10
«ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЖАНАРТЫЛҒЫН МАЗМҦНЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ» секциясы
Секция
«ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
В РАМКАХ ОБНОВЛЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ СРЕДНЕЙ ШКОЛЫ»
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Абежанова Н.А.
С.Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі
Степногорск қ., Қазақстан
nuri180370@mail.ru
«Интерактивті оқыту» ұғымы (interactive – ағылшын тілінде «қарым-
қатынас») оқытушы мен оқушының бірлесе жүзеге асыратын әрекеті
негізінде оқытуды білдіреді. Негізгі басымдық «оқытушыға» берілетін, ал
оқыту барысындағы басты әрекет «білімді беру, үйрету» болып табылатын
дәстүрлі түсініктегі оқытумен салыстырғанда, интерактивті оқыту
«оқытушы» мен «оқушының» ӛзара іс-әрекеттесуін меңзейді, мұндағы басты
әрекет - «білімді алу, үйрену», яғни «оқушының» әрекет барысында білімді ӛз
бетімен игеруі болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, автор мақаласында
бастауыш сыныпта интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігін
қарастырған.
Білім беру жүйесін жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру
ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірлесіп
мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын» дайындады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты енгізілетін және
орта білім мазмұны ішінара жаңартылатын 30 пилоттық мектептердің тізіміне
біздің Ақмола облысындағы Степногорск қаласының Сәкен Сейфуллин
атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі де кірді. Бұл мектеп үшін үлкен дәреже
және сонымен қатар аса жауапкершілікті талап етеді.Мен ӛз іс-тәжірибемде
түрлі интерактивті әдістерді қолданып келемін. Олар: Рольдік ойындар, миға
шабуыл, дебат әдісі, дискуссия әдісі, тағы сол сияқты түрлі ойындарды
қолданамын. Бұл әдістерді қолдану барысында, оқушылардың ойлауы, іскерлік
дағдысы қалыптасып, қабілеті, дарыны дамып сонымен бірге олар ӛз ойын тез
жинақтай білуге, бір-бірімен пікір алмасып, ой қорыту процесі жылдам жүріп,
сӛйлеу дағдыларының қалыптаса бастағаны байқалды.
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мҥдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт Кӛшбасшысы Н.А. Назарбаев білім беру
11
саласының басты міндеттерін айқын белгіледі:
Біріншіден, барлық дамыған елдердегідей сапалы бірегей білім беру
жүйесін қалыптастыру. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын
жақсарту.Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. Тілдерді оқыту
нәтижесі бойынша оқушылар сындарлы ойлау, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты
терең талдау машығын игерулері қажет, - деп кӛрсеткен болатын.
Білім беру жүйесін жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру
ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірлесіп
мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын» дайындады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты
енгізілетін және орта білім мазмұны ішінара жаңартылатын 30 пилоттық
мектептердің тізіміне біздің Ақмола облысындағы Степногорск қаласының
Сәкен Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі де кірді. Бұл мектеп
үшін үлкен дәреже және сонымен қатар аса жауапкершілікті талап етеді.
Ӛткен 2015-2016 оқу жылының басынан мектебімізде орта білім
берудің жаңа мазмұнын және бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік
стандартын енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізе бастадық.
Атаулы жұмысты үш бағытта жүргізіп келеміз:
1) мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту;
2) озық педагогикалық тәжірибемен танысу;
3) орта білім берудің мазмұнын жаңарту.
2015-2016 оқу жылында мектебімізде үш 1-сынып ашылып, барлығы
76 оқушы бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандарты бойынша
оқытылып келеді. Білім беру жүйесінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ, «Атамұра»,«Алматы кітап», баспаларынан шыққан оқулықтарын
қолданып келеміз.
Қазіргі уақытта мектеп орта білім берудің жаңа мазмұның және бастауыш
білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын енгізу бойынша оқу-әдістемелік
кешендерімен, нормативтік-құқықтық құжаттарымен және оқулықтармен
толық қамтамасыз етіліп, 1 сыныпқа арналған барлық оқу-әдістемелік
кешендері толығымен мектепке жеткізілген.
Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырған ұстаздардың
бірі ӛзім болғандықтан мектептегі оқыту жүйесінде ӛзгерістер енгізу
мақсатында ӛткен оқу жылында инновациялық технологияны игеру, жасау,
ендіру мақсатында бірнеше сабақ үлгілерін кӛрсеткен болатынмын.
Сабақтардың мазмұны оқу пәндері бойынша оқушылардың білімдерін, және
дағдыларын кеңейту және тереңдетуге бағытталды.
Кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы
арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар
мектептегі оқыту мен оқу сапасын кӛтеріп, білім саласына кӛптеген ӛзгерістер
әкелді. Әрине ол сабақтарымды ұйымдастыру және ӛткізу барысында