейін.
ЕСКЕРТУ   Желіні қалпына келтіру кезінде құдықтар арасындағы нормативтік мәннен асатын ең жоғары ара-қашықтықты пайдаланушы ұйым пайдалану шарттарының нашарлағаны байқалып отырмағандығын жазбаша растаған жағдайда орын алған жағдайға қарай қабылдауға болады.
7.4.2 Тұрмыстық және өндірістік су бұру желісінің камераларының немесе құдықтарының көлемін құбырдың ең үлкен диаметрінің D байланысты қабылдау қажет:

- диаметрі 600 мм дейін – ені мен ұзындығы 1000 мм;

- диаметрі 700 мм және одан артық - ұзындығы D + 400 мм, ені D + 500 мм.

Дөңгелек құбырлардың диаметрлерін құбырларда төмендегідей диаметрлермен алу қажет:

- 600 мм - 1000 мм дейін;

- 700 мм бастап, - 1000 мм бастап, 1500 мм дейін;

- 1200 мм - 2000 мм.
1-ЕСКЕРТУ  Құдықтар жоспарындағы бұрылыстардағы көлемін мұнда орналасқан бұрылыс лотоктарының орналасу шарттарына қарай анықтау қажет.

2-ЕСКЕРТУ Диаметрі 150,0 мм аспайтын жатыс тереңдігі 1,2 м дейін құбырларда диаметрі 700,0 мм құдықтарды салуға жол беріледі. Мұндай алаңдар ішіне адамдардың түсіруіне рұқсат бермей, тек тазартылған құрылғыларды кіргізуге арналады.

3-ЕСКЕРТУ 1,8 м тереңдікке дейін жатқан жағдайда құдықтардың диаметрін 1000,0 мм, диаметрі 1,8 м астам құдықтарды 1500,0 мм асырмай алу қажет.

4-ЕСКЕРТУ Құбырының диаметрі 600 мм артық су бұру желілерінің құдықтарында құбырдың беткі деңгейінде құрылғыны қарастыруға рұқсат беріледі.
7.4.3 Құдықтардың жұмыс істейтін бөлігінің (сөреден немесе алаңнан бастап, жабынға дейін) биіктігін 1800 мм кем болмайтындай алу қажет; құдықтардың жұмыс істейтін бөлігі 1200 мм аз болған жағдайда олардың енін D + 500 мм тең, бірақ 1200 мм кем болмайтындай алуға рұқсат беріледі.

7.4.4 Құдықтардың жұмыс істейтін бөлігінде мыналарды қарастыру қажет:

- қарайтын құдыққа түсетін аспалы сатының немесе болат қапсырмаларды орнатылуын;

- жұмыс бөлігінің биіктігі 1500 мм артық болғанда диаметрі 1200 мм артық құбырларда жұмыс алаңының қосымша биіктігі 1000 мм қоршаумен қоршалуын.

7.4.5 Қарайтын құдықтардағы лотоктың сөрелері құбырдың диаметрі үлкенірек үстінің деңгейінде орналасуы тиіс.

Диаметрі 700 мм және одан артық құбырлардағы құдықтарда лотоктың бір жағынан жұмыс алаңын екінші жағынан ені 100 мм кем болмайтын сөрені қарастыруға болады.

Диаметрі 2000 мм артық құбырларда консолдердегі жұмыс алаңын құрастыруға болады. Мұндай жағдайда лотоктың ашық жағының көлемін 2000 мм х 2000 мм кем болмайтындай алу қажет.

7.4.6 Жаңбырлы су бұру желісінің құдықтар жоспарындағы көлемді төмендегідей алу қажет:

- диаметрі 600 мм дейінгі құбырларда қосымша диаметрі1000 мм;

- дөңгелек немесе тікбұрыш лото жағының ұзындығы 1000 мм және ені ең үлкен құбырдың диаметрімен бірдей диаметрі 700 мм және одан артық құбырларда.

Құдықтардың жұмыс істейтін бөлігінің биіктігін төмендегідей алу қажет:

- диаметрі 700 мм бастап, 1400 мм дейінгі құбырларда диаметрі ең үлкен құбыр лотогынан қабылдау қажет;

- диаметрі 1500 мм және одан артық құбырларда жұмыс істейтін бөліктер қарастырылмайды.

7.4.7 Барлық жүйелердің су бұру желілеріндегі құдықтардың ауыздарын төмендегідей қабылдау қажет:

- биіктігі 500 мм, диаметрі 700 мм болғанда;

- аузының биіктігі 500 мм жоғары болғанда аузының диаметрін 1000мм деп алу қажет.

7.4.8 Құдықтардың аузы мен бұрылыстардағы жұмыс істейтін бөлігінің көлемін, сондай-ақ диаметрі 600 мм және одан артық құбырлардың тік учаскелеріндегі көлемін 300 м бастап, 500 м дейінгі қашықтықта желіні тазалатын сайманды түсіруге болатындай қарастыру қажет.

7.4.9  Люктардың орналастырылуын келесідей қарастыру қажет: жабыны күшейтілген жолдардың көлік жүретін бетімен бір деңгейде; 50 мм бастап, 70 мм дейін жасыл аймақтағы жер бетінен жоғары және құрылыстар салынбаған аумақта жер бетінен 200 мм жоғары. Көшелердегі су бұру желілеріне ГОСТ 3634 бойынша «Т» классындағы люктарды орнату ұсынылады. Қажет болған жағдайларда бекітетін құрылғылары бар люктарды қарастыру қажет.

7.4.10 Есептелген деңгейі құдықтың түбінен жоғары топырақ сулары болған жағдайда құдықтың түбі мен қабырғаларының топырақ суларының деңгейінен 0,5 м жоғары гидро оқшауландырылуын қарастыру қажет.

7.4.11 Қалқанды өткізбемен немесе тау тәсілімен салынатын коллекторларда қарайтын шахталы бағаналарды немесе диаметрі 0,9 м кем болмайтын ұңғымаларды қарастыру қажет. Қарайтын шахталы бағаналар немесе ұңғымалар арасындағы қашықтық 500,0 м аспауы керек.

7.4.12 Шахталы бағаналардың жабдықталуы «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сай келуі тиіс. Қарайтын ұңғымаларда араларындағы ара-қашықтық биіктігі жағынан 6 м аспауы тиіс болатын люктар бар алаңдарды, сонымен қатар металл баспалдақ немесе қапсырмалар құрылғысын қарастыру қажет. Жоспардағы люктың көлемі 600 мм х 700 мм кем емес немесе диаметрі 700 мм кем емес болуы тиіс.
7.5 Тік құламалы құдықтар
7.5.1 Тік құламалы құдықтарды:

- құбырлардың салынатын тереңдігін азайту үшін;

- тоспа судың рұқсат берілетін ең үлкен жылдамдығының асырылуына немесе бұл жылдамдықтың күрт өзгеруіне жол бермеу үшін;

- жерасты құрылыстарымен қиылысқан уақытта;

- суқойманың алдында ағытқыштар батқан уақытта құдық қарастыру қажет.
ЕСКЕРТУ  Диаметрі 600 мм дейінгі құбырларда биіктігі 0,5 м дейінгі тік құламаларды тік құламалы құдық құрылғысысыз – қарайтын құдықта төгу жолымен орындауға жол беріледі.
7.5.2 Диаметрі 600 мм және одан артық құбырлардағы биіктігі 3 м дейінгі тік құламаларды тәжірибелік саладағы суағарлар түрінде қабылдау қажет.

7.5.3 Диаметрі 500 мм дейінгі құбырлардағы биіктігі 6 м дейінгі тік құламаларды құдықтарда діңгек немесе тік орналасқан қабырғалар-жайылғыштар түрінде, қабырға енінің немесе діңгек қимасы шеңберінің ұзындығы 0,3 м³/с аспағанда және түйістірілетін құбырдың қимасынан кем болмайтындай орындау қажет.

7.5.4 Діңгектің үстіндегі құдықтарда қабылдайтын воронканы, діңгектің астында негізінде металл плита бар суұрма шұңқыр қарастыру қажет.

7.5.5 Диаметрі 300 мм дейінгі діңгектер үшін суұрма шұңқырдың орнына бағыттауыш иінін орнатуға болады.

7.5.6 Тік құламалардың биіктігі 1 м дейін болғанда жаңбырлы су бұру желісінің коллекторларында тік құламаның биіктігі төмендегідей болғанда суағар типтес тік құламалы құдықтарды қарастыруға жол беріледі:

-  1 м бастап, 3 м дейін – суұрма балкалардан (плиталардан) бір торы бар суұрма типті;

-  3 м бастап, 4 м дейін – екі суұрма торымен.
7.6 Жаңбыр қабылдағыштар
7.6.1  ГОСТ 3634 бойынша жаңбыр қабылдағыштарды төмендегі жерлерде қарастыру қажет:

- түсетін (көтерілетін) жолдың ұзақ учаскелерінде ұзыннан көлбеумен жолдардың лотоктарында;

- беткі сулар құйылатын жақтан перекрёстках мен жаяу жүргіншілерде;

- түсетін жолдың ұзақ учаскелерінің соңында сай жерлерде;

- лотоктардың бейіні ара тәріздес болған уақытта еркін ағыны жоқ жердің жоғарғы қабатындағы сулардың сай жерлерінде, аула мен саябақтардың аумағындағы түсетін жолдың ұзақ учаскелерінің аяғында;

- жердің жоғарғы қабатындағы сулардың ағыны жоқ аула мен саябақ аумақтарында, көшелерде.

7.6.2  Көлік жүретін жол жазықтығында көлденең тор жабылған төмен жерлерде жаңбыр қабылдағыштармен қатар ернеутас жазықтығында тік саңылауы бар жаңбыр қабылдағыштарды және саңылауы көлденең де, тік те болатын жинақталған типті жаңбыр қабылдағыштарды қолдануға болады.

Көше лотоктарында ұзыннан көлбеуі ұзын учаскелерде саңылауы көлденең жаңбыр қабылдағыштарды қолдану қажет.



Көлбеуі ұзыннан көше лотоктарында тік немесе жинақталған типті жаңбыр қабылдағыштарды қолдану ұсынылмайды.

7.6.3 Ұзыннан бейіні ара тәріздес лотоктардың сай жерлеріндегі және ұзыннан көлбеуі 0,005 кем учаскелердегі көлденең саңылауы бар жаңбыр қабылдағыштар тікбұрышты шағын жаңбыр қабылдағыш тормен жабдықталады.

7.6.4 Ұзыннан көлбеуі 0,005 немесе одан артық көше учаскелерінде және түсетін жолдың ұзын учаскелерінің соңында көлденең саңылаулы жаңбыр қабылдағыштар тіктөртбұрыш үлкен тормен жабдықталуы тиіс.

7.6.5 Лотоктың ұзыннан бейіні ара тәріздес болған кездегі жаңбыр қабылдағыштар арасындағы ара-қашықтық лотоктың ұзыннан көлбеуінің және жаңбыр қабылдағыш алдындағы лотоктағы су тереңдігінің мәндеріне байланысты тағайындалады (0,12 м артық емес).

7.6.6 Бір бағытты ұзыннан көлбеулі көшелердің учаскелеріндегі жаңбыр қабылдағыш торлардың арасындағы ара-қашықтық тор алдындағы лотоктағы ағынның ені 2,0 м аспайды деген шартпен белгіленеді (қарқыны есептелген жаңбыр кезінде).

Көшелерің ені 30,0 м болғанда және кварталдардың аумағынан жаңбыр сулары келмеген жағдайда жаңбыр қабылдағыштар арасындағы ара-қашықтықты төмендегідей көлбеуде қабылдау қажет:



0,004 – 50,0 м дейін;

-  0,004 астам 0,006 – 60,0 м дейін;

-  0,006 астам 0,01 – 70,0 м дейін;

-  0,01 астам 0,03 – 80,0 м дейін.

Көшелердің ені 30,0 м артық болғанда жаңбыр қабылдағыштар арасындағы ара-қашықтық 60,0 м аспайтындай болуы тиіс.

7.6.7 Жаңбыр қабылдағыштардан коллектордағы қарайтын құдыққа дейінгі жалғаудың ұзындығы 40,0 м аспау керек. Мұндайда бірден аспайтын аралық жаңбыр қабылдағышты орнатуға жол беріледі.

Жалғану диаметрі көлбеу 0,02 болғанда судың есептелген ағысы бойынша жаңбыр қабылдағышқа тағайындалады, бірақ ол 200,0 мм кем болмауы тиіс.

7.6.8 Жаңбыр қабылдағышқа ғимараттардың су ағатын құбырларының, сонымен қатар дренажды құбырлар мен желілердің жалғануы қарастырылуы тиіс.

7.6.9 Су бұру жүйесі жартылай бөлек болған жағдайда шөгіндіге арналған шұңқырының тереңдігі 0,5 м бастап, 0,7 м дейін және гидравликалық ысырмасының биіктігі кемінде 0,1 м жаңбыр қабылдағыштарды қарастыру қажет.

7.6.10 Су бұру жүйесі бөлек болған уақытта жаңбыр қабылдағыштарды шөгіндіге арналған шұңқырсыз түбінің бірте-бірте кескінделуін қарастыру қажет.

7.6.11 Қарықтың (арық лоток) жабық желіге жалғануын тұндыратын бөлігі бар құдық арқылы қарастыру қажет. Қарықтың (арық лоток) басында 50 мм аспайтын тесіктері бар торларды қарастыру қажет. Біріктірілетін құбырдың диаметрін есептеп, бірақ 250 мм кем болмайтындай алу қажет.
7.7 дюкерлер
7.7.1 Дюкерлердің шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін және балық шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын су нысандары арқылы жобалары санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорларын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуі тиіс.

7.7.2 Суқоймалар мен тоспа сулар қиылысқан уақытта дюкерлерді механикалық зақымдалудан қорғалған тот басуға қарсы оқшаулауы күшейтілген болат құбырлардан немесе ГНБ көлденең-көлбеулі бұрғылау қондырғыларымен прогрессивті тәсілді қолданып, құрылыс жұмыстарын жүргізу шарттары бойынша тағайындалатын беріктілігі тиісінше полиэтилен құбырларынан жасалған кемінде екі жұмыс желісі етіп қабылдау қажет.

7.7.3 Дюкердің әрбір желісі рұқсат берілетін тежеудің ескерілуімен есептелген шығымның өткізілуіне тексерілуі тиіс.

7.7.4 5.10.1 сәйкес есептелген (тұнба баспайтын) жылдамдықты қамтамасыз етпейтін тоспа сулар шығымы кезінде екі желінің біреуін резеревтік (жұмыс істемейтін) деп алу қажет.

7.7.5 Жыралар мен құрғақ аңғарлар қиылысқан уақытта дюкерлердің бір желіде болуын қарастыру қажет.

7.7.6  Дюкерлерді жобалаған уақытта:



- құбырлардың диаметрлерін кемінде 150,0 мм;

- жобалау белгілеулерінен немесе тоспа су түбінің құбырдың үстіне дейінгі ықтимал шайылудан құбырлардың су астында болатын бөлігінің жататын тереңдігін – кемінде 0,5 м, кеме жүретін су нысандарындағы фарватер шегінде – кемінде 1,0 м;

-  дюкерлердің өршімелі бөлігінің көлбеу бұрышын – деңгейжиекке қарай 20 асырмай;

-  дюкер тізбектерінің арасында жарыққа қарай ара-қашықтығы – қысымға байланысты 0,7 м бастап, 1,5 м дейінгі аралықта алу қажет.

7.7.7 Дюкердің кіретін әне шығатын камераларында ысырмалар қарастыру қажет.

7.7.8 Су нысанының жайылма алқабы жағында орналасқан жағдайда дюкер камераларының тегістелуі белгілеуін 3% қамсыздандырылумен биік сулардың деңгейжиегінен 0,5 м жоғары алу қажет.

7.7.9 Дюкерлердің өтпелері су нысандары арқылы өтетін жерлер жағалауларда тиісті белгілермен белгіленуі тиіс.

7.7.10 ГНБ қондырғыларымен жұмыстар жүргізілген уақытта полиэтилен құбырлардан жасалған футлярда су бұру жүйесінің құбырларын салуға рұқсат.


жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау