Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Салық заңнамасының түсіндірілуіне қанағаттанушылық



жүктеу 9,1 Mb.
бет38/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51

Салық заңнамасының түсіндірілуіне қанағаттанушылық

Егер сұхбаткерлердің салық заңнамасын түсіндіру бойынша өтініштерін орташа балдар бойынша қарайтын болсақ, онда орта көрсеткіш жеке жүгіну барысында 9,2 балл деңгейінде. Бұл қанағаттандырылған салық төлеушілердің 88,4%-ы. Телефон бойынша түсіндіру бойынша салықтық органдарына жүгіну бойынша сауалнама жүргізілген сұхбаткерлердің 83,1%-ы қанағаттандырылды, және орташа балл – 8,8-ді құрады. Және Call-орталық арқылы ақпаратпен толық қанағаттандырылғандар саны 78,1%. Орташа баға – 8,6 балл.



115-диаграмма. Заңнама түсіндірмелеріне қанағаттанушылық



Қызмет алу кезіндегі проблемалар мен қиындықтар

Халықтың 9,5%-ы қызмет алуда проблемалар мен қиындықтарға тап болған. Көпшілігі (36,7%) проблема бір маманнан екінші маманға жүгіретіндіктен болады деп көрсетті. 20,2% сұхбаткер еңбектің нашар ұйымдастырылғандығын, бақылаусыздық және қызметкерлердің салғырттығы туралы айтты. 13,8% сұхбаткерлер проблема олардың өздерінің қызмет алу рәсімін білмейтіндігінде деп көрсетті. 2,5% тұтынушы қызметті делдалсыз алу мүмкін емес деп көрсетті, 1,3% - сыбайлас жемқорлықты, 0,3% - салық органы қызметкерлері тарапынан заңнама бұзушылықты көрсетті. Сонымен қатар, қағаз нұсқасында қызмет көрсетуден бас тартуға наразылықтар бар.



116-диаграмма. Қызмет алудағы проблемалар, % сұхбаткерлер



Сыбайлас жемқорлық және заңсыз сыйақы беру

Деректерге жүргізілген талдау 1,6% сұхбаткер осы қызметті таныстық бойынша және 1,0%-ы заңсыз сыйақы беріп алғандығын көрсетті.

Салық төлеушілердің 12,2%-ы заңсыз сыйақы беру бейресми делдал арқылы жүзеге асырылады деп санайды. 11,2%-ы бұл үшін таныстары мен туыстарын пайдаланады десе, ал 13,4%-ы ақша тікелей салық қызметінің қызметкеріне беріледі деп ойлады. Ал сұхбаткерлердің аз саны – 34,8% «білмеймін», «естіген жоқпын», «мұндайға кезіккен жоқпын» деген сияқты және т.б. басқа жауаптар берді.

117-диаграмма. Заңсыз сыйақы беру, %





Шағымдар

Барлығы 1168 адам шағым беру рәсімін білу туралы сұраққа жауап берді, және сұхбаткерлердің көпшілігі – 59,9% оны біледі екен. 61,5%-ы шағым беру бойынша ақпаратқа бәрінің қолы жетімді деп санайды. 1159 сұхбаткердің ішіндегі 45 адамда (3,9%) шағым беру себептері болған және олардың тек 0,9%-ы (11 адам) жазбаша шағым берген.



118-диаграмма. Сұхбаткерлердің жауаптары, %

Салық берушілер шағым беру себептері болуына қарамастан, оны бермеуінің себебі ең алдымен олардың уақытын және күшін жоғалтуды қаламайтындығында, 24,0% сұхбаткер осы жауап нұсқасын берді. 21,2%-ы мұны бекер, көмектеспейді деп санайды. 19,2%-ышағымдану салдарынан қорқады. Және 7,7%-і тіпті қалай шағым беруді де білмейді.



119-диаграмма. Келесі себеп бойынша шағым бермеген, % сұхбаткерлер:

Жазбаша шағым берген сұхбаткерлер шағым қабылдау рәсіміне қанағаттануды 6,8 балға бағалады. Орташа алғанда 6,7 балл шағымды қарау нәтижелеріне қанағаттанған. 12,0% сұхбаткер шағымдарды қарау мерзімдері бұзылған деп жауап берді. Сұхбаткерлердің көп бөлігі шағымдарды қарау мерзімдерін білмейді – 56,0%.



Тұтынушылардың түсініктері

Сұхбаткерлердің көпшілігі өз түсініктерінде шағым беру себебі болған жоқ, мұндай рәсімге ешқашан жүгінген емес немесе ақпаратқа толық қол жетімді деп жауап берді. Бірақ шағым берудің пайдасы жоқ және бұл уаықтты заяға кетурі деп санайтын сұхбаткерлер де кездесті. Міне, слық төлеушілердің ең айқын жауаптыр: «Уақытында көрсеткен жоқ, жауапты көп күттім», «Пайдасыз, сонымен қатар шағымда жеңіске жетеміз деп ойламаймын», «өз басым шағым беруді қандай да бір тиімді тәсіл деп ойламаймын».



Салық қызметі туралы пікір

Сауалнама жүргізілгендердің 88,1%-ы қызметкерлердің біліктілігін жоғары бағалады. Осы тармақ бойынша орташа баға – 9,1 балл. Салық органдары заманауи технологияларды пайдаланады деген тармақты 9,0 балға бағалады, және қызметтер жыл сайын жақсарып келеді, салық органдары түсіндіру жұмысына мүдделі деген тармақтар да осындай нәтиже берді. Айыппұлдардың бұзушылық ауырлығына өлшемдестігі туралы пікірмен салық төлеушілердің 75,7%-ы келісті және осы блок үшін орташа балл – 8,4 балл.



120-диаграмма. Осы қызметті алушылардың Қазақстанның салық қызметі және салық жүйесі туралы пікірі, 10 балдық шәкіл бойынша орташа балл



Қызмет сапасын жақсарту бойынша тілектер

«Салық төлеушілерді тіркеу» қызметін көрсету бойынша қызмет тұтынушылар тарапынан көптеген әртүрлі ұсыныстар мен тілектер айтылды. Олар салық органдарына қызметкерлерді аса мұқият іріктеп қабылдауды ұсынады, қызметкерлердің білікті, ақпейілді және сыпайы , көмектесуге ықыласты болғангдарын тілейді. Сонымен қатар тікелей салық төлеушілермен жұмыс істейтін қызметкерлер штатын ұлғайту қажет. Бағдарламалық өнімдерді жақсарту бойынша және қызмет көрсетуді мүмкіндігінше автоматтандыру туралы ұсыныстар жиі кездесті. Салық төлеушілер айтқан кейбір ұсыныстар мынадай: «бәрінен маңыздысы – білікті мамандар. Жас мамандармен көп тренингтер өткізілсін», «салық заңнамасы білімі бойынша біліктілік мамандарға байланысты болады», «бірінші кезекте сервермен, компьютермен жұмысты жақсарту қажет», «қызмет көрсету көбірек автоматтандырылсын және оңайлатылсын».

Қорытындылар

Сұхбаткерлердің көпшілігі алған қызмет көрсетулеріне толық қанағаттанады. Олар қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер, уақыт, техника және басқа да параметрлер қолайлы деп санайды. Алайда қызметке қанағаттанбайтындар немесе проблемалар мен қиындықтарға кездескендердің үлесі де аз емес. Серверлер және компьютерлерге қатысты мәселелер бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып қалуда. Бағдарламаларды жетілдіру, заманауи техниканы пайдалану және салық органдарын жеткілікті дәрежеде терминалдармен қамтамасыз ету қажет. Салық төлеушілер үшін бір маманнан екінші маманға жүгіру, сонымен қатар қызметкерлердің бақылаусыздығы мен салғырттығы басты проблемалар болып отыр. Бұл үшін қызметкерлердің клиентке дұрыс жұмыс істеулеріне талапты күшейту және қызмет көрсету сапасы мен еңбекақыға тәуелді қылып қою қажет.



    1. жүктеу 9,1 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау