Кеден заңын түсіндіру
Жалпы тұтынушылардың 70%-ы салық заңдылығын түсіндіруге қанағаттанған. Сұхбаткерлердің 69%-ы кеден органдарына жеке басының жүгінуі арқылы қанағаттанса, 66,9%-ы телефон арқылы, ал Call-орталық арқылы 70,9%.
52-диаграмма. Заңдарды түсіндіру жұмыстарына қанағаттанушылық, қанағаттанған сұхбаткерлердің %-ы
ЖК сұхбатынан: «Мәселелер заңдарға қатысты туындайды. Тауардың салмағына байланысты заңдар дұрыс қабылданбаған. Жүк тасушыларды қолдана отырып, бұл заңдардан бәрі айналып өткілері келеді. Қабылданған заңдар тек жемқорлықтың дамуына ықпал етіп отыр. 20-30 кг атуарға ие болып, декларацияны толтыру кезінде кеден қызметкерлері артық салмақ қосып қояды, олардың бар ойы сатуыларды тонау. Толтырылған декларацияларды қабылдамайды, кассадан аттап, төлемді бейресми түрде алғылары келеді».
Мәселелер
Шекарада кедендік бақылаудан өту кезінде түрлі кедергілер мен мәселелермен ұшырасқан сұхбаткерлердің үлесі 31,6% құрады. Сыпатай Батыр (89,8%), Тажен (71,4%), Қордай (40,2%), Ақтау теңіз бекеті (37,5%) және Қорғасы (36,3%) бекеттерінде мәселелер көп аталған.
53-диаграмма. Кеден бекеттеріндегі мәселенің бар болуы, оңтайлы жауаптар үлесі %
Шекарада кедендік бақылау кезінде кедергілер арасында сыбайлас жемқорлық аса көп аталады – 45,9%, өткізу қабілеті төмен – 42,3%, бейресми делдалсыз қызметке қол жеткізу мүмкін емес – 17,8%, тауарға арналған кеден төлемі үлкен – 16,7%, құжаттарды өңдеуге қабылдау процесін әдейі соза түсу, кеденшілердің қызмет алушыларды мойындамауы – 13,2%, еңбек дұрыс ұйымдастырылмаған, қызметкерлердің салақтығы – 12,5%, қоймалардың қымбаттылығы (уақытша сақтау қоймасы) – 10,7%.
Өз тарапынан жіберілген қателіктерге байланысты мәселелердің туындайтындығын кәсіпкерлер мойындады (кеден заңдылығын білмеу), ондай жағдайлардың үлесі аз – 0,7%
Кәсіпорынның менеджер-логистімен болған сұхбаттан: «Сыбайлас жемқорлық өте жоғары. Шекара арқылы өткізу кезінде жүктің атауы мен оның рұқсат етілген салмағы жасырын болады. Тауардың түрлі атауына түрлі баж салығын төлемеу үшін істелінеді. Үлкен компаниялар кеденшілермен ауыз жаласып алған, олардың тұрақты клиенттері болғандықтан жүкті әкелген сайын оларға сый-құрмет көрсетеді».
54-диаграмма. Алынған қызмет сапасына теріс ықпал ететін мәселелер, %
Достарыңызбен бөлісу: |