Кәсіпорын қызметінде кадрлық саясатты жүзеге асырудың атқаратын рөлі мұхтаркұлова Г. Р



жүктеу 48,5 Kb.
Дата13.02.2020
өлшемі48,5 Kb.
#28921

ӘОЖ 331.08+331.1
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕ КАДРЛЫҚ САЯСАТТЫ

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Мұхтаркұлова Г.Р.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Бүгінгі таңда ел экономикасындағы негізгі өндірістік салалармен қатар, қызмет көрсету саласының қалыптасуы мен дамуының өзіндік орны бар. Елімізде қызмет көрсету аясындағы дамуы бойынша басымдылыққа ие болып отырған қызмет түрлеріне [1] қаржылық, тұрмыстық қызмет, заңдылық кеңес беру қызметтері, құрылыс және жөндеу қызметтерін көрсету, білім бер аясындағы ақылы қызметтер, әр түрлі бұйымдар мен техниканы жөндеу қызметтері, денсаулық аясында ақылы қызметтер және әр түрлі бағыттағы консалтингтік қызмет, тұрғын –үй коммуналдық қызмет көрсету аясын және т.б. қызметтер аясын атап өтуге болады. Қызмет көрсету саласына қатысты кәсіпорындардың басым бөлігі шағын және орта бизнес субъектілері екендігі белгілі. Бірақ бұл кәсіпорындардың қатаң нарық жағдайында жоғары мүмкіндіктерге қол жеткізудің бірден- бір бағыты ретінде ұйымда кадрлық саясатты қалыптастыру мен оны тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорынның кадрлық саясаты – бұл кәсіпорынның негізгі даму стратегиясын негізге ала отырып, жүзеге асырылатын ұжымның барлық мүшелеріне қатысты кадрлық жұмысты жүргізу бойынша қағидалар, әдістер мен басқару ережелері болып табылады [2]. Кадрлық саясатты жүзеге асыру арқылы заңды негізде кәсіпорын персоналдарын қозғалысын (жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару) жүзеге асыру, басқару әдістерін қолдана отырып, кәсіпорырның қызметінің оң нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік алады. Кадрлық саясатты құру барысында келесі шарттар ескерілуі тиіс:

  • кәсіпорынның даму стратегиясының негізгі алу;

  • жедел басқару жүйесіне қатысты сұрақтарды қарастыру;

  • ұзақ мерзімді жоспарлауға бағытталу;

  • кадрлардың сапасын, біліктілігін арттыруға бағытталу;

  • кадрларды басқаруға қатысты жұмыстар мен іс-шараларды қарастыру және т.б. сұрақтар.

Бұл аталып өткен сұрақтар мен қатар кадрлық саясатты құру барысында кәсіпорындар жұмысшыларының санына, өндіретін қызмет түрлеріне байланысты шарттарды қолданады. Кадрлық саясатты құру үрдісі барлық уақытта үздіксіз жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар кадрлық саясатты құру барасында келесі 5 маңызды факторларды ескеру қажет: экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық, сыртқы орта факторы. Аталып отырған факторлар мемлекеттік кадрлық саясатты жүзеге асыру мен қатар жеке кәсіпорынның кадрлық саясаты жүзеге асыру барысында да пайдаланылады. Кадрлық саясаттың негізгі міндеттеріне - жоғары білімді және біліктілігі жоғары мамандарды кәсіпорынға қабылдау, персоналдарды басқарудың алдыңғы қатарлы әдіс, тәсілдерін пайдалану, тиімді еңбек шарттарын қалыптастыру, қызметкерлердің адал еңбектерін бағалау негізінде ынталандыру шараларын жүзеге асыру, инновациялық қызметтерге сәйкес мамандарды қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жатады.

Экономист ғалымдардың зерттеуіне сәйкес кадрлық саясатты жүзеге асыру белгілі бір жүйелердің өзара байланысын сипаттайтын үрдіс ретінде қарастыруға болады [3]. Кадрлық саясатты жүзеге асыру үрдісінің негізгі сұлбасы келесі суретте бейнеленген (сурет 1).

Теориялық негізде кадрлық саясатты жүзеге асырудың екі негізгі бағыты бар:



  1. Шығындарды үнемдеу негізінде кадрлық саясатты жүзеге асыру;

2. Персоналға инвестиция салу негізінде кадрлық саясатты жүзеге асыру;

Шығындарды үнемдеу негізінде кадрлық саясатты жүзеге асыру – кәсіпорында жұмысшылардың біліктілігін арттыруға, қосымша білімдерін жетілдіруге, өндіріске инновациялық қызметтерді ендіру бойынша жұмыстар қарастырылмайтын және жалақы көлемінің төмен деңгейінде бірнеше персоналдарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыратын кадрлық саясаттың түрі болып табылады. Шығындарды үнемдеу негізінде жүзеге асырылатын кадрлық саясатқа қатысты негізгі шарттарға келесілер жатады:



  • жұмыс берушінің «үстемдік» нарығы;

  • «арзан» еңбек ресурстары;

  • қызметкерлер сапасының төменгі деңгейі;

  • жұмыс орны үшін жоғары бәсекелестік;

  • қызметкерлерге бөлінуі тиіс қаражаттарды барынша үнемдеу.



Сурет 1. Кәсіпорындар қызметінде кадрлық саясаттың жүзеге асыру үрдісі
Персоналға инвестиция салу негізінде жүзеге асырылатын кадрлық саясат- кәсіпорындағы персоналдардың өз саласындағы білімі мен біліктілігін арттыруға қаржылай қолдау көрсете отырып, осының негізінде кәсіпорын қызметін дамуына қол жеткізуге бағытталған кадрлық саясаттың түрі болып табылады. Кадрлық саясаттың бұл түрін сипаттайтын негізгі шарттарға келесілер жатады:

- жұмысшылардың «үстемдік» нарығы;

- «құны жоғары» еңбек ресурстары (жоғарғы жалақыға жұмыс істейтін мамандар);

- жоғарғы біліктілік- басты талап;

- инновациялық қызметті өндіріске ендіру;

- персоналдар үшін бәсекелестіктің орын алуы;

- жұмысшардың біліктілігін, сапасын арттыруға қаржының бөлінуі және т.б.

Кәсіпорын қызметінде кадрлық саясатты жүзеге асыру жоспарлау негізінде жүзеге асырылады. Кадрлық саясатты қалыптастыру мен құру 3 негізгі кезеңнен тұрады: Бірінші кезеңде кәсіпорынның кадрлық саясатының мақсаты негізделіп, мақсатқа жету үшін жұмыс жасайтын кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің құрылымы анықталып, басқару құрылымы құрылады. Құрылымдық бөлімше мүшелерінің құқықтары мен міндеттері анықталынады. Екінші кезеңде кәсіпорындағы еңбек ресурстарын басқару бойынша материалдық, әдістемелік, ынталандыру бағытындағы іс-шаралар жоспары дайындалады. Бұл кезеңде персоналдың біліктілігін арттыру бойынша іс – шаралар жоспары қарастырылады және құрылымдық бөлімшелер арасындағы қызметтік байланыстар жүйеленеді. Кадрлық саясатты құрудың үшінші кезеңінде жоспарға сәйкес талдау жасалынып, қаржылық ресурстар көздері нақтылып, жауапты тұлғалар анықталынады. Аталып өткен кадрлық саясаттың түрлері мен оның құра білу кәсіпорын басшылары мен басқарушылары жүзеге асырады. Өйткені нарық жағдайында кадрлық саясаттың өзіндік жүйесін қалыптастыру кәсіпкер үшін жоғары білімділік, біліктілік және жоғарғы жауапкершілікті талап ететіндігі сөзсіз. Жаңалықтар мен өзгерістерге, инновациялық технологиялар мен техниканы талап ететін бүгінгі заманда тиімді кадрлық саясатты жүзеге асыру - кәсіпорын қызметін дамытудағы басты факторлардың бірі деп есептеймін.



Әдебиет


  1. ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері 2007-2012 жж.

  2. Управление организацией: Учебник / Под ред. А.Г. Поршнева, З.П. Румянцевой, Н.А. Саломатина. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 1999. – 669б.

  3. Добротворский И.Л. Менеджмент. Управление персоналом . Учеб. пособие. – М.: ПРИОР, 2002. – 464 б.

жүктеу 48,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау