А. Б. Даниярова



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
Дата10.11.2018
өлшемі0,9 Mb.
#18864


УДК 613.71 – 057.875:614.2 – 056.22. 

 

А.Б.ДАНИЯРОВА

1

, А.А.СЫЛАНОВА 

1

, Ф.Т.КУШЕРБАЙ,

1

Э.А. КАЛИЕВ

2

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, эпидемиология және гигиена кафедрасы



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,«Керемет» диагностикалық орталығы 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНАБАЙЛАНЫСТЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Елдің  болашағы-сау  ұрпақ,  сондықтан  жастардың  денсаулығыелдің  экономикалық  жағдайын  анықтаушы  бірден  бір 

фактор.  Өкінішке  орай,  қазіргі  заманда  жастардың  денсаулығы  алаңдатар  мәселенің  біріне  айналды.  Олардың 

денсаулығына  әсер  ететін  жағдайдың  бастысы-мектеп  қабырғасындағы,  жоғары  оқу  орнындағы  дене  тәрбиесі.  Осы 

жұмысымызда  Қазақ  ұлттық  университеттерінің  магистранттары  Сыланова  А.А.,  Кушербай  Ф.Т.  және  ғылыми 

жетекшілер 

Даниярова 

А.Б. 

мен 

Калиев 

Э.А.аль-Фараби 

атындағы 

Қазақ 

ұлттық 

университет 

студенттерініңденсаулығына  кері  әсер  ететін  негізгі  факторлар,  студенттердің  сырқаттары  бойынша 

медициналық  топтары,  әр  топтың  айналысатын  жүктемесінің  ауырлығы,  сырқаттың  түріне  байланысты  дене 

тәрбиесінің ерекшеліктері туралы қарастырған. 

Түйінді сөздер: студенттердің денсаулығынанықтайтын факторлар, медициналық топтар. 

 

Жұмыстың өзектілігі:  



-  Студенттердің  денсаулығын  сақтау  және  еңбекке  қабілеттілігін  арттыру  ЖОО-ның,  арнайы  орта  білім  беретін  оқу 

орындарының  басты  міндеттерінің  бірі.  Ғылыми  ақпараттардың  көптігі  және  студенттің  физиологиялық  жүйесіне 

түсірілетін қысымның жоғарылығы оның ағзасына кері әсерін тигізбей қоймайды. 

-  Жоғары  оқу  орындарында,  арнайы  орта  білім  беретін  орындарда  студенттерді  сауықтыру  шаралары  олардың 

денсаулық жағдайын, жүктемені, және басқа да ерекшеліктерін есепке алмай-ақ ұйымдастырылады. 

Жұмыстың  мақсаты-әртүрлі  созылмалы  аурулары  бар  студенттерді  ауруларын  ескере  отырып,  медициналық 

топтарға дұрыс бөлу және дене тәрбиесі жаттығуларын дұрыс тағайындау ерекшеліктеріне сипаттама беру. 

 

Кез-келген  аурулардың  алдын  алудың  негізгіәдісі  –  жастардың  денсаулығы  мен  өмір  сүру  салтына  кері  әсер 



тигізетін  факторларды  анықтау  және  талдау.   Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға  әсер  ететін  негізгі 

факторларды  (еңбекті  дұрыс  ұйымдастыру,  белсенді  қозғалыс,  дене  шынықтыру,  дұрыс  әрі  уақытылы  тамақтану, 

зиянды әдеттерден бас тарту) ескеру керек. Қоғамда жастардың, яғнистуденттердің өмір сүру салты өзгеше. [1] 

 

Соңғы  жылдары  жастардың  денсаулық  жағдайының  төмендеуі  байқалған.  Оның  себептері–  ұтымсыз  тамақтану, 



гиподинамия, стресс, т.б. 

 

Кіші курс студенттерінің денсаулығына уақытты жәнеақшаны үнемдеуі, дұрыс тамақтанбау және жұмыс пен дем 



алуды дұрыс сақтамауы сияқты факторлар әсер ететіні анықталған.  

 

Студенттердің  денсаулығының  қалыптасуына  оқу  процессі  кезінде  бірнеше  факторлар  әсер  етеді.  Осы 



факторларды екі топқа бөлуге болады: бірінші топ-оқу процесстерімен байланысты объективті факторлар. [2] 

Студенттердің оқу процессіне бейімделу реакциясының қалыптасу ерекшеліктеріне теріс әсер ететін факторларға: 

 

Оқу процессінің ұтымсыз интенсификациясы 



 

Гиподинамия 



 

Студенттің жағымсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайы 



 

Студенттің  жастық  және  жеке-түрлік  ерекшеліктерінің  педагогикалық  бағдарламалар  мен  таңдалған  кәсіби 



бағытқа сәйкес келмеуі 

 



Оқу процессін ұйымдастыруда қарапайым физиолого-гигиеналық талаптардың сақталмауы 

 



Студент денсаулығын дамыту мен сақтау сұрақтарында педагогтың біліктілігінің жеткіліксіздігі 

 



Студенттің денсаулығын дамыту мен сақтауда ата-аналар мен педагогтардың дайындығының жеткіліксіздігі 

 



Шұғыл,  қажетті  медициналық  көмек  көрсетуге  бағытталған  медициналық  қызмет  көрсету  деңгейінің  төмендігі. 

[3] 


Факторлардың екінші тобы-субъективті, жеке сипаттамалар : 

 



Темекі шегу, ішімдік ішу, ұтымсыз тамақтану 

 



Стрестік жағдайлар 

 



Наркотик пайдалану, дәрі-дәрмектерді жөнсіз қабылдау 

 



Тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік. 

Оқу мен тұрмыс жағдайында студенттердің денсаулығына екінші фактор көп әсер етеді.[3] 

 

Денсаулық  топтары.  Медициналық  топтар-денсаулық  жағдайын  және  физикалық  даму  көрсеткіштерін  негізге 

алып бөлінген, физикалық тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша айналысатын студенттер тобы (кесте -

1).  

 

Кесте -1(медициналық топтардың түрлері) 



Медициналық топ 

Сипаттамасы 

 

Негізгі топ 



Денсаулық  жағдайында  және  физикалық  дамуында  ауытқуы 

жоқ,  жақсы  функционалдық  жағдайға  ие,  жастық  физикалық 

дайындыққа  сәйкес  келетін,  сонымен  қатар,  болмашы 

ауытқулары  бар,  бірақ  құрдастарынан  физикалық  даму  және 

физикалық дайындығы жағынан артта қалмаған студенттер. 

 

Дайындық тобы 



Морфофункционалдық  ауытқуға  ие  немесе  физикалық  әлсіз 

дайындалған сау студенттер; патология және  3-5 жылдан кем 

емес  тұрақты  ремиссия  сатысындағы  созылмалы  аурулар 

пайда болуы бойынша қатер тобына кіретін студенттер. 




 

Арнайы «А» 

 

 

Денсаулық  жағдайында  немесе  физикалық  дамуында  әдеттегі 



оқу және тәрбие жұмыстарын орындауға кедергі келтірмейтін, 

бірақ  шектелген  физикалық  жүктемені  талап  ететін  тұрақты 

немесе уақытша анық ауытқуы бар студенттер. 

 

Арнайы «Б» 



Субкомпенсация 

сатысындағы 

тұрақты 

және 


уақытша 

созылмалы  аурулардың  әсерінен  айтарлықтай  ауытқуы  бар 

студенттер. 

 

Медико-педагогикалық қорытындыға сүйеніп, студенттерді үш медициналық топтың біріне жатқызады. [4] 



Студенттер денсаулық жағдайына байланысты бірнеше денсаулық топтарына жатқызылады: 

І  денсаулық  тобы-дамуы  қалыпты  сау  адамдар  және  дамудың  сыртқы  компенсирленген  туа  пайда  болған 

ауытқулары бар студенттер. 



ІІ  денсаулық  тобы-  кейбір  функционалды  және  морфологиялық  ауытқулар,  патологиялар  пайда  болуының  қауіп 

факторы  бар,  3-5  жылдан  кем  емес  тұрақты  ремиссия  кезеңіндегі  созылмалы  аурулары,  дамудың  туа  пайда  болған 

кемістіктері, бір ағзаның асқынбаған ауруы немесе оның қызметінің бұзылуы бар, сондай-ақ жедел созылмалы ауруға 

қарсы тұру қабілеті төмендеген сау адам. 



ІІІ  денсаулық  тобы-  созылмалы  ауруы  бар  және  функционалды  мүмкіндіктері  сақталған  белсенділіктің  және 

компенсацияның әртүрлі деңгейіндегі туа пайда болған кемшіліктері бар адамдар. 



IV  денсаулық  тобы-  функционалдық  мүмкіндіктері  төмендемеген,  денсаулық  жағдайында  тұрақты  және  уақытша 

сипаттағы аздаған ауытқулары бар адамдар. 



V  денсаулық  тобы-  функционалдық  мүмкіндіктері  аздап  төмендеген,  декомпенсация  жағдайындағы  созылмалы 

аурулары бар адамдар. [5] 

Арнайы медициналық топқа бөлудің негізгі критерийлеріне әртүрлі аурулармен ауыру, физикалық дайындық деңгейі 

және созылмалы аурудың ошағы жатады. Топтар келесі сырқаттар бойынша қалыптасады: 

 

Кардиореспираторлы, асқорыту және эндокринді жүйенің аурулары; 



 

Тірек-қимыл аппаратының жарақаты; 



 

Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары; 



 

Есту және көру ауытқулары болғанда; 



 

Орталық жүйке жүйесінің ауытқулары (невроздар); 



 

Басқа да сырқаттар.[6] 



Студенттердің  арнайы  медициналық  топтарының  жетекшілерінің  алдында  мынадай  міндеттер  тұрады: 

функционалды жағдайды жақсарту және аурудың өршуін алдын алу; физикалық және ой қабілеттілігін жоғарылату; 

сыртқы факторларға бейімдеу; шаршауды басу және бейімделу мүмкіндіктерін жоғарылату; сауықтыру іс-шарасымен 

айналысу. [6] 

Сырқаттың  түріне  байланысты  патологиялық  өзгерістің  болуы  туралы  мәліметтер  негізінде  сабақты  жүргізудің 

қолжетімді түрі және қолданылатын жаттығулар анықталады. Физикалық жүктемеге қарсы көрсеткіштер абсолютті 

және қатыстық деп екіге бөлінеді.[7] 

 

Абсолютті қарсы көрсеткіштер. (Физикалық жүктеме мүлде тыйым салынған) 

 



II—III деңгейдегі қанайналымының жеткіліксіздігі 

 



Жедел миокард инфарктісі 

 



Ревматизмнің белсенді фазасы 

 



Миокардит 

 



Тыныштық стенокардиясы 

 



Өкпе артериясының эмболиясы 

 



Трансмуралды инфаркт 

 



Аорта аневризмі 

 



Жедел инфекциялық сырқаттар 

 



Тромбофлевит және жүрек жеткіліксіздігі 

 



Тыныштық тахикардиясы 

 



Экстрасистолия және басқа ырғақтың бұзылыстары 

 



Аорта және бүйрек артериясының стенозы 

 



7 диоптриядан жоғары миопия. [7] 

 

Қатыстық қарсы көрсеткіштер(дәрігердің бақылауындағы қатал белгілі көлемдегі жүктемелер) 

 



Жүрек ырғағының суправентикулярлы бұзылысы 

 



5-тен жоғары миопия 

 



Жүйелік және өкпелік гипертензия 

 



Аз деңгейдегі аорта стенозы 

 



Зат айналымының бақыланбайтын бұзылыстары(диабет, тиреотоксикоз, микседема және т.б.) 

 



Жүкті әйелдердегі токсикоз 

 



II—III деңгейдегі гипертония 

 



III деңгейдегі ретинопатия 

 



Анемия 


 

Ентігумен жүретін семіздік 



 

Жүрек және бауыр жеткіліксіздігі 



 

Қозғалыс белсенділігін шектейтін тірек-қимыл жүйесінің аурулары 



 

Қан аурулары (эритремия, лимфогранулематоз және т.б.) 



 

Студенттердің физикалық дайындығының сапалы өзгерісін мына шарттарды орындағанда алуға болады: 

 

Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру 



 

Денсаулық жағдайын және оның жақсаруын физикалық тәрбие құралдарымен объективті өзіндік бағалу 



 

Жеке органдар мен функционалды жүйелерге және тұтас организм жағдайына дене тәрбиесінің тиімділігі туралы 



ақпараттар арқылы студенттердің физикалық жүктемеге мотивациясын анықтау 

 



Физикалық  жағдайдың  сапалы  өзгерісіне  бағдар  және  осы  үшін  әдістемелік  құралдар  мен  бағалау  градациясын 

пайдалану. [7] 



Ревмотоидты  артрит  кезіндегі  физикалық  белсенділіктің  ерекшелігі.  Ревмотоидты  артрит(РА)-этиологиясы 

белгісіз, перифериялық буындардың  симмериялық созылмалы эрозивтік артритімен және ішкі  органдардың жүйелі 

қабынулық  зақымдалуымен  сипатталатын  сырқат.  Халық  арасында  таралуы  1–2%-ды  құрайды.  Сырқат  ерелерге 

қарағанда әйелдерде 2,5 есе жиі кездеседі. [8] 

Сырқаттанғандардың  50%-ы  5  жылдың  ішінде,  ал  10%-ы  алғашқы  екі  жылдың    ішінде  мүгедектікке 

шалдығады.Жанама сырқаттардың даму қауіпін жоғарылатын созылмалы қабыну процессі, стероидты емес қабынуға 

қарсы  препараттардың  токсикалық  эффектісі  немесе  адекватты  емес  глюкокортикоидты  терапияның  асқынулары-

осы сырқаттан зардап шегетін науқастардың өмір ұзақтығын қысқартуға әкелетін факторлар. 

РА  кезінде  тірек-қимыл  аппаратының  бұзылуы  науқастың  күнделікті  қозғалыс  белсенділігіне  және  психологиялық 

жағдайына  теріс  әсер  етеді,  бұл  оның  өмір  сапасына  да  зиян  тигізеді  деген  сөз.Қозғалыс  шектеуінің  өсуіне 

байланысты  және  психоэмоционалды  күйзелістің  өсуінен  қоғамдық  белсенділік  төмендейді,  басқа  адамдармен 

қарым-қатынаста оқшаулануы өседі, яғни науқастардың әлеуметтік оқшаулануы қалыптасады. [8] 

РА  бар  науқас  үшін  әр  жеке  алынған  физикалық  жаттығу  көбінесе  реперфузия  синдромына  байланысты 

микрозақымдаушы  әсерге  ие.  Сондықтан  РА  бар  науқастарда  тізе  буындарында  жиналған  синовиальді 

сұйықтықтардың  әсерінен  тіпті  аз  физикалық  жүктемеден  кейін  тотықтанбаған  өнімдердің  құрамы  жоғарылайды. 

Физикалық жаттығуды бірнеше рет қайталағаннан кейін науқас тіндерінде тотықтырғыштық зақымдалуға кері әсер 

ететін  жүйелердің  қуаты,  әсіресе,  антиоксидантты  қорғаныс  өседі.  Сондықтан,  физикалық  жүктемелер  қабыну 

процессін  шектеу  профилактикасын  жүзеге  асыра  отырып,  буын  тіндерінің  қабынулық  зақымдалуларға 

резистенттілігін жоғарылатады. [9] 

РА  кезінде  жүректің  коронарлы  ауруларының  пайда  болу  қаупі  және  мезгілсіз  өлім  жоғарылайды.  Функционалды 

жағдайдың  төмендеуі,  психологиялық  дезадаптация  және  сырқаттың  қысқа  немесе  ұзақ  уақыт  күшеюінің 

нәтижесінде  денсаулық  жағдайының  нашарлауы  мүмкін  деген  қорқыныш-  физикалық  жаттығуды  бастауда  және 

белсенді физикалық істі қолдауда бөгет болуы мүмкін.[9] 

Бұлшық  еттің  әлсіреуі  РА-пен  ауыратын  науқастардың  көпшілігіне  тән  жалпы  көрініс,  сондықтан  физикалық 

жаттығулардың  күшті  және  бұлшық  еттің  төзімділігін  жоғарылатуға  бағытталуы  маңызды  боп  табылады.  

Физикалық  жүктеменің  орташа  немесе  жоғары  қарқындылығы  РА-тың  клиникасына  жағымсыз  әсер  етуін 

болдырмайтын,  бұлшық  ет  күшінің  жоғарылауын  және  қалыпты  ұстап  тұруының  тұрақты  әдісі  боп  табылады. 

Жаттығу  түрі,  оның  қарқындылығы  және  орындалу  жиілігі  физикалық  жаттығудың  тиімділігін  жоғарылатудың 

негізгі факторы боп табылады. [8] 

Қазіргі кезде РА кезінде орташа қарқындылықтағы жаттығулардың артықшылықтары мен қауіпсіздігі дәлелденді. 

Тәжірибелер  негізінде  РА-тың  функционалды  жеткіліксіздігінің  үлкен  класымен  зардап  шегетін  әйелдерде  би 

қозғалысына  негізделген  физикалық  оңтайландыру  бағдарламасы  локомоторлы  функцияны  және  алты  минуттық 

жүру  жылдамдығын  жоғарылатады.  Сегіз  апта  ұзақтығымен  би  жаттығуларының  кешеніне  негізделген  аэробты 

физикалық  жаттығулар  науқастарда  жүрек-тамыр  және  тыныс  алу  жүйесінің  төзімділігін  және  өмірлік  белсенділік 

индексін жоғарылатқан. [9] 

Арнайы медициналық топтың студенттеріне гиподинамия (аз қозғалыс) айтарлықтай әсер етеді. Ол сауығу процесін 

баяулатады,  бейімделу  мүмкіндіктерін  төмендетеді,  метоболизм  процестерін  нашарлатады.  Тек  дене  тәрбиесімен 

жүйелі айналысу ғана алдын алу факторы бола алады, функционалды жағдайды қалыпқа келтіреді, сауығуға әкеледі 

немесе ұзақ ремиссияны шақырады. Оңалдыру жүйесіне дене тәрбиесі сабақтары, емдік физикалық тәрбие сабақтары, 

шаңғы тебу және велосипед айдау, т.б. жатады. [6] 

Дайындық  мүмкіндігінше  әржақты  болу  керек,  жүрек-тамыр,  тыныс  алу  және  эндокринді  жүйе  аурулары  кезінде-

жүру,  жүгіру  жаттығулары,  шаңғы  және  коньки  тебу,  т.б.Тірек-қимыл  аппаратының  өзгерістері  бар  студенттермен 

айналысқанда,  дұрыс  қалып  пен  тірек-қимыл  аппаратының  қызметін  жақсартуға  бағытталған  профилактикалық 

шаралар  маңызды.  Шамадан  тыс  жүктеме  түсірмеген  жөн.  Гантельмен,  доппен  және  жаттықтырушы 

қондырғылармен жасалған жаттығулар омыртқаға ыңғайлы режимде жасалу керек. [10] 

Арнайы медициналық топ бағдарламасы жылдамдыққа, күшке және төзімділікке бағытталған жаттығуларға шектеу 

қояды.  Сырқаттың  түріне  байланысты  спорттың  циклдық  түрлері  қосылады:  тыныс  алу  жаттығулары  және 

кардиореспираторлы  жүйелердің  сырқатында  релаксацияға  бағытталған  жаттығулар,  ал  қалыптың  бұзылуында  іш 

және кеуде бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған жаттығулар, т.б. [10] 

Физикалық  жүктемеге  организмнің  реакциясы  әртүрлі.  Оған  денсаулық  жағдайы,  жасы,  жынысы,  жыл  мезгілі  және 

т.б.әсер етеді, бірақ барлық физикалық тәрбиені дұрыс қолданған жағдайда организмге оң әсер етеді. 

Науқастардың  физикалық  жүктемеге  бейімделуге  және  оны  орындауға  қабілеттіліктері  төмендеген.  Және  егер 

физикалық жүктеме адам мүмкіндігіне сәйкес болмаса, онда асқынулар тууы мүмкін, дене тәрбиесі пайданың орнына 

зиян келтіреді. Сабаққа студенттің физикалық қабілетінің және денсаулық жағдайының төмендеуінен игеруге және 

орындауға қиын болатын жаттығуларды қоспаған жөн. [11] 



Функционалдық  жағдайға,  жаттығуына  және  ауру  ағымына  байланысты  жаттығулар  бастапқы  кезде  аз 

қарқындылықта,  содан  кейін  орташа  болу  керек.  Жүрек-тамыр  жүйесінің  реакциясын  бақылау  пульсті,  тыныс  алу 

жиілігін, тері жамылғыларының түсін, тершеңділігін тексеру арқылы жүргізіледі. [11] 

Арнайы медициналық топта айналысуды ашық ауада жүргізген жөн-паркте, скверде, орманда, көл жағасында. Себебі, 

бұл кезде  екі  бірдей  фактор әсер  етеді:  жаттықтырушы және  шынықтырушы.  Киімнің  ауа-райына және жүктеменің 

аурудың сипатына сай болғаны жөн. [11] 

Сколиоз  (грек  тілінен  аударғанда  қисықтық)  -омыртқаның  бір  бүйірге  қарай  қисаюы,  ауру  өршігенде  омыртқаның 

ауыр  деформациясына  әкелуі  мүмкін.  Сколиоз  үш  түрге  бөлінеді:  қарапайым-бір  бүйір  доғасының  қисаюы,  күрделі-

бірнеше доғаның әртүрлі бағытқа қарай қисаюы және тоталды-барлық омыртқаның қисаюы.Сколиозбен бір уақытта 

торсия  байқалады,  ол  кеуде клеткасының    деформациясы  мен  ассиметриясына  әсер  етеді,  осының  салдарынан  ішкі 

органдар сығылады. [12] 

Омыртқаның  функционалды  қисаюынан  сколиздық  аурудың  ерекшелігі  омыртқаның  торсиялы  деформациясының 

өсуімен, сонымен қатар кеуде клеткасы мен таздың деформациясымен сипатталады. [12] 

Құрылымды  (структуральный)  сколиоз  дәнекер  тіндерінің  функционалды  жетіспеушілігіне  әкелетін  кейбір  алмасу 

ауруларында, рахитте дамиды. Осы ауруларда сколиозды деформация құрылым ретінде дамиды. Статикалық скалиоз 

деп  бірінші  себебі  статистикалық  фактордың  болуы-туа  пайда  болған  немесе  жүре  пайда  болған    дененің 

ассиметриясына негізделген омыртқаға ассиметриялық жүктеменің түсуін айтады. [12] 

Сколиозды консервативті емдеу кезінде қолданылатын емдік жаттығулар: 

 

Емдік гимнастика 



 

Суда жасалатын жаттығулар 



 

Массаж 



 

Спорт элементтері. 



Емдік  дене  тәрбиесі  омыртқаға  аз  деңгейде  статистикалық  жүктеме  түсірумен  байланысты.  Дене  тәрбиесі  топтық 

түрде және науқастардың өздері орындайтын жеке түрде жүргізеді. [13] 

 

Емдік  дене  тәрбиесінің  әдістемесі  сколиоздың  деңгейіне  байланысты:  I,  III,  IV  деңгейлерде  жаттығулар 



омыртқаның тұрақтылығының жоғарылауына бағытталады, ал ІІ деңгейде-деформацияның түзелуіне бағытталады. 

[13] 


Сонымен қатармынадай консервативті емнің түрлері тағайындалады: 

 



Массаж 

 



Иога 

 



Мануалды терапия 

 



Физиотерапия 

 



Ортопедиялық құралдарды пайдалану, т.б. [13] 

Тыныс  алу  аурулары  кезіндегі  дене  тәрбиесінің  ерекшелігі.  Тыныс  алу  аурулары  қазіргі  кезде  тұрғындарының 

өлімінің  негізгі  себептерінде  төртінші  орында  және  тұрғындардың  еңбекке  жарамдылығының  төмендетуі  мен 

мүгедектендіруде одан да маңызы зор.Өкпе ауруларының ішіндегі ең қауіптісі пневмония болып есептеледі. [14] 

Пневмония термині этиологиясы, патогенезі және морфологиялық сипаты бойынша ерекшеленетін және өкпенің жиі 

респираторлық  бөлімдерін  зақымдаумен,  альвеола  ішілік  эксудаттың  жиналуымен  сипатталатын  әртүрлі  аурулар 

тобын біріктіреді. Пневмонияны қазіргі кездегі белгілі барлық инфекциялық агенттер шақыра алады. [14] 



Пневмония 

кезіндегі 

дене 

тәрбиесінің 

негізгі 

міндеттері. 

Пневмония  кезіндегі  дене  тәрбиесінің  негізгі  міндеттері-  өкпенің  қалпына  келуші  өзгерістерінің  регрессиясы  мен 

қайтымсыз  өзгерістердің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету.  Сыртқы  тыныс  алумен  жүрек  тамыр  жүйесінің  қызметін 

қалпына келтіру және жақсарту, психологиялық статуспен еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру.[15] 

Пневмония кезіндегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері: 

 



зақымдалған бөліктің және сегменттің қан айналымымен вентиляциясын қалпына келтіру 

 



қақырықтың бөлінуін жақсарту  

 



бронхиальді өткізгішті жақсарту  

 



еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру және сауығуды жылдамдату  

 



ағзаның интоксикациясын жою үшін ұлпалық газ алмасуды қалпына келтіру.[15] 

Емдік  дене  тәрбиесінің  әдістері  (жүру,  жүзу,  физикалық  жаттығулар,  шынығу,  массаж,тренажордағы  жаттығулар) 

гуморальды  және  рефлекторлы  тыныс  алу  орталығын  қоздырып,  газ  алмасуды  және  вентиляцияның  жұмысын 

жақсартады.  Емдік  жатттығужасағандаадамның  тонусы  жоғарылайды,пациенттің  психологиялық  жағдайы 

жақсарады, ОЖЖ-нің қызметі, үлкен ми сыңарларының қыртысты және қыртыс асты нервтік процесстері жақсарады. 

Дене 


жаттығулары 

өкпеде 


және 

плевра 


қуысында 

дамитын 


әртүрлі 

асқынулардың 

алдын 

алады 


(абсцесстер,жабысулар,  слероз,эмфизема,) және кеуде қуысы клеткасының екіншілік деформациясын  болдырмайды. 

Дене  тәрбиесі  жаттығуларының  әсерінен  өкпенің  қозғалмалылығыжәне  жылжымалығы  қайта  қалпыпқа  келеді. 

Тыныс алуға әсер ететін дене жаттығуларын орындағанда қанның оттегімен қанығуының жақсаруының нәтижесінде 

мүшелер мен ұлпалардағы алмасу процестерін жақсартады.[15] 



Асқорыту  жүйелерінің  сырқаттары  кезіндегі  дене  тәрбиесінің  ерекшеліктері.Асқорыту  органдарының  әр 

сырқаты үшін өзіндік спецификалық себептер бар, бірақ солардың ішінде асқорыту аурулардың көпшілігіне сипатты 

себептерді  бөлек  айтып  кетуге  болады.  Барлық  осы  себептерді  сыртқы  және  ішкі  деп  бөледі.Ең  негізгісі  сыртқы 

себептер. Оларға бірінші кезекте тамақты, сұйықтықтарды, дәрілік заттарды жатқызу керек. [16] 

Ұтымсыз тамақтану (ақуыздың, майлардың және көмірсудың жетіспеушілігі немесе артық мөлшері), ретсіз тамақтану 

(әр күн сайын әртүрлі уақытта), зиянды компонеттері бар тағамдарды жиі пайдалану (ащы, тұзды және ыстық, т.б.), 

тамақтардың сапасы-осылардың бәрі асқазан және ішектің ауруларының себептері және іш қату, іш өту, іштің кебуі 

сияқты бұзылыстардың басты себептерінің бірі. [16] 

Сұйықтықтардың  ішінде  асқорыту  жүйесінің  ауруын  бірінші  кезекте  алкоголь  және  оның  суррогаттары,  газдалған 

немесе консерванттар мен бояғыштар қосылған басқа сусындар. Және әрине дәрілік заттар. Олардың бәрі асқазанның 




сілемейлі  қабығына  жағымсыз  әсер  етеді.Сондай-ақ,  сыртқы  факторларға  тамақ  және  су  арқылы  түсетін 

микроорганизмдер  (спецификалық  және  спецификалық  емес  ауруларды  шақыратын  вирустар,  бактериялар  және 

қарапайымдылар), құрттар (сорғыштар, таспа құрттар, домалақ құрттар). [16] 

Темекі  шегу  өзі  ғана  асқазан  немесе  ішек  ауруларының  негізгі  себебі  болмайды,  бірақ  ауыз  қуысының  жеткіліксіз 

гигиенасымен қосылып ауыз қуысының ауруларын тудырады (гингивит, стоматит, пародонтоз, ерін рагы). Сонымен 

бірге  сыртқы  факторларға  жиі  стресстер,  жағымсыз  эмоциялар,  т.б.жатады.Ішкі  факторларға  генетикалық 

бұзылыстар, жатыр ішілік даму зақымдары, аутоиммунды аурулар жатады.[16] 

Емдік дене тәрбиесі асқорыту жүйесінің барлық ауруларында қажет, тіпті іш қуысына операция жасағаннан кейін де 

сауықтыруды  тездететін  аздаған  қозғалыстар  жасау  керек  (аяқ  және  қол  саусақтарын  қозғалту).  Асқазан-ішек 

ауруларына  арналған  физикалық  жаттығулар  сырқаттың  стрестік  әсерін  төмендетуге,зақымдалған  ағзаның 

тіндеріндегі қан айналымы мен зат алмасуын жақсартуға, асқынудың болуын ескертуге әсер етеді. [17] 

Асқорыту  жүйелерінің  ауруларынан  сауығу  үшін  физикалық  жаттығулардың  түрі,  олардың  қарқындылығы  және 

ұзақтығы ауру стадиясына байланысты: өткір кезеңде, әсіресе төсек режимі жазылған кезде қарапайым жаттығулар 

(қол саусақтарын жазу және бүгу, басты айналдыру) төсекте жатқанда немесе жатылай жатқанда орындалады, өршу 

басылғанда-столда  отырған  кезде,  сауыққанда-тұрып  жасалады  және  оған  жүру,  велосипед  тебу  және  таза  ауадағы 

басқа да жүктемелер қосылады. [17] 



Қорытынды.  Сауықтыру-оңтайландыру  физикалық  дене  тәрбиесі-бұл  ауруды  емдеу  құралы  және  сырқаттан 

бұзылған  немесе  жоғалған  организм  функциясын  қалпына  келтіру,  жарақат,  зорығу  және  т.б.себептерге  арнайы 

бағытталған  физикалық  жаттығуларды  пайдалану.  Физикалық  жаттығулардың  көмегімен  емдеу  туралы  жалпы 

ұсыныстар науқастардың да, дені сау адамдардың да қан айналымының жақсаруы және оттегімен қанығуы ,бұлшық 

ет  тонусының  жоғарылауы,  май  қорының  қысқаруы  арқылы  организмді  сауықтыруға  негізделген.  Адамдардың 

жастық градациясына байланысты қайта қалпына келтіру бір жағдайларда-организм жүйелері мен функцияларының 

қалыпқа келуінің нәтижесінде, келесі жағдайда-компенсаторлы реакциялардың дамуына байланысты жүреді. 

Сауықтыру-оңтайландыру физикалық шаралары денсаулық пен физикалық қабілетсіздік деңгейін жоғарылату және 

ұстап тұру мақсатында қолданылады. Оның негізгі бағыты-организм және физикалық дайындықтың функционалды 

жағдайын жоғарылату. Бірақ, айқын сауықтыру тиімділігіне жету үшін физикалық жаттығулар көп көлемді энергия 

шығарумен және тыныс алу мен қан айналым жүйелеріне ұзақ біркелкі жүктеме түсірумен жүру керек. 

Сауықтыруға  бағытталған  физикалық  жаттығулардың  тиімділігі-сабақтың  мерзімділігімен  және  ұзақтығымен, 

пайдаланатын құралдардың қарқындылығы және сипатымен, жұмыс істеу және демалу режимімен анықталады. 

Арнайы медициналық бөлімдердегі оқу процесі белгілі бір ерекшелікке ие және мына төмендегілерге бағытталған: 



студент  денсаулығын  нығайтуға,  функционалды  ауытқуларды,  физикалық  дамудағы  және  физикалық 

дайындықтағы кемшіліктерді жоюға; 



студенттердің  өздерінің  сырқаттарының  сипаты  мен  ағымы  туралы  білімдерін  қолдануға,  аурудың  алдын  алуға 

бағытталған жалпы дамыту және арнайы жаттығулар кешенін өз беттерінше құруға және орындауға. [18] 

Жоғары  оқу  орындарында  медициналық  көрсеткіштерді,  физикалық  даму  туралы  мәліметтерді,  физикалық 

дайындықты  есепке  ала  отырып,  студенттерді  бір  оқытушыға  10-12  адамнан  аспайтын  топтарға  біріктіреді.  Ауыр 

сырқаттары бар студенттерді жеке емдік топтарға бөледі. [18] 

Емдік  топтар  физикалық  тәрбиелеу  кафедрасында  емдік  дене  тәрбиесі  саласындағы  арнайы  мамандар  мен  дәрігер 

бар  жоғары  оқу  орындарында  ғана  құрылады.  Бұл  топ  денсаулық  жағдайында  айтарлықтай  ауытқулар  бар 

студенттерден тұрады. Арнайы медицинaлық топтардағы сабақтар денсаулық жағдайында айтарлықтай ауытқулары 

жоқ  студенттер  үшін  жалпы  сауықтыру  сипатына,  сондай-ақ  сырқат  ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  арнайы 

бағытталған сипатқа ие. 

Арнайы медициналық топтардағы физикалық оңалтудың негізгі міндеттері:  

 



Денсаулықты нығайту; 

 



Ауырып кеткен сырқаттардың салдарларын азайту және жоғалту; 

 



Физикалық дамудағы функционалды ауытқулар мен кемшіліктерді жою; 

 



Дұрыс физикалық даму мен организмді шынықтырудағы әрекеттестік; 

 



Сырқаттың нәтижесінде әлсізденген органдар мен жүйелердің физикалық белсенділігін жоғарылату; 

 



Негізгі қозғалыс дағдыларын игеру; 

 



Дұрыс қалыпты, қажет болған жағдайда-оның коррекциясын қалыптастыру; 

 



Дұрыс тыныс алуға үйрету. 

 

Арнайы топтармен жаттығу арнайы құрылған бағдарламада аптасы 60 минуттан 2 рет жүргізіледі. [19] 



 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1  Абишева  З.С.,  Искакова  У.Б.,  Айхожаева  М.Т.,  Асан  Г.К.,  Смагулова  Т.М.  Студенттердің  денсаулығы  мен  өмір  сүру 

салты // Вестник КазНМУ. –  2014. –  №3 (1). – С. 41-43. 

2  Страхова  И.Б.  Здоровый  образ  жизни  как  способ  интеграции  в  социум:  На  примере  студентов  с  ослабленным 

здоровьем: дис. ... канд. социол. – Алматы, 2005. – 181 с. 

3  Семенкова  Т.  Н.,  Касаткина  Н.  Э.,  Казин  Э.  М.  Факторы  «риска»,  влияющие  на  здоровье  обучающихся  в  процессе 

обучения // Вестник Кемеровского государственного университета. –  2011. –  №2 (46). –  С. 98-106. 

4  Маргазин В.А., Носкова А.С. Лечебная физическая культура: дис. ... док. мед. - Ярославль, 2006. - 314 с. 

5  Бойцова  Т.  Л.  Жукова  О.  Л.  Физическая  культура  студентов  на  основе  реализации  мотивационно-личностного 

подхода // Вестник Томского государственного педагогического университета. –  2010. –  №4. –  С. 108-111.  

6  Горелов  А.  А.  Румба  О.  Г.  Кондаков  В.  Л  О  состоянии  здоровья  студентов  специальной  медицинской  группы 

гуманитарного ВУЗА // Вестник Балтийского федерального университета им. И. Канта. . –  2008. –  №11. –  С. 101-

105.. 


7  Борисова Н.Ю., Галкина Т.Н. Особенности занятий физической культурой со студентами специальной медицинской 

группы // Молодой ученый. –  2016. –  №3. –  С. 248-251.  




8  Шуба Н.М., Шолохова Л.Б., Борткевич О.П. Ревматоидный артрит. Диагностика и лечение. –  Киев: Морион, 2001. –  

272 с.  


9  Иванова  В.А.,  Богдалова  Е.Ю.  Физическая  культура  как  один  из  этапов  лечения  ревматоидного  артрита  // 

Молодежный научный форум: естественные и медицинские науки. –  М.: МЦНО, 2016. –  С. 62-69. 

10  Кашмина  Е.  О.  Дифференцированная  методика  физического  воспитания  студентов  специальной  медицинской 

группы на основе учета сезона года:  дис. ... канд. пед.: – Тула, 2012. - 142 с. 

11  Шлыков  П.В.  Коррекция  физической  подготовленности  студентов  специальной  медицинской  группы  с 

использованием индивидуальных программ : дис. ... канд. пед. - Екатеринбург, 2002. - 180 с. 

12  Бунина  Е.В.,  Бровиков  Д.  В.  Спорт  и  заболевание  сколиоз  //  Научное  сообщество  студентов  ХХІ  столетия.  –  

Новосибирск: СибАК, 2013. –  С. 445-450. 

13  Маргазин В.А., Носкова А.С. Новая физическая культура в профилактике и лечении забо­леваний сердца и суставов: 

дис. ... док. мед. - Ярославль, 2006. - 154 с. 

14  Таточенко В. К. Самсыгина Г. А. Синопальников А. И. Учайкин В. Ф. Пневмония // Педиатрическая фармакология. –  

2006. –  №4. –  С. 22-31. 

15  Сомов,  Д.  А.  Эффективность  программы  физической  реабилитации  при  пневмонии  :  дис.  ...  канд.  мед.  -  Москва, 

2010. - 157 с. 

16  Иванова  И.Л.,  Кмслицына  Л.В.  Влияние  контаминированных  продуктов  питания  на  заболеваемость  органов 

пищеварения населения в Приморском крае. // Здоровье. Медицинская экология. Наука. –  2014. –  №58. – Т. №4. –  

С. 85-88. 

17  Гультяева В.Н., Лобанова Е.В., Панова О.А. Оздоровительная  гимнастика при заболеваниях желудочно-кишечного 

тракта. - Екатеринбург: ГОУ-ВПО УГТУ-УПИ, 2005. –  31 с.  

18  Степанюк  И.А.  Развитие  мотивации  студентов  университета  к  здоровому  образу  жизни  средствами  физической 

культуры. дис. ... канд. пед.- Магнитогорск, 2005. - 241 с. 

19  Валиуллина  О.В.  Формирование  здорового  образа  жизни  студентов  в  образовательном  процессе  средствами 

адаптивной физической культуры : дис. ... канд. пед. - Уфа, 2006. - 160 с. 

 

 

А.Б.ДАНИЯРОВА

1

, А.А.СЫЛАНОВА 

1

, Ф.Т.КУШЕРБАЙ 

1

, Э.А. КАЛИЕВ

2

 

Казахский национальный университет им.аль-Фараби, кафедра гигены и эпидемиологии 

Казахский национальный университет им.аль-Фараби, диагностический центр «Керемет» 

 

ОСОБЕННОСТИ ФИЗИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ СТУДЕНТОВ, СВЯЗАННЫЕ С СОСТОЯНИЕМ ЗДОРОВЬЯ 

 

Резюме:  Будущее  государства  здоровое  поколение,  поэтому  здоровая  молодежь  один  из  факторов,  определяющий 

экономический  статус  каждого  государства.  К  сожелению,  в  современном  мире  здоровье  молодежи  является 

глобальной  проблемой.  Главный  фактор,  влияющий  на  здоровье  физическая  культура  в  школе  и  высших  учебных 

заведениях. В нашей работе нами, магистрантами Казахского национального университета Сылановой А.А., Кушербай 

Ф.Т.  и  научными  руководителями  Данияровой  А.Б.  и  Калиевым  Э.А.  рассмотрены  основные  факторы  влияющие  на 

здоровье студентов, виды медицинских групп по заболеваемости в Казахском национальном университете имени аль-

Фараби,  тяжесть  нагрузки  в  каждой  медицинской  группе,  особенности  физкультуры  при  разных  соматических 

хронических заболеваниях. 



Ключевые слова: факторы, определяющие здоровье студентов, медицинские группы. 

 

A.B.DANYAROVA

1

, A.A.SYLANOVA

1

, F.T. KUSHERBAY

1

,E.A.KALIEV



Al-Farabi Kazakh national university, department of hygiene and epidemiology 

Al-Farabi Kazakh national university,diagnostic center «Keremet» 

 

FEATURES OF PHYSICAL EDUCATION STUDENTS RELATED TO HEALTH 

 

Resume:  The  future  of  the  State-healthy  generation.  Therefore,  the  health  of  young  people  is  one  of  the  factors  which 

determines the economic status of the State. Unfortunately, in today’s world, young people’s health problem. The main factor 

influencing to  health-physical  education  in schools and universities. In  our work we,  undergraduates of the Kazakh National 

University  A.A.  Sylanova,  F.T.  Kusherbai  and  scientific  advisers  A.B.Daniarova  and  E.A  Kaliev  considered  the  main  factors 

influencing the health of students, kinds of medical groups for morbidity in institutions, the gravity load in each medical group, 

the features of physical culture in various diseases. 



Keywords: factors defining the health of students, medical group. 

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау