Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


-диаграмма. Заңнама түсіндірмелеріне қанағаттанушылық, % қанағаттанған сұхбаткерлер



жүктеу 9,1 Mb.
бет42/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
-диаграмма. Заңнама түсіндірмелеріне қанағаттанушылық, % қанағаттанған сұхбаткерлер

Қызмет алушылар кедендік бақылаудың өткізу қабілеті төмен сияқты проблемамен жиі кездеседі (7,7%). Проблемалар рейтингінің екнші орнында бейресми делдалдық (5,5%), үшінші орнында – сыбайлас жемқорлық және негізсіз талаптар тұр (4,9%).



129-диаграмма. Қызмет алудағы проблемалар, % сұхбаткерлер (N=1003)

Таныстық бойынша қызмет алған 3,4% және заңсыз сыйақы беру арқылы алған 7,8% сұхбаткер. Сыйақы беру көбінесе кеден органдарының тікелей қызметкері арқылы (25,4%) және бейресми делдал арқылы (15,5%) жүзеге асырылады.



130-диаграмма. Заңсыз сыйақы беру:

9,5% сұхбаткерлер шағым беру себептерінің болғанын айтады, бірақ мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тек 2%-ы ғана шағымданған. Сұхбаткерлердің жартысы шағыммен қайда және қалай жүгіну керектігін біледі және ақпараттық қол жетімді деп көрсетті (N=760).



131-диаграмма. Шағымдар (N=1003), %

Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қаламаудың негізгі себебі мемлекеттік органға сенбеушілік болып табылады.



132-диаграмма. Келесі себеппен шағым бермеген, % сұхбаткерлер (N=1003):

Шағымдар қабылдау рәсіміне қанағаттанушылық 8,1 балды құрайды, шағымдарды қарау нәтижелері - 8 балл. Шағымды қарау мерзімдерін бұзу байқалмайды. Қызмет алушылардың көпшілігі шағымдарды қарау мерзімдерін білмейді (36,4%, N=33).



Тұтынушылардың түсініктері

Бұған уақыт кетіруге уақыт та, ықылас та жоқ. Бұл уақытты босқа кетіру деген сөз. Кеден қызметкерлері уақытты әдейі созып, негізсіз кешеуілдетеді, кейде қылымсып қалатын кездері де болады! Немесе әдейі осылай етеді.

Жемқор қызметкерлер уақытты бірнәрсе алу үшін, әдейі соза түседі..

Шағымданғаныңа қарамастан, өздерінің дегендеріне жетеді, бәрі де мағынасыз.

Бұл үшін көп уақыт қажет. Шағымды қарайтындарына ешқандай кепілдік жоқ.

Шағым беруге болатынына сенбеймін.

Сыйақы бердім де, ешқандай кедергісіз өттім.

Адамдар сенбейді, бұлай ешқашан болған емес және олар мемлекеттік органның шағымды қарағаны жайлы естіген де емес.

Қалталарына ақша түсіру үшін өздері жол берген контрабанда үшін кеденшілерді жауапқа тартуға болатынына ешкім де сенбейді.

ҚР қызметтерінің өз қызметінің мониторингін жасауға тырысатыны қуантады. Бірақ олардың жұмысында кемшіліктер көп. Мысалы, құжаттар әрдайым мерзімінде қаралып отырмайды, бір- біріне аударып тастап отырады.

Қазақстандық кеденді толық заңсыздық жайлаған, ақшасыз ешнәрсе істей алмайсың. Біз сату үшін тауар тасымаймыз, бәрібір ақша төлеуге мәжбүрлейді.

Адалдық, әдептілік жоқ. Заң бұзушылық, селқос қатынас және кедендік бақылаудан өтуші адамдарға қатысты лауазымдық құқықтарды асыра пайдаланушылық.

Еш себепсіз айыппұлдар бар!


Қазақстанның кедендік қызметі және кедендік жүйесі туралы пікір

Сұхбаткерлер кедендік орган қызметкерлерінің біліктілігін және заманауи технологияларды пайдалануды 8,5 балға бағалады. Кеден органдарының ұсынылатын қызметтерін жақсарту және халықтың түсіндіру жұмысына қызығушылығы төмен баға алды – 8,2 балл және 8 балл.

Ең төмен бағаны кеден органдарының сыбайлас жемқорлық деңгейі – 7,6 балл және айыппұлдар (бұзушылық ауырлығының өлшемдестігі) – 7,5 балл алды.

133-диаграмма. Осы қызметті алушылардың Қазақстанның кедендік қызметі және кедендік жүйесі туралы пікірі, 10 балдық шәкіл бойынша орташа балл





Қызмет сапасын жақсарту бойынша тілектер:

Айыппұлды төмендетіңіздер, себепсіз соқтығысуды азайтыңыздар, қиындықсыз өткізіңіздер.

Рұқсаттама бөлімі жұмысын жақсарту, соқтығысуды және ақша бопсалауды азайту қажет.

Серверді жақсарту, негізсіз тексерулерді тоқтату қажет.

Рұқсаттама бөлімі жұмысын жақсарту, тексеру уақытын қысқарту қажет.

Сыпайылық, әдептілік. Кеден қызметкерлері қажет жағдайларда кез-келген тұлғаға көмектесуге ұмтылулары қажет.

Мәдениеттілік қажет. Адамдарме түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет!!!

Сапаны арттыру, адал жұмыс істеу, қағаз ресімдеу жұмыстарын азайту қажет.

Кеденді заманауи технологиялармен қамтамасыз ету қажет.

Украинада төлқұжаттарды жинап алмайды және адамдарды ұзақ ұстап тұрмайды, тексеруді пойыз ішінде келе жатқанда жүргізеді. Бізде неге осылай етуге болмайды?

Күтіп тұрушыларға жағдай жасау қажет – шлагбаумды ашқанша, ыстықта түрегеп тұру ауыр.

Сумен қамтамасыз ету, орындықтар қою және ақылы болса да адамдарға дәретханалар болуы қажет.

Шағымды телефон арқылы қайда беруге болатыны жайлы ақпарат болса және мәселе орнында шешілсе.

Кеден орындарында тәртіпті жақсарту қажет, жеке тұлғаны қорлағаны үшін қылмыстық бап бойынша жұмыстан шығарып жіберу қажет.

Заңға сәйкес жұмыс атқару қажет.

Кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату қажет. Бәрін электронды түрде атқару қажет.

Сенім телефоны ұдайы, тәулік бойы жұмыс істеуі қажет.

Кеденшілер Англиядағыдай жайдары жүрсін, әйтпесе түрлері соншалықты түнеріңкі.

Әрбір маман алдына келген адамдарды басқа қызметкерлерге аударып жібермеу үшін, өз жұмысын өте жақсы білуі қажет.

Кәнігі мамандар жұмыс істеулері қажет.
Қорытындылар
Қызметтің ең әлсіз тұстары – кезекте күту, электрондық коммуникацияның төмен деңгейі. Қызмет алушылардың пікірі бойынша, белгілі бір кезеңдерде кедендегі өткізу қабілетін жақсарту үшін қызмет алуды автоматтандыру қажет.

Кеден органдарының түсіндіру жұмысы көбірек назарды талап етеді. Кеден қызметтерінің телефон бойынша және Call-орталық бойынша түсіндіруді барынша пайдалану қажеттілігі бар, басқа мүмкіндіктерді де пайдалану қажет.

Кеден органдарына сенім деңгейін арттыру үшін, негізсіз талаптар және сыбайлас жемқорлық сияқты проблемаларды жою үшін тиімдірек шаралар қабылдау қажет.

Қызмет алушылар кеден органдарынан мәдениетті, әдепті болуды, адамдарға жайдары қарауды сұрайды. Кеден қызметкерлерінің кәсіптілігін жақсартқан дұрыс.



  1. жүктеу 9,1 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау