МКК 896 қызметкерінің 614-і (68,5%) біліктілікті арттыру курстарын қажет ететіндіктерін айтты. мұндай пайыз барлық қызметтерде байқалады. Мемлекеттік органның деңгейі бойынша қарау барысында, кедендік қызметте және ЭТҚ-те қызметкерлердің біліктілігін арттыруға облыстық және аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінің қызығушылығы анағұрлым артық екендігін көруге болады. ЭТҚ-те тек 2 адамға ғана аудандық деңгейде сауалнама жүргізілді, сондықтан ЭТҚ-тегі осы деңгей бойынша статистиканы осы қызметтің барлық аудандық бөлімшелерінің бас жиынтығы үшін дұрыс деп алуға болмайды.
135-диаграмма. Қызметтер бойынша біліктілікті арттыруға қажеттілік, %.
Жоғары лауазымдағы қызметкерлер арасында біліктілікті арттыру курстарынан өткісі келетіндер үлесі көп (басшыларда 71,1%-ға дейін), ал төмен лауазымдағы қызметкерлер өз кәсіптілігін арттыруға белсенділігі төмен, біліктілігін арттыруды қажет еткісі келетін іс жүргізушілердің арасында бар болғаны – 55,6%.
136-диаграмма. Лауазымдар бойынша біліктілікті арттыруға қажеттілік, %.
Алайда, ағымдағы мамандық бойынша жұмыс өтілін қарастыратын болсақ, онда 7 жылға дейінгі жұмыс істегендердің 73,5%-ы, осы салада 8 жылдан 15 жылға дейін жұмыс істейтіндердің – 70,1%-ы, ал 15 жылдан астам жұмыс істейтіндердің – 58,9%-ы курстан өтуді қалайтындығын көреміз.
Ашық сұраққа берілген жауаптарды талдау барысында МКК қызметкерлерінің 430 тілегі жиналды. Барлық қызметкерлердің үштен бір бөлігіне дерлігі (32,5%) заңнамалық актілерді ескерді, әсіресе өз қызмет саласында, өйткені заңнамалық талаптар өте жиі өзгереді, қызметкерлер үнемі және уақтылы олардың қолданылуы бойынша түсіндірулері тиіс. Шет тіліне (18,3%-ға жуық сауалнама), Компьютерлік дағдыларға, әсіресе Excel (12,8%) қосымшасына қызығушылық жоғары, экономика, қаржы, бухгалтерия және аудит саласындағы білімдерге сауал жоғары (11,7%), сонымен қатар әр бір оныншы сауал халықаралық тәжірибеге қатысты (9,2%) және осындай шамада – менеджмент және әкімшілік тәжірибеге қатысты. Қазақ тілі (5%) және коммуникация дағдылары (3,3%) қажет етілетіні де қуантады.
Кеден органдарында шет тілі курстарына сауал шамамен 2 есе артық (басқа қызметтердегі 10-12%-бен салыстырғанда онда 24%), бұл жұмыс ерекшелігімен байланысты. Кеден органдарында техникалық курстарға сауалнамалар алуан түрлі. ЭТҚ қызметкерлерінің сауалдарының үштен бір бөлігінен астамы (37%-дан жоғары) заңнаманы меңгеруге қатысты, салық органдарыда қаржы, экономикалық, аудиторлық және бухгалтерлік мәселелерге қызығушылық көп (16%).
137-диаграмма. ОТТ қызметкерлері ескерген біліктілікті арттыру курстары ерекшеліктерінің үлесі, N=430, %.
Төменде МКК басшылығы мүдделілік танытуы мүмкін бірқатар сауалдар келтірілген:
«Қазақ тілін, атап айтқанда, экономикалық терминдерді меңгеру қызықтырады» (Жамбыл, салық бағыты); «Халықпен жұмыс істеу бойынша курстар – шиеленістерді қалай жоюға болады», «Командада жұмыс істеу», «Жоспарлау жүйесі» (ШҚО, салық бағыты); «Функционалдық және басшылық лауазым бойынша міндеттерді қалай орындау қажет» (Жамбыл облысы, салық бағыты); «Салықтық құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша курстар» (Алматы облысы, ЭТҚ); «Салық жүйесінде жаңа енгізілген бағдарламалар бойынша оқу қажет» (Ақмола облысы, салық бағыты); «Excel формуласының жұмысындағы, есептер қалыптастырудағы дағдылар қажет» (Астана, кеден бағыты); «Кәсіби дағдыларды және жалпы ой-өрісті арттыру бойынша әр түрлі курстар қажет» (Алматы, салық бағыты).
Достарыңызбен бөлісу: |