Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №29 баспасөз р е л и зі



жүктеу 23,27 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.05.2018
өлшемі23,27 Kb.
#13667


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  

ҰЛТТЫҚ БАНКІ 

№ 29 БАСПАСӨЗ  Р Е Л И ЗІ  

   2011 жылғы 14 қыркүйек 

 

Қазақстан Республикасы жəне Ресей 

Федерациясы арасындағы Банкаралық 

жəне инвестициялық ынтымақтастық 

жөніндегі шағын комиссияның 13-ші 

отырысын өткізу туралы 

 

 

2011 жылғы 5-6 қыркүйекте Ақтау қаласында ұйымдастырушысы Қазақстан 



Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын Қазақстан Республикасы жəне 

Ресей Федерациясы арасындағы Банкаралық жəне инвестициялық ынтымақтастық 

жөніндегі шағын комиссияның 13-ші отырысы өтті. 

Бұл  іс-шараның  жұмысына  Қазақстан  Республикасы  жəне  Ресей 

Федерациясы  орталық  (ұлттық)  банктерінің,  Маңғыстау  облысы  əкімшілігінің, 

Қазақстан  Республикасы  екінші  деңгейдегі  банктерінің  жəне  Ресей  Федерациясы 

коммерциялық  банктерінің,  Қазақстан  Республикасы  жəне  Ресей  Федерациясы 

банктері  қауымдастықтарының,  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігінің 

Қаржы  мониторингі  комитетінің, «Қазақстан  қор  биржасы»  АҚ-тың, «ДАМУ» 

кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың, сондай-ақ Мемлекетаралық банктің,  Мəскеу 

банкаралық  валюталық  биржасының,  Ұлттық  есеп  айырысу  депозитарийінің 

өкілдері қатысты. 

Шағын  комиссияның  Қазақстандық  бөлігінің  тең  төрағасы  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкі  Төрағасының  орынбасары  Ақышев  Данияр 

Талғатұлы,  Ресейлік  бөліктің  тең  төрағасы – Ресей  Федерациясы  Орталық  Банкі 

Төрағасының орынбасары Швецов Сергей Анатольевич болып табылады. 

 

Отырыс  барысында  Шағын  комиссияның  қазақстандық  жəне  ресейлік 



тараптарының  қатысушылары  өзара  ынтымақтастықтың  бірқатар  мəселелерін 

талқылады.  Қазақстан  жəне  Ресейдің  экономикалары  мен  банк  секторларының 

жай-күйі  бойынша  ақпарат  алмасуды  жалғастыру  мəселелері  талқыланды. 

Сондай-ақ  тараптар  Шағын  комиссияның  келесі  кезекті  отырысында  Қазақстан 

Республикасында жəне Ресей Федерациясында туынды құралдарды реттеуді жəне 

қаржылық  қызметтерді  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  тетіктерін  дамыту 

мəселелерін қарауға уағдаласты. 

«ДАМУ»  кəсіпкерлікті  дамыту  қоры» АҚ  Қазақстандағы  шағын  жəне  орта 

бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы  ақпаратты ұсынды. 

Сонымен  бірге  Ресей  Федерациясы  мен  Қазақстан  Республикасы 

арасындағы  қолма-қол  ресей  рубльдерін  өткізу  операцияларымен  байланысты 

мəселелер жəне Кеден одағы шеңберінде сыртқы жəне өзара сауда статистикасы 

мəселелері  талқыланды.  Отырысқа  қатысушылар  Ресей  Федерациясы  мен 

Қазақстан Республикасы арасындағы қолма-қол ресей рубльдерін өткізу, сұраныс 

көздерін  анықтау  жəне  Қазақстанға  қолма-қол  рубльдің  түсу  мониторингі 

бөлігінде  бірлескен  жұмыс  өткізуді,  сондай-ақ  Кеден  одағы  шеңберінде  өзара 




 

2

сауданың  сапалы  статистикасының  қалыптастыру  қажеттілігі  туралы  мəселені 



Кеден одағы комиссиясының қарауына шығаруды мақсатқа сай деп таныды. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Алматы  қаласындағы  өңірлік 

қаржы  орталығын  дамыту  комитеті  (АӨҚОДК),  Мəскеу  банкаралық  валюталық 

биржасы  жəне  Ұлттық  есеп  айырысу  депозитарийі  екі  елдің  қор  нарықтарының 

даму мəселелері туралы жəне Қазақстан Республикасы  кəсіби қатысушыларының 

ресейлік бағалы қағаздарға инвестициялауға ықпал ететін шаралар туралы ақпарат 

берді.  Бұл  мəселені  талқылау  барысында  тараптар  екі  елдің  реттеушілеріне, 

«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ға жəне Мəскеу банкаралық валюталық биржасына 

бағалы  қағаздар  нарығының  кəсіби  қатысушыларын,  Қазақстан  мен  Ресей 

эмитенттерінің  бағалы  қағаздарын  ұлттық  биржалық  нарықтарға  өзара  жіберу 

мəселелерін  пысықтауды  ұсынды.  Қосымша  АӨҚОДК  «Қазақстан  қор  биржасы» 

АҚ-да  қашықтықтан  мүшелікті  дамыту  жөнінде  жүргізіліп  жатқан  жұмыс 

(валюталық секция) туралы ақпаратты ұсынды. 

Отырыста  Қазақстан  Республикасы  екінші  деңгейдегі  банктері  мен  Ресей 

Федерациясының  коммерциялық  банктері  арасында  ынтымақтастықты  дамыту, 

банкаралық  операциялар  саласындағы  ресей-қазақстандық  ынтымақтастықтың 

негізгі  бағыттары,  басымдықтары  жəне  проблемалық  мəселелері  туралы  ақпарат 

алмасу  мəселелеріне  басым  назар  аударылды.  Банкаралық  қатынастарды  дамыту 

қажеттілігіне 

қарай, 


Ресейлік 

банктердің 

қауымдастығына 

Қазақстан 

Республикасы мен Ресей Федерациясы компанияларының қатысуымен жасалатын 

мəмілелер  бойынша  кепілдіктер  мен  аккредитивтер  шығарған  кезде  клиенттердің 

шығындарын  азайту  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  екінші  деңгейдегі 

банктеріне  саудалай  қаржыландыру  лимиттерін  ашу,  сондай-ақ  қазынашылық 

өнімдері  бойынша  операциялар  жүргізуге  кредиттік  лимиттер  ашу  мүмкіндігін 

қарастыру туралы өз мүшелеріне хабарлау ұсынылды. 

Бұдан  басқа,  тараптар  Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастыққа  мүше 

мемлекеттердің интеграцияланған валюталық нарығын ұйымдастыру саласындағы 

ынтымақтастық  туралы  келісімнің  барысы  туралы  ақпарат  алмасты  жəне  шағын 

комиссияның  кезекті  отырысында  екі  елдің  төлем  жүйелерін  ықпалдастыру 

туралы мəселені қарау туралы уағдаласты. 

Тұтастай  алғанда,  Қазақстан  Республикасы  жəне  Ресей  Федерациясы 

арасындағы  Банкаралық  жəне  инвестициялық  ынтымақтастық  жөніндегі  шағын 

комиссияның 13-ші  отырысы  жоғары  мазмұндық  деңгейде  өтті.  Тараптар 

қаржылық  ынтымақтастықтың  қол  жеткізген  нəтижелеріне  қанағаттандырарлық 

пікір білдірді. 



 

 

 



жүктеу 23,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау