Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет62/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   219

136 

 

ізімен  біз  де,  Тәуелсіз  Қазақстанның  педагогтары,    елбасының  «Еліміздің 



жарқын  болашағы  –  білімді  ұрпақ  қолында»  деген  сӛзін  ұран  ретінде  ұстана 

оқушыларды  білім  нәрімен  сусындатып,  ӛз  Отанының  нағыз  патриотын 

тәрбиелеп  жүрміз.  Заман  ағымы,  заман  талабы  дегендей  заманауи  әлемде 

егемен еліміз кӛштен қалмасын деп, білім беру саласында қызмет еткендіктен 

алға  қойған  мақсатымыз  жас  ұрпақты  заман  талабына  сай  тәрбиелеу.  «Қазіргі 

заман  талабы  қандай?»,  «Баланы  қалай  тәрбиелеу  керек?»  «Заманауи  ұстаз 

қандай болу керек?» деген сұрақтар – барлық мұғалімдердің кӛкейінде жүрген 

сұрақтардың  бірі.Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  мен  бағалау  жүйесін 

енгізу осы сұрақтардың дұрыс шешуін табу үшін қабылданған шаралардың бірі 

болып  табылады.  Бүгінгі  күні  біздің  қоғамға  проблемаларды  шеше  алатын, 

шешім  қабылдайтын,  сындарлы  ойлайтын,  идеялар  мен  ӛнімді  пікір  ұсына 

алатын,  креативті  және  бастамашылық  қабілеті  бар  жастар  қажет.  Күрделілігі 

күн  сайын  артып,  ӛзгеріп  және  тез  жетіліп  келе  жатқан  бұл  ӛмірде  мектеп 

оқушыларының арқалап жүрген  «білім жүгі» де ауырлап келеді.  

Жаңартылған  оқу  бағдарламаларын  сынақтан  ӛткізу  және  ендіруді 

ғылыми-әдіснамалық  және  оқу-әдістемелік  қолдау,  «Назарбаев  зияткерлік 

мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымының  тәжірибесін  тарату,  жаңартылған 

білім  беру  мазмұны  және  жаңа  оқу  бағдарламалары  бойынша  біліктілікті 

арттырудың  жаңа  бағдарламалары  жасалған.  Осы  орайда  «Педагогикалық 

шеберлік  орталығы»  мен  «Ӛрлеу»  БАҰО»  педагогикалық  қызметкерлердің 

біліктілігін  арттыру  институтында    орта  білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде 

қазақ  және  орыс  тілдерінде  оқытатын  бастауыш  сынып  пәндері  бойынша 

педагогика  кадрларының  біліктілігін  арттыру  бойынша  елімізде  қаншама 

ұстаздар оқыту курстарын аяқтады. Сол ұстаздардың қатарында мен де, менің 

мектебімнен қазақ және орыс тілінде сабақ беретін бастауыш сынып және пән 

мұғалімдері  де  бармыз.  Курс  барысында    жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасының  құрылымын,  мазмұнын  және  мақсаттарын  біліп   түсінумен 

қатар,  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  педагогикалық 

тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуді меңгердік.  Ұстаз үнемі ізденісте 

болу керек, кәсібін шыңдай түсу керек. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден 

балаға»  деп  Абай  атамыз  айтқандай  ұстаздық  мамандық  үнемі  ізденістегі 

мамандық болғандықтан жаңартылған білім бағдарламасының идеясын жүзеге 

асыра отырып, тӛмендегідей нәтиже күтеміз:  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



137 

 

 



Идеяны жҥзеге асыру тетіктері

Кҥтілетін нәтиже 

Білім беру 

құндылықтары

Оқу мақсаттары 

жүйесі

Білім беру 



мазмұны

Оқытудың әдіс 

тәсілдері

Сабақтан тыс 

жұмыс

Бітірушінің 



әлеуметтік 

бейнесі


Жауапкершілігі мол белсенді 

азаматтық ұстанымы бар

Жоғары жетістіктерге қол жеткізуге 

ұмтылады


Кӛзқарастардың әр алуандығына 

құрметпен қарайды 

Шығармашылықпен және сын 

тұрғысынан ойлайды

Әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді

АКТ тиімді қолдана біледі

Ӛмір бойы білім алуға және ӛзін-ӛзі 

жетілдіруге дайын болады

 

 

 



Қазір теледидардағы жаңалықтардан болсын, интернет беттерінен болсын 

«ХХІ  ғасыр  –  жаңа  технология  мен  ақпараттандыру  ғасыры»  дегенді  кӛп 

естиміз.  Сондықтан да бүгінгі таңда заман талабына сай лайықты жаңа тұлға  

қалыптастыру,  тәрбиелеу  ең  қажетті  нәрсе  және  ол  мұғалімдердің  еншісінде. 

Заман  күннен  күнге  дамып,  ӛркендеу  үстінде.  Олай  болса  біз  алдымызда 

тәрбиелеп отырған шәкірттерімізді адамгершілік пен ӛз елін сүйетін ұлтжанды 

етіп  тәрбиелеп,  оны  бар  асылындай  қадірлей  білетін,  ӛткенін  бағалап, 

болашағына  зор  сеніммен  қарай  білетін  ең  жақсы  қасиеттерді  үйрете  білуіміз 

қажет. 

Бабаларымыздың  «Жеті  жұрттың  тілін  біл,  жеті  түрлі  білім  біл»  деген 



қанатты  сӛздері  қазір  де  халық  ұстанып,  үш  тілдің  қатар  қолданысын  кӛздей 

отырып,    болашаққа  нық  аяқ  басуына  демеу  болатындай.  Алайда  мемлекеттік 

тіл болып есептелетін қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейтпей, орыс тілінің 

күрмеуінен  шыға  алмай  жатқанда,  ағылшын  тілін  үшінші  тіл  ретінде  қатар 

алып  жүру  қолымыздан  келер  ме  екен?..  Болса  да  қазіргі  жаһанданудың 

үдерісіне ілесуге, ғылым мен техникадағы жетістіктерді ағылшын тілі арқылы 

меңгеріп,  әлем  халықтарымен  тікелей  қарым-қатынас  жасау  ағылшын  тілі 

арқылы  жүзеге  асатынын  білеміз.    Ағылшын  тілін  меңгерудің  жақсы  жағы 

жастарымыздың  тек  білім  алып  қоймай,  тіл  арқылы  шетелдік  білім  беру 

орындарына  ӛз  білімдерін  жалғастырып,  жұмыс  ұйымдарында  тәжірибе 

алмасуына  жағдай  туғызып  отырған  елбасының  «Болашақ»  бағдарламасымен 

байланысты.  Бұл   қазіргі  жастар  үшін  ӛзін  әлем  деңгейінде  кӛрсете  алуына 

үлкен мүмкіндік.  

    Жаңартылған  білім

 

беру


 

мазмұнына

 

кӛшу  жағдайында



 

критериалды 

бағалау   бүгінгі  білім  беру  жүйесінде  зор  маңызға  ие.   Ӛйткені  қазір 

оқушылардың  білімділігі  ғана  басты  рӛлде  емес,  басты  рӛлде  оқушының 

құзіреттілігін,  оның  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту,  қоршаған  ортамен 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау