№54 (736)
3.04.2012 жыл,
сейсенбі
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
ӨРКЕНИЕТ
Түрлі-түсті алтынның артықшылығы неде?
Қай елден не алуға болмайды?
ІЗ.ДЕН.ІС
ЖАҢА БАСЫЛЫМ
Симашко
сабақтары
«Ақжүніс-Астана»
жарық көрді
Кеште М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты, әлем әдебиеті және
ха лықаралық байланыс кафедрасының
мең герушісі Светлана Ананьеваның «Қа-
зақ стандағы орыс прозасы» атты мо ногра-
фия сының тұсаукесері өтті. «Жібек жолы»
бас
пасынан шыққан зерттеу еңбегінде
ав
тор М.Симашко шығармашылығын
еура зиялық идея төңірегінде талқылаған.
М.Си машко осы идеяның терең тарихи та-
мы рына көз жіберді, терең зерделеді және
оны ұлттың барлық ерекшелігі мен өзінің
бай да қанық мәдениетін жоғалтпай сақтай
оты рып, күллі адамзатты біртұтас қауым
ре тінде болашаққа жетелейтін баспалдақ
ре тінде қабылдады. Жазушы шығар ма-
шылығында Орта Азияның бай мәдениеті
мен түрлі аңыздары табиғи түрде көрініс
тап қан. Соғыстан кейін ұшқыш әрі атқыш
Мо рис Симашко Түрікменстанға қоныс ау-
да рады. Осылайша мұғалім одақтық жә-
не республикалық газеттердің журна лисі,
аңыздар мен мифтер, тарихи сю жет терге
бай таңғажайып мәдениеттің орта сына
түседі. Селжүк сұлтаны Санжар ма зары
бой көтерген ежелгі Мервте ұзақ уақыт
бойы өмір сүреді. Көз тартар қамал дар-
дың арасында сонау сасанидтер дә уірінен
бері келе жатқан шығыс базары да бырлап
жататын. Ұшқыш тар мектебі эска дрилиясы
орын тепкен Темірлан қақ
пасындағы
жартаста араб қолбасшысының пұт
қа
табынушыларды жеңгендігі туралы жаз ба
сақталған. Осы сынды аңыздар жазу шыға
шабыт пен ой салып отырды. Осы ның
негізінде халықтың тұрмыс-тір шілігі мен
салт-санасын, тарихи ерекшелігін те рең
зерделеуден туған «Қара және Қы зылқұм
повестері» циклі дүниеге келді. Цикл дің
алғашқы «Емшан» повесінен-ақ та рихқа
деген құштарлық ерекше бай
қалады.
М.Симашко Қазақстан тарихы кең бай тақ
Еуразия даласында туған ежелгі әрі жалпы
қазақ-түрік-славян тарихымен өте тығыз
байланысты деген ойды қуаттайды. Әртүрлі
тілде сөйлейтін адамдардың ортақ танымы
туралы жазушы «Хадж Хайям», «Маз дак»,
«Искушение Фраги», «Семи
ра
мида»,
т.б. сынды повестерінде ой қоз
ғайды.
Жазушының басты қызыққан ғы лыми жә -
не жазушылық тақырыбы – Қазақстан, Ре-
сей және Таяу Шығыстың ежелгі мә де ниеті
мен тарихы. М.Симашконың шы ғар ма-
шылығында еуразияшылдық идеясы тө-
ңірегінде деңгейі мен ұлтына қарамастан,
қазақ және орыс өкілдерінің рухани-
зияткерлік ортақ танымына байланысты ой
өте шебер әрі көркем берілген («Қоңырау»,
«Комиссар Жангелдин»). Жазушы шы ғар-
ма ларындағы Әліби Жангелдин мен ағар-
тушы, педагог Ыбырай Алтынсарин – Орта
Азия романдарының бас қаһармандары,
Азия ренессансының қайнар көзі болып
табылса, Хайям, әл-Фараби, Баласағұни
шығармалары ой еркіндігіне арқау болып
отырған.
Германияда «Қазақстан кітапханасы»
сериясы бойынша М.Симашконың шығар-
маларын шығару жоспарлануда.
Кітапханадағы кеште Қазақ радиосы-
ның қорынан алынған жазбалар негізінде,
жазушының өз дауысымен жазылған ау-
дио-таспа ойнатылды. Сонымен қа тар М.
Симашко шығармашылығы жө нін де дос-
тары – Қазақстан халқы Ас сам блея сы ның
мүшесі, ақын, қоғам қайраткері Лео нид
Гирш, режиссер Александр Голо винский,
жазушы, публицист Адольф Ар цишевский,
медицина ғылымының док торы Тамара
Ильина және әде биет танушылар –
филология ғылым ының док торы, Санкт-
Петербург уни вер ситетінің про фессоры,
Ресей ғылым ака демиясы, орыс әдебиеті
институтының (Пуш
кин үйі) же
текші
ғылыми қызметкері Сергей Ки бальник,
филология ғылымының докторы, Әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни вер си-
тетінің профессоры Алуа Темірболат өз де-
рінің жылы лебіздері мен жүрекжарды
ті лектерін білдірді. Көркемсөз шеберінің
құрметіне арналған өздерінің жалынды
жырларын Зинаида Ровенская мен Адольф
Арцишевский тебірене оқы
ды. Кешті
М.Симашко атындағы кітапхана директоры
Наталья Коваленко жүргізді.
Ертай СҰЛТАН,
М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер
институтының баспасөз хатшысы
Жаңа журналдың бетінде белгілі қоғам
қайраткерлерінен бастап, қарапайым
адамдар да өз ой-пікірлерін бере алады.
Бұл басылымды атына қарап, тек қыз-
келіншектерге арналған деп түсіну қате.
Мұнда қазақ қоғамының бүгінгі рухани
тыныс-тіршілігі барынша қамтылатын бо-
лады. Әзірге басылымның тұрақты де меу-
шісі жоқ. Сондықтан да «Ақжүністің» ал-
ғаш
қы саны бес мың данамен ҚР
Па р ламент Мәжілісінің депутаты, Атым-
тай дай жомарт азамат Нұртай Са билья-
новтың демеушілігімен жарық көр ген дігін
айта кеткен жөн.
Сәу ле ӘБЕДИНОВА,
«Ақжүніс–Астана» журналының бас
редакторы:
– Журналды шығарудағы басты
мақсат – болашаққа ұмтылу. Көпшілік-
тің сұранысымен шыққан бұл журнал
болашақта да жұмысын тоқтатпайды.
Жобамыздың халықтан қолдау тапқан
себебі бұл журнал кезінде талай көрер-
меннің көңілін жаулаған «Қазақстан»
ұлт тық арнасынан көрсетілген «Ақ-
жүніс» бағдарламасының қағаз бетін-
де гі жалғасы іспетті. Бағдарламаның
жа был ғанына алты жыл болса да, «Ақ-
жү ністі» көп ешкім ұмыта қойған жоқ.
Жал
пы, журнал шығарудағы басты
мақ сатымыз – шамамыз келгенше қа-
зіргі уақыттағы сырттан келетін ақ па-
рат тық экпансияға қарсы тұру. Осы
орайда біз қазақ оқырманы үшін ая нып
қалмайтындығымызды баса айт қым
келеді.
Арай ЕРМЕКҚЫЗЫ
БАЙҚАУ
«Cөзсіздік трагедиясы»
КЕНЖЕ САЛАНЫҢ «ТІЛІ» ҚАЛАЙ?
Кенже деп біз өнердің ең кенже сала-
сы – киноны айтпаушы ма едік әдетте.
Бү гінде сөздің нағыз жетіспеушілігін тар-
тып жатқан сала – кино. Кезінде Қонаев
сын
ды ардақты ақсақалымыздың өзі
«Қа зақтың екі соры бар: бірі – футбол,
екін шісі – кино» дегенге ұқсайды. Қайта
ол «Қыз Жібек», «Тақиялы періште» сын-
ды шоқтығы биік туындылар көзді де,
кө ңілді де қуантып тұрған тұс еді. Кино
жай лы әңгімені тура осы сценарийден
бас тап көрейік.
Қазақ киносының, жарайды, қа зақ-
стан дық киноның сценаристері кімдер?
Кеңестік кезеңде аты дүрілдеген бір автор
болған Арон деген, яғни Ефим Арон. Тағ-
дыр ол тұлғаны 70-жылдарға жете бере
бақиға аттандырыпты. Сосын кім? Аса нә лі
сынды ағамыз да сол сценаристер ті зіміне
енеді. Кинода кәдімгідей орны бар мэтрге
ешкімнің дауы жоқ. Сосын, Абай Қарпықов.
Бұлар – 90-жылдары жа
рық көрген
фильм дердің мәтінін жаз ған авторлар. Ал
бүгін ол 90-ды да артта қа лдырып, 2000
деп басталатын дәуірдің де он жылын сүріп
үлгердік. Қазіргі киноның сценарийі
қандай, сценарисі кім? Жоқ па? О не де ге-
ніңіз, бар, бірақ, бі ріншіден, аз, екіншіден,
кім болса сол, әй теуір, кө ңіл көншірлік ки-
но шығарып жат қаны сау сақпен санарлық
қа на. Ке зінде «Ке лін мен» аты жер жарған
Ермек Тұр сынов, ра сында, жақсы сцена-
рист. «Ой бай, ешкі ту ралы екен» десек те,
бас қа десек те, ол фильм қоғамда резонанс
ту ғызды. «Ос карға» дейін жетті. Басқа кім?
Шынымды айт сам, соңғы мәрте айы зым
қанып, тұ шы на көрген кином «Бір жан сал»
болды. Әр сөзі көкірек көзі ашық, «мен қа-
зақ пын» деген адамның жү регіне жеткен
бірден-бір кино осы бол ды десек, артық
болмас сірә. Сце
на
рийін жазған кім?
Жазушы – Таласбек Әсем құлов. Міне, бү-
гінгі біздің қазақ ки но сына кино сце на-
рийдің қандай бола ты нын көрсетіп берген
– осы Таласбек аға мыз. Бірақ неге сол
«Бір жан салдан» ке йін ол кісіні қол дан-
қолға түсірмей, қата рынан керемет кар-
тин алардың мә тінін жазуды тап сыр мадық?
Неге? Мұнда да бір кілтипан бар. Демек,
бізде жақсы жа затын сценаристер бар,
бірақ оларға «әлдекім» киноның есігін
жауып тұрғанға ұқсайды.
Тағы бір кілтипан, жаңа кәсіби ма-
Жуырда Алматы
қаласындағы Морис Симашко
атындағы кітапханада Қазақ
Пен-клубының негізін
қалаушылардың бірі,
Қазақстанның Халық жазушысы,
Президенттік Бейбітшілік және
Рухани келісім сыйлығының
және Абай атындағы
сыйлықтың лауреаты, белгілі
прозаик, публицист және
аудармашы Морис Симашконың
(1924жыл,18.03 – 2000
жыл,15.12) құрметіне арналған
кеш өтті.
Еліміздің ақпарат кеңістігі
тағы бір ерекше басылыммен
толықты. Жуырда ғана
Алматыдағы Ұлттық баспасөз
клубында тұсауы кесіліп,
алғашқы саны халыққа тарап
үлгерген журнал «Ақжүніс –
Астана» деп аталады.
ТА
ЛҒАМ
Бұл жоба аясында, негізінен, мектеп
жа сына дейінгі балаларға арналған әдеби
шы ғармалар сарапқа салынбақ. Шы ғар-
машылық байқаудың басты мақсаты – ба-
лалар әдебиетіне қолдау көрсету арқылы
бүгінгі заман талабына сай шығармалардың
жазылуына ықпал ету, сол арқылы бала-
ларды қаршадай кезінен өз ұғымдарына
лайық әдеби туындылармен молынан
сусындатып, туған елге, ата-анаға, дос пен
бауыр ға деген сүйіспеншіліктерін қалып-
тастырып, ұлтжанды, өнегелі, білімқұмар
болып өсуіне негіз қалау. Өйткені бүгінгі
бала – ертеңгі қазақ халқы, Қазақстан
Республикасының иесі. Халықтың өре-
деңгейінің биік болып қалыптасуының бір
ұшы осы балалар әдебиетімен байланысты.
Көркем әдебиет көпшілікке ортақ ұлы ұстаз
болса, балалар әдебиеті – сол көркем әде-
биеттің уызы. Өкінішке қарай, бүгінгі бала-
лар әдебиеті қажетті деңгейде жан-жақты
қолдау-көмек көре алмай отыр. Еліміздегі
кітап дүкендерінің сөрелері көбіне ресейлік
қызылды-жасылды кітаптармен толты-
рылған. Жергілікті баспаларымыз бала-
ларға арналған жинақтар шығарғанымен,
сапа жағынан әлі де болса өзгелерге ілесе
алмай келе жатқаны анық. Сондықтан да
Қазақстандағы қаржылық топтар мен
жекелеген қалталы азаматтар осы мәселеге
аса бір ден қойса деген тілегіміз де жоқ
емес. Болмаса қит етсе, мемлекетке алақан
«Балауса» балалар әдебиетін қолдайды
жайып, жоғарыдан бөлінетін санаулы қар-
жыға қарап, аз тиражға байланып отыра
берудің қажеті шамалы. Баспасөз мәс ли-
хатында бас қосқан ұйым дас ты ру шылар
мен балалар жазу шы лары, жур на листер
қауымы осы мәсе лелерді тал қыға салып,
пікір таластырып, өз ойларын ор
таға
салды.
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасы
төрағасының бірінші орынбасары:
– Қазір біз ұлттық әдебиетіміздің
дамуына қалай серпін береміз, шығар-
ма шылық адамдарына қандай қолдау
көрсете аламыз деген сұрақтар жиі ма-
залайды. Бүгінгідей нарықтық қо ғамда
белгілі бір жобаны жүзеге асыру үшін
қомақты қаражат керек. Бұл ретте
Жазушылар одағы көбіне демеу
ші-
лердің қолдауына жүгінеді. Енді қолға
алынып отырған «Балауса» бәйгесі де
осындай ірі компаниялардың демеу ші-
лігімен жүзеге асырылмақ. Балалар
әде биеті қай кезде де қамқорлыққа
зәру. Оның үстіне, қазіргі кезде бұл
жанр да қалам тербеп жүрген жастар
өте аз. Біраз жылдан бері «Жер-Су»
кор порациясы Жазушылар одағымен
бір лесіп, балалар әдебиетіне жаңаша
ты ныс әкелген «Дарабоз» бәйгесін жа-
риялап келеді. Осы бәйгенің арқасында
қазақ баласы оқитын қаншама жас
қаламгерлердің аты шығып, қаншама
тың туындылар дүниеге келді?! Олардың
біразы кітап болып басылып, мектептер
мен балабақшаларға таратылды.
«Балауса» бәйгесі де жаңа есімдердің
ашы луына жол сілтеп, балалар әде-
биетін ұрпақ санасына серпін беретін
жа ңа дүниелермен толықтырады деп
үміт тенеміз.
Жомарт ТАЛАСБЕКОВ,
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-тың
коммерциялық емес қаржыландыру
басқармасының бастығы:
– Қазақстандағы ірі ком па ния ла р-
дың бірі бола тұра, «Қазақмыс» ел мұ-
расын және қазақ тілін қолдауға тікелей
жауаптылығын ұғынады және біз топ-
тың әлеуметтік жауапкершілігіндегі
осы нау бастамаларын паш етуге тал пы-
н амыз. Бұл жоба ұлттық мәде ниеттің
да муына, келешек ұрпақты тәрбиелеуге,
қа зақ тілінің одан әрі дамуына зор үле-
сін қосады деп сенеміз. Ұлттың мен-
талитеті оның тілінде, салт-дәстүрі мен
мо
ралінде байқалады, сондықтан
осын дай құн дылық та рымызды бала-
ларымыздың бойына сіңдіру өте ма-
ңызды. Біз осы жобаға шабыттандырған
Қа зақстан Жазушылар одағына, сон-
дай-ақ бәйгенің барша қаты су шы ла-
рына шынайы алғысымызды білдіргіміз
келеді. Бұл конкурс тамаша дәстүрдің
бастамасы болады деген сенімдеміз.
Қазақстан Жазушылар одағы бас қар-
ма сы мен «Қазақмыс» тобының өкіл де рі-
нен құ ралған арнайы әділқазылар бәйгеге
қа тыс тырылатын жұмыстарды қарап, же-
ңім паздарды анықтайды. Бәйгеге кәсіпқой
жа зушылар да, әуесқой авторлар да, со-
нымен қатар шетелдегі қазақ диас по ра-
сының өкілдері де қатыса алады. Бәй геге
қа тыстырылатын шығармалар 2012 жыл-
дың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.
Оның қорытындысы 2013 жылдың 2 сәуірі
күні жария етілетін бола ды. Жеңімпаз ав-
торлар ақшалай сый лықтарға ие болмақ,
ал олардың шығармалары республикалық
«Қа зақ әдебиеті» газетінің арнайы қо сым-
шасында жарияланатын болады. Ұйым-
дастырушы
лардың айтуынша, бәйгенің
екін ші кезеңі бойынша, бәйге алған таң-
даулы туындылар арнайы кітапқа топ тас-
ты рылмақ. Бәйгенің жүлде қоры қомақты
де лінгенімен, лайықты шығармаларға ті-
гілетін бәстің ақшалай көлемі әзірге нақты
мә лім етілген жоқ. «Балауса» бәйгесінің то-
лық ереже-шарттары алдағы уақытта бір-
қатар қазақтілді БАҚ-тарда жария етілетін
бо лады.
Кеше Алматыдағы
Қазақстан баспасөз клубында
2 сәуір – Балаларға арналған
кітаптардың халықаралық
күніне орай бастау алған
«Балауса» балалар әдеби
шығармаларының байқауына
арналған баспасөз мәжілісі
өтті.
Түрлі-түсті алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың
сары алтыннан жасалған бұйымдарға қарағанда, сынама
көр сеткіші төмен бола ма?
Айгүл БЕКОВА, Алматы облысы
Алтынның қызыл, алқызыл,
жасыл, көк, тіпті қара түстері де
бо
лады. Бүгінде көптеген
белгілі зергерлік үйлер түрлі-
түсті алтынды кеңінен пай да ла-
нады. Мамандардың ай туын-
ша, түрлі-түсті алтынның сары
алтыннан сы
намасы төмен
болмайды. Не гі зінен, түрлі-
түсті алтынды қол дану сонау
XIX ғасырда, яғни ос мий, ро-
дий, палладий секілді қым бат
металдар ашылған кезде бас-
тау алған. Алтынға осы ме тал-
дар балқытылып қосылатын
болған. Алайда бұл қоспалар
ал тынның сынамасына және
зер герлік бұйымдардың са па-
сы на кері әсер етпейді. Зер гер-
лік кә сіпте ешқашан таза саф
алтын қолданылмайды. 585
сы
намалы алтында таза ал-
тынның үлесі 58,5 пайыз, ал
750 сынамалы ал
тында 75
пайыз. Түрлі-түсті ал
тыннан
жасалатын зергерлік бұ йымдар,
негізінен, 750 сы намалы болып
келеді. Зергерлік тіл де түрлі-
түс ті қоспа лигатура деп ата-
лады. Ең кең таралған ли га ту-
ралар – күміс пен мыс. Ақ алтын
ал үшін палладий мен пла тина
пай даланылады, ал қы зыл және
қызыл алтынның құра мында –
мыс, жасыл алтын алу үшін
бел
гілі бір мөлшерде күміс,
мы рыш, палладий, көгілдір ал-
тында – индий мен родий, сия-
көк алтында – алюминий мен
ка лий, қара алтында кобольт
пен хром қоспалары қол да ны-
лады.
Былтырғы жылы Египетке жолым түсіп, сол жақта отбасыммен
демалдым. Елге қайтарда Египеттен естелік болсын деп пілдің
сүйегінен жасалған бұйым сатып алдым. Алайда ол затты кедендегі
тексеріс кезінде менен алып қалды. Осы қаншалықты заңды?
Мөлдір АБЫЛҒАЗОВА, Алматы
Иә, шетелге іссапармен немесе
демалысқа барған кез келген
азамат елге қайтарда өзі барған
мемлекет тен түрлі кәдесыйлар, ес-
те
ліктер алып қайтады. Алай
да
көп теген шет мем лекеттерде кейбір
зат тарды ше ка радан өткізуге тыйым
салынған. Мы салы, өзіңіз бар ған
Египеттен піл дің сүйегінен бөлек,
қол ты ра уын ның бей несінде жасал-
ған қуыр шақ тар ды, теңіз тү бінен
алынған асыл тас тар ды, ракушка,
ра ковина, кор рал се кілді заттарды
алып шығуға бол май ды. Сон дай-
ақ Таи ландтан Буд да ның мүсіндерін
және қым бат ме тал дар мен тас-
тардан жасалған бұ йым дарды ар-
на йы сертификатсыз жә не түбір-
тек сіз алып шы ға ал май сыз.
Үн дістан мен Тунистен олардың
жер гілікті ақшалары рупии мен ди-
нар ды өткізуге бол майды. Ку бадан
тү бір тексіз 21 шылымнан артық ала
алмайсыз. Со ны мен қа тар мұнда
қол тырауын мен тас ба қаның те-
рісінен жа сал ған заттарды ше кара
ар қылы өткізуге тыйым са лын ған.
Түркиядан жалпы құ
ны 15 000
АҚШ дол ла ры нан артық бағаға
зер гер лік бұйымдар мен асыл тас -
тарды алып өтуге бол
май
ды.
Италиядан көне қы лыш тарды, әс-
кери бұйым дар ды, Жаңа Зелан-
диядан ки
ви жемісін, одан жа-
салған ша рапты алуға бол майды.
До миникан елінен пальма мен
орхидея ағашын, Ли
виядан ма
-
таларды, Ал жир ден жіп алып өту ге
рұқ сат жоқ.
немесе тамсана айтып жүрген тіркестер кинода неге жоқ?
Басы 1-бетте
Әшірбек СЫҒАЙ, сыншы:
– Экранда болсын, сахнада бол-
сын, бүгінде тіл мәселесіне өте салақ
қарап жүргеніміз рас. Әрбір тілдің
тілдік бейнесі, яғни бейнелі тіл деген
болады. Яғни спектакль бола ма, кино
бола ма, онда кі
сі
нің санасында
қалып қоятын, ма қал бо лып, қанатты
сөзге айналып, ел ара
сына тарап
кететін сөзі бо луға тиіс. Ке йіп керлер
сөзінде сүй
сінтерлік, сол адам
ның
жан дү ние сіне үңілтерліктей сұлу сөз
бол маса, бәрі бекер. Бізде жеңіл-жел-
пі, орашолақ, өз орнын тап пай тұр ған
қопал сөздер көптеп кез де седі. Ол –
редакторлардың, кор рек торлардың
қателігі. Ал, жалпы, туындыға арқау
болған сценарий, яғ
ни көркем
шығарманың әл сіз дігі.
Тіл деген – асау ат. Жолдың ой-шұ-
қырына, еңісіне, ылдиына мән бер-
месе, кісіні алып қашып, мер тік тіреді.
Мысалы, кезінде Әбіш Ке
кілбай,
Смағұл Елубай, Дулат Иса беков сынды
мықты қа лам герлеріміз тізгінін ұстаған
сце на рийлерден ешбір ақау тап пай-
тынбыз. Айналып келгенде, бү гінде
егер ондай кинолар бол май тұрса, ол,
негізінен, сце на рийдің әлсіздігінен,
соны жазушы адамның тілдік жұтаң-
дығынан. Бұл – тек кинода ғана емес,
қазіргі теле арналардан да байқалып
жүр
ген дерт. Түрік, кәріс се
риал-
дарының аудармалары тым сұ рық сыз,
кей сөздеріне күлкің кел се, кейбіріне
ызаң келеді. Неткен қопал, неткен ың-
ғайсыз сөздер! Кі сінің қиялын ба йы-
тудың орнына, ке рісінше, кісінің ойын
тұмшалап тас тайтын дүмше, дүмбілез
сөз дер! Шикі сөздер! Орнын таппай
тұр ған кірпіш қандай болады, та йып
кеткелі тұрады ғой, сол сияқты сөз дер
қазір экранда да, сахнада да өте көп.
Құлаққа түрпідей тие тін мұндай сөз-
дерді естіп жүрген кө рермен қай дан
оңсын! Сұлу сөз дің нәрін телеарна,
газет-жур налдан күтеді емес пе халық.
Ендеше, «халықтың құлағы, көзі, һәм
тілі» баспасөз, кино, театр сөзі түзел-
мей, халық түзелмейді.
Жалпы, киноның жетістігі сол –
ондағы сөздің ауыздан-ауызға тарап
кетуінде. Бұл жағынан «Менің атым –
Қожа», «Тақиялы періште»,
«Гауһартас», «Қыз Жібек» секілді
қазақ кинолары мен күллі кеңес
халқының аузында жүрген (әлі күнге)
орыстың комедияларына осы ретте бір
мархабат! Ал бүгінде кино көрсек,
есімізде бір сөзі қала ма? Бір-бірімізге
соны айтып, тамсанып жүреміз бе?
Әлде жай, спецэффектілері мен
картинасын тамашалағанға мәз болып
қайтамыз ба? Есесіне, жұрттың
«Шаншар», «Нысана»,
«Алдараспанның» кекесін, күлкілі
сөздерін айна қатесіз қайталап
жүргені. Соған қарап, кинодан гөрі
бүгінде елге сатира театры көбірек
жол тапты-ау деп түймеске амал
қалмайтындай. Ал біле білсек,
негізінен, кино – жай ғана өтетін де
кететін, күлетін де қоятын дүние емес,
бүкіл елдің айнасы. Экономикалық
ахуалдан бастап, саясат та, білім де,
мәдениет те – бәрінің айнасы кино. Біз
сол айнадағы кейпімізге мән бермей
жүрміз-ау осы... Әлде сценарийсіз бе
бізде бәрі?..
ТҮЙІН
ЖҮЗ
ДЕС
У
Кеш арқауы –
«Ақ қауырсын»
Аталған әдеби-танымдық жоба аясын-
да осы уақытқа Смағұл Елубай, Аманхан
Әлім, Қуандық Түменбай, Нұрдәулет Ақыш
сынды аға буын ақын-жазушылар мен Жа-
рас Сәрсек, Алмат Исәділ, Дархан Бей сен-
бекұлы қатарлы жас қаламгерлер қонақ
бо лып еді. Бұл жолғы әдеби жүздесудің
қо нағы «Серпер» жастар сыйлығының ие-
гері, «Тамшылар», «Алакеуім», «Әйнекке
түс кен ай сәуле», «Ақ қауырсын» кітап та-
рының авторы, талантты ақын Әлібек Ше-
гебай болды.
Кездесу барысы ақынның жаңа шыққан
«Ақ қауырсын» кітабының таныстырылымы
ре тінде өрбіді. Әсіресе жас оқырмандар
ара сында көп оқылатын лирик ақын шын-
дықтың шырағын жарқыратып, көркем
тіл дің тегеурінін танытқан өлеңдерін оқып,
әде биет төңірегіндегі өз ойларымен бө-
лісті. Басқосу барысында кеш қонақтары
Әлі бек Шегебай шығармашылығымен жа-
қы нырақ танысып, ақынның «Ақ қа уыр-
сын» жинағындағы өлеңдерге талдау
жасап, емен-жарқын әңгіме құрды.
Жас ақындар өз өлеңдерін оқып, ақын
аға ларының ақындық жөнінде айтқан ке-
ңестерін тыңдады. Адамдық қарым-қа-
тынасқа, аға буын мен жастардың шы ғар-
ма шылық байланысына арқау болған бұл
бас қосу ғибратты өтті. «da Қазақстан» ба-
сылымы мұндай кездесулерді алдағы уа-
қыт та да жалғастырып отыратындықтарын
атап өтті.
Бек МЕРГЕН
Диалог Еуразия плат фор-
масының шығарып отырған
«da Қазақстан» атты
халықаралық мәдени
интеллектуалды журналының
редакциясы ақын-жазушылар,
зиялы жұрт өкілдерімен кездесу
өткізу мақсатында сыр-сұхбат
жүздесулерін ұйымдастыруды
жалғастырып келеді.
САНАДАҒЫ СҰЛУ СӨЗДЕР
«Егер әрбір бала әкесінің
айтқаны мен ғана жүрер болса,
мына дүние өзгеріссіз қалар еді
ғой...»
(«Гау һартас» фильміндегі басты
кейіпкер қарияның ұлы Тастанға
айтқаны)
«Өлген адам сөйлемейді...»,
«Сөм кеден бақа тарбаң етіп шыға
кел генде, қызық бола ма деген
едім ғой...» («Ме нің атым – Қожа»
фильміндегі Қожаның сөзі)
«Азаматтың ары тапталып
жат қанда, бір қатынның жаны
садаға («Біржан сал» фильміндегі
Әпіштің күйеуі Біржанға айтқаны)
мандар жайы. Елімізде өнер мамандарын
даяр лайтын Т.Жүргенов атындағы Қазақ
ұлт тық өнер академиясында сценарий
жа зуды үйретпейді, ал одан басқа ар-
найы әдеби институт жоқ. Бүгінде Ресей
киносының айдарынан жел есіріп тұрған
Тимур Бекмамбетовті әйтеуір, сыртынан
«жерлес» деп мақтанамыз. Мінеки, сол
Темір ағамыздың мектебі бар, экшн,
фэнтези секілді жанрларға жетелесе де,
соған қазақ баласы қалай жетеді?
Алмат ИСӘДІЛ
А
б
ай ОМАРОВ (к
о
лла
ж)