Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата04.01.2018
өлшемі0,72 Mb.
#6969
1   2   3   4   5   6   7   8

№54 (736) 

3.04.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АЛАШ АЗАМАТЫ

ДАТ!

– Қали Сейілбекұлы, жақында білім 

және ғылым министрі Б.Жұмағұлов 

мыр за атап көрсеткендей, биыл ұлттық 

бірыңғай тестілеу жүйесі өзгер мейді, 

оның тек мазмұндық жағын ғана же-

тіл діру көзделген екен. Сонда бұл жұ-

мыс нені көздейді?

– 2011-2020 жылдарға арналған білім 

беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, 

емтихан тапсыру жүйесін 2015 жылға қа-

рай өзгерту көзделген. Ол кезде мектептен 

кейінгі емтихан бір бөлек, ал жоғары оқу 

орнына түсу үшін тағы бір сынақ тапсыру 

жүйесі болады. Ал оған дейін ұлттық бір-

ыңғай тестілеу жүйесінде айтарлықтай бір 

өзгерістер болмайды. Біз тек оның сапасын 

ғана жетілдіруді көздейміз. Әлбетте тест 

тапсырмалары жыл сайын жаңартылып 

отырады. Бүгінде осы жұмыс аясында біз 

логикалық тапсырмаларды, яғни жастар-

дың ойлау қабілетін дамытатын тапсырма-

ларды жасап, енгізіп жатырмыз. Әзірше 

он дай тапсырмалар тек математика пәні-

нен ғана ұлттық бірыңғай тестілеуге енді. 

Басқа пәндерге ол кейінірек қосылатын бо-

лады. Міне, биыл осы жағынан ғана 

өзгеріс бар. 

– Тест тапсырмаларын кім дайын-

дайды? Ол мамандарға қойылатын 

негізгі талаптар қандай? 

– Тест тапсырмаларын дайындаудың 

алдында біз, ең алдымен, облыстық білім 

беру басқармаларына хат жолдап, тестіні 

жасай алатын тәжірибелі мамандарды жі-

беруді сұраймыз. Биыл тест тапсырмала-

рын даярлау жұмысына 166 маман тарты-

лып отыр. Олардың ішінде әзірлемешілер, 

яғни тест тапсырмаларын дайындаушылар 

және сарапшылар бар. Сарапшы маман-

дар тест жасамайды, олар тек тексеру 

жұмыстарымен айналысады. Әрине, ма-

мандар алдымен оқытылады. Дайындық-

тан кейін әрбір ұстазға белгілі бір пән 

бойынша тестіні әзірлеу міндеті жүктеледі. 

Бұл жұмыс құпия түрде атқарылады. Ал 

дайын болған тест тапсырмаларын тек са-

рапшылар ғана емес, біздің орталықтың 

мамандары да жан-жақты тексеріп отыра-

ды. Сосын бізде тест апробациясы деген 

бар. Ол кезде мектеп оқушыларының 

қаты суымен барлық тест тапсырмалары 

сынақтан өткізіледі. Мәселен, биыл біз он-

дай сынақтарды алты облыста, сондай-ақ 

Астана және Алматы қалаларында өткіздік. 

7,5 мыңға жуық оқушы биылғы тестіні 

сынақтан өткізді. Міне, жаңадан жасалған 

тестілермен ең бірінші болып танысқан со-

лар. Осындай апробация кезінде тестінің 

деңгейі анықталады. Егер тест тапсырма-

ларына барлық оқушылар бірдей жауап 

берсе, онда ол оңай тест болып саналады. 

Біз оны алып тастаймыз. Ондай нұсқа «жұ-

мыс істемейтін тест» деп аталады. Сон дай-

ақ тест тапсырмаларына оқушылардың 

бар лығы бірдей жауап бере алмаса, ол да 

«жұмыс істемейтін тест» деп танылады. 

Біздің мамандар әрбір тапсырма бойынша 

талдау жасап, тестінің сапасын анықтайды. 

Жалпы, тест жасаудың алдында әрбір пән 

бойынша тест спецификасы ұйғарылады. 

Онда тестінің қиындық деңгейі және әр 

тақырыптан алынатын тапсырмалар саны 

көрсетіледі. Бұл құжатты Ұлттық тестілеу 

орталығы әзірлейді. Ал Білім және ғылым 

министрлігі бекітеді. 



– Бүгінде аймақтардан келіп, тестіні 

әзірлеу жұмысына қатысатын маман-

дардың кәсіби дайындығы қандай? 

– Негізі, тест әзірлеу сияқты аса жауап-

ты жұмысқа қатысатын мамандардың кәсі-

би дайындығы мен тәжірибесіне басты 

та лап қойылады. Біз оларды жан-жақты 

тек сереміз. Ал негізгі көрсеткіш мынада, 

ма манның жасап шығарған тесті жарай 

ма, жарамай ма? Егер ол нашар тест жа-

сайтын болса, оған біз ақы төлемейміз. 

Біз де арнайы прейскурант бар. Онда әрбір 

тест інің бағасы белгіленген. 

– Тестіні әзірлеуге қатысатын ма-

мандар қандай жүйе бойынша дайын-

далады?

– Тест теориясы деген бар емес пе? 

Оның классикалық, жаңа және тағы басқа 

түрлері бар. Негізі, тест теориясы шетелде 

қалыптасқан. Бірнеше жылдың ішінде біз 

де осы тест теориясы бойынша біраз тәжі-

рибе жинақтап, тест әзірлеушілерді да-

йын 


дау бағдарламасын қабылдадық. 

Міне, осы бағдарлама бойынша бірыңғай 

тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысатын 

мамандар дайындалады. Өкінішке қарай, 

бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орын-

дарында тест тапсырмаларын әзірлеу әдіс-

темесі оқытылмайды. 

– Шетелдік тәжірибе демекші, бү-

гінде дамыған елдерде тестіні әзірлеу 

кезінде, ең алдымен, жастардың сын-

дарлы уақытта шұғыл шешім қабылдау 

қабілетін анықтауға тырысады. Біздің 

тестілерде ондай тетіктер бар ма?

– Тест дайындау барысында біз, ең ал-

дымен, мектептегі білім беру бағдар ла-

масын барынша қамтуды көздейміз. Мәсе-

лен, математика пәні бойынша 18 тақырып 

болса, тест спецификациясына сәйкес, 

бар лық тапсырмалар сол тақырыптар бо-

йынша дайындалады. Басты мақсат – 11 

жыл дық мектеп бағдарламасын қоры-

тындылау. Себебі бірыңғай тестілеу бұл, ең 

бірінші – мектепті бітіру емтиханы, жоғары 

оқу орнына қабылдау – оның екінші қыры. 

Бітіру емтиханы бойынша білім беру тура-

лы аттестатқа баға қойылады. Сондықтан 

түлек мектепте не оқыса, біз соны тест тап-

сырмаларына енгізуіміз қажет. 2011-2020 

жылдарға арналған білім беруді дамыту 

бағдарламасына сәйкес, 2015 жылға 

қарай мектептен кейінгі емтиханды бір 

бөлек, ал жоғары оқу орнына түсу үшін 

тағы бір сынақ тапсыруды енгізейік деп 

жа тыр мыз. Міне, сол кезде өзі ңіз айтып 

отырған жастардың сындарлы уа қытта 

шұғыл шешім қабылдау қабілетін анықтай-

тын тестілерді әзірлеуге болады. 

– Білуімізше, Ұлттық тестілеу орта-

лығы жоғары оқу орнына түсудің бө-

лек емтиханын енгізу бойынша біраз 

ұсы ныстар да жасапты...

– Осы мәселе бойынша жұмысты бас-

тап та кеттік деуге болады. Мәселен, биыл 

ақпан айында халықаралық сарапшылар-

дың қатысуымен өткен семинарда жоғары 

оқу орнына түсу емтиханын екіге бөліп өт-

кізуді ұсындық. Оның біріншісі – жалпы 

тест. Онда Елбасының бүгінгі көтеріп жүр-

ген мәселелері ескеріліп, математика және 

мәтінді оқып түсіну сұрақтары бар. Ол ар-

қылы талапкерлердің функционалды са-

уат тылығы тексеріледі. Оған мемлекет 

негіздері мен мемлекеттік тілге қатысты са-

уал дарды да қосуға әбден болады. Демек, 

тестінің бұл түрі тек бір пәннің аясында 

ғана қалмай, жалпы білім беру негіздерін 

қам тиды. Негізгі мақсат – тест тапсырушы-

ның ой-қабілетін тексеру. Екінші тест ол – 

бе йіндік пәндер. Мәселен, медицина ма-

ман ды ғына түсетін түлектер химия мен 

биология пәндері бойынша тест тапсыра-

ды. Біз осы жүйеге жақындап келеміз. 



– Демек, осы іс-шаралардың бәрі 

әзірше тек ұсыныс қой? 

– Ұсыныс ретінде болса да, біз ол тесті-

лердің нұсқасын даярлап, мектеп оқу шы-

лары арасында тексеріп көрдік. Келесі 

жылы ауқымды тәжірибе өткізетін шығар-

мыз. Әрине, оның жоспары әлі бекітілген 

жоқ. Бірақ соған дайындалып жатырмыз. 

– Сол кезде де баяғы «тест қателері» 

мәселесі туындамай ма?

– Негізі, бүгінде бірыңғай ұлттық тесті-

леу кезінде көбінесе техникалық қателер 

болады. Мәселен, өткен жылы тестіге 126 

мың бала қатысты. Демек, олар үшін 126 

мың тест кітапшасы басылды. Ол кезде 108 

қате табылды. Оның басым бөлігі – тех-

никалық қателер. Былай ғой, тест кітапша-

сын бастырған кезде, тестінің жауабы дұ-

рыс басылмай немесе мүлдем көрсетіл мей 

қалған. Ал тестінің мазмұны бойынша кет-

кен қателер көп емес. Олар көбінесе тарих, 

математика және қазақ тілі сияқты мін детті 

пәндер бойынша жиі кездеседі. Оның не-

гізгі себебі – оқулықтарда жазылатын 

мәліметтердің сәйкес болмауы. Бү гінде 

Білім және ғылым министрлігі бекіткен 

тізімге сәйкес, әр пән бойынша екі оқу лық 

болады. Міне, сол оқулықтардың авторла-

ры белгілі бір оқиғаны кейде екі түрлі жа-

зып қойып жатады. Сол кезде тестті дайын-

дау барысында бір оқулық қол данылса, 

тест тапсырушы талапкер оған басқа 

оқулық бойынша жауап береді. Әсіресе 

Қазақстан тарихы бойынша осындай кем-

шіліктер жиі болады. Биыл біз осы 

олқылықты болдырмас үшін қосымша тә-

уел сіз сараптама жасадық. Нәтижесінде 

Қа зақстан тарихы пәні бойынша қазақ 

тіліндегі 17 тапсырма және орыс тіліндегі 

27 тапсырма алынып тасталды. Ал биоло-

гиядан 401 қазақша және 450 орысша 

тап сырманы алып тастуға мәжбүр болдық. 

Се бебі сараптама барысында осы тест тап-

сыр маларының  бірізділігі  сақтал маған. 

– Биыл еліміздегі ұлттық универси-

теттер үшін тестінің ең төменгі ұпай 

межесі көтерілді. Басқа жоғары оқу 

Қали ӘБДИЕВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі 

Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Тестінің төменгі межесін 

60 ұпайға көтеруге 

қатысты ұсыныс 

қабылданған жоқ

орындары үшін бұл көрсеткіш өзгермей 

ме?

– Бізде қазір ұлттық мәртебесі бар тоғыз 

оқу орны бар. Биыл осы университеттерге 

қабылдау тәртібін күшейту мақ сатын да 

ұлттық бірыңғай тестілеудің төменгі межесі 

70 ұпайға дейін көтеріліп отыр. Дегенмен 

соңғы жылдардың тәжіри 

бесі көр 

сет-

кендей, 70 ұпайдан төмен ұпай алған тү-



лек тер ұлттық университеттерге он сыз да 

аз барып жатады. Сондықтан би ылғы өз-

геріс қабылдау науқанына қатты әсер етеді 

деп айта алмаймын. Негізі, бар лық жоғары 

оқу орындарына түсу үшін тестінің төменгі 

ме жесін 60 ұпайға дейін көте руге қатысты 

ұсыныс болған. Бірақ ол ұсы ныс қабыл дан-

ған жоқ. Сондықтан ол ме же бұрынғы 50 

ұпай болып қала береді. 

– Бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде-

гі мемлекеттік комиссиялардың биыл-

ғы жұмысы жайында айтып берсеңіз?

– Биыл бірыңғай ұлттық тестілеудің 

дайындық жұмыстарына қосымша талап-

тар қойылып отыр. Әсіресе бұл тест тапсы-

ратын аудиторияларда бейнебақылау мен 

металліздегіштерді орнату, сондай-ақ ұялы 

байланысты өшіру құралдарын қолдануға 

байланысты. Шыны керек, былтыр ондай 

құ ралдар аз болып қалды. Ал биыл қо-

сымша жабдықтар сатып алынды. Енді 

бар лық аймақтар үшін талаптар бірдей 

ғой. Сондықтан барлығы бір адамдай ат-

салысып, осы талаптардың үдесінен шығуы 

тиіс. 


– Сонда металліздегіштер барлық 

жерлерге қойыла ма? 

– Қазіргі кезде бюджет қаражатының 

тапшылығына байланысты кейбір жерлер-

де ондай құрылғыларды алуға үлгермей 

қалады деген болжам бар. Жалпы, тест 

сынағы өткізілетін орындардың басым бө-

лі гіне металліздегіштер қойылады. Әзір ше 

уақыт бар. Сондықтан барлық ай мақ тар 

үлгереді деп ойлаймын.

– Осы тест тапсыру науқаны кезінде 

көшелерде «Тест жауаптарын сата-

мын!» деген хабарландыруларды кө-

ріп жатамыз. Сол кезде халық тестінің 

құ пия лығына  күмәндана  бастайды...

– Бүгінде тест жауаптары мемлекеттік 

құпиялар санатына жатады. Оны алдын 

ала жариялау заңмен қудаланады. Өткен 

жыл дары тест жауаптарын сатқан бірен-

саран азаматтар ұсталып, жазасын алды. 

Олар ескі тест тапсырмаларын жинап, 

оның жауаптарын құрастырып, халыққа 

сатқан. Былтыр Жаңақорғаннан басқа еш 

жерде заңбұзушылықтар болған жоқ. 

Онда тура тест тапсыратын күні белгісіз бі-

реу дің тест жауаптарын сатқаны анықтал-

ды. Сөйтіп, біз тест тапсыруды тоқтатып, 

оны басқа күнге ауыстырдық. 

Ал Ұлттық тестілеу орталығында тестіні 

дайындау кезіндегі құпияны сақтау шара-

ларына келер болсақ, бізде тест әзірленетін 

әрбір бөлмеде арнайы құралдар бар. Бұл 

жұмыс бейнебақылауға жазылады. Қағаз 

бастыруға рұқсат жоқ. Компьютерден еш-

теңе көшіріп алуға болмайды. Интернет 

желісі ағытылған. Ал тест әзірлеуге келетін 

әрбір маман, ең алдымен, мемлекеттік құ-

пия ны жарияламау жөніндегі міндеттеме-

ге қол қояды. Жалпы, орталықта істейтін 

бар лық қызметкерлер осы құжатты жеке 

қолымен рәсімдейді. Олардың кейінгі жұ-

мысын Мемлекеттік құпияны сақтау жөнін-

дегі арнайы бөлім қадағалайды. Баспаға 

дейін тест тапсырмалары электронды түр-

де ғана арнайы серверде сақталады. Ол 

тек қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің 

Жеке АХАЖ орталығын 

ашуға бола ма?



Жуырда фамилиямды ауыстырып, жаңа жеке 

куәлік алғанмын. Енді көлік жүргізу куәлігін де 

ауыстыруға тура келіп тұр. Бұл үшін қандай 

құжаттар қажет?

Ерген МҰСА, Астана қаласы

Бұл сұрақпен cіздің аумақ тық жол полициясы бас -

қар масына хабарлас қа ныңыз жөн. Талап етілетін құжат-

тар: 1) кө лік жүргізу куәлігінің ескі нұс қасы; 2) жеке куәлік; 

3) тұр ғылықты мекенжайды анықтайтын құжат немесе 

анықтама; 4) № 086 формалы медициналық анық тама; 5) 

фамилияны ауыстыру туралы куәлік; 6) көлік жүргізу куәлігі 

үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек. 



Азаматтардың туу және некелесу туралы мәліметте-

рін тіркеуге алатын жеке орталық ашуды ойлаймын. 

Қазіргі заңнамалар бойынша жеке неке немесе АХАЖ 

орталығын құруға бола ма? Ол үшін қандай құжаттар 

қажет?

Рабиға, Алматы облысы

ҚР Әділет министрлігі ма-

ман дарының  мәліметінше, 

қол даныстағы  заңнамалар 

бо йынша жеке АХАЖ орта-

лығын ашуға рұқсат берілмей-

ді. «Неке және отбасы» кодекс-

інің баптарына сәйкес, неке-

лесуді мемлекеттік тіркеу екі 

азаматтың өтініштері негізінде 

азаматтардың хал актілері 

жағ дайларын мемлекеттік тір-

кеуге алушы органның арнайы 

жабдықталған ғимаратында 

салтанатты жағдайда немесе 

мемлекеттік неке сарайларын-

да өтуі тиіс.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру 

үшін қандай құжаттар қажет?

ОҚШАУ ОЙ

Тест тапсырмаларының қоры – ол білім беру жүйесінің басты 

құндылығы. Себебі оны дайындау жұмысына жыл сайын жүздеген 

адам қатысады. Соңғы сегіз-тоғыз жылдың ішінде ұлттық тестіні 

жетілдіру ісіне мыңдаған маман өз үлесін қосты. Мәселен, кез келген 

есеп жинағын алып қарасаңыз, онда бір-екі мың тапсырма болады. Ал 

біздің қорымызда тест тапсырмаларының саны жүз мыңнан асып, 

бүгінде екі жүз мыңға жақындап қалды. Ол барлық пәндерді қамтиды. 

Әрине, бірыңғай ұлттық тестілеуге дейін тапсырмалар мемлекеттік 

құпия болып саналады. Ал емтихан өткеннен кейін ол тест 

тапсырмалары мектеп мұғалімінің таптырмайтын оқу құралына 

айналады. Сондықтан Қазақстанның тест қоры халқымыздың ұлттық 

құндылығы деуге болады. 

қа ты суымен ғана ашылады. Міне, негізгі 

қауіпсіздік шаралары осындай. 

– Сіз тестінің маманы ретінде оған 

қалай дайындалу керек екенін жақсы 

білетін шығарсыз. Осы орайда талап-

керлерге қандай кеңес берер едіңіз?

– Бізде байқау сынақтары деген бар. 

Қазіргі кезде Ұлттық тестілеу орталығының 

республика бойынша 154 бөлімшесі бар. 

Қала және ауыл мектептері сол бөлімше-

лер ге тапсырыс беріп, байқау сынағын 

өткізе алады. Мемлекет бекіткен прейску-

рантқа сәйкес, бір байқау сынағының 

баға сы – 255 теңге. Тапсырыс берілгеннен 

ке йін, біз тест кітапшаларын шығарып, 

бай қау сынақтарын өткіземіз. Міне, осын-

дай дайындықтан өткен балалар жақсы 

нәтиже көрсете алады. Себебі оқушылар 

асықпай отырып, барлық тест тапсырма-

ларын ор ын дайды. Беймәлім сұрақтарды 

мұға лім нен сұрап алуға да мүмкіндік бар. 

Білуімізше, кейбір жерлерде ондай сынақ-

тарды өте жиі өткізеді. Меніңше, одан нақ-

ты нәтиже шықпауы да мүмкін. Оның бәрін 

талдау қажет. Мәселен, бір айда бір байқау 

сынағын өткіздік дейік. Осыдан кейін тест 

тапсырушы қанша сұраққа қате жауап бер-

ді? Оның негізгі себептері қан дай? Осының 

бәрін оқушы мұғаліммен бір ге отырып 

тал даса, екінші айда өткізген бай қау сына-

ғының нақты нәтижесі көрі неді.



– Байқау сынағы міндетті шара 

ма?

– Жоқ, бұл міндетті шара емес. Соған қа-

рамастан, біз байқау сынақтарын санап оты-

рамыз. Мәселен, оқу жылы басталғалы бай-

қау сынақтарына орташа есеппен бір оқушы 

Маңғыстау облысында сегіз рет, Ақ мо  ла об-

лысында алты рет қатысқан. Ал Ал маты 

қаласында оқушылардың көпшілігі бір рет 

те қатыспаған. Демек, ол жақта да йын дық 

жұмыстары басқаша жүргізіліп жатыр.



– Жастар арасында бірыңғай тестіні 

тапсырудың өзіндік бір жеңіл тәсілі бар 

деседі. Естуімізше, сол «тәсілдің» ар-

қасында 100 ұпайдың ішінен төменгі 

меже, яғни 50 ұпайды емін-еркін алып 

шығуға болады...

– Әрине, кез келген тестіні әзірлеудің 

өзіндік жүйесі болады. Бұл жерде жастар 

ықтималдылық теориясына сүйенеді, яғни 

тест сұрақтарына стихиялы түрде жауап 

берудің арқасында 100 ұпайдың ішінен 

әйтеуір 50 ұпайды алып шығамыз деп ой-

лайды. Ондай жүйенің ешбір негізі жоқ. 

Сосын қазір «супершпаргалка» деген шық-

ты. Оның көмегі бар шығар. Бірақ ол тек 

тест тапсырмалары жиі қайталанған жағ-

дайда ғана көмектесе алады. Біздің тес-

тілер болса, жыл сайын жаңартылып оты-

рады. Сонда тест тапсырмаларын жылда 

жаңар тудың нәтижесінде «супершпаргал-

ка» да тиімсіз болып қалады.



– Сөз соңында алдағы бірыңғай 

ұлттық тестілеу науқанына қатысатын 

азаматтарға, одан кейін оны тапсыра-

тын талапкерлерге не айтар едіңіз?

– Негізі, жыл сайын тест науқанына 

мың даған маман қатысады. Бұл жұмыстың 

әділ өтіп, жастардың біліміне әділ бағаның 

қойылуы осы азаматтардың еңбегіне бай-

ланысты. Сондықтан биылғы тест науқа-

ны на қатысатындардың барлығын әділ 

еңбек етуге шақырамын. Білім бәсекесі 

әділ болуы шарт. Ал жас талапкерлер тес-

тіден қорықпай-ақ қойсын! Дайындық 

болса болды. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Арман АСҚАР

МӘСЕЛЕ


Біздің көңілімізді күпті қылатыны – 

бағалы бекіре балықтың жыл санап азайып 

бара жатқаны ғана емес, Жайықтың жер 

бетінен жоғалып кету қаупі бары. Жайықта 

су ағысы көлемінің соңғы жылдары төмен-

деп кеткені осылай деуімізге себеп болып 

отыр. Жайықтың ағысы өз бастауын Ресей 

елінің Орынбор облысына қарасты Ерік 

суқоймасынан алады. Бұл жерде бір атап 

өтер жайт – жауын-шашын түсімінің азды-

ғынан кейінгі кездері Еріктің өзі қажетті су 

қорына жарымай отыр. Ал су көлемінің 

елу пайыз дан астамы Башқұрт станның 

иелігіне жата тын Сақмар өзенінен келіп 

түседі. Алай да Башқұрт елін Жайық тың 

проблемасы тол ғандырмайтынға ұқ сайды. 

2006 жылы Сақмарда суқоймасын салып 

алған Баш құртстан осындай бірнеше жа-

санды су қоймаларын салуды жос парлаған 

еді. Бірақ біздің елдің тарапынан болған 

ұсыныстар мен келіссөздер әзірге ешқан-

дай нәтиже берген жоқ. 



СУДЫ ТАЗАРТУ ҮШІН 

КӨП АҚША ҚАЖЕТ

Әзірге көп талқыға түсіп, Жайықты 

аман сақтап қалудағы маңызды шара ре-

тінде танылып жүргені – өзен түбін терең-

детіп қазу және тазарту жұмыстарын жүр-

гізу. Жайықтың түбін тереңдету бойынша 

күрделі жұмыстар 40 жылдан бері жүргі-

зілмеген. Бұл туралы вице-премьер Серік 

Ахметовтің Атырауға келген сапарында да 

жан-жақты айтылып еді. Тереңдету жұмыс-

тарына жыл сайын қазынадан 300 млн 

теңге бөлініп келе жатқанымен, бұл қаржы 

Атырау қаласындағы Жайықтың бөлігінен 

Каспий теңізіне дейінгі аумақты толық 

қамту үшін жеткіліксіз болып тұр. Облыс 

әкімінің орынбасары Серік Айдарбековтің 

айтуынша, өзенді тереңдету жұмыстары 

соңғы жылдары жүргізілмеген, соның сал-

дарынан су тайыздап кеткен. Өзеннің те-

ңіз ге қосылар тұсындағы тереңдігі 1 метр-

ге әзер жетеді, кейбір жерлерінде одан да 

аз. Көлік және коммуникация министрлі-

гінің қорындағы ұзындығы 56 км-ді құрай-

тын жер Жайық-Каспий кеме жүретін ар-

насы болып табылады. Арнаның әбден 

лас танып, тайыздап кеткенінің салдарынан 

ТШО, Аджип секілді негізгі жер пайдала-

нушылар қажетті жабдықтарын су бетімен 

жеткізе алмай отыр. Тереңдігі 35 км-ді құ-

рай тын Яиц арнасын да тереңдету қажеттігі 

күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Мұнда қал-

пына келтіру жұмыстары бұдан жарты 

ғасыр бұрын ғана жүргізілген. 2008 жыл-

дары жасалған жұмыстар ешқандай нәти-

же бере алмады. Жайық-Каспий арнасы 

арқылы кеме жүрісін қауіпсіздендіріп, жүк 

айналымын жақсарту үшін атыраулықтар 

вице-премьерден жыл сайын тереңдету 

жұмыстарына жоқ дегенде 1,5 млрд теңге 

қаралуын сұраған болатын. «Қай мәселе 

де ақшаның күшімен шешіледі» дегеннің 

бұл да бір мысалы болса керек. 



Атырау

Ақ Жайық 

Аралдың күнін 

кешпесе игі...

Р.S.

«Кеңес үкіметі кезінде 

теңіз маңындағы Дамбы 

ауылында Жайық-Каспий 

арнасы деп аталатын арнайы 

мекеме жұмыс жасады. Осы 

мекеме жыл сайын суды 

тазартып, кемелердің жүруін 

қамтамасыз етіп отырды. 

Одан соң бұл қызметті 

орындау балық саласына 

жүктелді. Әр көктемде арна 

тазаланып отырды. Бірақ 

кейін бұл жұмыстардың бәрі 

далада қалды. Міне, енді 

өзен жыл санап тайызданып, 

ластанып, көз алдымызда 

құрып барады. Сондай-ақ 

Ерік суқоймасынан су жіберу 

көлемін көбейтіп, өзен 

түбін тереңдету жұмыстары 

құнтталып жүргізілмесе, енді 

бір он жылдан кейін Жайық 

жер бетінен жоғалып кетуі 

мүмкін», – дейді Жайық-

Каспий облысаралық балық 

инспекциясының маманы 

Бостан Сүлейменов. Ол күнге 

жеткізбесін деп тілегенімізбен, 

адамзаттың көз алдында құрып 

кеткен табиғаттың ғажап сыйы 

– Арал теңізі мен мұнайлы 

мекеннің өзіндегі Ембі, Ойыл 

өзендерінің құрғап қалған 

табандары көз алдыңа келіп, 

денең түршігеді...

Басы 1-бетте

e mail: info@alashainasy.kz

y

y


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау