ҚҰрылыс нормалары және ережелер



жүктеу 8,54 Mb.
бет11/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58

8.1-сурет Торлардағы тесіктердің, мм енінің тәуелділік графигі және 1 адамға, л/жыл келетін торлардан алынатын қалдықтардың мөлшері
8.2.26 Бір ғимаратта машина залымен біріктірілген қабылдау резервуары мен торлар жабық су өткізбейтін қалқамен бөлінуі тиіс.

Машина залы мен торлар тұратын бөлменің арасындағы есік арқылы қарым-қатынасты төмендегілерге жол бермейтін шаралар қамтамасыз етілген жағдайда ғимараттың ашық жері арқылы орнатуға жол беріледі:



желіні су басқанда машина залына тоспа сулардың кіруін;

желіні су басқанда тоспа сулардың торлар тұрған бөлмелерден машина залына құйылуын.

8.2.27 Есіктердің табалдырықтарының деңгейін нысан тоқтан ажыраған уақытта жеткізуші коллекторларды су басу мүмкін екендігін және төңіректе орналасқанын ескере отырып, есептеу қажет.

8.2.28 Сорғы станциясының сенімділігін арттыру үшін машина залына «құрғақ» орындалымдағы батырылатын (герметик) сорғыларды және суды машина залынан апатты айдап шығару үшін батырылатын сорғыларды орнатуға жол беріледі.

8.2.29 Батырылатын сорғылармен сорғы станциясының қабылдау резервуарының сыйымдылығын (көлемін) тоспа сулардың ағысына, сорғылардың жұмыс өнімділігіне және қосылатын электр жабдықтың рұқсат етілетін жиілігіне байланысты, бірақ сорғылардың бірінің 5 минуттық ең жоғары жұмыс өнімділігінен кем болмайтындай және дайындаушы фирмалардың деректері бойынша белгілеу қажет. Жұмыс өнімділігі 100 мың м3/тәул артық сорғы станцияларының қабылдау резервуарларында жалпы көлемді арттырмай, екіге бөлінген отсекті қарастыру қажет.

Тізбекті тәртіппен жұмыс істейтін сорғы станцияларының қабылдау резервуарларының сыйымдылығын олардың бірге атқаратын жұмысына қарай анықтау қажет. Жекелеген жағдайларда бұл сыйымдылықты арын құбырдың босатылу шарттарына қарай анықтау қажет.

8.2.30 Шөгінді тоспа суларды тазалау станциясынан тысқары жерге айдаған уақытта тұнба станциясының сыйымдылығын сорғының 15 минут тоқтамай жұмыс істейтіндігін ескеріп, анықтау қажет. Бұл ретте оны cорғы жұмыс істеген уақытта шөгінді тазалау құрылыстарынан кідірмей келіп түсетіндіктен азайтуға жол беріледі.

Тұнбалы сорғы станцияларының қабылдау резервуарларын допускается принимать с учетом возможности использования их как емкостей для воды при промывке илопроводов.

8.2.31 Қабылдау резервуарларында шөгіндіні шайқауға және резервуарды жууға арналған құрылғыны қарастыру қажет.

Резервуар түбінің шұңқырға қарай көлбеуін 0,1 кем болмайтындай алу қажет.


ЕСКЕРТУ  Батырылатын сорғылары бар сорғы станцияларына дайындаушы фирманың деректері бойынша аталған құрылғыларды пайдаланбауға жол беріледі.
8.2.32 Араласуы зиянды газдардың, тұнбаға түсетін заттардың түзілуіне әкелуі мүмкін тоспа суларды қабылдау үшін немесе көптеген ластаушы заттары бар тоспа сулардың ағындысын сақтау керек болған жағдайда резервуарларда тоспа сулардың әр ағындысына арналған бөлек секцияларды қарастыру қажет.

8.2.33 Құрамында жанғыш, оңай тұтанатын және жарылу қаупі бар немесе ұшқыш токсиндік заттар бар өндірістік тоспа сулар сақталатын резервуарлар бөлек тұруы тиіс. Осы резервуарлардың сыртқы қабырғасынан есептелетін қашықтық төменде көрсетілгеннен кем болмауы тиіс:

- 10 м - сорғы станцияларының ғимараттарына дейін;

- 20 м – басқа өндірістік ғимараттарға дейін;

- 100 м – қоғамдық ғимараттарға дейін

8.2.34 Өндірістік жеміргіш тоспа сулар сақталатын резервуарлар бөлек тұратындай болуы тиіс. Оларды машина залына орналастыруға рұқсат етіледі. Тоспа сулар тоқтаусыз келіп түсетін жағдайда резервуарлардың саны кемінде екеу болуы тиіс.

Тоспа сулар белгілі бір уақытта келіп түсетін болса, бір резервуарды қарастыруға болады. Мұндайда тоспа сулардың құйылу мерзімділігі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне мүмкіндік беруі тиіс.

8.2.35 Соратын құбырларды бөлек тұратын резервуарлар мен жеміргіш өндірістік тоспа суларға арналған сорғы станцияларының ғимараттары арасына салынуын сорғыларға көтеріп жалғап, каналдарда немесе тоннелдерде қарастыру қажет.

8.2.36  Тоспа сулар айдалатын сорғы станцияларына еденнің үстінен құбырлар мен арматураның салынуын қарастыру қажет. Мұндайда арматураға қызмет көрсету және басқару үшін жақындайтын жол қарастырылуы тиіс.

Жеміргіш тоспа суларды тасымалдайтын құбырларды каналдарға салуға жол берілмейді. Бекітпе арматуралардың саны аз болуы тиіс.

8.2.37 Сорғы станцияларында қызмет көрсететін қызметкерлер мен өндірістік процесстер тобының санына байланысты ҚР ҚНжЕ 3.02-04 және ҚР ҚНжЕ 4.01-41сәйкес тұрмыстық жайларды (қол жуғыштары бар әжетханалар, душ, киім қоятын бөлмедер) сонымен қатар 8.5-кесте бойынша қосалқы жайларды қарастыру қажет.
8.5-кесте  - Сорғы станцияларының жұмыс өнімділігіне байланысты қосалқы жайлардың құрамы мен алаңы


Жұмыс өнімділігі,

м3/тәул



Жайлардың ауданы, м2

қызметтік

шеберхана

қойма

5000 бастап, 15 000 дейін

8

10

6

15 000 бастап, 100 000 дейін

12

15

10

100 000 артық

20

25

15

1-ЕСКЕРТУ Кәсіпорын алаңдары мен тазалау құрылыстарына орналастырылатын сорғы станцияларындағы тұрмыстық және қосалқы жайлардың құрамын маңайдағы ғимараттардағы осы сияқты жайлардың болуына байланысты анықтау қажет. Санитарлық торапты сорғы станциясы санитарлық-тұрмыстық жайлары бар өндірістік ғимараттардан 50 м артық қашықтықта орналасқан жағдайда қарастыру қажет.

2-ЕСКЕРТУ  Ұдайы қызмет көрсетіп тұратын қызметкерлерсіз автоматты түрде басқарылатын сорғы станцияларында санитарлық торапты (әжетхана, қол жуғыш) қарастыру қажет.





8.3 Ауа үрлейтін станциялар
8.3.1 Тоспа суларды аэрациялауға арналған ауа үрлейтін станцияларды тазалау құрылыстарының аумағына сығылған ауа мен электр тарату құрылғылары тұтынылатын орынның жанына орналастыру қажет.

8.3.2 Ауа үрлейтін жабдық алаңның сығылған ауаға мұқтаждығының ескерілуімен аэрациялық құрылыстардың технологиялық есептелуінің негізінде таңдалуы тиіс.

8.3.3 Әперілетін ауа шығымын реттеуге мүмкіндік беретін ауа үрлейтін жабдықты пайдалану ұсынылады.

8.3.4 Сығылған ауа жылуын тоспа суларды тазалау станциясының мұқтаждықтары үшін кәдеге жарату мүмкіншілігін қарастыру қажет.

8.3.5 Ауа үрлейтін станциялардың жұмыс өнімділігі 1 сағатта 5000 м3 астам ауа кезінде жұмыс агрегаттарының кем дегенде екеуін, жұмыс өнімділігі азырақ болған жағдайда біреуін қабылдауға жол беріледі.

Резервтік агрегаттардың санын жұмысшылардың санына байланысты қабылдау қажет:

- үшке дейін – бір;

- төрттен артық – екі.

8.3.6 Ауа үрлейтін станцияның жайларын жинақтаған уақытта ГОСТ 12.1.003 және «Жұмыс орындарындағы шуы л деңгейінің гигиеналық нормативтері» талаптарына сәйкес айдағыштар жұмыс істеген уақытта рұқсат етілетін шуыл деңгейінің қамтамасыз етілуін ескеру қажет.

8.3.7 Ауа үрлейтін станция ғимараттарында ауа тазалауға арналған құрылғылардың, өндірістік суға, белсенді тұнбаға арналған сорғылардың, аэротенктерді босатуға арналған құрылғылардың, сонымен қатар орталық диспетчер бөлмесінің, тарату құрылғыларының, трансформаторлық подстанциялардың, қосалқы және тұрмыстық жайлардың орналастырылуын қарастыруға болады.

8.3.8 Машина залы басқа жайлардан бөлінуі және сыртқа шығатын есігі болуы тиіс. Ауа үрлейтін станциялардың жинақталуына қойылатын талаптарды, машина залының көлемін жоспарда ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес анықтау қажет.

8.3.9 Ауа үрлейтін станциялардан қашық орналасқан тазалау құрылыстарының алаңдарына ауаның аз шығымын әперу үшін негізделген жағдайда бөлек ауа үрлейтін қондырғылардың құрылуын қарастыруға жол беріледі.

8.3.10 Тұтынушылардың жұмыс қысымы әртүрлі сығылған ауа жіберетін бірыңғай жүйеге қосқан уақытта реттелетін редукторларды қарастыру қажет.

8.3.11 Ауа жүретін құбырларды тот баспайтын материалдардан жасау керек. Ауа жүретін құбырларды жобалаған уақытта пайдаланылған уақытта өзіндік аэродинамикалық және вибрациялық шуылдардың пайда болуына жол бермейтін шараларды қарастыру қажет.

8.3.12 Атмосфералық ауаны тартатын құрылғыны ҚР ҚН 4.02-09 және ҚР ҚНжЕ 4.02-42 сәйкес қарастыру қажет. Ауаның тазалануын орама және өзге де сүзгілерде қарастыру қажет. Сүзгілердің жинақталуы регенерация кезінде ауыстыру үшін бөлек сүзгілердің өшірілу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыс сүзгілерінің саны үшке жетсе, бір резервтік сүзгіні, үштен артық болса екі резервтік сүзгіні қарастыру қажет. Аэротенктерде тесік құбырлар пайдаланылған жағдайда ауаны тазартпай әперуге жол беріледі.

8.3.13 Ауаны тазалау жылдамдығын төмендегідей алу қажет:

-сүзгілер камераларында 4 м/с дейін;

- жеткізуші каналдардан 6 м/с дейін;

- құбырларда 40 м/с дейін.

8.3.14 Ауа құбырларын сығылған ауаның, оның температурасының артуының және құрылыстың жекелеген секцияларындағы қысымның ең төмен айырмашылығын қамтамасыз ету қажеттілігінің ескерілуімен есептеу қажет. Аэраторлардағы қысымның есептелген жоғалу шамасын (пайдалану уақыты ішінде кедергінің артуын ескере отырып) қызмет мерзімінің есептелген мерзімінің соңындағы қор коэффициентімен, бетіндегі гидравликалық тереңдіктің ескерілуімен аэраторлардың паспорттық деректері бойынша қабылдау қажет:

- ұсақ көпіршікті аэраторлар үшін 7 кПа артық емес;

- 3 м жоғары тереңдіктегі орташа көпіршікті аэраторлар үшін 1,5 кПа;

- арыны аз аэрации кезінде 0,15 кПа бастап, 0,5 кПа дейін.

8.3.15 Аэротенктердің секциялары төрттен артық болған жағдайда ауаның ауа үрлейтін станциялардан кемінде екі ауа құбырымен әперілуін қарастыру қажет.



Тазалау құрылыстары
9.1 Жалпы нұсқаулар
9.1.1 Тоспа сулардың тазалану дәрежесін жергілікті жағдайларға байланысты және тазартылған тоспа сулар мен беткі ағынның өндірістік немесе ауыл шаруашылығы мұқтаждығына пайдаланыла алу мүмкіншілігін ескеріп анықтау қажет

Бұл ретте су объектілеріне тасталатын тоспа сулардың тазалану дәрежесі Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің, «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелер», «Тазалау құрылыстарының жұмысы мен тоспа сулардың бұрылуын бақылау бойынша нұсқаулық», «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» талаптарына, ал қайта пайдаланылатын сулар – «Қазақстан Республикасының алуан түрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы су ресурстарын пайдаланудың нормалары мен нормативтерін әдістемелік анықтау» және «Экологиялық аудандау жүргізу кезінде су объектілеріне ластаушы заттардың тасталу нормалары мен нормативтерін әдістемелік анықтау» сәйкес тұтынушының санитарлық-эпидемиологиялық және технологиялық талаптарына сай келуі тиіс.

Мұнымен қоса, тыңайтқыш үшін және басқа да мақсаттарға тоспа сулардың зарарсыздандырылған шөгінділерінің пайдаланылу мүмкіндігінің бар-жоғын анықтау қажет. Сондай-ақ тоспа сулардың су нысанының суымен араласу және сұйылтылу дәрежесін және ондағы ластаушы заттардың фондық мөлшерін ескеру қажет.

Тоспа сулардың су нысанының суымен араласу және сұйылтылу дәрежесін «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелер» және «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқау» сәйкес анықтау керек.

9.1.2 Тоспа сулардың зарарсыздандырылған шөгінділерін жинау және кәдеге жарату мәселелерін шешу қажет.

9.1.3 Биологиялық тазалау құрылыстарына түскен кезде (орташа тәуліктік сынамада) тұрмыстық және өндірістік тоспа сулар қоспасындағы негізгі ластаушы заттардың рұқсат етілетін концентрациясын, сонымен қатар олардың тазалау барысында кетірілу дәрежесін БНҚ 01.01.03-94, «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» және «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқау» сәйкес қабылдау қажет.


1-ЕСКЕРТУ Тазалану әсері мен су нысанының суымен араласу дәрежесінің ескерілуімен су нысанының суындағы ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тазалау құрылыстарына келіп түсетін бұл заттардың концентрациясын олар түзілетін жерлерде жергілікті тазалау құрылыстарының есебінен азайту қажет.

2-ЕСКЕРТУ  Биогендік элементтердің құрамы әр 100 мг/л ОБТтол кемінде 5 мг/л азот N және 1 мг/л фосфор Р болуы тиіс.

3-ЕСКЕРТУ Тоспа сулардың температурасы кем дегенде 6ºС және 40ºС аспауы тиіс.
9.1.4 Көп компонентті қоспалардың орташа тотығу жылдамдығын тәжірибелік деректер бойынша қабылдау қажет; олар болмаған жағдайда тотығу жылдамдығын көп компонентті қоспаларға кіретін заттардың тотығу жылдамдығысының орта есепті шамасы сияқты алуға болады.

9.1.5 Бір тұрғынға келетін ластаушы заттардың орташа мөлшерін, олардың концентрациясын және тұрмыстық тоспа сулардағы сипатын анықтау үшін 9.1-кестені пайдалануға болады.

Нақты бір елді мекеннің тоспа суларындағы ластаушы заттардың концентрациясы мен сипатын бір тұрғынға келетін меншікті су бұруды есепке алып және зертханалық зерттеулер нәтижесінде алынған деректерге сәйкес анықтау қажет.
9.1-кесте  - Бір тұрғынға келетін ластаушы заттардың көлемінің мәндері


Көрсеткіш

Бір тұрғынға келетін ластаушы заттардың мөлшерінің, г/тәул


Қалқымалы заттар

65,0

Түссіздендірілмеген сұйықтықтың ОБТтол

75,0

Түссіздендірілген сұйықтықтың ОБТ5

60,0

Аммоний тұздарының азоты N

8,0

Фосфаттар Р2О5

3,3

Соның ішінде жуатын заттардың

1,6

Хлоридтер Сl

9,0

Беткі белсенді заттар (ББЗ)

2,5

1-ЕСКЕРТУ Су бұру жүйелерімен жабдықталмаған аудандарда тұратын халықтан ластаушы заттардың мөлшерін 9.1 кестеде көрсетілген 33% көлемінде ескеру қажет.

2-ЕСКЕРТУ  Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрмыстық тоспа сулары елдің мекеннің су бұру жүйесіне тасталған уақытта пайдаланушы қызметкерлердің ластаушы заттарының мөлшері ескерілмейді.


9.1.6 Орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылған қайта салынып жатқан өндірістік тоспа сулардың құрамы туралы деректер болмаған жағдайда олардың концентрациясын (орташа тәуліктік сынамада) «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» сәйкес және жергілікті тазалау шараларын ескеріп қабылдау қажет.

9.1.7 Өндірістік тоспа суларды тазалауға және олардың шөгінділерін өңдеуге арналған құрылыстарды осы нормативтің, тиісті өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын, ғимараттары мен құрылыстарын құрылыстық жобалау нормаларының, ғылыми-зерттеу институттарының деректері және қолданыстағы құрылыстарды пайдалану тәжірибесінің негізінде есептеу қажет. Тоспа суларды тазалау және олардың шөгінділерін өңдеу құрылыстары кемінде 85% қамсыздандырылумен есептелген көрсеткіштерді қамтамасыз етуі тиіс.

9.1.8 Тоспа сулардағы ластаушы заттардың құрамы мен концентрациясында бастапқыдағы суқұбыры суындағы ластаушы заттардың, сондай-ақ тоспа сулардың шөгінділерін өңдейтін құрылыстардан, терең тазалау, дренаждау құрылыстары жуылған сулардан және т.с.с. шығатын ластаушы заттардың мөлшерін ескеру қажет.

9.1.9 Тазалау станцияларына келіп түсетін тоспа сулардың (м3/тәулік) есептелген шығымын сорғылармен әперілген кезде де, өзі ағып келгенде де ағындының жиынтықталған кестесі бойынша анықтау қажет.

9.1.10 Жекелеген құрылыстардан шығатын есептелген шығымды технологиялық ерекшеліктер (келетін уақыты, гидравликалық режим) мен осы нормативтің нұсқауларын ескеріп, анықтау қажет.

9.1.11 Тоспа сулардың биологиялық тазалануын «Зиянды заттардың су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына және ортаның бедеріне тоспа сулармен тасталу нормативтерін әдістемесі» сәйкес ОБТтол (тұрмыстық тоспа сулар үшін ОБТтол шамасын ОБТ20 тең деп алу қажет) мәніндегі органикалық ластану сомасына есептеу қажет.

9.1.12 Өндірістік және тұрмыстық тоспа сулар бірге биологиялық тазаланған жағдайда оларды бөлек те, бірге де физика-химиялық тазалауға болады. Жарылу қаупі бар өндірістік тоспа сулар үшін, сонымен қатар өндірістік тоспа сулардың химиялық және физика-химиялық тазалау қажет болған жағдайда және өндірістік және тұрмыстық тоспа сулардың шөгінділері әртүрлі әдістермен өңделген кезде бөлек физика-химиялық тазалау керек.

9.1.13 Құрылыстардың құрамын тазалануға түсетін тоспа сулардың сипаттамасына және мөлшеріне, талап етілетін тазалану дәрежесіне, шөгінділердің өңделу әдісіне және жергілікті шарттарға байланысты таңдау қажет.

9.1.14 Тоспа суларды тазалайтын тазалау құрылыстарының алаңын тұрғын үйлерге қатысты жылдың жылы мезгілінде басым желдер үшін желдетілетін жақтан және су ағыны бойынша елді мекеннен төмен орналастыру қажет.

9.1.15 Алаңдағы құрылыстардың жинақталуы:

- құрылыстардың перспективалы кеңейтілуінің және кезек бойынша құрылыс жүргізу мүмкіндігі ескеріліп, аумақтың ұтымды пайдаланылуын;

- әртүрлі арнаудағы құрылыстар мен ғимараттардың оқшаулануын және алаң ішіндегі коммуникациялардың ең аз ұзақтығын;

- арынның барлық жоғалуының ескерілуімен және төңіректегі жер көлбеуінің пайдаланылуымен тоспа сулардың негізгі ағынының құрылыстары арқылы өзі ағып өтуін қамтамасыз ету қажет.

9.1.16 Қосалқы және зертханалық жайлардың құрамы мен алаңын 9.2-кесте бойынша қабылдау қажет.

9.1.17 Тазалау құрылыстарының құрамында:



- тоспа сулар мен шөгіндіні құрылыстың жекелеген элементтері арасында біркелкі тарататын, сондай-ақ құрылыстарды, каналдар мен құбырларды кешеннің жұмыс режимін бұзбай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өшіретін, құрылыстар мен босататын және жуатын құрылғыларды, коммуникацияларды;

- тоспа сулар мен шөгіндінің шығымын өлшейтін құрылғыларды;

- екіншіліктегі энергия ресурстарының (газ-метан; сығылған ауа мен тоспа сулардың жылуы) тазалу станцияларының қажеттілігіне барынша пайдаланылуын;

- келіп түсетін және тазартылған тоспа сулардың сапасы үзілмеу үшін жабдықтарды, я болмаса келіп түсетін және тазартылған тоспа сулардың сапасын бақылайтын зертханалық жабдықтарды;

- техника-экономикалық негіздеудің ескерілуімен жұмыстың оңтайлы автоматтандырылу дәрежесін, білікті қызметкерлердің болуын және т.б. қарастыру қажет.

9.1.18 Бұдан басқа, тазалау құрылыстарының құрамында техникалық тапсырмаға сәйкес тоспа сулардың тазалану тиімділігін арттыруы мүмкін жаңа құрылғыларды тексеру үшін тәжірибелік бөлімшелерді, секцияларды және т.б. қарастыруға жол беріледі. Егер тиімділік расталмаса, бұл құрылғылар осы нормаларға сәйкес қабылданған құрылыс жұмысының нашарлауысыз демонтаждалады. Мұндай құрылғыларды (саймандарды) монтаждауға және демонтаждауға жұмсалатын шығындар орнатылған құрылыстың құнынан 1% аспауы тиіс. Жаңа құрылыстардың, технологиялардың тиімділігін тексеру үшін тәжірибелік жобаларды әзірлеу нормалары қолданылады.


9.2-кесте  - Тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігіне байланысты сорғы станцияларындағы қосалқы және зертханалық жайлардың құрамы мен алаңы


Жайлар

Тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігі мың м3/тәул болғанда жайлардың ауданы, м2


1,4 бастап, 10 дейін

10 артық 50 дейін

50 артық 100 дейін

100 артық 250 дейін

250 артық

Бақылау жүргізетін физика-химиялық зертхана:

тоспа суларға

20

25

25

40 (20 барлық бөлмелер)

50 (25 екі бөлме)

тоспа сулардың шөгінділерін

-

-

15

15

20

Бактериологиялық зертхана

-

20

22

33 (18 және 15 екі бөлме)

35 (20 және 15 екі бөлме)

Таразылау бөлмесі

-

6

8

10

12

Жуу және автоклавтау бөлмесі

-

10

12

15

15

Ыдыс-аяқ пен реактивтерді сақтауға арналған бөлме

6

6

12

15

20

Зертхана меңгерушісінің бөлмесі

-

10

12

15

20

Сынама алғыштарға арналған бөлме

-

-

6

8

8

Жергілікті диспетчерлік пункт

Диспетчерлеу және автоматтандыру жүйелеріне байланысты

Станция бастығының бөлмесі

10

15

15

25

25

Техникалық қызметкерлерге арналған бөлме

10

15

20

25 (10 және 15 екі бөлме)

30 (15 екі бөлме)

Кезекші отыратын бөлме

8

15

20

25

25

Ұсақ-түйек жабдықтарға жөндеу жүргізілетін шеберхана

10

15

20

25

25

Аспаптар шеберханасы

15

15

15

20

20

Кітапхана мен мұрағат

-

-

10

20

30

Шаруашылық мүлікке арналған бөлме

-

-

6

8

8

1-ЕСКЕРТУ Қосалқы жайларды бір ғимартқа орналастыру қажет.

2-ЕСКЕРТУ  Сорғы станциясы мен ауа үрлейтін станцияға зертхананы жабдықтан ғимарат қабырғасына вибрацияның тарауына жол бермейтін шаралар қабылданған жағдайда орналастыруға жол беріледі.

3-ЕСКЕРТУ  Жұмыс өнімділігі 1,4 мың м3/тәул станциялар үшін бөлмелердің құрамы мен ауданы жергілікті шарттарға байланысты белгіленеді.

4-ЕСКЕРТУ Тұрмыстық жайлардың құрамы мен ауданын ҚР ҚНжЕ 3.02-04 сәйкес қарастыру қажет.


9.1.19 Су бұруды ұйымдастыру зертханаларын «Химиялық зертханалардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпысалалық талаптары» ескеріп жобалау қажет.



Тоспа суларды тазалау станцияларын жобалаған уақытта тұнбаларды сусыздандырудың технологиялық процесстерінде түзілетін тоспа сулар мен ластаушы заттардың қосымша көлемінің өңделуін ескеру, сонымен қатар атмосфераның, топырақтың, беткі және жер асты суларының ластануына шөгіндіні сусыздандыруға арналған құрылыстармен жол бермеу шараларын қарастыру қажет.

9.1.20 Тоспа суларды тазалау станцияларының каналдары мен құрылыстардың лотоктарын арынның жоғалуының ескерілуімен 1,4 коэффициентімен (жұмысын сәйкестендіру мүмкіншілігінің ескерілуімен) ең көп секундтық шығымды өткізуге тексеру қажет.


9.2 Тоспа суларды механикалық тазалауға арналған құрылыстар
9.2.1 Торлар
9.2.1.1 Тоспа суларды тазалайтын станциялардың құрамында ірі дисперстік қоспаларды ұстап қалатын жабдықты қарастыру қажет.

Торлардың тесіктері (тор саңылауларының көлемі) 16 мм аспауы және тікбұрыш пішінді стержендерден жасалуы тиіс.

Тесіктері 10 мм аспайтын торларды пайдалану ұсынылады. Құрылыстарды тазалаудың қабылданатын технологиялық сызбасына байланысты тесіктері кішірек торларды, сүзгіштерді, ұсақтағыштарды және т.с.с. қолдануға жол беріледі.

9.2.1.2 Сорғылардың алдына тесігі 16 мм аспайтын торлар немесе уатқыш-торлар орнатылған жағдайда тоспа сулар тазалау станциясына сорғылармен әперілген жағдайда торларды қарастырмауға болады. Бұл ретте арын құбырының ұзындығы 500 м аспауы тиіс немесе сорғы станцияларында торда ұсталып қалған қалдықтардың шығарылуы қарастырылады. Жабдық бірліктерінің санын паспорттық деректерге және тоспа сулардың есептелген шығымына сәйкес анықтау қажет

9.2.1.3 Торлар мен уатқыш-торлардың санын, сұйықтықтың тесіктен ағу жылдамдығын, қалдықтар сызбасының нормаларын, орнатылатын жабдықтар арасындағы ара-қашықтықты және т.б. 8.2.21-8.2.25 сәйкес анықтау қажет.

9.2.1.4 Торлардың қалдықтардан механикалық тазартылуы және уатқыштарға қарай апарылуы қалдықтардың мөлшері 0,1 м3/тәул болған жағдайда қарастырылуы тиіс. Қалдықтардың мөлшері бұдан аз болған жағдайда қолмен тазалайтын торларды орнатуға болады.

9.2.1.5 Уатқыш-торларды ғимараттарсыз каналдарға орнатуға жол беріледі.

9.2.1.6 Торлар тұратын ғимараттарда әкелетін және әкететін каналдар арқылы бөлмеге суық ауаның келуіне жол бермеу шараларын қарастыру қажет.

9.2.1.7 Қалдықтардың алыну нормаларын, жабдықтар арасындағы ара-қашықтықты, қосалқы және жүк көтергіш жабдықты қолданылып отырған жабдықтың паспорттық деректеріне сай және тоспа сулардағы жүзінділердің құрамына сәйкес анықтау қажет.

9.2.1.8 Ұсталған қалдықтарды:



торлардың алдында каналға тасталмай тұрып, уатқыштарда уақтауға;

-  герметиктелген қақпақтары бар контейнерлерге жинауға және қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар өңделетін жерлерге шығаруға;

- сусыздандырып, тоспа суларды тазалау станциясында шөгіндімен бірге термикалық өңдеуге жіберуге болады.

9.2.1.9 Торлар орналасқан ғимараттағы еденді каналдағы тоспа судың есептелген деңгейінен кемінде 0,5 м жоғары орналастыру қажет.

9.2.1.10 Торлардағы арынның жоғалуын өндірушінің паспорттық деректері бойынша қабылдау қажет. Мәлімет болмаған жағдайда торлардағы арынның жоғалуын таза торларға қарағанда 3 есе артық алу қажет.

9.2.1.11 Қоқыс ұстап қалатын әр жабдыққа дейін және кейін жөндеу жұмыстары жүргізілгенше өшіріле тұратын ысырмаларды қарастыру қажет.

9.2.1.12 Торларды, уатқыштарды және басқа да жабдықты монтаждау және жөндеу үшін ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес көтеретін-тасымалдайтын жабдықтың орнатылуын қарастыру қажет.

9.2.1.13 Контейнерлерді тасымалдау үшін көтеретін-тасымалдайтын жабдықтың электр жетегі болуы тиіс.



9.2.2 Құм ұстағыштар
9.2.2.1 Құм ұстағыштарды қаланың тоспа сулары мен құрамы жағынан оған жақын өндірістік тоспа суларды жұмыс өнімділігі 100 м3/тәул артық биологиялық тазалау станцияларының құрамында қарастыру қажет.

9.2.2.2 Құм ұстағыштардың саны кемінде екеу болуы тиіс. Барлық құм ұстағыштар немесе бөлімшелер жұмыс істеп тұруы тиіс.



9.2.2.3 Құм ұстағыштардың алынатын құмның 0,15 мм асырмай гидравликалық ірілігіне есептеу қажет.

9.2.2.4 Тұрмыстық тоспа сулар үшін құм ұстағыштармен ұсталатын құмның мөлшерін 0,02 л/(адам/тәул) бастап, 0,03 л/(адам/тәул) дейін, ылғалдылығын 60 %, көлемдік салмағын 1,5 тн./м алуға жол беріледі.

9.2.2.5 Құм ұстағыштың типін (көлденең, тангенцті, аэрацияланатын) тазалау станциясының жұмыс өнімділігінің, тоспа суларды тазалау және оладың шөгінділерін өңдеу тәсілінің, қалқымалы заттардың сипаттамасының, жинақтау шешімдерінің және т.с.с. ескерілуімен таңдау қажет.

9.2.2.6 Көлденең және аэрацияланатын құм ұстағыштарды есептеген уақытта олардың ұзындығын Ls, м, мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.1)

мұнда, Ks - 9.3-кесте бойынша қабылданатын коэффициент;



Hs – жалпы тереңдіктің жартысына тең аэрацияланатын құм ұстағыш үшін қабылданатын құм ұстағыштың есептелген тереңдігі, м;

vs - 9.4-кесте бойынша қабылданатын тоспа сулар қозғалысының жылдамдығы, м/сек;

u0 – құмның ұсталатын бөлшектерінің талап етілетін диаметріне байланысты қабылданатын құмның гидравликалық ірілілігі, мм/сек.

9.2.2.7 Құм ұстағыштарды жобалаған уақытта 9.4-кесте бойынша әртүрлі типтегі құм ұстағыштар үшін жалпы есептелген параметрлерді қабылдау қажет:

а) ең үлкен ағынды кезінде көлденең құм ұстағыштар үшін тоспа сулардың ағылу ұзақтығы кемінде 30 с;

б) аэрацияланатын құм ұстағыштар үшін:

-  тесік құбырлардан аэратордың орнатылуы құм жинау үшін лотоктың үстіндегі ұсыннан қабырғалардың бірінің бойымен 0,7 Hs дейінгі тереңдікке;

-  аэрациия интенсивтілігі 3 м3/(м2сағ) бастап, 5 м3/(м2сағ) дейін;

- түбінің құм ұстағыш лотокқа көлденең көлбеуі 0,2 бастап, 0,4 дейін;

- құм ұстағыштағы судың айналу бағытына сәйкес келетін судың кіргізілуі;

- шығару батырылып орнатылады;

- бөлімше енінің тереңдікке ара-қатынасы - В:Н = 1,0:1,5;


жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау