№54 (736)
3.04.2012 жыл,
сейсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
НАРЫҚ
Сақтандыру саласында – өзгеріс
Қор биржасында эмитент көбейеді
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ
НАУҚАН
Компания құрылымын
жаңартты
Үнемшіл тұтынушы аз
төлейді
Ең төменгі күнкөріс
деңгейі 16 064 теңге
Егістікті
әртараптандыру
керек
Бекітілген ұйымдық құрылым халық-
аралық деңгейдегі мұнай-газ компания ла-
рының үлгісінде жасалған. Онда кәсіби
ма мандығы және мұнай-газ саласында
ең бек тәжірибесі бар мамандарға басым-
дылық берілді. Жаңартылған құрылым
мұнай және газ қорын барлау, игерілетін
кеніштерді бас қару, сондай-ақ мұнай және
газ тасы мал дау, өңдеу және мұнай хи-
миясын дамыту жө ніндегі мәселелермен
айналысатын қызметтерді күшейтуге
мүмкіндік береді. Компанияда басқару
деңгейінің саны барынша қысқартылды.
Мұ ның өзі өкілеттіктерді қайталауды жо-
йып, басшылық құрамның жауапкершілік
ая сын кеңейте түспек. Оңтайландыру жө-
нін дегі жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде
ҚМГ орталық аппаратының басшы құрамы
47,8 пайызға қысқарды, «ҚазМұнайГаз»
ҰК» АҚ-тың басқару аппаратында жұмыс
іс тей тін дердің саны жалпы алғанда 26 па-
йызға азайды.
Дәл осындай жолмен еншілес және тә-
уелді ұйымдардың да құрылымы қайта
қа ралуда, әкімшілік-басқару құрамының
са нын қысқарту жүргізілуде. Жекелеген ен-
шілес және тәуелді ұйымдардың ҚМГ
компаниясының мақсаты мен міндеттеріне
сәйкес келмеген жағдайында белгіленген
тәртіп бойынша оларды ҚМГ активтерінің
құрылымынан шығару мәселесі қарасты-
ры
латын болады. Оңтайландыру шең-
берінде ҚМГ мен оның еншілес және тә-
уелді ұйымдары әкімшілік-басқару
құ ра мының жалпы санын қысқарту орташа
ал ғанда 23 пайызды құрайды.
Осылайша ҚМГ орталық аппараты мен
оның еншілес және тәуелді ұйымдары
құры лымы мен санын оңтайландыру жө-
нін дегі ұсынылған шаралар ұлттық ком-
па нияның табанды дамуын қамтамасыз
ету ге, мықты кәсіби активті нығайтуға жұ-
мылдыруға және мемлекет үшін барынша
пайда табуға мүмкіндік береді.
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫ
Жерасты байлығын өндірсек те, табиғатты бүлдірмейік!
Дөң кен байыту комбинатына (ДКБК)
жоспарлы тексеріс жүргізген экологтер
шах тадан ластаушы заттардың 40,6 тонна
кө лемінде шамадан артық шығарыл ған-
дығын анықтады. Және комбинатта же ке-
леген ингредиенттердің шығарын ды лары
бойынша мониторингіні сапасыз жасаған.
ДКБК қоршаған орта компонент теріне тех-
но гендік әсер етудің деңгейін төмендету
ша раларын жеткіліксіз дәрежеде жүргізген.
Оң түстік Шолақсай кен орнында карьерге
кір ме жол салуды мүлде «ұмытқан». Анық-
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
директорлар кеңесінің 2012
жылғы 13 ақпандағы №1/2012
шешімі негізінде ҚМГ
қызметкерлерінің жалпы саны
мен орталық аппарат құрылымы
бекітілді.
Елімізде электр энергиясына
диффе рен циалды тарифтердің
үшінші деңгейі ен гізіледі.
Елімізде ең төменгі күнкөріс
деңгейі 16 064 теңгені құрады.
Статистика агенттігінің
мәліметінше, негізгі азық-түлік
өнімдерінің ең төменгі тұтыну
нормаларын есепке алғанда,
биылғы наурыз айында осы
көрсеткіш өткен жылғы осы
мерзіммен салыстырғанда 0,7
пайызға өсті.
Ақтөбе облысында
жерасты қойнауы
байлықтарын игеріп отырған
ірі кәсіпорындар қоршаған
ортаны және жер қойнауын
қорғау саласы
келісімшарттарын және жер
қойнауын өндіру кезіндегі
жобалық шешімдерді
орындамаған. Тобыл-Торғай
экология департаментінің
есептік 2011 жылда
анықтаған негізгі
заңбұзушылықтар туралы
берген мәліметтеріне
сүйенсек, қанша айыппұл
салынғанымен, мұнай және
басқа да жерасты пайдалы
қазбаларын өндірушілер
жерді де, ауаны да, суды да
ластауын қояр емес. Жерасты
байлығын өндірушілер
табиғатты бүлдіріп, салақтық
танытып, тіпті экология
департаменті нұсқамаларын
да орындамайтын көрінеді.
тал ған заңбұзу шылықтар үшін «ТНК Каз-
хром» АҚ-қа 6,2 млн теңге мөлшерінде 12
әкімшілік айыппұл салынып, келтірілген
за лалды өтеуге 16,86 млн теңгеге талап
арыз берілген.
Облыстағы негізгі қоршаған ортаны
ластаушылардың қатарындағы «Қазақойл
Ақ төбе» ЖШС-тің Әлібекмола кен ор нын-
да да 2011 жылдың 26 мамырында ава-
рия лық қақпақшаны өз бетімен ашу салда-
ры нан оқыс оқиға болған. Нәтижесінде
ауа ға 3,24 тонна көмірсутегі және 0,09
тон на күкіртті сутек араласқан. Бұл ЖШС
ұң ғы маларға жол салмаған және ластаушы
зат тардың нормалардан аспауын талап
еткен экология департаменті берген нұсқа-
ма лардың бірін де орындамаған.
Жеңіс БЕКМАҒАНБЕТОВ, Тобыл-Торғай
экология департаменті мемлекеттік
экология инспекторы:
– Бұл кәсіпорын – ластаушы заттар-
ды лақ тыру бойынша табиғат пайда ла-
ну шылар арасында екінші орында. Өн-
дірілген 305,2 млн текше метр газдың
290,4 млн текше метрі алауда жа нып,
ауаны ластап жүр. Облыстағы қор-
шаған ортаға келтірілген залал 712,3
млн теңгені құраса, соның ішінде 445,6
млн теңге немесе 62% осы ЖШС-тің
үлесінде. Табиғат қорғау заңнамасын
бұзғаны үшін 2011жылы 3,8 млн теңге
мөлшерінде әкімшілік айыппұл са-
лынды.
Келісімшарттың қоршаған ортаны және
жер қойнауын қорғау саласы шарттарын
орындамағандар ішінде «Фирма Ада Ойл»
ЖШС-ті айтпай кетуге болмайды. Кәсіп-
орын Башенкөл кен орнында, кон сер ва-
цияда тұрған ұңғымаға кірме жол сал ма-
ған. Сөйтіп, жердің құнарлы бөлігін
жой
ған. Сонымен қатар ұңғымаларды
жою және консервациялау ережелерін
сақ тамайды. Басшысына 30,240 мың тең-
ге көлемінде әкімшілік жаза қол дан ға-
нымен, жағдай өзгерер емес.
Мұнайға ілеспе газды залалсыздандыру
кезінде келісімшарттың қоршаған ортаны
және жер қойнауын қорғау саласы шарт-
тарын орындамаған деп «Арал Петролеум
Ка
питал» ЖШС, «Каспий Нефть ТМЕ»
ЖШС-терін де атап кету керек.
Ақтөбе облысындағы 43 кәсіпорын
ішінде «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ негізгі
ластаушы өндіріс орны болып қалып отыр.
Егер облыс бойынша 10 жер қойнауын
пай даланушы бойынша 2011 жылы алаң-
да жағылған газ көлемі 566,2 млн текше
метр болса, оның 31 пайызы осы АҚ-тың
үле сінде. Облыс экологтері жоспардан тыс
тек серу жүргізіп, бақылау өлшемдерін жа-
сау кезінде газ дайындау және күкірт алу
це хы пешінен зиянды қалдықтардың ат-
мос
фераға шамадан тыс шығарылған-
дығын анықтаған. Аталған заңбұзушылық
үшін кәсіпорынды әкімшілік жауапқа тар-
тып, 63 601743 теңге айыппұл сал ған.
Сондай-ақ кәсіпорынға 156 795067
теңгеге келтірілген залалды өндіру ту ралы
талап қойыпты.
Эколог-мамандар тек салақтықтан ғана
емес, өндіріс барысында болып жататын
апат ты оқиғалардан қоршаған ортаға қан-
шама залал келіп жатқанын да назарға алып
отыр. Мәселен, Кеңкияқ кен орнында 2011
жылдың 8 маусымында №8107 ұң ғы масын
сынау кезінде шығарындыны бол дырмайтын
тиек іске қосылмай қалып, апат болған.
Сөйтіп, 34,44 тонна мөл ше рінде зиянды
көмірсутегі және 0,4 тонна күкіртті сутек
ауаға шығарылып, айналаны ластаған.
«СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-қа бұл үшін 5,6
млн теңге мөлшерінде әкім ші лік айыппұл
салынды және келтірілген за лал үшін талап
арыз берілді» дейді эко лог мамандар. Бірақ
мұндай айыппұл са лу дан келіп жатқан пайда
жоқ. Жерасты бай
лығын игерушілердің
табиғат-анаға жа
ны ашымайды, аяусыз
бүлдіріп жатыр. Де мек, экологияға қатысты
заңнамаларда тиісті нормативтер мен
жауапкершілік мә се лесіндегі талаптарды
қатайта түсу керек тәрізді.
Бақыт ЖАНШАЕВА,
Ақтөбе облысы
ЭК
О
ЛОГИЯ
Сонымен 8-топқа біздің мемлекеті міз-
ден тыс Нигерия, Грузия, Ливан, Латвия,
Аргентина, Боливия, Египет, Тунис, Уругвай
және Өзбекстан мемлекеттері енеді екен.
Аталған агенттік мамандарының баға-
лауынша, экономикалық тәуекелдің «8»
де ген бағасы Қазақстанның экономикалық
те
пе-теңдігі мен тұрақтылығының бұ-
зылуы секілді жоғары тәуекелдерге бой
Халықаралық бағалаушы агенттіктердің бағасы әділ ме?
ұруға бейім екенін байқатады. Олардың
пікірінше, Қазақстанның банктік секторы
әлі де түзетулер мен өзгерістер кезеңінде,
әрі мерзімі өтіп кеткен және қайта құ ры лым-
далған несиелер көлемі де көп, әсіресе бұл
құрылыс секторындағы борышкерлерге
қатысты. Осыған байланысты халықаралық
агенттік «Қазақстан экономикасындағы
не сиелік тәуекелдердің жоғары болуына
оң ды-солды несие таратқан банктің шала
са уат сыздығы, борышкерлермен жұмыс
іс тейтін андеррайтинг стандарттарының
қа таң болмауы, төлем мәдениетінің тө-
мен
дігі және заңның орындалуындағы
ол қылықтар себеп» деп қорытынды жа-
сайды.
Қаржыгер-маман
Ілияс ИСАЕВТЫҢ
ай туынша, халықаралық несиелік агент-
тік тердің бағасы таза экономикалық жағ-
дайға бейімделмеген. Оған саяси, әлеу-
мет тік, психологиялық, тіпті белгілі бір
ха лықаралық деңгейдегі алпауыттардың
мүд делері тоқайласып кетеді. Осы құ-
рамдас бө
ліктерді алып тастап, тек
экономикалық тә уекел жағынан қа рас-
тырсақ, маманның пі кірінше, Standard
& Poor"s халықаралық не сиелік агент-
ті гінің Банк секторының са лалық және
мемлекеттік тәуекелдерінің ба
ғасы
сұрыпында Қазақстан 7 емес, одан да
төмен топқа жатқызылуы тиіс екен.
– Қанша атағы жер жарып тұрса-дағы,
бүгінгі таңда таза экономикалық тәуекелді
ба
ғалайтын халықаралық рейтингілік
агенттік жоқтың қасы. Себебі олар белгілі
бір алпауыттардың демеушілігі арқылы
дүниеге келеді. Яғни бұл агенттіктер сол
қо
жайындарының мүддесі тұрғысында
сая
си, әлеуметтік және психологиялық
ық палды қызметтеріне пайдаланады.
Сондықтан олардың бағалауына онша сене
беруге болмайды. Бірақ экономикалық
тә
уекелдердің құрамдас бөлігі біздегі
қаржы секторының жағдайы керемет деп
тағы айта алмаймын. Дегенмен бүгіндері
Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі
көп емес – бар-жоғы 5 млрд $, алтын ва-
люта қоры қомақты – 80 млрд $ астам.
Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы да ши-
кізат ресурстарын тасымалдаушы Қазақстан
үшін қолайлы болып тұр. Осы жағынан
ал ғанда, Standard & Poor"s халықаралық
не сиелік агенттігінің Банк секторының са-
лалық және мемлекеттік тәуекелдерінің
ба
ғасы сұрыпында Қазақстан 7 емес,
одан да жоғары топқа жатқызылуы тиіс
деп ойлаймын, – дейді І.Исаев.
Макроэкономикалық зерттеу орта-
Биыл Standard & Poor"s
халықаралық несиелік агенттігі
BICRA, яғни Банк секторының
салалық және мемлекеттік
тәуекелдерінің бағасы
сұрыпында Қазақстанды
алдыңғы көрсеткіші 8-топта
қалдырыпты, тек салалық
тәуекелі бойынша санды 8-ден
7-ге өзгерткен екен. Ал
отандық мамандардың
пікірінше, бұл арада біздің
еліміз 8-7 емес, одан да
жоғары топқа жатқызылуы
керек еді. Жалпы, қаржы
секторына берілген бұл баға
қаншалықты шынайы? Егер
баға әділ берілмесе, агенттіктің
мұндай әрекетін қалай түсінуге
болады?..
«Біз Қазақстанның салалық
тәуекел бағамын өзгерттік,
өйткені бұл мемлекетте банктік
жүйенің қорландыру сапасы
неғұрлым жақсарған» делінген
аталған агенттік таратқан
баспасөз баянында. Бұл арада
S&P алғышарттарына сәйкес,
бастапқы баға – «өте жоғары
тәуекелдің қауіп-қатері», ал
қазіргісі «жоғары тәуекел»
дегенді білдіретіндігін баса
айта кетелік.
Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының қызметіне қатысты өзгертулер енгізілген
көрінеді. Осы жайында толығырақ айтып берсеңіздер.
Дина ӘМІРХАНОВА
Елімізде сақтандыру мекемесінің пру-
ден циалдық нормативтерін есептеу әдіс-
те месі мен нормативтік мәндер инструк-
ция
сы, сақ
тандыру тобының төлем
қа бі летінің мар жасының жеткілікті болу
нор мативі, пру ден циалдық нормативтерді
орындау есебінің фор малары мен өткізу
мерзімі өзгертілді. Бұл сақтандыру
мекемелерінің қызметін рет
тей
тін
нормативтік құқықтық актілерді же тіл діру
мақсатында жүзеге асырылмақшы.
Құжаттың жаңа редакциясында Қа зақ-
стан Республикасының резидент емес, сақ-
тан дыру ұйымдарына төленетін сақтандыру
сыйақысы туралы ереже, жеке шегерімнің
мак сималды мөлшері және оны есептеу тәр-
тібі, сондай-ақ сақтандыру мекемесінің
сақтандыру тәуекелі мен қайта сақтандыруға
байланысты талаптар көрсетілген.
Өзгертулерге сәйкес, сақтандыру ұйы-
мының сақтандыру не қайта сақтандыру жө-
н ін дегі жеке келісімі, сондай-ақ әрбір сақ-
тан дыру тәуекелі бойынша жеке шегерім
мөл шерінің ең жоғарғы көлемін актуарий
есеп тейді. Ол сақтандыру мекемесінің есепті
ке зеңнің ақырына дейінгі төлем қабілетінің
нақ
ты маржасы көлемінен асып түспеуі
тиіс:
2013 жылдың 1 қаңтарына дейін – 100
пайыз;
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап –
80 пайыз;
2014 жылдың 1 қаңтарынан – 50
пайыз;
2015 жылдың 1 қаңтарынан – 30
пайыз.
Қаулы күшіне енгенге дейін жасалған
қайта сақтандыру келісімі бойынша төлем
қабілеті маржасының ең төменгі көлемін
немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)
мекемесінің кепілдеме қорын көбейту келісім
жасалған кездегі қолданыста болған
әдістемеге сай жүзеге асырылады, бірақ ол
бір жылдан аспауы керек. Құжат әлі күшіне
енген жоқ. Бұл туралы ресми ақпарат
құралдарында жарияланады.
Біздің қор биржамызда эмитенттер саны көбейеді деп
естідім. Сол рас па?
Оңалсын СӘРСЕНОВ
Қазақстан қор биржасында
(KASE) биыл жаңа 15 эмитент
пайда болады деп күтілуде. KASE
төр ағасы Қадыржан Дамитовтің
айтуынша, осы 15 эмитенттің
ішін де 11 зейнетақы қорының ак-
циялары да бар.
«Қазақстан Республи ка сын-
дағы зейнета қы мен қам та масыз
ету туралы» Заңға енгізілген өз ге-
ріс терге сәйкес, жыл соңына дейін
жи нақтаушы зейнетақы қорлары
листинг рәсімінен өтуі тиіс. Лис-
тинг (ағылшын тілінен list аудар-
ған да «тізім») – құнды қағаз дар-
ды биржа тізіміне енгізу
рә сім дерінің жиын тығы, құнды
қа ғаздардың биржа бекіткен
шарт тар мен талаптарға сай бо-
луын бақылау. Әдетте листинг деп
биржа тізімін айтады.
Қазіргі кезде қор биржасында
120 эмитенттің 528 қаржы инс-
тру менті тіркелген.
Наурыз айының аяғында
Қостанай облысының әкімі
Нұралы Сәдуақасовтың
қатысуымен көктемгі егін
науқанына дайындық
жиыны өтті. «Агроөнеркәсіп
кешенін әртараптандыру –
сала дамуының басты
бағыты» деп аталған алқалы
жиынға аймақтың ауыл-
шаруашылық саласындағы
ірі, орта және шағын
кәсіпкерлері қатысып,
алдағы жоспарларды
пысықтады.
КЕРЕК ДЕРЕК
2011 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 122 жер қойнауын
пайдаланушы бар екен. Олардың ішінде 26-сы – көмірсутегі шикізатын барлау және
өндіру, 21-і – қатты пайдалы қазбаларды өндіру және 64-і кеңінен тараған пайдалы
қазбаларды өндіру құқығына ие. Тоғызы жерасты суларын өндіру және екі компания
пайдалы қазбаларды өндіруге байланыссыз операциялар жасау келісімшартын
иемденген.
Облыста көмірсутегі шикізатымен қамтамасыз етіліп отырған 2816 ұңғыма бар.
Сонымен қатар 2011 жылы жаңа 30 ұңғыма пайдаланымға енгізілді. Ал өзінің
геологиялық мақсаттарын толықтай аяқтаған 149 ұңғыма жойылып, 118 ұңғыма
консервацияға қойылды.
Тобыл-Торғай экология департаменті 2011 жылы жер қойнауын пайдалану
заңдылықтарының сақталуына байланысты 70 рет тексеру жүргізді. 16 заңбұзушылықты
анықтап, 15 нұсқама берді, 12-сі орындалды. Жалпы сомасы 1,68 млн теңгеге 16
айыппұл салынды. 0,81 млн теңге мөлшерінде алты айыппұл өтелді, бір әкімшілік
айыппұл сотпен қайтарылды.
лы ғының директоры Олжас ҚҰДАЙ-
БЕР ГЕНОВ банк секторының жағдайы,
негізінен, мұнай ақшасының арқасында
оңалып келе жатқанын айтады.
– Қазір банк секторындағы жағдай бір-
тін деп оңалып келеді, сыртқы қарыздар
қыс қарып, депозит базасы артып, олар
несиелендіру өсіміне ықпал етіп отыр.
Бірақ мұның бәрі – мұнай бағасының
жоға ры деңгейде сақталып тұрғанының ар-
қасында. Яғни оның әсері банк секторына
да жылдам жетіп жатыр. Бүгіндері банк-
терге басты мәселе ссудалық қоржындағы
нашар несиелер үлесінің жоғары болуы:
34,5 пайыз. Үшінші жыл қатарынан бұл
көрсеткішті әрең-әрең төмендетуге мүм-
кіндік туындауда. Егер осы мәселені белгілі
бір деңгейде шеше алсақ, Қазақстан рей-
тингі лезде жоғарылап шыға келер еді, –
дейді ол.
Таяуда елімізде өткен VII Қазақстан
қар жыгерлер форумында «Халық Финанс-
тың» сараптау бөлімінің директоры Сә бит
ХАКІМЖАНОВ та әлемдік қаржы дағ-
да рысынан қатты соққы алған саланың
бі рі – банк секторының беті бері қарай
бастағанын атап өтті.
– Банктің несиелендіру көлемі биыл
да келесі жылы да 10-15 пайызды құ ра-
уы керек деп болжаймыз. Яғни ел эко-
номикасында несиелендіру өсімі байқала
бас тады. Әрине, бұрынғыдай өсім жағынан
жалпы ішкі өніммен таласа алмайды.
Қалай дегенмен де банк борышкерлері
қарызын әлі толықтай өтеген жоқ. Бірақ
төлем жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар
банктердің ұзақ мерзімге белгіленген
қоры да болмай тұр. Бұл проблемалық
несиелер мәселесі шешілгеннен кейін бір
жаққа шығатын нәрсе деп ойлаймын, –
деген еді ол өз сөзінде.
Мамандардың бұл пікірінен халық-
аралық рейтингілік агенттіктер бағасына
сене беруге болмайды, еліміздің қаржы
секторы оңалып келеді, бірақ проблемалық
несиелер мәселесінен басымызды аршып
алмай, сырттың психологиялық, саяси ық-
палдарына бой ұра береміз деп ой түюге
бо лады.
Кәмшат САТИЕВА
Әзірлеген Гүлнар АХМЕТОВА
Ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылы-
мында ет пен балық сатып алуға жұмсалған
шы ғын – 23,7 пайыз, сүт, май өнімдері жә-
не жұмыртқа – 16,6 пайыз, жеміс пен кө-
көніс – 9,5 пайыз, нан мен жарма өнімдері
– 7,9 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер
2,3 пайызды құраған.
Табиғи монополияларды реттеу агент-
тігінің төрағасы Мұрат Оспановтың тү сін-
діргеніндей, үш деңгейлі тарифтің мә ні
қазіргі қолданыстағы тұтыну мөл шеріне
қосымша тағы бір деңгей, мәселен, айына
жан басына шаққанда 150-170 кВт деп
белгіленеді. Әр аймақтағы тұтыну мөл-
шері әкімшіліктер мен қоғамдастықты,
сондай-ақ ғалымдарды тарту арқылы өз
ерекшелігіне қарай белгіленеді. Осының
нәтижесінде электр қуатын бейберекет
пайдаланатын тұтынушылар үлесі (10-15
пайыз) белгіленген мөлшерден асқан
жағдайда анағұрлым жоғары тарифпен,
мәселен, орташа деңгейден 1,5 есе көп
төлейтін болады.
Агенттік басшысының айтуынша,
дифференцияның мұндай механизмі қуат
үнемдеуге бағытталған. Электр қуатын
үнемдеген тұтынушылар қаржысын да
үнемдейді. Ал биыл бірқатар облыстарда
электр қуаты қымбаттағаны белгілі.
Қоян жылы
өңі ріміз үшін та-
бысты жыл бол -
ға
ны анық. Ең
әуелі 8,7 мил-
лион тонна
ре кордтық ас-
тық алдық. Алай да
дәнді сақтау мен
оны сыртқа жөнелту
жағынан біраз қиын-
дықтар бол ға нымен,
Үкі
мет пен жер
гілікті
бас шылықтың ара ла суы-
нан ке йін шаруалар тиісті қолдау көрді.
Рес пу бли ка бойынша экспортталған ас-
тықтың 34 пайызы Тобыл өңіріне тиесілі.
Ай мақ та ғы астық сақтау қоймаларында
4 мил лион тоннаға жуық алтын дән сақ-
тал са, та ғы 2 миллион тонна бидай мен
560 мың тон наға жуық ұн сырт елдерге
шы ғарылды. Өт кен жылы ауыл шаруашы-
лығының жал пы өнім көлемі 337,5 млрд
тең гені (жалпы өнім нің 59 пайызы) құ-
рапты. 2010 жылғы көр сеткіш 213,5 млрд
теңге. Дегенмен Нұ ралы Сәдуақасов айына
жарты миллион тонна астықты шетелге
асырудың үлкен мәселе екенін жасырмады.
Әсіресе бидай те міржол арқылы тасымал-
данған кезде қиындықтар туғызады деді.
Сондықтан алдағы уақытта облыстағы
астық сақтаудың тиімділігін арттыру үшін
бірқатар аудан дар да қосымша элеваторлар
салу көзделіп отыр.
Биыл 4,6 млн гектар алқаптың 3,9 млн
гек тарына бидай егілсе, қалған аумақтарға
ар па, сұлы, майлы дақылдар себілетінін
айтқан аймақ басшысы ауыл шаруашы-
лығын әртараптандырмай, экономиканың
алға баспайтынын ескертті. Әкім кейбір
аудандарда астықтың 98 пайызын бидай
құрайтынын, басқа дақылдардың өте аз
өсірілетінін сынға алды.
Нұралы СӘДУАҚАСОВ,
Қостанай облысының әкімі:
– Өңірлерге ауыл шаруашылығын
әр тараптандыруды қолға алуды тап сы-
рамын. Өйткені биылдан бастап егін
са ласын субсидиялау көлемі азаяды
да, алдағы уақытта мұндай жеңілдік
мүл дем алынып тасталуы мүмкін. Қазір
Үкі мет субсидия көлемін ауыл шаруа-
шы лығының басқа да салаларына ба-
ғыт тауды мақұлдап отыр. Атап айт-
қанда, астықтың майлы дақылдар түрін
арт тыру мен мал шаруашылығын асыл-
дан дыру басым қолға алынады. Та ғы
бір мәселе – топырақтың құнарлы лы-
ғын арттыра отырып, аз жерден мол
өнім алуды негізгі мақсатымыз етіп
қоюы мыз қажет. Осындай тәсілдерді
қол данып отырған серіктестіктер аз
емес.
Өткен жылдың ауылшаруашылық сала-
сын қорытындылап, биылғы міндетте ме-
лер ді айтқан облыс әкімінің орынбасары
Ба зыл Жақыпов алдағы көктемгі егіс нау-
қа нына 71 мың тонна жанар-жағармай
жұм салатынын, қазірге дейін оның 20
пайызының облысқа жеткізіліп қойғанын
баяндады. Биыл Үкімет шаруаларға дизель
отынының әр литрін 86 теңгеден жеңіл де-
тіл ген бағамен беріп отыр екен. Базыл Жа-
қыпов техника дайындығының қалыпты
еке нін, ал шаруалардың тұқым жағынан
та рықпайтынын жеткізді.
Жиын барысында 2012-2013 жылдары
облыстың ауылшаруашылық саласында
жалпы құны 14 миллиард теңгеден асатын
35 инвестициялық жобаның іске қосы ла-
тыны, оның 22 жобасы биылғы жылға
жоспарланып қойылғаны да айтылды.
Бақберген ҚАРАТАЙ
А
б
ай ОМАРОВ (к
о
лла
ж)
А
б
ай ОМАРОВ (к
о
лла
ж)