Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру



жүктеу 9,1 Mb.
бет24/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51

Сыбайлас жемқорлық

Таныс арқылы қызметке қол жеткізуді тұтынушылардың 13,1%-ы көрсетті, ал бейресми сый бергендер – 19,5%.

Сұхбаткерлердің пікірі бойынша шекарадағы кедендік бақылау кезіндегі бейресми төлемдер бейресми делдалдар арқылы жиі беріледі – 28,3%, сондай-ақ тікелей қызметкерге – 19,4%, кеден өкіліне – 15,2%.

55-диаграмма. Бейресми төлемдердің берілу жолдары, %



Жемқорлықты ауыздықтайтын механизм жұмыс істемейді, кеден шекарада бейресми делдалдардың болуын заңдастырып алған, соынмен қатар кеден өкілдері пара беру механизмі ретінде қолданылады. Қызметкерге тікелей сыйақы беру мүмкіндігі бейне бақылау, қауіптілік жүйесі, әдептілік бұл жерде жұмыс істемейтіндігін көрсетті, сонымен қатар кадрларды толық алмастыру жүргізілгенге ұқсайды.



Шағымдар

Қызмет алушылардың 25,3%-ында меморган тарапынан болатын әрекетке шағымдану себебі болды, тек 5,8%-ы ғана шағым түсірген. Сұхбаткерлердің жартысынан көбісі шағыммен кімге және қайда бару керектігін біледі (62,8%) және ақпаратқа қолжетімді екенін көрсетті (60,9%).



56-диаграмма. Шағымдану, %


Сұхбаткерлердің шағымданбау себептерінің кең тараған түрі (шағымдануға себеп болған кезде) – өздеріне кейін зияны тиюі мүмкін деген қауіп.
57-диаграмма. Шағымданбау себептері, %


Шағымдарды қабылдау процедурасымен қанағаттанушылық: 4,1 балл, қарастырылған шағымдар нәтижесімен қанағаттанушылық: 5 балл. Шағымдарды қарастыру мерзімдері бұзылған: 20,0%, шағымдарды қарастыру мерзімін білмейді: 73,3%.

Тұтынушылар кеденшілердің заңсыз әрекеттерінен қорғайтын механизмнің жоқ екендігін айтады.



Тұтынушылардың пікрілері:

«Шағымдану пайдасыз, шағымның қарастырылатындығына кепіл жоқ», «Шағымдану пайдасыз дейді», «Олармен байланысқым келмейді, кім шағымданып, айтып қоятын болса, кейін соның бәрін кеденшілер жауып қояды», «Олар (кеденшілер) міндетті түрде есіне сақтап алады, кейін міндетті түрде кедергі келтіреді», «Кейін менің жолыма бөгет болады», «Шағымдансаң өзіңе кейін қымбатқа түседі».

Кедендік қызмет туралы пікір

«Кеден органдарында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді» және «кеден органдары заманға сай технологияны қолданады» деген критерийлер бойынша – 7,9 және 8 балға ие болған. Кеден органының сыбайластықпен байланысы жоқ деген пікір ең төмен бағаға ие болып отыр – 6,7 балл және айыппұлдың көлемі заңды бұзу ауыртпалығына сәйкес келеді деген пункт төмен бағаланды – 6,8 балл.



58-диаграмма. Кедендік қызмет және Қазақстандағы кеден жүйесі туралы пікірлер, 10 балдық шкала бойынша орташа балл



Қызмет сапасын жақсарту жөніндегі тілектер

Қызмет көрсету сапасын, мәдениетін жақсарту керек.

Жұмысты ұйымдастыру және сервердің жұмысын жақсарту.

Заңдарды толық түсіндіріп, жұмысты жылдам атқару.

Қызметкерлердің жұмысы ашық, айқын болғаны дұрыс.

Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Өткізу бекеттерінің саны көп болса, кезектер саны да азаяр еді.

Заңды өзгерту керек (оны ешкім қолданбайды).

Қолжетімді ақпарат көп болу керек.

Өз қызметкерлерін тәртіп мәдениетіне үйрету.

Күтуге арналған тұрмыстық жағдайларды дұрыстау керек (су диспенсері, дәретхана, дивандар).

Айыппұлдар көлемін қайта қарастыру керек, базаның жұмысын жақсарту.

Ресми төлемдерді азайту. Декларацияны толтыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тауар баж салығын азайту, бәрібір ақша мемлекет қазынасына түспейді.

Күту мерзімдерін қысқарту.

Ақша бопсаламау үшін кеден қызметкерлерін бақылауды күшейту.

онлайн-консультант болу керек.
ЖШС өкілімен болған сұхбаттан: «Әр кеден органында, ол шекарада болсын, тіпті ішкі бекеттер болсын ақпараттық-кеңестік пункттер жұмыс істеу керек. Ол пункттерде сауатты қызметкер отыру керек, ол телефон арқылы ақпараттық кеңестік қолдау көрсетуі тиіс немесе кеңес беру журналын ашып, жазып отыру керек».

Қорытынды мен пікірлер

Өткізу пунктінде және КБ аймағынан тыс жердегі пункттерде шекарада кедендік бақылаудан өту уақытын қысқарту жөнінде шаралар қолданған жөн.

Сонымен қатар қызмет алу барысында сапа компоненттеріне назар аударған дұрыс – жеке және телефон арқылы жүгінген кезде ақпаратқа қолжетімділік.

Қызмет алу кезінде жемқорлық қауіпін жою, кеден бекеттеріндегі өткізу қабілеттілігін арттыру, тауарға қойылатын кедендік баж салығын төмендету бағытында кеден органдары жұмыла іс атқару керек.



    1. жүктеу 9,1 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау